IX-Иман және махаббат

Бөлім: Пайғамбарлық қасиеттер 53

(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

    Қазіргі таңда қазақ философиялық мектебінің рухани жетілмеуінен әлемдік дәрежедегі барлық киелі  кітаптардың бұлжымас заңдылығы сандық ғылым туралы сөз қозғаудың өзі артық. Менің өз басым масһаб дін зерттеушілерінен қазақ даналығының нақылдарының да құпия сыры, ішкі ой қуаты сандық ғылыммен негізделіп құран аяттары және пайғамбар сүннеттері мен Ясауи бабамыздың сани-ақыл дәптерінен бастау алатынынан насихат айтамын деп, олардың мазақтауы мен надандық пәтуаларына ғана куә болғанмын. Пайғамбарымыз;  «Ізгі адамның жақсы түсі пайғамбарлықтың қырық алтыдан бір бөлігі» (2081-өсиет) деген астарлы өсиетімен ақыл-парасаттылықтың өлшемін және сандық ғылымның да бір сырын көрсетіп кеткен екен.

Ал бұл құпия сырды шешкен исламдық әлемде бірде-бір еңбекті көре алмайсыз. Бірақ бұл ғылымның қазақ даналығында, философиялық ойшылдығында тарқатылып қазақ дәстүрінің негізі болғандығына Абай атамыздың 45 қара сөзі мен 223 санды өлеңдер насихаты айқын дәлел бола алады. Олай болса енді Абай атамыздың қара сөзі мен өлеңдерін сан ғылымымен сөйлетіп көрейік. Қандайда бір астарлы ойды логикалық білімге айналдыру үшін сандық мәндердің міндетті түрде керек екеніне Құранның сандық ғылымы да нақты дәлел бола алады.

Енді алдымен Пайғамбарлық 46 қасиет дегеніміз қандай сипатта деген сауалды Раббымызға қоюмен әулие, даналар аруақтарынан келген жауапты көкірегі ояу азаматтарға таныстыра кетейік;

Тектілік Табынушы Естілік Ілімдік Ізгілік Сабырлық Тақуалық Аян алу Көктен көру Жерде жүздесу Болжау Тәндік белгі 7 хикмет алу 7 саусақ өнері 7 бой белгі 7 жұлдызды белгі 7 із белгісін алу Емшілік Қарилық Ақиретте болу Бөз ілу (кию) Зейнет киімі Ақ алғыс (Әулиелер батасы) Уағыз (ілімділік) Өсімдікпен үндесу (Шипагерлік) Оң білек, сол білек теңесуі Аласалық (асқақтық, тәккаппарлықты жеңу), төмен бола білу Бақсылық. (Ағаш отырғызу) Аз жеу, оразамен жүру Аз сөзділік (мейірімділік) Белдікті, кебісті, тізелі болу Құс қанатымен жалғану (Мақам алу) Мәңгілік жан Сәжделі болу Құштарлық (ғашықтық) Жұмбақтылық (құпия сырлар) Сүйіншілеу (ұжмақтық болу, жаннатпен сүйіншілену) Ақ бастау (табысу) Естуші (уахи алу) 7;9;13; сатыны меңгеру Мүмін болу-елшілік (хабаршы болу) Қайсарлық, қажырлық Қыдырлы береке (өткен жер) 40 өнер иесі Сапарлы (жер бетін кезу) Қылышты (найзалы, алақан қуаты) 17-ші сатылық кезеңнен өту

Енді Абай атамыздың жоғарыдағы 1-2 тарауда меңзеген; ) Бұл даналардан мұрат (мирас кітап алғандар)-мұсылман даналары болмаса, күмәнсіз тура діннің даналары (шынайы иманды хакімдікті) таба алады десе де, дүниенің әрі адам баласының өмірінің сырына жетсе де, діннің хақ мағрипатына-танымына жете алмағандар. Себебі бұлардың көбі – иманның 7 шартынан біріншісін бір Алланы танымақтығынан ғайри (күмәнсіз сенімді). Ал қалған иманның 6 шартына кім күмәнді, кім қарсы болып толық танымға жете алмағандар»  (38-сөз)  Бұл пәтуаның біз Алланы танудың қазақ дін дәстүрінде масһаб пен жалпы исламдық танымдардан әлде қайда биік тұрғанын, қазақ дін танымында Алла тағаланың 8 сипаты арқылы тарқатып, егер әрбір қазақтың баласы бұл білімді меңгерсе серік қосу, шерік қосудың қазіргі таңдағы діншілердің пәтуасының жалғандығы мен надандығына да көздерінің анық жетуімен «экстремизмдік» топтардың алдауына түспесі  де анық. Ал енді иманның 7 шарты дегеніміз; 1. Алла тағаланың бар екеніне, біреу екеніне сену иман келтіру, яғни бірлік білімін меңгеру; 2. Періштелерге сену, сипаттары, қасиеттері білімін меңгеру; 3.Дін кітаптарына иман яғни алдымен құранды сосын қалған кітаптардың білімін де меңгеру; 4. Пайғамбарларға иман келтіру, яғни олардың өсиеттерін, сүннеттерін де меңгеру; 5. Ақирет күніне иман келтіру, яғни ақиреттің себептерін, сырын меңгеру, уахи, аянға жалғану; 6. Жақсылықтың да жамандықтың да төркіні Алла тағаладан деп иман келтіру, яғни бұл себепшілердің сынақтарының да маңызын, білімін меңгеру; 7. Өлгеннен кейін ол жақта өмір бар екеніне иман келтіру, олай болса ақиреттің тіршілік иесі аруақтық білімді меңгерумен де нәтижеленеді. Біздер сонымен бұл шарттардың 1-ші және 5-ші шарттарын жоғарыда 38; 12; 13–ші қара сөздермен баяндап кеттік. Ал жалпы тұрғыда бұл иманның шарттарын толық ұғынып, білімін де ажырата білу үшін біздерге бесінші танымдық дәрежедегі ақылдылықты меңгеру арқылы пайғамбарлық қасиеттерді меңгеруіміз керек. Ал енді бұл қасиеттердің де қарсылығы болып, оны меңгерудің насихатын Абай атамыз санмен белгілеп қара сөзбен де, өлеңмен де баяндап кеткенін дәлелдеп көрейік.

Сонымен енді бұндай пайғамбарлық қасиеттің 45 санды мәнін қара сөздермен баяндап, ал 46-шы қасиетті меңгерумен миғражға, көкке көтеріліп тура жолдарға жалғанып, ғайыптан хабар алып лахфуз мағфуздан кітаптармен жалғанудың негізгі сыры 223-өлеңмен баяндалғаны да сөзсіз. Және мұның жан күйлік сырын да Шәкәрім атамыз нақты бейнелеп өткені де хақ. Бірақ бұл тақырыпқа кейін жан ғылымын баяндау барысында  қайта оралармыз. Иманның бірінші шарты Алла тағаланы тану 38-ші қара сөзбен белгіленіп баяндалса, мұндай имандалықтың сипатын қазақ өмірде; «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай- Қыстың басы бірі ерте, беруі жай…  Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай, Артық қайыр-артықша қызметке орай. Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ, Аңдыстырған екеуін, құдайым-ай..» (38-ші өлеңдеген насихатпен қазақтың дәстүріндегі Алла тағаланы танудың қарсылықтарымен күресумен, артық қайыр арқылы мейіріммен, пейілмен танисың деп ескертеді. «Туғызған ата-ана жоқ, Туғызарлық бала жоқ. Туысқан-туған құрбылас Қызығымен және жоқ. Тулайын десе, шара жоқ, Толықсып жүрер шама жоқ. Ұйқы мен астан дәм кетіп, Сақалда, шашта қара жоқ. Байбайшыл тартып-баға жоқ, Жастарға жаппас жала жоқ. Жат қораны күзеткен Қартаң шалда сана жоқ.»(138 –өлең) Бұл насихатпен Алла тағаланың сипаттарын білім арқылы ғана емес, дұрыс тіршілік өмір, ата-анамен, бала, туысқан ағайын арасындағы байланысты меңгеру арқылы да танудың, сананы қалыптастырудың мәнін ескертеді. Мұның бәрі ақылды меңгерумен өмірді, жаратылысты, табиғатты еңбек арқылы араласып түсінумен, ішкі ақыл сарайларының, иман мүлкінің нұрлануымен айқын болатынын да ескерткен атамыз. Ал енді 12-ші қара сөздегі иман туралы өсиеті пайғамбарлық қасиеттің  «Тәндік белгі» сипатына жатып, 12-ші өлеңде; «Қақтанған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды…Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы. Қолаң қара шашы бар жібек талды, Торғындай толқын ұрып, көз таңдайда. ..Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң, Алмасы өкпе болар қол батпаған…Орынсыз адамдармен жыртақтаған, Әуелден сұлу жайы бізге мәлім, Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған. Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай, Бойына майдалықпен сыр сақтаған. Кей жігіт арсыздықпен, ұятсынбай  Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған. Орынды іске жүріп, ой таппаған, Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған. Қасиетті болмайды ондай жігіт, Әншейін құр бекерге жыртақтаған.»Сонымен 12-сөздегі  иманның екі шарты ғибадаты қыздың тектілігі 4 -үйінің әурет тазалығы ар, ұятының күзетуі мен жігіттің қасиеттілігіне байланысты дейді атамыз. Олай болса ішкі дүниенің иманның тәрбиесі жастық шақтан басталады екен. Әрбір нәрсенің үш қырынан қарау бұл дін насихатының да шарты болу керек.  Бұл тәндік белгінің, пайғамбарлық қасиеттің 3-ші сипатын «Я, Құдай, бере көр, Тілеген тілекті. Қорқытпай орнықтыр Шошыған жүректі. Шын жүрек елжіреп, Алладан тілеймін. Шын қалқам осы күн Болып тұр керекті...»деген «Әбдірахман науқастанып жатқанда» деген 112-ші  өлеңнен таза жүрекпен Алладан тілеудің де бұл ғибадаттың негізі деп түсіндіреді.

Сонымен алдыңғы жазбаларда баяндалған; 13-санды пайғамбарлық қасиеттің; «7 хикмет алумен» иманның шынайы сипатын меңгеруге болатынын да және мұның ғылыммен, нақылмен сөз өнерін терең түсінумен байланысты екенін; «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім..» деген 13-ші өлең насихатымен баланы оқытудың, еңбекке, адалдыққа үйретудің иманды болуға жол ашатынын ескертеді. Ал енді иманның үшінші қыры; «Алланың рахматын Жар тұтып әрнеге, Әр Рахман ол атын Үйреткен жүміле (жалпыға, жинақ түрінде) Дұғаның қуатын Жіберме өңгеге. Әбіштің сый хатын Бекітсең кеудеңе….»  (113-өлең) деген сырмен әке мен бала арасындағы байланыстың Әр-Рахман сипатына яғни 7-хикметіне, жеті жұлдыз жеті атамен дұға арқылы жалғанудың сырын астарлы баяндап өткен. Ал енді масһабшы және исламдық діншілер насихаттағандай иман келтіру деген бес парызбен намаз оқып, Аллаға, кітаптарына, пайғамбарына сене салып жаннатқа кіріп кете алмайды екен. Абай атамыздың насихатында бұл қасиеттің сыры өте терең барлық өміріміздің саласын қамитынын да білдіреді. Ол үшін де танымдық ақылдың дәрежесін де меңгеру керек болады. Ал онда мұндай иман келтіруге, ішкі дүниемізді тазартуға да  ақылды да біз біреулерден үйренуіміз керек емес пе?

Онда бұл пайғамбарлықтың қасиеттілік белгісі парасаттылықты жетілдірумен «Аян алу» деп аталып мұны Абай атамыз; «Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу-болыс, біреу-би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланады. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар; ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығындап, шығынымызды толтыра аламай қаламыз ба?-деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді..»  Дін дәстүрін меңгеріп, құдайдан аянын, насихатын алып әділ шешім заң шығаратын билік өкілдерінің бүгінгі таңда діннен бөлекпіз, құдайдың бізге ақылының қажеті жоқ деген жан күйлік жағдайын да дәл басып тұрғаны да хақ. Сондықтан танымдық ақылдың негізі болуға тиісті мұндай ел билеушілер құдай ісі аянынан ажырап, жүрек көздері жабылып, өздерінің адасқандығымен ғана тұрмай жалпы халықтың да ақылсыздығына, имансыздығына жол салатыны да сөзсіз. «…Байлар, олар өздері де бір күн болса дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малымен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім-ешнәрсе малдан қымбат емес. Мал болса құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны-бәрі мал. Сөзді (аянды) қайтып ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ….Қолы тимейді. Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды. Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анандай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ; «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт та!» -дейді. Оның өзгемен ісі жоқ, ана алдағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керекті» (8-ші сөз) Сонымен халықтың жоғарғы орындағылардың парасаттылығы құдайдан ақыл аларлық қасиеттерінің болмауынан қазақтың дәстүрі ата жолын имансыз ақымақтарға мазақ қылып қойғанын және осындай санды білмейтін санасыз, жетесіз  ақымақтардың иманды аталмағы не сөз?  Енді бұл сөздің, қасиеттіліктің екінші, үшінші қырына тоқталайық… (жалғасын осы тақыраптағы тараудан оқуға болады)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *