I-Иман және махаббат

       

(Абай ата философиясынан)

Иман деген бір ғана иланудан, нанудан тұрмайды. Иман келтірдім деген иланып нандым, сендім деген ұғымды береді. Ал иландың делік, онан саған не пайда түсті? Тек өзің үшін ғана иман келтіріп, иланып сенгенмен құр сенім қуаты күйінде қалса, оны пайдаланып, пайда таба алмасаң (ақылыңа қуат алмасаң) ол иман болмайды. Иланып сеніп, оны пайдаға асырып пайда алсаң (ақылға қуат, бойға шабыт, білімге дерек) ғана ол кәміл иман деп аталады. Ол үшін де иманды (қуатын, тылсым кітабын) тауып оны пайдаға жарата білу керек. Иманды меңгермек үшін де Алла тағаланың 8 сипатын; 1. Аят-Өмір тіршілік; 2. Ғылым; 3.Құдірет; 4. Көруші (түсіну, білу, қабылдау)5. Естуші; 6. Тілек қалаушы; 7. Сөйлеуші; 8. Тудыру, бар қылу сипаттарын ұғынып, пайымдап өзіңді соған ұқсап бағу (табыну) құлшылығын меңгеру керек. Алла тағалаға ұқсап бағу бірдей болуды емес, ұқсаудың жолында болмақпен ерекшеленеді. Алла тағаланың барлығы біздің бойымызда (сыртқы аура өрісі) осы сегіз сипатының белгісі болуында тұр.

Сондықтан біз өз бойымыздағы ( жарық болып жетілдіріп, қалыптастырып)  осы сегіз сипатын ұлық болған Алла тағаланың сегіз сипатына ертуге (байланыстыруға) жалғауға талаптанудан шығады.

Бұл сегіз ұлық сипатын Ол-деп атап, Ол-Алла тағаланың заты,-Өзі және ешбір сипатқа мұқтаж емес, оған біздің ақылымыз мұқтаж бомақ. Біздер ақылымыз арқылы ғана осы сегіз сипатын танымаққа құштар, талап қылмасақ, онда Алланы да танып біле алмаймыз.

Біз Алла тағаланы өзінің бізге білдіргені арқылы ғана сипаттарын ұғынамыз. Ал түгел біліп ала алмаймыз. Мұндай затты қасиеті түгіл, көрсеткен (аянмен) хикметінен де ешбір даналар ақылмен толық анықтай алмайды. Себебі біздің ақылымыз өлшеулі, ал Алла тағала өлшеусіз (шартсыз, шексіз). Сондықтан біздің ақылымыздың шамасына қарай өлшеу үшін «Бір», «Бар» деген ұғымдарды пайдаланамыз. Алла тағаланың «Бір» және «Барлығы» біздің ақылымызға Алла тағаланың ұлық сипаттарын тұрақтату үшін ғана керек. Алла тағаланы «Бір» деген лайықты өлшем бола алмайды. «БІР» дегеніміз мекен (денелер орында, ал орындар мекенде болмақ) болып, сол мекеннің ішінде сипаттарының болуы, өмір сүру мүмкіндігінің болмысын ғана белгілейді. Ал бұл мекен «БІР» әлемнің ішінде, ал әлем Алла тағаланың ішінде мекендейді.

Біздердің ақыл қуатымызға (бесінші дәреже танымдық тұрғыда) дәлел ретінде Алла тағаланың сегіз ұлық сипатының белгісі тұрақталып, бұған 99 көркем есімдер берілген. Енді бұл көркем есімдер Алла тағаланың ӨЗІНЕ лайық меншігі және біздің ақылымызға анықтауға білдірген нақты шамалары болмақ. Және бұл 99 көркем есімдер Алла тағаланың екі сипатының шамасын білдіреді. Олар;1. Ерекшелігі, 2.Меншігі және 3.Нақтылығы. Сонымен енді Алла тағаланың сегіз (8) ұлық сипатын «БІР» бірлігі деп, ал 99 көркем есімдерімен бірлігіне дәлел «БАРЛЫҒЫ» деп ұғынамыз. Және сегіз сипатының ішінен;  ғылым, құдірет-«БАРЛЫҒЫ» болып саналады.

«ХАЯТ» -тірлік сипаты. Барлығына анықтаушы түсінік болмақ. Сонымен; ҒЫЛЫМ; ҚҰДІРЕТ қашанда «БАР» болып, аяты мәлім КІТАП (кісі) болып оқылып, түсіндіріліп, ал «БІРЛІГІ» қалауы болмақ. Алла тағаланың қалауы-«БІР» яғни бірліктер арқылы РАХМЕТ, РАХЫМЫ, ХИКМЕТІ арқылы беретін несібесі мәлім болмақ. Алла тағаланың қалауы ғылыммен ғана болмақ. Ғылым болса ғана бірлігі, қалауы жүзеге асады. Сондықтан ҒЫЛЫМНЫҢ бір сипаты КӘЛӘМ-сөйлеуші. Сөз әріпсіз, дауыссыз болмайды. Ал Алла тағаланың сөзі- ӘРІПСІЗ, ДАУЫССЫЗ. Олай болса, Алла тағала сөзін адамзатқа білдіретін құдіретті сипаты, кереметтілігі көруші және естуші.

Алла тағаланың көріп, естімегі біздер сияқты көзбен, құлақпен емес (сезіммен емес). Біздердің сезімізден жоғары тұрған көріп тұрып естігендей (бір сипатта –әрі көз, әрі құлақ болып) біле алатұғұн ҒЫЛЫМНЫҢ бір сипаты болмақшы. Сонымен Алла тағаланың қалауынан бірлігі деп түсінген «БІР»  арқылы «БАРЛЫҚҚА» келтіруші болса және бұл сипаты өз алдына бөлек сипат, ұлықтығы болып, бұл Алла тағаланың «ӨЗІНІҢ» бейнесіндей мәңгі, бастан және киелі рухтың жақсылық, игіліктің егесі болып, қолы мұнан босамайтын болса, онда бір сипаты келесі бір сипатынан үлкен я кіші болып тұруына да болмайды.  (барлық сегіз сипаттың да бір мезгілде бір жағдайда әсер әркет етуші құдіреті болады) Мұндай шектілік өлшемдер Алла тағала сипаттарына келмейді. Сондықтан Алла тағала ҒЫЛЫМЫНДА, ҚҰДІРЕТІНДЕ  шектеуге, шектелуге тән епсіздігі, нашарлығы жоқ. Біздер Алла тағаланың бұл сипаттарына ұқсадық дегенмен біздің қасиеттерімізде шек және нашарлық міндетті түрде болу шарт…(жалғасы бар) (енді оқушым, масаһабтық білімде неге нашарлық, шектілік жоқ? Ойланып көрдіңіз бе?)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.