Діннің жартысы амал-ниетпен өлшенеді…

      Қандай да бір істі және дін рәсімдерін орындап меңгеру үшін, әуелі соның ниетін жасаймыз, яғни ниеттенеміз. Мұндай ниеттену арқылы өзіміздің құдайдың біздер үшін жаратқан жақсылығына деген ықыласымызды білдірген болып және көңілден пайда болған мақсұтымыздың бағытын да белгілейміз. Оны жанның құмарлығы деп атауға болады. Ниеттің қозғаушы күші де белгілі бір қозғалыс киесі себепке байланысты. Яғни бір себептен пайда болған оқиғаларға, көріністерге, тағдырдың, заманның жағдайларына қарай пайда болған кедергілерден, сынақтардан немесе бақытты өмір сүруге байланысты талаптан пайда болатын ниеттердің сан алуан түрлері бар. Енді осы ниеттердің бәрін адамгершілік, ар-ұят ұстанымдарымен және шариғат шектерін, қағидаларын бұзбау мақсатында үш түрлі қағидамен білімін белгілеуге болады. Діннің ниеті де негізінен екі білімнен тұрады. Ділдің ниеті болып; шариғатқа кірумен, пайғамбар өсиеттерін орындаумен, салт-дәстүрді сақтаумен адам баласы мұсылман болады.

Енді дін дегеніміздің білімі; үш түрлі себептерден пайда болатынын ескерсеңіз, яғни діл білімі, тіл білімі және құлшылық жалбарыну, шүкірліктер жасау білімі, шариғат және масхаб білімі болып табылады. Сондықтан да дінді толық меңгеріп, жаратқанның рахметіне бөлену үшін жаратылыс себептерінің білімін, яғни іргелі ғылымдарды және сөз ғылымын сұхбатты меңгеріп және түрлі құпия сырлы қаріпсіз, үнсіз, дыбыссыз тілдермен түсірілген шындық, хикметтерге мойын ұсынып, иман келтіруге бағытталған ниетімен момын, «мүмин» болады. Тіл білімінің сипатын, тәжірибесін тек әулие бабаларымыз меңгерген құпия ілімдер мен өмірлік дін ұстану шежірелік танымынан, яғни тарихымызға, тарихатымызға жалғану арқылы ғана меңгере аламыз. Болмаса жоқ!

    Сонымен енді қазіргі таңда өзін иман келтірдім деген мұсылман аталған қандай да пенденің кейде шариғат ұстанымдарына мықты жетік болғанымен, бірақ ондай «намазхан», дінші аталған пенделердің ата салтымызға, дәстүрлі дін ұстанымдарына теріс қылықтарын ескертсеңіз «ниетім дұрыс», «иман келтіргенмін» деп өзін ақтап сөйлегенін жиі кездестіруге болады. Иманды былай қойғанда, ниеттің өлшемі қандай болу керек деген сауал туындайтыны да сөзсіз.

Пайғамбарымыз ниетті бұзатын үш түрлі себепті ескерткен екен; 1) өтірік айту; 2) уәдеде, сөзде тұрмау; 3) аманатқа қиянат жасау. Ниеті таза болу дегеніміз осы үш діннің шартын бұзбаса, онда ниеті таза, яғни иманы бар болып есептеліп, қандай да жасаған амалы, намазы, тілеген тілегі, оқыған дұғасы, берген батасы қабыл болу керек. Алдыңғы екеуі ақылы бар қандай адам баласына да түсінікті. Ал соңғы 3-ші шарттың; ата-анаға байланысты нәсілдік яғни діл білімі мен тіл біліміне байланысты ұстанымды орындау жолындағы құлшылық амалдары болып; атадан қалған асыл сөз, мақал-мәтелдеріміз, шежіреміз, рулық, ұлттық әдет-ғұрпымызды сақтау арқылы қасиеттіліктерді меңгеру, аруақтық дәстүрлі біліміміз екенін көбіміз біле бермейміз.

Бұл туралы аятта: «Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діндеріңе тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар. Өйткені олардікі ант емес. Олар бәлкім тыйылар.» (9-12) Бұл аятпен әрбір елдің өздеріне түсірілген жол-жобасы 12 санымен белгіленген өздеріне оқылатын нұрландырушы кітабын; түс, аян, уахимен қалыптасқан діни рәсімдерін сақтау діннің басты шарты екенін ескертеді. Бұл аяттың енді насихаты 21-ші сүремен түсіндіріліп, сондықтан 21 санды сүренің ақиретке иман келтіру амалдарына, анттарына қарсы шыққандардың бастықтарымен, дін ғалымдары, хазіреттерімен пікір талас, сұхбат арқылы соғысыңдар деп үкім береді. Қазақ жерінде осы анттың ақ жалауы болған; 21 жұлдызды Айша ананың мазарымен белгіленген, көтерген жалауына, ата жолының ақиретке иманға шақырған ниеттеріне қарсы шыққан ел басшы, дін басшылары, мәдениет құзырлы орындарының, масһабшыл дін ұстанымын қолдаушылардың бәрі антты тастап қойғандар, яғни «антұрғандар» болып табылатынын осы аятпен және аманаттар қағидасы; 13; 31-ші сүрелер насихатымен берілген.

Аманат мұғжизамен, хикметпен көрсетіліп, оны екі игілік; «ғизат» деп атаған. Енді осы берілген аманаттар масхаб білімінде мұсылманның бес парызы арқылы орындалатын болса; 1) Иман-парыз; 2) Күніне бес уақыт намаз оқу парыз; 3) Рамазан айында ораза ұстау парыз; 4) Малынан, дүниесінен зекет беру, яғни салық төлеп отыру парыз; 5) Дін ғалымдарының пәтуасы бойынша шамасы келсе қажылыққа бару парыз деп түсіндіреді. Ал, егер қажылық бесінші парыз болса, онда шамасы келсе де, келмесе де бару керек деген ұғым пайда болады. Себебі, егер міндеттелген парызды қандай да бір мұсылман аталған пенде орындай алмаса, онда ақиретке қарыз болып, діннің намаздарын толық орындау шарты да қиын болып, ал мұндай пәтуамен «дінді қиындатпаңдар» деген жаратқанның үкіміне өзіміз тікелей қарсылық білдірген болып шығамыз. Құран негізінен сандар тағлымымен барлық атау сөздер, ұғымдардың өлшемін міндетті түрде белгілеп көрсеткен.

Сондықтан бұл бесінші парызды негізінен 5-сүренің ішінен іздеу керек еді. «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деген Раббымыздың ескертуін назарға алсақ және жер бетінде 48 қыбыла үмметтік белгі болу керек. Сондықтан аятта; «Мұхаммед саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды (тәурат, зәбур, інжіл және қосымша пайғамбарларға түскен нұсқаулар, мұғжиза, хикметтер) растаушы және оларды қорғаушы (ғылымын түсіндіруші) түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан (аян-кітап, жол-жоба) айырылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба (уахи, аян, бата) қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді. (түс, аян, уахимен көрсетеді.)» (5-48) (53)

Бұл аятпен мұсылманның бесінші парызының әлемде барлық дін ұстанымының 48 түрлі нәсілдік (этностық) философиялық бағыттардан тұрып, негізінен Алланың көрсеткен уахи, аян кітаптары арқылы бірленіп отыратынын ескертеді. Және сандық мәндерге жүгінсек, 48 үмметтік жол-жоба  негізгі 5 бағытты жол-жобаға қосылып, барлығы 53 нәсілдік аманаттар белгісін құрайтынын ескертіп тұрғаны да хақ. Ал негізгі 5 жол-жобамыз 4-масхаб және 5-ші барлық масхаб білімдерін біріктіріп, жетілдіріп, дінде ілгерілеуші үммет арқылы қалған 48 үмметтің де біріктірілуін ескертеді. Осындай аманатталған әрбір халықтың өздерінің нәсілдік, үмметтік ерекшелігіне қарай берілген екі негізгі игілік болған уәде мен аманаттарды орындау барысында бір-бірлерімізбен жақсылыққа жарысу шарт.

       Енді аятта; «Оларға, «Сендер бізге екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан немесе біздің қолымыздан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, біз де тосайық» де» (9-52) Бұл аятты тәпсірлегенде екі игілікті; Ғазилық — істі басынан бастау, яғни әдет-ғұрпымызды орындау болса, ал екінші игілік; Шаһиттік — негізінен шаңырақтағы игілік болып түсіндіріледі. Ал, бұл игіліктер; «Өздеріңе көрсеткен екі жол» деп құранда берілсе, Абай атамыз; « Жол көрмек, жоба білмек, жиһан кезбек, Бой жеңбек. Ер жігітке, ғақіл таппақ. Тағдырын көрушінің хақтан біліп, Көшелі өнер иесін жүрсе жақтап..» бұрынғы өткен даналардың ақылына жалғанып, өз тағдырыңды аруағың арқылы көріп, бес қуатты меңгеруді ескертеді. Тура жолда болудың да негізі осындай аманат пен уәдені меңгеру жолында қай үммет жақсылықта ілгерлеуші бесінші болған, «Төртеу түгел болса, төбеден келетін» жоба болып, берілетін аманаттарды орындаумен яғни қажырлылар, әулиелер сапынан табылатын болса, қалғандары соның соңынан ілесу керек.

Төртеуді түгелдеудің де есептік жүйесі; 4х10=40; 4х11=44; 4х12=48; болып бұл мақалада тек үшінші жағдайын ғана қарастырып отырғанымызды, ал қалған екеуі де аталарымыздың; «Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық  — он саулық» деген қағидасынан шығып отырғанын да жадыңызға тоқып алыңыз. Және бұл нақылдағы үш негіздің де құран арқылы сандық мәндері де бар. Сонымен осындай үш байлыққа екі игілікті қосып, бесіншіге айналдыра білген білімдік жағдай әлемдік рухани көш басшылық, яғни «пассионарлық» деп аталады.

Философ ғалымдарымыз бұл 48 бағытты сөздің ойынын, таласын зерттеп жазып, ғалым болып, арнаулы оқулықтар шығарып білімге айналдырғанымен, дінмен жүйелеп сараптау, рухани жетістіктерін таразылау тұрғысынан махрұм қалған. Мысалға, философ ағайындарымыздың еңбегінде «Философиялық ой қабаттары» деген ұғымдар бар да, ал оның қанша қабат және қандай өлшемі болғанын мүлде ұмыт қалдырған. Сонымен қыбыла, яғни кеңістікте көлденеңінен 48 ой қабаты, үмметтік белгі болып, ал жоғарыдан төмен 28 қабаттан тұру керек десек кім түсінер? Барлығы философиялық ой қуаты құран бойынша 48+28=76 санымен белгілі болады. Бұл «Інсан» яғни даналықты меңгеру сүресі болып 31 аяттан тұруының және Алланың қалауы болып түсіндірілуінде де терең мағыналы хикметті сыр бар екені хақ.

Сонымен бірақ әр адам баласының сол қолында 81 санды жандық белгі болып, енді 5 парыз дегеннің өзі осындай ой қабаттарының және тіл қуатын меңгерумен 76+5=81 болып, Абай атамыздың «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген астарлы өсиеті пайда болады. Құран сандар теологиясы да философиялық ой қуатын бес қуатпен дәрежелемей, оң солдың теңелмейтінін ашық білдіріп тұрғаны да хақ. Бірақ дінді теріске, адамзат ойының қиялы деп түсінген философтардың дін ілімнің шежіре білімін, сөз дамуының заңдылығы болып саналатын жалпы әлемдік дін білімі-философияны сауатсыз пайымдауларынан шайтан жамағаттарына айналған діншілер де бұл қателіктерді өз мүддесіне пайдаланып, дін білімі-сөз ғылымынан дін ілімін бөліп алып, елді теріс азғыруға, құраннан қашықтатуға, ислам дінін «фанаттық» ертегі қылуына ғана себеп болған.

Бұл жағдайға исламға және жалпы әлем дініне түскен сынақтар куәлікке жетеді. Ал енді негізгі үмметтік сипат; 48 бағыт, қыбыла жер бетіндегі тұрақты нәсілдік белгіні; «Бұдан көп бұрын, Нұх пайғамбар кемесін жасап жатқан кезде, Құдай теріс жолдан қайтуларын сабырлықпен күткен еді. Бірақ олар Тәңірге мойынсұнған жоқ. Тек азғана сегіз-ақ кісі кемеге кіріп, топан судан құтқарылды» (Петрден; 3-тарау)
Осыған енді жер жүзінің 40 әулие шілтен кісісін қосаңыз, барлық тұрақты үмметтік, нәсілдік (этнос) белгісі пайда болады.

Енді жол-жоба салт-дәстүр болып зейнеттелетін болса, онда дін ұстанымға байланысты жер бетінің 48 түрлі салттық ерекшелігі болу керек. Абай атамыз бұл санды аяттардың құпиясын топан судан аман қалған несібе «Сегіз аяқ» деп; «..Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең, өзің біл. Өткірдің жүзі кестенің бізі Өрнегін сендей сала алмас…Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ, Күлкішіл кердең наданның. Көп айтса, көнді, Жұрт айтса, болды — Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда көз Болмаған соң, айтпа сөз…Жігерлен, сілкін, Қайратпен бекін Деп насихат бергенде, Ұятсыз, арсыз салтынан, Қалғып кетер артынан…Қулықты көргіш, Сұмдықты білгіш Табылар кісі жөн дерге. Үш-төрт жылғы әдетің-Өзіңе болар жендетің…Өнерің қайсы, айтып бер. Ел аңдып сені, Сен аңдып оны, Қылт еткізбей бағып көр. Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде бола ма ар?… Білгенге жол бос, Болсайшы қол бос, Талаптың дәмін татуға. Білмеген соқыр Қайғысыз отыр..» деген қазақтың қазіргі дін ұстаным салты, әдетін, надандықтың себептерін айқын ашып көрсетіп, болашақта жол-жобасын көрмейтін соқырлар, надан қара суға семіретін қайғысыздар көбейеді деп ескертіпті.

      Бұндай негізгі салт-дәстүрлі дінімізден айырылудың негізгі себебі де, ислам дін ғалымдарының иманның негізгі 7 ішкі парызын, яғни тіл білімінің негіздерін, намаздарын жоғалтып ұмыттыруға тырысуында. Ол парыздар: 1) Алла Тағаланың бар екендігіне, біреу екендігіне сеніп, иман келтіру амалдары мен білімін меңгеру, яғни сөз құпиясын, ғылымын меңгеру. 2) Періштелерге сенім келтіру амалдарын, білімін меңгеру. Хикметтердің сипатын, берілетін белгілерді, түс, аяндарын жоруды білу. 3) Дін кітаптарына алдымен құран кітабына сенім келтіру де; үгіт насихатын оқуын меңгеру. 4) Пайғамбарларға сенім келтіруде; оларға түскен нұсқаулар мен хикметтер, мұғжизаларының қайталануына жалғану себептерін, білімін меңгеру. 5) Ақирет күніне сенім келтіру барысында, өлілермен байланыстың себептерін, намаз орындау тәсілдерін меңгеру. 6) Жақсылықтың да жамандықтың да Алла Тағаладан түсіп, оған себептің адам баласының қол екі істегенінен, өткенің мен бүгінгі күніңнен пайда болатынын және сабырлық сынақтарынан өту, ақирет саудасының құпияларын, тәубе және шүкірлік амалдарының білімін меңгеру. 7) Өлгеннен кейін ол жақта өмірдің бар екеніне сенім келтіріп, хайыр, сауап жасау жолында ақирет өмірінің азығын дайындау жолындағы тақуалық істердің білімін меңгеру болып табылады. Бұл парыздарды қалған төрт парызға қоссаңыз 11 санды мұсылманның тағдыр сағаты пайда болады. Сол сияқты әрбір парыздың ішкі парыздарын қосу арқылы қалған жаратушымыздың ескерткен; «Сендерге 19 санын сынақ қылдым» деген аталарымыздың атың шықпаса жер өрте (әйелдің жатырын) деген тәндегі жерлік 19 элементтің жағдайы пайда болып, барлығын қосқанда; 11+19; 30-санымен «РҰМ» сүресі иман келтірудегі жеңіске жетудің, иман ағашының 60 бұтағы пайда болады.

    Осындай ұлттық және жол-жоба алып, иманға жүктеліп, ақталу ерекшеліктеріне байланысты осы қағидалардың да намаз орындау ерекшеліктері қалыптасып, жақсылыққа жарысуды бұйырған; «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің (мұғжизамен кітап алатын) бір жолбасшысы бар.» (13-7) Әрбір ұлттың өз 13-мен басталып, ішкі тіл білімінің негізі, яғни аруақтық 7-сінің намаздар қағидасы болатынын жоғарыда ескерткен кемел адам; 13+7=20-сын «Таһасын» тура жолдың егесі, «Шопан» атасын қалыптастыруды ескертеді. Енді неге дініміз, құранымыз, шариғат амалдарымыз ортақ болып, әр елдің өзіне ұлттық сипатына қарай дін дәстүрінде өзгешілік болу керек? Бұл өзгешілік әрбір үмметке бекітілген малдары мен құрбандықтарына байланысты ерекшеленеді. Әрбір ұлттың нәсілдік ерекшелігіне, сөздерінің, яғни атау ұғымдарының сандық қуаттық ерекшелігіне, шаруашылық істері мен тағамдану, азықтану, киім киінуі, зейнеттелу амалдарының қуаттық шамалары да, иістік сипаттары да сан алуан түрлі болады.

Сондықтан жер бетіндегі иістер мен түстерінің, терілерінің өзгешелігіне де байланысты адамзаттың жын-шайтандық қылықтарының да туындау себебі де алуан түрлі. Олай болса жаратқаннан берілген басты аманат өз туысқандары әке-шеше, ағайын, дін қандас болған, түрлі себептермен күнәларынан тазара алмай тозаққа түскен періштелермен, нәсілдік әскерлермен, өзіндік иістер мен жарықтық, қараңғылықтармен жүктелу, яғни тағдыр сынағы да алуан түрлі болмақ. Аятта; «Рас аманатты (нәсілдер мен жындарды, кітаптарды) көктер мен жерге және тауларға ұсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол (жындар, шеріктер, шайтандар) өте залым, тым білімсіз.» (33-72) Құран бойынша 72-сүренің 27 аятымен және барлығы 32 болып, «Сәжде» мәнімен де, намаз оқу санымен де сәйкес келетін; құранда көлденеңінен көрсетілген 72-ші аяттар аманат жүгі болып есептеледі.

Енді осы тақуалықтың аманатын толық орындау үшін әр елдің осы аманаттарды орындау барысында мұғжиза, хикметтер көрсетіп, Алланың досы болған әулие-әмбилері және құран насихатын меңгеруін түсіндірген кітаптары болу шарт. Осындай кітаптары бар және қалыптасқан дәстүрлік, намаздық амалдарды жетілдіре отыра, тура жолды бастап көрсеткен пайғамбарымыздың сүннеттерін берік ұстану барысында, заман біліміне қарай өз арасынан шыққан әулие болған елшілері арқылы толықтырылып отырғаны, дін тарихынан-шежіреден және оны алдын-ала құран аяттарымен астарлы түрде көрсетіп те қойған. Бұндай намаз орындау амалдары және намаз оқумен бірге әрбір елшісіне шүкірлік келтіру намаздары арқылы орындалады.

Пайғамбарымыз; «Жанымда осы Ухуд тауындай алтын болса да, мені қуанышқа бөлемейді. Тек қарызымды төлейтін ақшаны есептемегенде, қасымда (жындарда, аруақта, иман жолдасында) бір динар ақшаның болуын да қаламаймын,-деді. Алла елшісі алдына, оң жағына, сол жағына және арт жағына қолдарымен ақша беріп жатқандай» ишарат жасап; «Қасымда бар ақшаны (құраннан параны) Алланың құлдарына (аруақ, періштелеріне) таратып беруді қалаймын,»-деді. Кейін тағы жолын жалғастырды да былай деді: «Дүние мал-дүниесі көп болғандықтан ақиретте сауабы аз болатындар. Бірақ оңына, солына және арт жағына былай, былай және былай таратып беретіндер бұдан тыс. Дегенмен ондайлар өте аз»- деді.» (Әл Бұхариден. Мүслимнен-32).

Пайғамбарымыз адам баласының төрт жағында болатын рухани өріс көлеңкелері болған иман серіктерін, яғни өзіндік қауымын құлшылық, сауап жасау арқылы азықтандырып және тура жолынан адасқан ата-аналарының жандарын, жерден табаннан және төбеден келетін періштелерін де құлдықтан азат етуін, «Алтауын араздастырмауын» да астарлап ескерткен. «Бір бала ата-анасының хақын өтей алмас. Бірақ оларды құлдықта тауып, сатып алып азат еткенде ғана өтей алады» (Мүслим Әбудауыт, Тырмизи және ибн Мажадан). Енді қарапайымдап түсінсек, дүние тіршілігінде кім ата-анасы құлдықта сатылып жүріп, өзі басқа жақта еркіндікте тәрбиелене алды? Әрине ондай мүмкін емес, сондықтан бұл жерде әке-шеше емес, әкең мен де шешеңнің де ата-анасы болғанын және ақиретте, тозақтағы құлдықта жүрген жағдайы да болады, ескер!-дегенді астарлы ескерткен пайғамбарымыз.

     Қазақтың бұрынғы ұғымында; 7 атаға дейінгі туысқандық шежіре байланыстағы әке-шешеге дейінгі барлық тегін ата-анаға есептеген. Сондықтан әке-шешеңнің ата-анасын кім құлдыққа салып қойды және оны қайдан, қалай іздеп табу керектігі туралы жорықтар кітабы деген пайғамбарымыздың үлгісін қазіргі масхаб білімінде қажылыққа бір бөлшегін ғана «умра» қылып қосып орындау қалыптасқан. Бұндай теріс түсініктің қалыптасуына да себеп, негізінен аудармашылардың, арап танушы дін ғалымдарының түсінігінің аясынан тыс болған өсиеттерді әлсіз немесе белгісіздер тобына қосып, реттілік, сан ғылымын жоғалтқандықтан, дінді бөлшектеуші біздердің, және жалпы арап елдерінің құлшылық істеріне табыну арқылы амал қылатын бүкіл дін топтары: «Ұстаздарымыз көрсетпеген, мойын ұсынбаған» деп, оны орындаған «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген аруақшыл, құдайшылдарды пайғамбарымыздың өсиетімен қоса «серік қосушылар» деген айдар тағып қудалаудан жалығар да емес.

Інжіл жазбаларында да Ғиса пайғамбарымыз астарлы әңгімемен ашық насихаттап өткенін, замандар өте сөз ұғымдары кеңіп, құран аудармасының ашылатынынан қорқатын ібіліс әскерлері, жын-шайтаннан болған пенделер тобының құранды тек арапшадан ғана оқып түсіну керек дегені де осындай дінді теріске алуға, үгітін аздырып, насихатын тоздыруға, пайғамбар өсиеттерінің жан сырының ғылым негізін жоғалтуға әкеліп тіреген. Мұндай әрбір пәтуаның да өз тарихы бар және ол да пайғамбар өсиеттерінен пайда болатыны да хақ. Мысалға пайғамбарымыздың; «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде (қанында) болып келеді де, ол адамға пайдалы болып есептеледі. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» (568-өсиет). Діл туралы жазылып түсіндіріп өткенбіз және діл білімі ана қанымен байланысты болып, ана тілінсіз жетілуі мүлде мүмкін еместігін ескерсеңіз, енді тіл білімі Алла тағаламен арадағы куәлік десек, онда қалай түсіндік? Осы жағдайды дін ғалымдары Алла тағаламен арадағы байланысшы болатын тіл тек құранның араптарға түскен тілі деген ұғымдардың ғасырлар бойы қасіретке айналған, исламның негізгі қателігі де екенін біле бермейміз. Сонымен тіл білімі дегеніміз не?

Әрине Абай атамыздың 38-ші қара сөзінде ескерткеніндей, Алланың біздерге түсіретін ғылымы болып, оны қаріпсіз, үнсіз, дыбыссыз тіл деп атайды. Сонымен мұндай тілдің де нақты сандық мәні болып, оны пайғамбарымыз; «Иман негізінен 60 бұтақты немесе 70 бұтақты» деген ескертуінен тіл білімінің негізі пайда болып, негізінен 70 түрлі тылсым тілі болып, осындай санды өнерлік, қасиеттік тілдерді меңгеру, иман келтіру болып табылады. Бұндай қозғалыс себептерін, қасиеттерді, киелердің тілдерін меңгеріп амалға айналдыру, яғни Алла тағалаға иман келтіру, тіл білімі арап елдерінен біржолата жоғалғанмен, түркі тектес елдерінде әулиелер істері мен аударған жазбаларында қалып қойып, ал қазақтың халқының ділінде, қанында және жадында мәңгіге жазылып және әулие-әмбилерден қалған мұрағаттар, кітаптар сол қалпында сақталғанын, жаратқанның өзі қорғап жеткізгенін әлем халқы әзірге біле білмейді.

      Енді пайғамбарымыздың жан сырын, інжіл насихатын растығын көрсеткен бұл өсиеттерін растап толықтыратын: «Пайғамбарымыз; -Уа, Айша! Жәбірейілдің маған хабар бергені бойынша, қиямет күні (Қиямет-қайымда емес! Әрбір 100 жылда!) Алла Тағала бүкіл (ажал жетіп өлген) жаратылыстарды қайта тірілткен кезде, біреуден жақсылық көрген адамға мынандай сұрақ қояды: -Саған жақсылық жасаған пендеме рахмет айттың ба? Сонда әлгі адам: Уа, Раббым! Маған жасалған жақсылықтың тек қана Сенен келгенін білгенім үшін жалғыз Өзіңе ғана шүкіршілік еттім,»-деп жауап береді. Сол кезде Алла Тағала: «Осы жақсылықтардың саған жетуіне себепші қылып қойған пендеме рахмет айтпағаныңша, Маған шүкіршілік еткен болмайсың,»-дейді.» (Али-Мүттақа. 741,742)
Бұл өсиетпен аянды, уахиларды жеткізуші аруақтардың осы харіпсіз, үнсіз тіл білімнің орындаушысының бейнеленген өзі екенін ақиқатын растап тұрғаны хақ. Бұрынғы замандарда аталарымыз бұндай жағдайларды, себептік белгілерді қалай насихаттап түсіндіріп өткен? Соған тоқтала кетсек; бұндай жағдайларда Алла Тағаланың берген рахметтерін, ғылымын, білімін жеткізушілердің алғашқысы болып; Сопылық намаздарын жеткізуші-Ыдырыс пайғамбар; Ғалымдық аяттарды-Қызыр пайғамбар; Разылық аяттарды-Смағұл пайғамбар; Сабырлық қасиеттерді-Әйюп пайғамбар; Шүкірлік амалдар-Дәуіт пайғамбардан сондықтан ол неғмал ғайып деп аталады; Нұрсат хикмет, мұғжиза келтіру-Нұх пайғамбардан; Кедейлікті меңгеру-Жақия пайғамбардан; Күйеуінің көзіне шөп салғандар мен зинақорларды жазалау-Лұт пайғамбардан. Енді бұл хикметтерді алып жалғастыруға әр елдің өзіне тән әулие-әмбилері арқылы осы хикметтерге иман келтіріп шүкірлік, тәуба амалдарын орындауды әр пендесіне жоба қылып көрсетіліп отырады.

Осындай шүкірлік істердің негізі; 24 пайғамбар арқылы намазға айналып, соңғы келген Мұхаммед пайғамбарымыз «Бір» сипатты болып; 24+1= 25-ші пайғамбар және барлық діндер құлшылықтарын бір негізге, исламға бірлеуші болып, намаздар арасын қосатын, сүннеттерін және оны болашақта қалай дамытуды көрсеткен өсиеттерін де қалдырған. Ал, Ясауи бабамыз тура жолдық жол-жобаны көрсетуші елші болып, осындай түрлі топтарға бөлінген дін істерін біріктіріп бір амалға айналдырудың намаздары мен амалдарын көрсетіп, түркі халқының салт-дәстүріне айналдыра білгені де хақ. Бірақ бабамыздың көрсеткен намаздары ғана қалып, ал тіл білімінің ілімдері, ішкі шарттары; «масһаб, фиқһ, мүштәһид» деген айдар тағылған, кейінгі келген дін ғалымдарының назарынан тағы да тыс қалған. Шәкәрім атамыз иман келтірудің, тіл білімін меңгерудің діншілер ұсынған; «жаратқаннан бастан берілген тағдырға мойынұсын да, тек бес уақыт намаз оқи берсең жаннаттық боласың» деген надандықтарын ашықтан-ашық сынап, құран аяттарымен жан сырынан хабарлар беріп дәлелдеп кеткен.

Мысалға: «Білімділер насихат көп жазады, Адам үшін уайым жеп жазады, Байқап оқып отырсам, соның бәрі: «Дүниені сұм, алдамшы» деп жазады. Мен-дағы тіршілікке қадам бастым, Рахат, бейнет, әр іске араластым. Өмір бойы қуанбақ жынды ісі ғой, Кейде асып, кейде қашып, кейде састым… «Мен де соққы жедім деп сұм дүниеден» Көп жазып ем, оныма өкіндім мен. Ойласам, көрген бейнет, тартқан қайғы Болыпты не біреуден, не өзімнен…Кімде-кім қайғы тартып, бейнет көрсе, Сұм жалғанның қылғаны бұл дей берсе, Әлбетте, бұл-тағдырға қарсылық ондайға ерсе. Кім үйретті дүниені жамандатып, Оны сөгіп, өзіңді амандатып? Мұны үйреткен — білімсіз шала молда, Қу қазыққа байлаған табандатып…Терісті дұрыс деп сендіретін Шешендердің келеді тілі ыңғайлы…Тумақ, өлмек, қартаймақ болмай қоймас, Қанша қызық көрсе де, пенде тоймас. Сол тоймастық-дүниені жамандатқан Сен сөкті деп тағдырды қайта жоймас. Бейнет көрме, біреуге бейнет берме, Дүние-алдамшы, өмір-қу деп елерме. Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе, Бәрін құдай қылады дегенге ерме. Қаза келсе, өзіңнен, иә біреуден, Немесе бір нәрсенің себебінен. Дауың дұрыс бола ма, ойласаңшы, Өмір-қу, дүние – алдамшы дегеніңнен? Дүние алдамшы, өмір қу есерлерге, Есерлікпен жолығар кеселдерге, Ол екеуі мінді емес, мін өзіңде, Сөзің бөлек өзгеден десеңдер де».

     Қазіргі таңдағы масхаб имамдарының тағдыр туралы жалғандығын тек жаратқаннан күні-түні кешірім сұрап, намаз оқи берсең жаннаттық боласың деген насихаттарының да қателігін және де атамыз қазақтың: «Құдай сақтансаң ғана сақтайды», «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгер» деп құрбан шалып, Алла жолында дүние, мал жұмсап ақталу жол-жобаңды меңгеріп, тағдырыңды түзеу өз қолыңда деп ескертеді. Пайғамбарымыз да: «Кісі істеген күнәсінің салдарынан ризықтан махрұм болады. Тағдырды тілек қана тоқтатады, өмірді ата-анаға істеген жақсылық қана ұзартады.» (29-өсиет. Сәубаннан) Қазақтың діни салт-дәстүрі; «Өлілер риза болмай, тірілер байымас» деген қағидасының ақиқатын растайды.
Ясауи ілімінің намаздары мен масһаб намаздарының қателіктері. 5-ші кітаптан. Толық нұсқасын http://btk.atazholy.kz/ сайтынан оқуға, жүктеп, көшіріп алуға болады)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.