II-Жын, шайтан, мал қуаттары туралы

Бөлім: Жын-шайтан және перілік 127

Жалпы қазақ халқының рухани тұрғыда өзіне тән әлемде озық болған ойшылдығының қазіргі таңда жындылыққа ауысып алғанының белгісі бұл қазақ ұлтының зиялы қауымының бүгінгі бұқара халқымен және жастардың арасындағы түрлі топтарға, пікірлерге, пәтуларға бөлініп алып өзара ақпараттық майданға шығып алғанын тек жоғарыда отырғандар мен өз тағында отырып өзінің ақылдылығына, кереметтігіне шүбә келтірмей, құдай, аруақ, ата-баба рухы мен өзінің күзетшілерінің кім екенін біле алмағандар ғана бейқам, қаперсіз. Және дін ғалымдарының мұндай жағдайда ақылы қысқа жастар мен жындылықтан арыла алмаған зиялы атты қауым өкілдері дін ісінің білімін сырттан алып және осыдан басқа жол болмайды деп азғыруына ақылдарын мықтап байлауы да себеп болған.

Осы тұрғыда жын, шайтан ұғымдарын және тек осы қуаттардың гормондық ерекшеліктерден әр пенденің өзіндік 8 түрлі малдық-ақшалық, паралық, нәсілдік, тектік қуаттарының пайда болуын адамзат жаратылысынан бөлек деген надандық ұғымның да халықтың, білімді аталған қауымның, ел билеушілердің санасына мықтап сіңіргені соншалық, енді бұқара халықтың ішінен қарапайым жастардың да өздері ізденіп ұғынып, түсініп жатқан ақпараттық, хикметтік белгілерді, яғни ата дәстүріміздің түрлі себеп, себепшілерін мүлде мойындамақ түгіл ақпараттық тұрғыда өз ұлтына қарсы арсыздықты ұйымдастырушыға айналғанын да біле алмайтын халге жеттік.
Бұл жағдайға басты себеп ел биліктің осындай қазақ еліне келген дін сынақтарынан өздерін қорғау мақсатында білімін меңгеріп зерттеуді емес, керісінше заңмен шектеуді қалауымен «Ел билік діннен бөлек» деген тажалдық заң, пәтуамен мұндай жындылық сөзді жақын арада құрылтай жиналысында, ел басының өзі жоғарғы төбеде тұрып әлемнің көптеген өкілдерінің алдында қазақ ел билігінің дінсіздігін, құдайсыздығын ашық жариялауынан да көрінісін тапты. Мұндай сұмдық сөзді айтқызуға да себеп болған барлық зиялы қауымның өкілдерінің өздерін ұлтжанды деп атаған «опозиция», түрлі партия, қоғамдық ұйымдардың белсенді мүшелері де кінәлі болып саналады. Себебі дін туралы қаншама басқару орындары мен ғалымдардың; дін-амандықтың болмайтыны адамзаттың мүлде тіршілігі болмайтынын және әрбір адам баласының тағдырынан бастап мемлекет, әлем тағдырының жобасы-діні болмақ деген ұғымды қабылдауға саналары жабық және жүректеріндегі көздерінің жабылуы да себеп болғаны хақ. Сондықтан мұндай пенделердің бәрін жындылық сөзді ойланбай білімге жүгініп айтуы да қалыпты және ақылы артта қалып сөздің де қуатының жоғалып даналықтан белгі де алмауы қалыпты болмақ.
Енді құранда мейлі қандай діни кітаптарда болсын жаратушы тарапынан келетін барлық хикметті белгі, дәлелдері, уахи яғни кітаптың тағдырдың көрінуі, оқылуы болып саналады. Мұны құранда жол-жоба деп атаған. Жолымыз құран арқылы аяттарының бейнеленген хикметті сырын яғни кітапты оқу болса, ал жоба-жоспар болып заманға қарай түрлі хикметті жағдайда көрінісін беретін хақиқатқа айналуы, яғни құдайлық іс болмақ. Осы тұрғыда өліктердің сөйлесуі, хайуандардың түрлі жағдайда белгі беруінен бастап, ең ірі белгі табиғат әлемінің түрлі өзгерісі мен апаттардың, желдердің, табиғи мезгілдік өзгерістердің және адамзатқа тікелей әсер беретін түрлі рухани ауру мен дарындылықтарды да туындататын құйынды өрістердің пайда болуымен де бұл жаратқанның беріп жатқан уахиы болмақ. Сонымен адамзаттың жындылық сөзіне де өз басына немесе өз қауымына, ауылына, руына және мемлекет тұрғысында да түсетін оқылатын ірі белгілері – уахиы да қазақ елінде қаншама жылдан бері айқын беріліп жатқаны да хақ.
