Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

XXVII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Жаратылыстың негізі жарықтың қозғалысынан басталып түнекті жаулап әлемдік болмыстың негізі қаланды. Жарықтың негізі ақылдан да барлық біздерге сезім арқылы анықталатын қуаттардың бәрінен де жоғары тұрған жаратушылық сипаттағы қуат, күштердің негізі болып табылады. Нұр түнектің ішінде өзінің орнын алып, нұрына ұқсас қуаттарының жүйесін яғни  түнекке қарсылық сипатын ақыл, ғылымын, жаратылыстың барлық себебін жаратты. Ол күміс күлгін түсті жоғарғы сана және барлық жаратылыс бейнелерін баураушы, жеті қаннатты періште Алла тағала деп атау берілді. Толық оқу…

XXVI-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Әлемнің жаратылуы туралы және оның негізі жарық екені, жарықтың қозғалысынан түн мен күндіздің ауысуынан  жер әлемі үшін тұрақты уақыттың туындап, осы уақыт атты қозғалыстардан ғаламның тіршілік жаратылысы басталғанын ғылымда да дінде де дәлелдермен түсіндірілген.  Біздер қандайда бір жаратылыстың негізін, себебін пайымдауда олардың жұп, парлығы міндетті болатынын естен шығармау да керек. Сондықтан да уақыттың тұрақты санау жүйесі, қызметші қозғалыстағы жүйесі және дамушы, түрленуші жүйесі болатынын естен шығармаңыз. Сонымен біздердің ақылымызбен Алланы тану үшін де  әлемді жаратудың басы болған нұрдан  пайда болған екі түрлі жарықтың негізінен бастап тарқатамыз. Толық оқу…

XXV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Жаратылыстың  сырын білмей дін жолында ғылымның шындығына табан тіремей ізденуден әлем діндерінің барлығы адасып, азығындыққа түскені де хақ. Біз түп негізді жаратушымыздың болмысын ешқандай адамзатқа тән меңгерген ақылдың, білімнің  дәрежесімен тани алмаймыз. Жаратушы иемізді біз өзінің нұрынан зейнет алып  және мұны біз өзіміздің бойsмызда, денемізде «нейрондар» түрінде орналастырумен ғана Раббымыздан әрбір адам баласына жеке-жеке берілетін аян, уахилар арқылы ғана өзіміздегі бейнесі- барымен салыстыра отыра, ақылмен қабылдай аламыз, санамен түсініп анықтаймыз. Толық оқу…

XXIV-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Қазіргі таңда қазақ елінің егемендік алып тәуелсіз мемлекет құру жолында жері, шаруашылығы, шекарасы бөлек,  дербес елге айналдық дегенмен, көптеген кедергілерге түсуге яғни әлемнің рухани тоқырауға ұшыраған елдерімен бірге біз де құдайдың қаһарына ұшырап, азапталып жатқанымызды көбіміз аңғарудан қалғанбыз. Оған ең басты себеп,  біздердің ел басқарушы, зиялы, білімді аталған қауым өкілдері меңгерген білімдерін, таланттылық қаракеттерін, ақылдың жоғарғы дәрежесі — даналық деп түсінгендіктен, мұндай жетесіз ақылымызды иманға айналдыратын, ойлау қуатымыздың әрекетін арттырып тазартатын таза ақылдан парасаттылықты меңгерудің ұлттық дәстүрімізге, екі күнімізге ашық қарсы болып, заң жүзінде мұндай әрекеттерді қудалаумен де айналысып кеткеніміз де хақ.  Толық оқу…

XXIII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Адамзаттың  бақытты өмірі сүруін, қайғысыз тіршілігін, өсіп-өнуін қамтамасыз ететін күшті ақыл деп атаймыз. Ақылдың жоғарғы дәрежесі даналық болып, мұны өмірдің ағашы, көркем сөздердің бейнесі болады. Ақыл -күш, қозғалыс басы болса, оның қозғаушы себебі ой қуаты болады. «Таза ақыл қозғалыссыз мида жатса шіриді» деп ескертіпті Шәкәрім атамыз. Адамзат пен жануарлардың ерекшелігі де ойлау қасиеттілігінің артықшылығы мен қуаттылығын меңгеру арқылы, барлық қуаттардың жүйесін, бүтіндігін қалыптастыру арқылы «Жан» атты жарық нұрды өсіру, жарату қабілетін меңгерумен махаббаттың өнімін көбейтіп, өсіретін жаратушының жер бетіндегі орынбасары болып саналамыз. Толық оқу…

XXII-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Дін дегеніміз адамзаттың өмір сүру барысындағы рухани тұрғыдағы өркениетінен, жетістіктері мен қателіктерінен тұратын шежіре тарихы және өмірге деген көзқарастарының кейінгі ұрпақтарға қалдырып отырған насихаттары және белгілі меңгерген құндылықтар мен қасиетер тегін меңгеру арқылы ақиқатқа жету аманаты, уәдесі де болып табылады. Біздер ізгілікті дін арқылы ғана ақиқатты тани аламыз. Ал ақиқат дегеніміз; Әр адамның жеке меңгерген білімімен, өмірден алған тәжірибесі мен табиғи қасиеттерінің арқасында көз жеткізген өмір шындықтары болады. Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.