Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

Дінсіз ата заң, ділсіз масхаб білімі және Бабалар өткен сара жол Ата жолы- «Алла жолы»!

 

Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!

Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тарқанынын айт! Елдігін сатқан жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт! Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауздарының сасығын айт! Қасиетті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиеті қастерлі білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт! Толық оқу…

Масһабтың басты 30-түрлі қателіктері.

  «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамас» деген аталарымыздың сұхбат, пікір алмасу дәстүрі дін салтымыз еді. Ендігі қазақтағы 40-қа толып есі, ар сауыты толық қалыптаспаған жастарымыз түгіл белгілі ақын, жазушы, білімді қауым өкілдерінің ішінде ғаламтор арқылы пікір таласқа түсумен, бұл да бір дін салтымызға келген бір қиямет шығар деген ойға келдім. Және мұндай біржақты көзқарасты қалыптастырушылар, ұлттық дәстүрге қарсы болушылар, көптеген сайттарда отырған модераторлар десек мүкін қате болып, босқа күнәлаудан аулақ, сайт басқарушы баспасөз мамандарының ұлт жандылығының мүлде жоқтығын да байқауға болады. Толық оқу…

Тарауих намазының қазақ дәстүрімен оқылуы

Масһабтық біліммен қазақ  дін «ғұламаларының» заманға қарай берілетін құдайлық жол–жоба мен пайғамбарымыздың шапағатына жалғанып, біздің өмір сүрген заманға білім тұрғысында жеткен өсиеттерімен дін ғалымдарының пәтуаларының тозғанын ауыстырып, жаңадан аяттар алып отыруды терістеуден және масһабты тура жол, яғни таза ақыл — Аланың өзі, құдайлық сипаты қылып алумен дін намаздарының ақылды өсіріп, жанды көбейтуге емес, керісінше ақылдың негізделіп, жан өрістік қуаттық жүйені шектеуге негізделіп алғаны да хақ деп біліңіз. Толық оқу…

ӨЛІКТІ ЖЕРЛЕУДІҢ ТҮРКІЛІК ДӘСТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. Қандай да бір өліктің күн аумай тұрып жаназа намазы оқылу керек. Жаназа намазы 3 рет фатиха сүресімен оқылу керек.

2. Өлікті жерлеуге жолға шыққанда қамат оқып, қатым құран оқылу керек. Қатым құран 3 рет ясин сүресі немесе бір ясин сүресі мен мүлік, тарық, філ, ықылас, фаләқ, фатиха сүресімен оқылады.

3. Қабірге жерлер алдында Аятул күрсі оқылып дұға іштей қайтарылады.

4. Қабірге көміп жатқан кезде және бұл жағдай аяқталғанша дүниелік сөздерден аулақ болып имамнан бастап, қолы босағандар бәрі таспих тартады. Толық оқу…

ЗЕКЕТ, САДАҚА ПІТІРДІҢ ТҮРКІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ

Садақа туралы масһаб-шариғат білімінде кең көлемде қамтылған және оған тоқталмаса да болады. Тек құрбандық арқылы садақа беріп, жолда қалған міскіндерді құранмен азықтандыру ғана масһаб білімінде «серік қосу» аталып, шындығында осындай тәсілмен халықты кедейшілікпен қорқыту, садақаға тиым салумен қазақ дәстүріне және Аллаға да ортақ қосу екенін қанша аяттармен мысал бергенмен, оған тоқталатын ендігі діншіні табу қиын.

Толық оқу…

XXVIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

 

Біздердің ұғымымыз, түсінігіміз сырттағы бізге беймәлім құбылыстардың ішкі зайыры яғни түр, түстік, қуаттық, қасиеттік, тектік сапаларының белгілері оларда емес, керісінше біздің өзімізде ішімізде болады. Әлем сөзден бастап жаратылған деген астарлы ұғымның мәні де жарықтың зайыры,  үні, қасиеттері нәтижесінде адамзаттың ақыл-ойымен атау сөз болып бейнеледі. Бұл сырды алғашқы меңгерген, жаратылыстың барлық қасиетті белгілерін атау сөзбен белгілеп шыққан Адам атамыз болады. Сонымен иман парасаттылық қуат түрінде барлық жаратылыстың ішкі зайырын бейнелеуші, жоғарғы ұғым, қуат, күш болып Адам атамыздан бастап жаратылды. Бүкіл адамзаттың тарихи оқиғалары мен қаракетті, қасиеттері, тектілігі тазарудан өтіп Раббымыздың нұрымен қосылып иман қуатына айналып отырады. Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.