Осындай білгілерін, уахиын ұмыттыру үшін масһаб және дін ғалымдарының тарапынан тек Мұхаммед пайғамбарымызға уахи берілген, онан кейін бұл тоқтаған деген пәтуасының өзі уахиды жалғыз қылып жаратқан деген ұғым-тажалдық болып саналады. Мысалға, былтырғы жылғы сынақтар мен уахи белгілерді мен әулиелер тарапынан аруақтың ескертуімен алдын-ала хабарын жазып және оның нақты 90 пайызы орындалғанына халық куә болды да. Ал менің білмегенім қаншама, халықтың да азабына, көптеген адамдардың өліміне соқтырған апаттардың саны да жеткілікті болғаны да даусыз. Енді биылғы жылғы шілде айына дейінгі жартыжылдық осындай уахидың берілетіні алдын-ала хабардар етілді. Мұның да осы кезге дейін көптеген белгісі анық беріліп, орындалып жатқаны да растық. Және әлемдегі осындай апаттардың негізгі себебі Алла достарын сыйламаудан және достары арқылы көрсетіліп жатқан уахиларға қарсы болудан және жалпы өлілерді, қабірдегілерді ұмытудан пайда болады десек ол жалған емес, болашақта толық дәлелденетіні де хақ.
Қазақ еліндегі қияметтік оқиғалардың белең алуы да осындай жағдайдан пайда болғаны да, ал оған ел билік пен масһабшы діншілердің жындылығы да себеп болғаны да алдағы уақытта дәлелденбек. Кешегі Астана маңындағы ғана болған су апатының себебі де Абылайхан атамыздың басын көтеруге 350-жылдық тойының алдында атқарылу керек екенін қанша ақпарат жүзінде жариялағаныммен оған ел билеуші, зиялы қауымның құлақ асқаны болған жоқ. Яғни олардың басын суықтатқан миларында мұны қабыл алмайтын қара қуаттарының тазармаған шайтандық қуатпен араласқан жынының, малының әрекеті бұл. Сондықтан Абылайхан атамыздың бұл тойында осындай жауынмен белгі беріп, ақырында құлақ аспағандықтан көктемде ол маңның бәрін су алып қаншама халық әбігерге және қаражат тұрғысынан миллиардтаған мемлекет қазынасы шығынына ұшыратты. Бірақ мұны және болып жатқан өрт, жол апаттарын құдайдың бізге ескертуі деген бір пенденің шықпай ақырында ел басымыздың құрылтай жиналысындағы жындылық пәтуасына Атырау жақта 13 жолаушы «вагондарының» құлауы мен Қарағанды облысында 8 жүк поезының тіркемелерінің құлап жолдан шығуы орын алды.
Қандай да болсын апаттардағы белгілі бір адамдардың саны немесе көліктердің, нәрселердің саны, бұл құдайлық белгі аятымен сөзіне сәйкес болуы да хақ. Сонымен 13; 8 сандары негізі сөздің белгісі және 13 саны қауымдық, аруақтық қуаттардың белгісі, ал 8 саны даналықтың және қарсылық қуаттардың, жындық әрекеттің де белгісі болмақ. Осы тұрғыда негізінен діннің өлшемін бейнелеу осы екі санмен әшкере болмақ. Және қосындысы 21 санмен барлық ақпараттық даналықтық негізі болып, ата жолындағы Айша ананың туындағы жұлдыздар санымен және қазақ дәстүрінің білімдік негізін де құрайтын сандық өлшемі және жан рухани сырларының қазақтың екі күннің жоғалуына белгісі болмақ. Бұл сендердің 8-бен жүктелуден бас тартып жолдан шықтыңдар, ал 13-пен дінді мүлде тастап, өз аруақтарыңды ұмытып енді азапталасыңдар деген ірі белгі түсті. Демек енді нақты әрбір пендеге, ел билеушіге, білімді аталған қауым өкіліне, діншіге де жауап пен азаптың келуіне кітап ашылды деген сын сағатының үкімі, уахиы оқылды.
