Адай ата және шырақсыз ұрпақтары

Алдыңғы жазбаларда шырағы сөнген рулар туралы ескерткенбіз. Жалпы қазақта шырағы жанған руды әзірге кездестіру де қиын. Себебі ол рудан шыққан әулиелікті меңгеріп, Құдайдан тікелей хабар алатын, пайғамбарымыздың батасын алған пендесі жоқ. Мүмкін бар шығар, бірақ тақуалықта жетіле алмай жатқандар да жеткілікті. Толық оқу…

Отпан әулие кім болған?

Отпан әулиенің 3 және 7-8 ғасырларда екі рет өмірге келгені туралы хабар келді. Отпан әулиеден Қорқан би атаның жеті ұрпағы болып тарихта белгі қалған. Қорқан биге көп қасиеті қонған екен. Отпан әулие отпен байланысты көптеген мұғжизаларға ие болған.  Толық оқу…

Керейхан мен Жәнібек сұлтан бабалардың зиярат басын көтерейік, ағайын!

Абылайхан атаның тойының алдында зияратының Астана қаласынан қашық емес екенін, басында аң терісі байланған қара найзасы барын айтып ешқандай мұны ұғатын саналы қазақ шықпағаны да сөзсіз. Және алтын адам аталған; Қазақ, Созақ  бабаларымыздың анасы болған, Ұлсай Емер анамыздың да басын көтеру мен Алаш бабамыздың, Алтай Жүрсін бабалар басындағы мұрағаттарын да ашып халыққа жария ету туралы да менің көтерген мәселеме ешкім құлақ асқан да жоқ. Сол сияқты Кенесары хан атамыздың қырғыз елінде 11 уәзірімен қоса жерленіп, басында мұрағаты барын және басының кесілмегенін хабардар еткенмен, мұны да ұғатын текті, намысты саналы қазақ шыққан жоқ. Енді Керейхан мен Жәнібек бабалардың да зияратын тауып басына ескерткіш орнатып ас бермей –ақ, ел биліктің той өткізбек ойлары бары да сөзсіз. «Санасыздарға сан айтқанмен түсінбес» дегендей  бұл жолдаудың да ел билікпен зиялы қауым өкілдерімен қабылданабайтыны да сөзсіз.Қазақтың көргенді ар-намысты  ұрпақтары бұл сөзімінің хақтығына сенетін болса, есеп шот ашып халықтан қаражат жинап,  бабаларымыздың зиярат бастарына ескерткіш орнатуға шамамыз келгенше үлкен тойдың алдында арнаулы ас беріп, құран оқып еске алуға жағдай жасаса. Ал жерленген орнын, зиярат бастарын біз көрсетуге дайынбыз. Алдын ала Керейхан бабаның басында орнатылған, басы домалақ тас мүсінінің және қазған жағдайда сол қолында сауытының барын ескертеміз. Ал Жәнібек сұлтан бабамыздың зияратынан қанжардың басының табылатыны да және 3 тармақты бір белгі нәрсенің барын да алдын ала білген жөн.   

 

Қазекең «қарты бар елдің қазынасы бар» десе, бірде «қариясы бар елдің дариясы бар» дейді. Жөн сөз. Көпті көрген, көкейге түйген осындай аузы дуалы ақсақалдарымыз аман жүргенде өз аузынан өнегелі де мағыналы әңгімелерін естіп, біліп, жаттап алып немесе қойын дәптеріңе түртіп алып жүргенге не жетсін. Біздің жұмыста да жасы біразға келген Айдар ЖАҚСЫЛЫҚ деген сыйлы азаматымыз бар. Сол кісі бір күні жұмыс үстінде маған сұрақ қоймасы бар ма.. Толық оқу…

Етікшінің мінәжаты

Бірде Мұса пайғамбар (ғ.с.) келе жатып бір адамның мінәжатын естіп қалады.Оның дұғасының орынсыздығы сонша Мұса (ғ.с.) тоқтап тұра қалды. Ол осылайша өз дұғасымен Құдайды қорлап жатыр деп ойлады.Ол былай деп: «Ия,Тәңірім! Маған Өзіңе жақындауға мүмкіндік бер. Иә, Құдайым егер Сенің денең кірлеп қалса жуып-шайып тазалауға уәде беремін. Егер биттеп кетсең битіңді қарап, сіркеңді сығып берейін. Мен мықты етікшімін, Саған кереметтей аяқ киім тігіп берейін. Егер ауыра қалсаң дәрі беріп емдейін. Мен тамақты да өте дәмді етіп пісіре аламын.» Толық оқу…

Хазреті Лұқманға замандастарының бірі: «Пайғамбарлардан үйренген іліміңізді қорытындылап, нәпсі тәрбиесі жөнінде бізге қысқаша түсіндіріп беріңізші?»  деп өтінішжасапты. Хәкім Лұқман: «Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп, оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек. Олар: төрт уақытта төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені мүлде жадынан шығару.

Қорғайтын нәрселер: 1. Намазда ықыласты. 2. Халық арасында тілді. 3. Жеп-ішуде ауызды. 4.Біреудің үйіне барғанда көзді.
Ұмытпайтын екі нәрсе: 1. Алланың ұлылығы. 2. Өлімнің бары.
Ұмытатын екі нәрсе: 1. Біреуге істеген жақсылығың. 2. Басқаның өзіңе істеген жамандығы.
Адамдардың істеген жақсылықтарын ұмытпау, менменсіп кетуден сақтап, жақсылық істеугеқ ұлшынысты арттырады. Өзіңе істелген жамандықты ұмытпау, кектену және өш алу сезімдерін оятады. Міне, осылар Пайғамбарлар ілімдерінен қорытындылағаным» деп жауап берген екен.

Құран Кәрімде де Лұқман Хакімнің ұлына даналық сөздермен насихат айтқанын көреміз.

Лұқман Хакімнің насихаттары Лұқман сүресінің 16-19 аяттарында былай бұйырылған:

«Балақайым! Тарының салмағандай болса да, бір жар тастың ішінде болса да, көктерде немесе жерде болса да Алла оны (Оны – яғни, көзге көрінбейтін, өте кішкентай күнәларды. (Сафуат әт-Тәфәсир), (қиямет күні) алдыңнан шығарады. Расында Алла өте жұмсақ әрі толық білуші»

«Балақайым! Намазыңды толық орында. Жақсылыққа шақырып жамандыққа тыйым сал. Басыңа түскен ауыртпашылыққа сабырлық ете біл. Негізінде бұлар маңызды істерден». «Адамдарды паңсып, менсінбеуші болма. Жер бетінде кербеңдеп жүруші болма. Шын мәнінде Алла барлық даңдайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді». «Жүрісіңде орташа бол, дауысыңды қатты көтерме. Негізінде дауыстардың ең жаманы, ол есектің дауысы».

Лұқман бір жолы бір дорба тарыны қасына алып, ұлына насихат айтқан кезде, әр сөйлемінде бір тары түйірін алып қасына қояды. Дорбадағы тары таусылғанда ұлына: «Әй ұлым! Саған айтқан насихатымның көптігі соншалық, бұл насихаттар бір тауға берілсе, тау жарылып, бөлшек-бөлшек болар еді» дейді.

Осы насихаттардың кейбіреулері мыналар:

Адамдарға насихат айтқанда өзіңді ұмытпа. Балауызға ұқсама. Балауыз жарық шығарғанда өзін ерітіп, тауысады.

Үнсіз қалған өкінбейді, сөз — күміс, үнсіздік — алтын.

Қарыздың салмағында езілгенше, тас тасы.

Істеген ісіңде бұрын мұны сынаған, тәжірибелі кісілерден ақыл сұра. Өйткені олар өздеріне қымбатқа түскен тура көзқарастарын саған ақысыз береді.

Еңбек ет. Еңбектенбеген, табыс таппағанның діні мен ақылы олқы. Толық оқу…

Татулықтың сыры неде?

Өсіп-өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату-тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату-тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?» деп сұрақ қойыпты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар-жоғы бір-ақ сөз жазылыпты. Үсті-үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «САБЫР» екен Толық оқу…

Теңіз жағалауында, тас үстінде 5 жасар бала жылап отырды. Жанына жас келіншек келіп сөзге тартты:
— Балақай, неге жылап отырсың?
— Мамамды жоғалтып алдым.
— Аа.. Мамаңның сырт келбеті қандай?
— Өте әдемі.
— Шашының түсі қандай?
— Білмеймін. Қара сияқты.
— Неге білмейсің?
— Солай. Білмеймін.
— Аа.. Көзінің түсі қандай? Толық оқу…

Таршылық пен талпыныс

Бір жігіт данышпан қарияға келіп қанша талпынып талаптанса да, қаржыдан қысылып, дүниеге жарымай жүргенін баяндапты.

— Сірә, менің маңдайыма осындай таршылығы мол тағдыр жазылған шығар..

— Талпынып талаптанған адамның табысқа жетпеуі мүмкін емес, сенің қателігің соны түсінбеуде жатыр,- дейді қария.
Сонан соң данышпан жігітті өзен жағасына алып келіп, өзімен бірге суға алып түсіпті. Адам бойламайтын терең жеріне алып келіп, басынан ұстап, төменге басыпты. Алғашқыда шыдап көруге тырысқан жігіт, болмай бара жатқан соң, жоғары шығуға ұмтылыпты. Шалдың қолынан босанып шыға алмағасын, қатты бұлқынып, су бетіне басын зорға шығарып ауа жұтыпты. Сонда данышпан қария: міне, сенің талпынысың осындай болғанда ғана, таршылықтың тұсауынан босай аласың, – депті. Толық оқу…