II-Құлшылық ұғымдарының философиясы

Бөлім: Құлшылық философиясы 67

   

         Қандай да бір іс-әрекеттердің жаратылыс себептерінің түп негізі бірліктерін, тұтастығын қалыптастыруымен «Бір» ғана түпкі жаратылыс себебіне қызметке, құлшылыққа байлану, жалғану керек. Сондықтан да бастапқы жалғыз «Бір» ден, тұтастықтан пайда болып, қарсылық жаратылыс себептерімен әрекеттесумен көбеюден заттық, денелік бейнелерін қалыптастырып, тіршілік ету, өмір сүру барысында барлығы да бір себепке қызмет етумен бірлену, бауырластықта, бірлікте болумен «Бірге» қызметке сапқа тұрумен нәтижеленбек. Бұл қуаттардың негізі бастапқы жаратылыс періштелері болып табылады да қарсылық күш қуаттарымен әрекеттесу барысында сан алуан бейнелерге, нәрселерге, заттарға айналып, бөліктерге бөлінумен өздерінің белгілі шектері, шамалары да пайда болып және қайта бірлену барысында, тіршілік ету барысында рухани қуаттарды меңгеруден, өзара қосылудан, табиғи көбеюден пайда болған өздерінің белгілі қуаттық шамаларын, қозғалыс себептерін де туындатуымен алуан түрлі іс-әрекеттің бір ғана жанды жаратылыс егесінің меңгеруіне әкеліп соқтырады. Яғни барлық қуаттардың адамдық болмыстағы ең күшті ерекше жаратылыс «Бір» жанға айналуымен бастапқы киелі рухтан болған «Бір» себепке жалғанумен жаннатқа енуімен нәтижеленеді.
Адам атамыздың бастапқы жаратылысында да бұл періштелік қуаттардың бір тұтас қозғалыс қимыл-әрекеттерді қалыптастыру үшін сәждеге-қызметке тұрғаны және онан қызмет етуден бас тартып қарсылық қозғалыстық Ібілістің жыланға айналып; «Іштен шыққан шұбар жылан» болып бөлініп шыққаны да белгілі жағдай. Сонымен Адам атамыз бұл қарсылық қуаттардан пайда болған жерлік жиіліктегі темірдің негізі болған өмір ағашынан рухани азықтың жүктелуімен салмақтың артып, әурет жерлердің жыныстардың да бейнеленуі болып, оған жарықтық киім беру үшін жаннаттан түсіп, енді оны тазартып барлық қуаттарды «Бірлікке», тұтастыққа айналдарып бір ғана қуатпен қайта жаннатқа кіруге тиісті болғаны да мәлім жағдай.
Сонымен адамзаттың өмір сүру барысында, тіршілік қамында жалпы жаратылысымызда қарсылық күнәні туындатын қуат-күштер мен жақсылықты, махаббатты қалыптастыратын құдайлық жарық негізінде ұшқын болып бойымыздан табылып, мұның өмірлік тәжірибесі қалай ақталу жолы да тағдырымызда туылудан бұрын жазылып, барлық біздің іс-әрекетіміз, өмір қамындағы қызметтеріміздің бәрі қаласақ та, қаламасақ та Аллаға, жаралған білдірген сипаты «Бір»-ге өзіндік, мендік, раббылық сипатына айналуға құл болып қызмет-сәжде қылу шартты болмақ. Тірісің бе, онда өмір сүру үшін жақсылыққа жетуге талпынған, амал қылған құлсың. Ал онан бас тартқан жағдайда онда күнәлі болмысымыздың құлы болып, ібіліске сәжде-қызмет қылмақпыз да, кері қарай хайуанға айналу бірлігі пайда болмақ. Бұл енді құлданудың, азғынданудың жолы болмақ. Сондықтан құлшылық сәжде қызметтің де жұбымен болып махаббатқа болмаса күнәға сәжде жасау немесе екеуіне де қатар құлшылық қылушы екі жүзді болып табылуың сөзсіз. Сонымен адамзатқа барлық жаратылыс қозғалыс негіздерін толық меңгеру, жүктелу де шартты болмақ. Осы тұрғыда масһаб және ислам ғалымдарының серік қосу, шерік қосу дегенінің өзі тажалдық білімге айналып, керісінше жүктелуден, рухани, жандық қарсылық «имундік» қабілетті жетілдіруден бас тартқызып адамзат руханиятын дамуға емес, кейін қарай нәсілдік тозғындыққа ұшырауына ғана себеп болып жатқанын да дәлелдеу ғылымдық тұрғыдан әзірге мүмкін емес. Себебі біздің жоғарғы жазбада мысал берген ұғымдық, ұғыну дәстүрлік құлшылық намазымызды да діннен шығарып тастауымыз себеп болғаны сөзсіз.
Енді сәжде-қызметімізді- сәжделік намаздарды орындау деп атап, ал ұғыну, ұқтыру құлшылықты-орта намаздарды орындау десек, ал әрекетті құлшылықты; шүкірлік намаздарды орындау деп атағанымыз жөн. Осы үшеуінің басын қосып жүйелейтін болсақ; онда намаздарды толық орындау деген ұғым пайда болады. Неге десеңіз бұл құлшылық түрлерін бір-бірінен ажыратып жеке-жеке орындау дінде адасу мен, тура жолдың қисығына түсуге немесе бөлшек (секталық) топтарға айналуға ғана себепші болмақ. Сонымен құлшылық-сәжденің бірінші орында тұрған Намаз болып аталуымен қазіргі таңдағы масһаб және ислам ғалымдарының ұсынған жобасы, бағыты дұрыс деген пәтуаның да сұранып тұрғаны да хақ. Олай болса намаз оқу мен зекет, ораза, қажылық діннің ірге тасы болып шықпай ма? Ал Абай атамыз бұндай намаздық сипатты адасушылық деп сынаған. Енді осы тұрғыда тәпсірлермен логикалық пайымдаудың да қателігін пайғамбарымыздың; «Орта намаздарға абай болыңдар, құлшылықтың ортасын ұстаныңдар» деген өсиетінен барлық құлшылықтың басында орта намаздар яғни ұғыну, ұқтыру, тарихи оқиғалардан, тағдырдан ғибрат алу, біліммен ілімді меңгеру намаз оқу емес, тағдырдан, тарихаттан, жаратылыстан сабақ оқудан, білім жинаудан басталу керек. Білім жинаудың мақсаты тек масһабтық дін ісінің шариғаттың ғана ережелерін меңгеру емес, адам баласының естілігін қалыптастыру бағытында барлық білімдердің саласы мен тарихын шежіресін, ұлттық тәрбиесін меңгеру керек. Онсыз ұғынудың да маңызы жоғалуымен бірге, адасушылық құр еліктеушіліктің ақылдың жетілмеуіне, ессіздікке апарып соқтырары да сөзсіз. Ессіздік-мастық болып; «Әйелдер мен жас балаларр мастыққа тән» деген пайғамбарымыз. Және; «Мас күйлеріңде не айтқандарыңды білмей намаздарға жоламаңдар» деген Раббымыз.