Мұндай жағдайда қаралық қуаттармен пенделердің жүктелуі де артып, жүректердің де жындық қуаттармен жүктелеуінен халық арасында сынақтардың, түрлі жындылық, шайтандық әрекеттердің кенеттен артуы да пайда болады. Расында мұны алғашқы болып сезген, жүктелген муфтияттық имамдар қазақ елі бойынша тағы да ата жолын соттаған дұрыс болды, зияраттауға ақша жинап халықты алдағандар деген сөздердің, насихаттардың мешіттерде уағыз түрінде айтылып жатқанына да куә болдық. Бұл Ержан мырзаның әрекеті деп түсініп, мен өз басым осындай халыққа уағыз айтқан мешіттегі имамға қарсы шығып; «Халықты, жастарды азғырып неге бір-біріне айдап салып, құранға, інжілге, тәуратқа, пайғамбарларға түсірілгендерге және біздің дәстүрімізге арсыздық айттыңдар» дегенге «Бұған ел билік заң шығарып секта ретінде тиым салған, жамағат осыным рас қой» деп бүкіл ақылсыз жастардың алдында ел биліктің арсыздығын, дәстүріне қарсылығын куәлікке тартып менің аузымды жаппақ болды. Онда; «Сендер осы тірліктеріңнің, пәтуларыңның құранмен бекіген ақиқатына көздерің жетсе, онда Құдайдың өзіне жүгінейік ант берейік, екеуміздің бірімізді құдай жазаласын, соған мына халық та куә болсын» дегенімде ол бірден бас тартты. Сонымен мен бұл туралы алғашқы Ержан мырза дін басы болып сайланғанда Раббыма намазыммен; «…бұл да халықты теріс азғырмай ма?» деген сауал қойғанмын. Сонда маған қолыма құранды ұстатып, алдыма Ержан мырзаны көрсетіп; бір-біріңе ант беріңдер, қалғанын өзіміз реттейміз деген еді. Міне екі жыл айналып бұл аян енді уахи болып хақиқатқа шықты. Бірақ мұндай ант беріп халықты куә қылуға менің ата жолы тарапынан дайын болғаныммен, дін ғалымдары да, Ержан мырза да бас тартуы және ел биліктегі, дін ісіндегілерде мұндай қадамға бара аламайтыны да хақ. Демек өздерінің жеңілетінін, халық алдында масқара болатынын іштей түсінеді, тек жындылық қырсықтары, малдық қуаттары ғана бұған жібермейді және осылай құдайдан да құтылып кетуді ойлайды. Себебі олардың өз қауымдық адамдық, періштелік 13-тері жоғалып аруақтары теріс айналып арттарынан шайтан ерген қауымдықтар болып саналады.
Бірақ мұндай құдайдан келетін рухани сынақтардың артуынан қазақ елі түк ұтпайды, керісінше мұның салмағы да, зардабы да бұқара халық өкілдеріне түсіп және жастарды азғырған, орыс мемлекетіне, орыс ұлтына қарсы қойған үндеулердің де осы жынданған, алжуға бет алған зиялы атты қауымның үлкендерінің аузынан шығып жатқаны да айқын бола бастады. Осы тұрғыда Нұрсұлтан мырзаны және Путинді астарлы Гитлерге теңеп ұйымдастырған бұл қауымның өздерін осылай әшкере қыла бастағаны да көрінісін тапты. Бұл деген халықтың болашағын, бірлігін, татулығын, жалпы адамзаттық бауырмалдыққа, дінге, құдайдың еркіне де қарсы қоюмен енді өзге мемлекеттермен ортақ сауда-саттықтан, әлеуметтік, шаруашылық өндірістік тәжірибе алмасудан және орыспен татулыққа келсе қазақ бәрінен айырылып қайта құлдыққа түседі, кедей болады деп аңқау қазаққа арамза ақылшылар өздерін ашық ақпарат беттерінде жариялап болашақ алда тұрған ел басының орнына дәмелілердің қайта бой көтере бастағанынан деп білген жөн. Бірақ, олардың жынды екенін ондайлардың билік басына келгенімен халыққа тек қасірет, кедейлік, тоқыраудың да келетінін түсіндіруге еліміздігі барлық ұлт өкілдерін біртұтас дінге, қазақ дәстүріне, ар біліміне шақыруға деген біздің ниетімізге, жалпы аруақтың беріп жатқан ақылын халыққа таратуға ел басшымыздан бастап бәрі қарсы болып шығарған заңдарын қайта алуға, күнәларын, қателерін мойындауға батылдары жетпей жатқаны бұл ақылдарының кемістігі 8 санды даналыққа жалғанудың, жындық қуаттарының тазартудың, кісілік қуаттарының жетіспеушілігінен ғана осындай жағдайда малдық қуатқа айналған жындылықтарынан пайда болып отырғаны да хақ. Бірақ мұнан ешкім де ұтпайды, керісінше ең көп зардап шегетін де осы бейтарап болған топтықтардың да өздері жан ұяларының мүшелері ғана болмақ.
Еліміздегі, әлемдегі рухани тоқыраудың адамзаттың рухани тазара алмай малдық қуаттарының артуына осындай түрлі жағдайда бүліктердің пайда болып жанның оған әсері әлсіреп мал құрбандығынан бас тартқан елдерге адамдардың өлімімен, қанымен теңелу заңдылығының барын түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Себебі философиялық ойшылдықпен ақылды өсіру, даналыққа жалғану деген құдайлық істі мүлде әлем жоғалтып алған. Енді осындай әлемдегі рухани дағдарыстан алғашқы болып шығатын және өз үлгісімен әуелі ислам әлемін және христиан әлемін де тығырықтан шығуына себеп болатын қазақ еліне түскен құдайдан нығмет нұрды болдырмауға жанталасқан ақпараттық соғыс енді күн санап арта түсуде. Мұны сезген әлем халқы қазақ еліне жалтақтап мойын созып зерттегенімен өзінің ұлтының ғалымдары мәңгүрттеніп бұл рухани қозғалысқа мән бермек түгіл керісінше қарсы болғандықтан онда ел биліктерден не сұрау бар. Және керісінше мұны болдырмау үшін қалай да масһабтық білімді және оның халыққа уағыз, насихаттап жатқан білімінде бұл құдайлық білімге, қазақ дәстүріне ашық қарсылықтың да таратылуына ел билік зиялы қауымның өзі қолдау беріп отырғанынан-ақ мастар еліне айналғанымызға дәлел болмақ. Бірақ ел басшылары мен зиялы қауымның құдайдың жаман адамдар арқылы да өз дінін хақиқатқа шығаратынын енді бұқара халық ішінен дарындылар, көріпкелдер шыға бастап, халық бәрібір солардың ізіне еріп құдайдың уахина, әулиелер батасына жалғанумен және бұл әлемге де әйгілі бола бастауымен осы топтықтан тарихта мүлде масқара болатынын әзірге ойлауға ой-өрістерінің қуаты жете алмайды. Оған нақты себеп ғылымдық дәлелдері де жазылып халық мұнымен танысып та жатқаны сөзсіз.
Ал халықтың мұндай жағдайда еркісіз ізденуіне құдайдың өзі жар болып, енді сынақтардың, азаптардың үдей түсуімен тек аруақтық білім арқылы ғана жазылатын ауруалардың артуымен, бүгінгі кереметтер ертең мүгедек болып, ата жолына еңбектеп келетіне де хақ. Және халықты сараңдыққа шақырып; «Сендердің зияраттауға жұмсаған қаражаттарың босқа кетеді, құдай оны көрмейді» деп ашық Аллаға жала қойған, жүректерді осындай жолмен жомартыққа, артық хайыр жасауға, ізгілікке деген қазақ дәстүрлік салтынан бас тартқызуға азғырғандар енді өздерінің жиған-тергенін бәрібір ата жолына шаштырып барып күнәларынан ақталатын жағдайға жетеді. Және бұл рухани дағдарыстың замандық білімге қарай мас болған құдайын ұмытқан бүкіл әлемге де сабақ түрінде құдайдың ірі белгісі болып, уахи да оқылды. Бұл Малайзия үкіметінің ұшағының із-түссіз жоғалып және оны біздің ата-баба аруақтарының 3 айдың ішінде ғана табылатынын ескерткенімен кім түсінді? Әрине оны ертерек қазақ әулиелігінің, дәстүрлі дінінің әлемдегі орны ең жоғары сатыға лайық екенін дәлелдеуге болар еді, бірақ бұл қазіргі өтірікке белшесінен батқан зиялы қауым мен ел билікке, ғалымдарға керек пе? Әрине жоқ, сондықтан Калачи елді мекеніндегі бас аурудың себебін неден екенін жазғаныммен өзеуреп тыңдағысы келмей, арпалысқандар түбінде құдай өздерін де мазаққа ұшыратып ұйықтатып тастауы немесе миларын ісік ауруымен азапқа салуы да ғажап емес.
Бұндай хикметтердің енді бейнеленуі де күн санап артып, халықтың үрейі ұшып және себебін түсініп, жаппай аруақтанып көтеріліп ел билік пен зиялы, білімді қауымға қарсы шығып лағнет айтатын мезгілі де таяп қалды. Осы тұрғыда рухани тығырықтан шығудың үлгісін қалайтын әлемдегі ең қуатты, бақытты, беделді ел билеуші Нұрсұлтан мырзаға бұйырып еді, осы ата жолын қазақ дәстүрін әлемге паш етіп, қазақтың әулиелігін, даналығын, тура жолын дәлелдеуі керек еді, керісінше мұндай нығметті қабылдамаған өз елін қарсы қойып рухани дағдарысқа ұшыратқан ең сорлысы қазақ билігі мен зиялы қауым өкілдері болып аталатыны да сөзсіз. Және бұндай тарихта надандық, тажалдық, жындылықтан таңба болып қалатын жағдайға таяп қалғаны да хақ. Ештен қашанда кеш жақсы, мүмкін арасында жүрген тектілер аз да болса әулие-әмбилердің батасына кенеліп, өзін құтқаратын шығар бұл масқаралықтан деген ақ ниетіміз де бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *