Қиямет сағаты 2017 жылдың екінші жартысындағы рухани сынақтар белгілері.

Жылдың аяғына дейін осы екінші жартысында ел билеушілердің екі жүзділік саясатына байланысты қиямет мезгілінің сынағы арта бермек. Билікте отырған пенделерге тазарту жүреді. Ибрагим ата Қарашаш ананың қолдауымен Алланың құдіреті түсіп, ақ пен қара беті ашылады. Сырдың қасиеті шыңдалады. Қазақ ұлтының аруақтарының көтерілуіне байланысты халықтың рухани оянуы басталады. Халықтың арасында өзара екі бөлініп, айтыс тартыстар жүреді.

Ата жолының тарауих намазын ұқпаған діншілерге жаратқаннан ескерту белгілер түседі. Егін аз да, көп те емес халықтың қажетіне жеткілікті жағдайда болады. Судың құрамы, шөптердің құнары өзгереді. Судың темір татуымен жердің қазба байлықтарының жер бетіне қарай көтеріліп жатқанына белгі болмақ. Сыр елінің аруақтарының көтерілуімен берекеті артады, елге үлгі болады. Алдын ала қам қылып, құрбан шалып, халықтың тілек тілеуін ұйымдастырмаса, тамыз айында аласапыран болуы мүмкін. Сонымен бірге аптап ыстықтан бөлінген иістерді, жамандықтарды алып кетуге боран болып, құм дауылдары пайда болады.

Жауын-шашын көп болады. Қар көп жауады. Қар көшу жиілейді. Шет елдердің ықпалы артып, ел арасында іріткі туады. Сырттан келген келімсектерге жастар қарсы тұрып, халық та рухани ояна бастайды. Қазіргі таңда жүрегі оянғандар ата дәстүріне келе алмай, қармаққа түсіп жатқан жәйі бар деген белгі келді. Қажы бабаның қолдауы болады. Қажы бабамыздың айналасында жатқан белгісіз аруақтар 7 жылда көтеріліп болады. Самарқанның көк тасы ерігенде Алматыға ауырлық келеді. Абай болу керек. Жер ананың қойыны ашылады, таулы беткейлерде жиі жер сілкінеді. Ал енді әр айда болатын сынақтар мен рухани жағдайлараға тоқталсақ;

Шілде айы;  Ми қайнатар ыстық болады.  Бей шалқитын кез болады. Артынан салқын самал жел болады. Қуаңшылықпен жердің құнары кемиді. Сөз түсіну қабілеті кемиді. Теңізден хабар келеді. 88 түрлі сынаққа белгі түседі. Халық арасына кенеттен пайда болған ажал көбейеді. Көріпкелдер қозады, бір-бірінен озады. Күш қуат азаяды. Аяғы ауыр әйелдер көп болады.

Тамыз айы; Бас аурулары меңдейді. Таз бастарға үкім түседі. Қазақ елін Қайназар ата қыспаққа алады. Қан аурулары үдейді. Амал келеді. Жер ана қасиетінен сый салады. Бет бұрыс пайда болады. Жаманнан ел жалығып, жақсыға ден қояды. Бүйірден соққы болады. Ауа кеңейіп дем тарылады. Өкпелер қысылады.

Қыркүйек; Бәсеңсу болады. Адамдардың көңілі құлазиды. Күйзеліске ұшырайтындар көбейеді. Неке арасы суиды. Жөнсіздіктер артып, бекер мал шашпақтық етек алады. Аруақты кір сумен сусындату көбейеді (жалаңаш, жалаңбас жалаң қол зияраттаумен құран бағыштаушылармен байланысты) Көк тамырға дем жүреді. 30 саны түседі. Аумалы-төкпелік болады. Қатындар қырсығады. Арзан сауда болады. Шешендер көбейеді. Үн түседі. Ақпан батыр тіріледі.

Қазан; Аяқ, буын аурулары қозады. Жермен байланысты жағаласқандар көбейеді. Халықтың арасында дүрбелең болады. Балалар зәбір көреді. Ашкөздік артады. Судың уыты көбейеді. Қазандар қайнайды. Саясат бүлінеді. Аруақ келеді. Құдайдың қорқынышы түседі. Секемдік көп болады. Іздеген табады, сұраған алады. Ас мол болады. Қамба қазыналы болады. Сиқыр күшейеді.

Қараша; Тылсым теренің бақылауы күшейеді. Нәтижеленетін кезең болады. Не ексең соны орасың кезеңі. Кешеуілдету мезгілі. 99-дің нығметі түсер кезең болады. Он саулық болады. Көп ауруларға ем түседі. Айығу келеді. Бұл айда күрішті тағамдарды көп жеген дұрыс. Ақ пен қараның дауы басылып, ақ шешеді. Тамырлар үзіледі. Еркектің деңгейі артады, ұрғашылардікі қайтады. Алапат дауыл соғып шатырлар ұшады. Мұздақ тайғақ болып жол апаты көп болады.

Желтоқсан айы; Жапырылу кезеңі. Әуре-сарсаң, бекершілік көбейеді. Халықтың арасында ашушаңдық бой алады. Текетірестер көбейеді. Туыстар арасында салқындық күшейеді. Сортаңдық белең алады. Бала түсу көбейеді. Тақуалықта, дінде ізденушілердің маңдайлары тазарады. Жүректерге қуат енеді. Қара қазан қайнайды. Жанарларға жан бітеді. Жер орта теңізі көтеріледі. Ақпарат азаяды. Сайтанның таңбасы түседі. Қара бақсылар қырылады. Ал енді бұл рухани жағдайлардың ел биліктің халықтың құлшылығына, амалына қарай жақсылықты көбейту, жамандықты жоюға да болатынын, оның жағдайын алдағы өтпелі кезеңдерге қарай, ел биліктің де амалына немесе қарсылығына қарай Раббымыздан түсетін жауаптарды баяндап хабарын жеткізіп отырамыз. (Шілде айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.