Демек намаз оқуға да, басқа амалдарды орындауға да негізінен ақылдың жетілуі мен естің қалыптасуына ұғымдық, ұқтыру, ғибадат, ғибрат, үлгі алу құлшылығын бірінші орында меңгеру міндетті болмақ. Ал енді түркілік дәстүрге тән барлық жаратылыс себептерімен байланысқа түсе білудің яғни Зәбурлік Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлардың меңгерген даналықтарын меңгеру яғни сөздің астарын, қуатын, тау, тас, жан-жануарлар мен жәндіктер әлемінен хабар ала білумен қазақтың даналық білімдік ерекшелігі, сезімдік аңғарымпаздығы, қаракеттік «интелектілігі»-түйсінуі қабілеті барын да ұмытпаған жөн. Абай атамыз насихаттаған; «Алланы сүй, хикметін сез» деген әрекетті-шүкірлік амалдарды табиғат әлемі жетілмеген, қысы жоқ, мезгілі жоқ арап елдеріне қарағанда жеті түрлі ықылымдық райы бар, барлық жан-жануарлардың түрі кездесетін біздің еліміздің жаратылыстан бұл қасиеттерінің жетілгені де дәстүрімізден көрініс табатыны да сөзсіз. Сондықтан біздердің естілік ұғыну білімімізді меңгеру арап елдерінен әлдеқайда ерекше және дамыған да. Олай болса, ақылы жетілмеген мектеп жасындағы жас балаларға немесе өзінің әйелдік бейнесін таба алмай мастығы тарқамай жүрген қыз-қатындарға да, арсыздыққа түскен дәстүрін меңгере алмаған қандай бір жастарға намаз оқуға зорлаудың керегі де жоқ және өз бетімен еліктеп намаздың қасиетін бұзуға да тиым салынған. Әуелі дәстүрлік рухани тазалықты сақтау, тазалану, ұғыну, түсіну, естілікті меңгеру құлшылығы міндетті түрде керек. Ал енді ересек жасына келген өмірдің ащы-тұщысын да көріп, ар білімінен хабардар болған ақыл-парасаттылығы қалыптасқан ересектерді намаз оқудан, ораза ұстап, қажылық жасаудан басқа қызметтің – сәжденің бәрін атқарған адам баласын неге намаз оқушы жастардан төмен санау керек? Бұл да надандық болып шықпай ма?
Міне масһаб, ислам ғалымдарының тажалдық бейнесі осы тұрғыдан да бой көрсетіп, ғылымды, өмірдің алуан салалы қызметтерін меңгерген адам баласын дінді білмейді, дінсіз деп атаған діншілердің бәрі де; Аллаға күдіксіз серік қосып, ортақ қосушылардың өзі болып саналады. Әрине мұндай дінді бөлшектеушілердің пәтуаларын ел билік өз пайдасына айналдырмақ ниетпен, яғни өздерінің мұндай сәжде-қызметін орындау мүмкіншілігінің аздығын жасыру мақсатында, мұндай тажалдық пәтуаның ықпалына ерікті болу үшін де; «ел билігі діннен бөлек» деп, негізінде діннен емес, ал оның бір ғана сипаты болған сәжде – қызметінің, намаз оқуынан бас тартамын деп, жалпы құдайға да ашық қарсы болып, біртұтас адамдардың, аруақтардың лағнетіне ұшырауына да себеп болғаны хақ. Яғни надандық тұрғысында күнәнің, ібілістің еркін орындаумен өз бойларындағы қарсылық күштерге арналған сәждеге-қызметке тұрып алғаны да сөзсіз.
Сонымен осындай жағдайларға себепші болатын; ұғынуды біз білім арқылы да, ілім арқылы да меңгеріп ақылды өсіргенімен, бұндай кітаптық жансыз білімге байланған ақылымызбен Алланың белгілерін, хикметтерін, уахиларын түсінуге де әлсіздік, жетімсіздікке ұшырап, ой қуатының шамасы да аз болуымен, ізгілікті құлшылықты қызмет-сәждені қалыптастырғанмен, түбінде ақыл-парасатымыз ібілістің шабуылына ұшырап, тура жолдың қисығына түсіп алуға себепші болатыны да сөзсіз. Әлемнің осы тұрғыда рухани дағдарысқа түсуіне себепші болған; қандайда бір өнер, ғылымды, кәсіптік бағдарды, білімді меңгеріп адамзат тұрмысын жақсартуға талай әдістерді тауып, құралдар, құрлығылар шығарғанмен, адамзат қол еңбегін жеңілдеткенмен, ал даналықтық ойшылдықтың себепшісі болған жан қуатының жетілмеуінен түрлі бөлшектенуге, ойлардың әркелкі дамуынан діндерде, тұрмыстық салтымызда да зұлымдыққа түсіп жатқанымызға себеп болғаны да хақ.
Қазақ елінде де масһаб, муфтият және түрлі дін өкілдерінің де құдайға құлшылық қызмет-сәжденің жетістігін меңгердік дегенмен де, ақыл-парасатты аталғанымен де жалпы адамгершілік қасиеттердің тұлғалық, әулиелік үлгілері қалыптаспай, керісінше тоқырауға ұшырауына, жалған білімге, өзге елдердің тәжірибелерін меңгеруге негізделген жалған әулиелік, даналықтың себепшісі ғана болып алды. Және бұндай әдеттерге жіктеуші білімге, ел билігі зиялы қауым тұрғысына да қолдау көрсетіліп, түрлі атақ- дәрежелермен мадақтауға жағдайларын жасап та қойғаны даусыз. Мұның арты ақыл-парасаттың даналыққа ұласпауынан, орнына жалған даналықтан пайда болатын теріс пиғылды «экстремистік» білімдердің пайда болуымен, құдайдың көрсетіп жатқан ашық белгі-уахи, аяндарын мүлде қабылдауға қарсылық білдірген тажалдық білімнің пайда болғаны да даусыз. Яғни діннің өркениетін қалыптастыруға, заманға қарай құдайлық хабарларды меңгеретін дарынды адамдар шығып, ғылымның да дамып адамзаттың рухани тұрғыда алға қарай өркендеуіне жол ашылуға тиісті деген ұғымдық пайымдауды дін ғалымдары «дінде жаңалық болмайды» деген пәтуамен, олай болса құран аяттарының құпия сырлары ашылып, дін ғылымы да өзгермейді деген тажалдық үкімдерді де қалыптастырып үлгірді. Мысалы түрлі хикметті белгілермен аспан денелерімен де малдарға, заттарға жазылып көрсетіліп жатқан белгілерді ескерту уахи емес, бұл мақтанға айналуға да масһабтық имамдардың зор үлес қосып жатқаны да сөзсіз. Негізінде бұл әрекет-шүкірлік құлшылығын, аян, уахиларды жорып амал қылуды ұмыттың деген ескертуден туындайды. Оның орнына намаз оқы деген белгі деп теріс пәтуа жасауға дін ғалымдарымыз шебер болып алды. Ал құранда Алланың барлық көрсететін белгілеріне шүкірлік құлшылығын аз орындайсыңдар деп қайта-қайта ескертілген.
Әрине дін ғалымдарының жіктеуші білімнің (қасапшылықтың) соңына түсіп, жоғарғы атақ-дәрежемен ел биліктің де қолдауын алғасын, жалпы ақыл-парасатты қоғам өкілдері де бұған тоқтап сенеді де. Себебі қандай да бір жетілген білімнің негіздері адам баласының сенім қуатын қалыптастыруға ғана жарамды болып, ал жандық қуат иманды жетілдіруі мүмкін емес. Ал иман қуатының әлсіздігі, ақ пен қараны ажыратуға ілім, білімнің тазалығын айыруға жарамсыз болып, адам баласы қалай сенсе, солай білім арқылы құлшылығын арнап, өзі таңдап алған бағытынан иман қуатының жәрдемінсіз райынан қайтуы да мүмкін емес. Сонымен дін білімін, философиялық білімдерді іргелі білімдерді де меңгеріп сенімнің қандай да бір дәрежелі қуатты шамасын меңгергенмен, өз қатарына қарағанда ақыл-парасаты болғанымен, адам баласына сенімсіздіктің, күдіктің қара құбыжығы бәрібір есебін тауып ұрланып кіреді, онан қаперсіз де бола алмайды. Сондықтан да мұндай сыртқы шабуылдардан дер кезінде аруағы, күзетшісі арқылы ескертілген, оған жасаған әрекет-шүкірлік құлшылығымен қарсы тұру үшін де иман қуатын үнемі жетілдіріп толықтырып отыру да шарт. Сенім қуатына қарағанда иман қуаты өте нәзік және таусылып қалу ерекшелігі де бар. Жанның тұрақты түрде өсуін, кеңіп жетілуін қамтамасыз ететін сезімнің аңғарымпаздық қуатын «интуиция» және көріпкелдік тұрғысындағы (предчувствие) алтыншы сезімді жындық-анықтаушы, алушы, қызметке жаратушы таза қуаттарының түйсік арқылы жетілдіру үшін ой қуатының, қиял күшінің әрекетіне жүгіну керек. Ал мұндай жағдайда тәндегі ой ошақтарының 8 түрлі сарайының саулығының, тазалығының да маңызы өте зор. Ең үлкен сарайлары жүрек пен бастың, табанның, жынысының тазалығынан ғана ой қуатының тазалығы мен қуаттылығы пайда болатынын да ескеру керек. Ал мұндай ойдың әрекетіне байланысты зейнеттелетін иман қуаты дегеніміз; жазылмаған жүректің заңдары болып, әділетті әрекетті қалыптастыратын махаббат атты құдіретті құдайлық ұшқынның бөлшегі және кіші әлемдерді өзара байланыстырып тұратын көпірі болып табылады. Бұндай махаббаттық қуаттарды меңгеруге, біздер іліммен білімді қатар ұғына отыра ортасындағы даналық атты өзгермейтін кітабына жалғану ғана құлшылығымызды бір жүйемен атқару қабілетіне, барлық іс-әрекеттерді тек жүректің әміріне бағындыра отыра атқаруға жағдай туғызамыз.
Сонымен бірге білім мен ілім арасында міндетті түрде пайда болатын саңылауды (ваккуумды) теріс ойдың, ібілістің ықпалымен жүктелуден босатып орнына еркін азат ойлау қабілеті мен көріпкелдік, болжампаздық, ұғыну қасиеттермен толтырамыз. Бұл қабілет, қасиеттер қандайда бір жағдаймен келген хабарлардың, хикметтердің ақ-қарасын құдай тарапынан түсірілген екенін де ажыратып ізгілікке, әрекетке, ғылым дерегіне айналдыруға жәрдем болады. Дін білімінде құранды, кітаптарды, пайғамбарларға, елшілеріне түсірген даналық өсиеттерін белгілі замандағы өмір сүрген ойшыл ғалымдардың өндірген ақыл қуатына жүгініп тәпсірлеудің, ұғындырудың әрекетінен тұрақты логикалық білімнің қалыптасуы да сөзсіз. Бірақ бұл тарқатылған логикалық жіб болып, заманның өзгеруіне қарай ақыл-ой өркениетін қалыптастыруға емес керісінше тежеуге, қисынсыздыққа түсуге қызмет ете бастайды. Мұндай білімге риясыз сеніп әрекет етуден, ақыл күшінің тоқталуына себеп болып, ібілістің де араласуына араға кірігуіне жағдай туып, түрлі қарсылық сәжде-қызметтері де пайда болып, тура жолдан тайдыруға ғана жәрдемші болмақ. Сондықтан да әр заманның қуаттық түрлену сапасының өзгеруіне қарай, жандық қуатының жетілуін, замандық біліммен өркендеуін қамтамасыз ету үшін де жіктеуші-логикалық білімдерді философиялық, тәжірибелік жалпылауыш білімге бірленуге де құдайдан келетін уахидың таза ой қуатының жәрдемімен ғана атқарғанда өз нәтижесін беруі де хақ.
Шындығында біз жанымызды иман арқылы Алланың жібіне, іліміне жалғану үшін үшін де ғылымда ұғынудың да жалпылауыш сипатына жүгіну яғни барлық діндердің құндылықтарын қатар меңгерумен исламның бірлеуші ережелерін, жобасын заманның ағымына қарай жетілдірумен ғана ақыл-ойымызға азаттық сыйлай аламыз. Сол үшін де ұғыну құлшылығының масһабтық немесе белгілі бір топтық яғни ұжымдық тұрғыдағы дін ісіне, шариғатқа ғана негізделген сақтанумен ғана шектелген ақыл-парасатымызды қалыптастырудан ақыл еркіндігін, ойдың ерігін бағзы замандарда өтіп кеткен төменгі сатыға қарай сүйрейтінін де мойындау керек. Және бұл ақыл-парасат шамамыз да, сәжделік құлшылығымыз да заманға қарай қуаттанып әдіс-айласы да жетілген қарсылық күштер мен шариғаттың аясынан тыс қалған күнәлі білімді болмыспен күресуге қарсы тұруға да жетімсіз болмақ. Сондықтан әрбір қызмет-сәжденің, әрекет-шүкірліктің мақсатын, талабын айқындайтын және замандық оқиғалардың адамзаттың жеке тағдырларына байланысты күндіз ортақ әлемде өмір сүргенмен, ұйқы кезінде әрбір пенденің өз әлемінен, қауымынан, ата-баба мирастарынан хабар алуға мүмкіндік тудыратын ұғыну құлшылық орта намаздық сипатын жетілдірудің білімін де қайта қарастырып жазылуы да керек.
Осы тұрғыда шығармашылықты, өнерді меңгеру қажеттігі де туындайды. Шығармашылықты тек бір сападан, сөз өнерінен ғана қарастырмай заманға қарай пайда болған барлық кәсіптердің де түрінен және қол өнердің де маңызын жоғалтпай рухани киеліктерді меңгеру арқылы және тылсымнан келетін үндердің барлық түрін меңгеру, есту қабілетін де жетілдірумен байланысты екені де сөзсіз. Қандай да бір болсын табиғаттағы мейлі тылсымдық болсын үндердің қасиетін меңгеруді поэзия деп атаған жөн. Поэзия- жанды ақыл болып, ал логика жансыз ақылға жатады. Адам жанын өсіру үшін шабыт беріп билететін үнсіз поэзия тілін жанның ұйқы кезінде ерекше ләзаттанып махаббатын тауып, бастапқы шыққан негізіне жарға қауышу күйін бастан кешу арқылы ғана нәтижесін беретіні де сөзсіз.
Мұндай жан күйлерін, жанның тыныстауы яғни дем алыс деп атайды. Жан ләззатын тыныстауын, дем алысын сонымен бірге таза ойдан яғни дінсіз ақылдан шабыт қуатын, хабарын, таза білім-ілімін де алатын құлшылықтың бұл түрін «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деп атап және төртеуіміздің түгелдігін қалыптастыру үшін де адам жаны, рухының ерекшелігінің қандай қуаттардан тұратынын және алты дәміміздің араз болмауы үшін не пайда, не зиян екенін де ажырату үшін ата-бабаларымыздың, даналарымыздың жүріп өткен ізімен ғана түп негізге құдайлық ілімге пайғамбарымыздың шапағатына жалғана аламыз. Бұл жібті бұрынғы заманда өткен әулие-әмбилеріміз ақ пен қарасын талдап ала жіб қылып, иіріп ширатып қойғаны біздерге жеке-жеке бұл ала жіпті аттамай өз жібімізді иіріп ширатып жалғану ғана керек. Мұны енді шариғатта тек тиыммен шектеліп, ағын ғана іздеуді емес, керісінше ақ пен қараны да қатар меңгеретін құлшылығын дәстүр деп атайды. Сондықтан да әр ұлттың өздеріне тән дәстүрі де осындай ала жібтердің сипатына; «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей иттік, күнәлі істерінің мінездерінің де және ондай иттік мінезді тәрбиелеп қатарға қосып күзетшіге айналдыра білудің де ұлттық, үндік, сөздік қуаттылық ерекшелігі болып, шежірелік ағашына «Днк»- калық ерекшелігіне байланысты ғана жер отанымен «Рнк»-асымен жалғануымен, барлық жаратылыс негіздерімен тұтастық үндестікпен ғана қалыптастыра аламыз. Днк мен Рнкалық жібтерді қоса өре білудің тектік ағаштың негізін қалайтынын да білген жөн. Бұл тарихи жібімізді ортасын үзіп тастап, арап еліне барып жалғанамыз деген надандық болып, оның жемісінің нәтижелі болмай жатқаны да сөзсіз. Сондықтан да Раббымыз; «Өз араларыңнан елшілер жіберіп жол-жоба түсірдім» деп ескертіп, біздерге құлшылықтың бұл үш түрінің белгілі бір орындау тәртібінің бірлік жүйесінің ережесін өз отанымыздан ұлтымыздың ішінен іздеуді ескерткен….(жалғасы бар)

         Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы, Ясауи діни жолы мен қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/

  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *