XIX-Иман және махаббат

Бөлім: Иман және махаббат 74

     (Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым  туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)

Құран аяттары болсын, хадистер және әрбір ойы бекіген насихаттардың сандық өлшемі болуы шарт. Біздің ақылымыз да ойымыз да ерікті болмаса, белгілі бір ұғымдарға байланып қалса, онда адамзаттың мақұлықтан айырмашылығы да аз болып жануарлық деңгейде ғана ақпараттық жүйемен тіршілік етіп, мұны ақыл-ойдың негізделуі, шектелуі деп атайды.  Бірақ біздер үшін шектеулі мен шексіздік ұғымдары да салыстырмалы түрде болуы керек. Біздің шексіздігімізде ақыл-ойымыздың қуаты жетпейтін жаратылыстың барлық сырының белгілі шегі бар. Сондықтанда әрбір аяттың сөз тұрғысында насихаты, түсінігі білімге айналса сол білімнің үні ой болып, оның өлшемі сандық белгімен белгілі болмақ. Сандар жүйесі дегеніміз ойдың қуаты,  талабы болып, сан ғылымын меңгеру арқылы ғана ойшылдықтың, даналықтың қалыптасуы болмақ. Және әрбір санның да берілген насихатына қарай, әр түрлі ақылдық сыры мен ой қуатының үні де болатыны сөзсіз. Сонымен Абай атамыздың қара сөзі мен өлеңдер насихатының, құранның белгілі аяттары мен сүрелерінің үгіті болып және сандарды түрлендіру арқылы насихаттың аясын да кеңітуге, әрбір ұғымдарды ойдың үніне жалғау арқылы да ақылын, білімін жан-жақты қарастыруға; жан, рух ақыл және иман тұрғысынан пайымдауға да болады. Әзірге біз түсінікті болу үшін ақыл және имандылықты меңгеру тұрғысынан ғана бір жақты талқылап келеміз. Ал жанның күйін мінезбен, қаракетпен байланысты ерекшеліктері мен қателіктерін түсіну үшін Шәкәрім атамыздың да еңбегін қоса талқылай отыра және бұған қоса барлық әулиелердің еңбегін де талқылау арқылы біз Сани дәптердің де, құранның барлық аяттарының хикметті сырын ашып көрсететінін де дәлелдеуге де болады.

Сонымен біз енді бұл тарауда; 9 санға байланысты өсиеттерді талқылау алдында, бұл санның нәтижесі тәубемен, иманмен, жанмен, дәуірлік мезгілмен, тасихпен, ар-намыспен байланысты екенін жадыңызға тоқып алыңыз демекпіз. Құран бойынша 9-шы сан; тәубе-бас ию  болса, пайғамбарлық қасиеттілік бойынша; «Көктен көру» болып түсіндіреді.  «Осы мен өзім- қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем,  қылықтарын қостасам еді. Уә әрнешік (әрдайым) бойларынан жақсы көререлік бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай «не қылды, не болды?» демей жату керек еді, ол мүмкін болмас, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер  деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпай болмас еді…» Сонымен мұндай жағдайда көңілге қуат болатын жаратылысты адам баласының жыны-қайраттылық мінезі деп атаған жөн. Сондықтан да көңіл туралы сөз қозғасақ, онда жындық болмысын, қайратын, жігерлігін  яғни кісілігін де сипаттайтын боламыз. Қандай да бір пенденің көңіліне тисең болғаны, «жынына» да тиуіміз сөзсіз. «…Мен өзім тірі болсам да, анық тірі емеспін. Әшейін осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен бір себептен бе?-еш білмеймін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі..» Адам баласының жынының таза болмауынан да жанның да күшінің, қуатының әсері әлсіз болып, осындай өзінің емес өзгенің кейпіне кіруді іштегі жан дүниенің қараңғылыққа түсумен, тазармаған жынның әрекетті басқаруында болған пенденің көрінісі, сөз сөйлеу өнері де осындай болмақ. «…Қайратты күнімде қазақты қиып бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін. Қашан әбден біліп, үмітімді үзген кезде, өзге жаққа барып, жатты өз қылып, үйір боларлық қайрат, жалын сөніп те қалған екен. Сол себептен бір жүрген қуыс кеудемін. Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде «әттеген-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмас, артқа алаң болмай өлуге.» (9-шы сөз) Жындық болмыстың жалынмен, жастық шақтағы қызықты әсерленумен байланысты болып, естіліктің, үлкендіктің келуімен бұрынғы қызықтардың бәрі ұмытылып, жыннан- кісілік, қайрат пайда болып, адам баласы артын ұмытып, енді алдын көбірек ойлайтын болады. Ал, кім арттағыны есінен шығармай әсерін де, қызығын да жоқтап және де арттағы ескі кекті қайта тұтатып отыратын болса, онда оның жыны шайтаннан тазармаған жындылығының барын білдіреді. Мұндай жындылығы бар топтарға қазақ елінде ұлтшылдар, ойын-сауық құмарлар, күлкішілдер, өздері үлкен, бірақ жастардың қылығын жасайтындар жатады.

«1.Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! Саяламай, сай таппай, Не күн туды басыңа, Күні-түні жай таппай? Сен жайыңа жүргенмен, қыз өле ме бай таппай? Түн кезгенің мақұл ма, жан-жағыңа жалтақтай? Өлермін деп жүрмісің Мұнан басқа жан таппай?..» Жындылықтың, жынның жыныстық нәпсімен байланысты екенін және жындық болмыстың түн-қараңғылықты сүйетінін білдіреді. «..2.Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! Сабыр түбі-сары алтын. Сабыр қылсаң, жайыңды Білер ме екен бекзатым? Көңіл аулап, сөз айтар Арадағы тілхатым, Ағын судай екпіндеп, Лайы жоқ суатым, Ауру да емес, сау да емес, Құрыды әл-қуатым…» Жынның тазарумен адам баласының бекзаттығы қалыптасып оның негізі сабыр болатын, яғни сабырдың жынға байланысты қуат екенін де білген жөн. Жын негізінен әл-қуаттылықтың өлшемі және бұл алтын түстес тұрғыда әйезаттарының бастарымен, сөздік қорымен, ұлттық тілхаты, сөз, тіл өнерімен  де  байланысты болатынын еске сақтап алыңыз. Ал жал-аң-бас қатындарда сасық иісті «аңы» болып сабырлықтың да толыққанды болмайтынын естен шығармаңыз. «..3..Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! Сана қылма бекерге. Сан қылғанмен пайда жоқ, Дүние даяр өтерге, Ажал даяр жетерге. Қош, қыз алсын қойнына, Бейнет көрмей, дәулет жоқ, Әлі барып кетерге, Оныменен бойыңа Иман, дәулет бітер ме? Адалды сатсаң арамға, Құдай қабыл етер ме? Қыз сүйеді мені деп, Оған көңіл көтерме!..» Сонымен жын қуаты сөздік өрісті санға айналдырушы және санаға да қуаттың жынның тазаруымен, тасымалдауымен байланысты баратыны, бойдың шамасына түр-түсіне де қарай иманның дәулеті болып және некемен, төсек қатынасымен әйел затына ауысатынын да ескертеді. «..4..Сап, сап, көңілім, сап көңілім! Сарқа берме санасын. Бәрін өзің білсең де, Әлі-ақ өзің танасың, Өртенесің жанасың…»Жын қуатының өзгенің санасын, жан қуатының ақылын өзіне қабылдап, тартып алуға қабілеті де болып және маймен де байланысты өртеніп жанады да екен. «..5..Өз-өзіңнен бейнетке Өз басыңды саласың. Қай мезгілде тойғыздың Аюдайын ағасын, Қатыны мен қалашын? Қарсақ жортпас қара адыр, Қарамай неге шабасың? Сонда тәуір бола ма, Ұстап ап біреу сабасын? Киіміңде тоңасың, Елге күлкі боласың…»  Зинақорлық та жынның әрекеті болып, ат болып шауып кез келген қатынмен (байталымен) байланысқа түсіп оның да жынын тойдырамын деп жүргенде бар киім жарық, бой зейнеттің де жоғалып соңында тәннің де түрлі азапқа, ауруға ұшырауына да себепші болмақ. «..6..Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! Сағынышқа сарғайма! Жай жүрсең де қыз қумай, Сені біреу қарғай ма? Қыз іздесін, қалың бер, Мұным ақыл болмай ма? Көріп алсаң көріктіні, Таңдап алсаң тектіні, Сонда көңіл толмай ма?!» (9-шы өлең) Жын қуатының адамдық болмысы көріп ойланумен ақылдың жетілумен де байланысты құштарлық, әсершілдік сезімімен жүрекке, жанға алты ақылдық тұрғыда жалғануымен белгілі болмақ. Сондықтан масһаб біліміндегі жынды адамзаттан бөлек жаратылыс қылып, елді үркіткен надандығын қазақ даналығында барлық ішкі сырын осылай дана атамыз астарлап насихаттай да білген.

«Ғашықтың тілі –тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл. Сүйісер жастар қате етпес, Мейлің илан, мейлің күл. Ол тілге едік оңтайлы-Біліп –ақ, ұғып қоюшы ек, Енді ішіме қонбайды.» (109 –өлең) Сонымен жын қуаты ауыз, ерін, тілмен де байланысты жүрекпен жалғанып ғашықтың да дәмін біздер жындық қайратымыз арқылы біліп меңгере аламыз. Ал құран аятында жын қуатының негізін; «Алла тағала әр ұрғашы жыныстың нені кемітіп, нені артылтқанын біледі. Оның жанында әр нәрсе өлшеулі. (8)(Ол) көместі, көрнеуді білуші. Аса ұлы өте жоғары.» (13-9) Жынның негізінде әйелдің жатыры арқылы пайда болуын және адамзаттың жындылығы да әйелдер жатырының жағдайына тәуелді болып және оның негізі жарық нұрдан пайда болған, қайта түрленген кісіліктің Алланың ұлықтығына дәлелі де болмақ.

«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?) Алла қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады. Ендеше Мұхаммед оларға қайғырып өзіңді жойма. Әрине Алла, олардың қылған істерін толық біледі. (8) Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты.» (35-9) Жыны мен шайтаны қосылып кеткенде пендешілікпен, мақтанмен өзіне-өзі мәз болғандардың тура жолға түсе алмайтынын және тек тазарған жынына таза қуат беру арқылы кісілікпен жалғау арқылы ғана Алланың өзі ғана тура жолға салады екен. Және бұлтты да желге айналған жын қуатының көмегімен қозғалтып, өліктерді де жын тұрғысында тірілтетінін де ескертеді. Енді жындарын, қайратын ырымға мазаққа алғандар құранның аяттарын да келемежге алғандар, яғни өздері жындылыққа түскендер болып аятта; «Оларға оқылған Алланың аяттарын тыңдайды да сосын қасарысып, тәккаппарланған бойда естімегендей болады. Енді оны күйзелтуші азаппен қуандыр (8) Мұбада ол, аяттарымыздан бір нәрсе білсе, оны келемежге алады. Міне соларға қорлаушы азап бар.» (45-9) Ал Абай атамыз бұл жағдайдың қандай себептермен байланысты болатынын; «Осы қымыз қазаққа Мақтаның ба асың ба? Қымызды басар артынан Ет даяр ма қысында? Бойыңа сіңіп, уерд болған Қызба бастық жасыңда. Қызылшыл семіз, жаз қымыз-Бір үлкен борыш басында. Жуасты мін де, айран іш, Жоқ немеге шатылма. Ұры, залым, қуларға Нысанға шаншылма. Жылқыңды аңдып ұры жүр Әр төбенің тасында. Ой көзімен қарасаң, Қойдан жылқы асыл ма? Мақтанға бола жиям деп, Жылқы үшін жұртқа бас ұрма. Қымыз, семіз дегенің Бір мақтан ғой, жасырма. Мақтан қума, керек қу, Ойсыздарға қосылма. Қойың да ақша, қолда қой Күзетке оңай, шошынба!» (209-шы өлең) Қазақ жылқы мінезді дегеннің өзінде жылқымен байланысты жыныстық қуаттың да зор болатынын, ондай жағдайда сырттан енетін қасқыр жындардың барын, сондықтан тақуалыққа қуаттарды таза ұстауға қойдың еті мен қой баққанның тиімділігін ескертеді. Пайғамбарымыздың да жылқы етін жемеуінде және пайғамбарлардың қой бағып, ұзақ уақыт қой етімен тамақтануында да осындай жындық қуатты тәрбиелейтін сыр бары да сөзсіз. Олай болса жоғарыда жынның алты сипатта көңілмен байланыста тұрып, қуат болып қосылатынын баяндадық және сананың да жетілуі жынның тазаруымен сөздердің жын арқылы санға айналумен де тікелей қатысты болмақ. «Жындар және құлшылық философиясы» жазбаларында жындық қуаттың адамзаттың гормондық, жыныстық ерекшелігін де қалыптастыратынын және жынның 8 түрлі адамзат тәнінде орны барын баяндадық. Құранда да Алла тағаланың ұлықтығы 8 сипатты негізден бастау алса және 8 түр малдық қуаттық ерекшеліктің осындай жындық қуаттылығымызға, қайраттылық, кісілігімізбен байланысты да болмақ. Олай болса рухпен бейнеленетін малдық қуаттарға айналуға да себепші болатын жындық қуаттардың, күш, қайрат, жігерліктің яғни енді осы жеті түрлі жын қуатының қалай өзге адамдық болмыспен, жанмен, жүрекпен және сыртқы жағдайлармен байланысын баяндап көрейік. (жалғасы бар) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *