VIII-Құлшылық ұғымдарының философиясы. Ақылды тергеу және рухани құндылықтарды меңгеру арқылы өзіңді-өзің тану.

Бөлім: Құлшылық философиясы 73

(Басы 1-7 тарауларда)

Адамзатты Алла белгілі бір өзінің жаратқан дінінің тазасынан «Бол», ұқсас деген үкіммен жаратып мұны Абай атамыз; «Махаббаттан жаратқан адамзатты…» деп өсиеттеген. Сонымен және әрбір адам баласының әкенің белінен яғни рухани жинаған барлық қуаттарының рухани ақылдық жүйесінен, ананың қан тегінен тәндік болмысы жаралып ата-ананың тұқыммен келе жатқан орындалмаған аманаттарын, күнәларын, қарғыстарын да жүктеп алумен ерекшеленеді. Қандайда бір біздердің тылсымдық метафизикалық-ғайып, физикалық, химиялық-көмес және биологиялық тұрғыдағы-көрнеу заттанған болмысымыздың жаралысымыз, қозғалыс негізіміз  де жоғарғы ақылдан пайда болған рухани негіз құранмен барлық өлшемі сандық жүйемен берілгенін де білгеніміз жөн. Енді мұны аз ғана мысалдармен тарқатып көрсек; Олай болса адам баласының жүрегі де тылсымдық өмірмен байланысты 36 санды Ясин сүресінің белгісімен жаратылады. Ал 64 санды қасиеттілік белгілер болып, бұл ата-анамен байланысты қуаттардың тазалығы немесе қарғыспен, түрлі аурулармен жүктелеуімен де байланысты болмақ. Адам баласының бұл сандық белгінің 46-сы пайғамбарлық қасиеттермен, ал 18 санды белгісі елшілік қасиеттермен, тылсыммен, жаратылыс негіздермен байланысумен нәтижеленбек. Рухани тұрғыда бұл 100 санды қуаттық шамамен және бұған 200 кісілік қуаттарды жүктеп алумен байланысты; Адам баласының негізгі өмір сүруге қажетті толық қуаттардың жиынтығы 300 санмен белгілі болып мұның 226+2=228-құранда өлшемдік сыры аяттардың санымен анық берілген. Абай атамыздың; «Әй не болсын!…Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (24 сөз) деген насихатынан адамзаттың үш жүздік қуаттардың жүйесімен дүние тіршілігі байланған деп түсіну керек. Енді 64 санды белгінің, яғни сүренің қасиетімен адам баласының тағдырының жазуы да бірге болады. Сонымен құранда адамзаттың бұл қуаттарды меңгеруге арналған 8 түрдің яғни Ақтан пайда болатын 7 түр-түстермен, оның ішкі өрістік, кернеулік, метафизикалық (ғайып) қасиеттерінде өлшемдері құран сүрелерінің сандық жүйелік сырлармен ғылымы берілгені де хақтық. Сонымен бірге қандайда бір жаратылыс егелерінің қозғалысын қалыптастыру үшін де оған қарсы қолқабысы барын да білген жөн. 8 түрге қарсы қараның да болып оның да ішкі жағдайында қара қуаттың бейнесі қара түстің де қатысуымен 7 түрдің де қарамен қатынасты аралық түрлері пайда болып; 7 жұптық негізді құраса және 8-ші негізгі түр Ақтың да қарама-қарсылығы болған Қара түстің де 7 түрмен араласуы және 8-ші Ақтың өзімен де байланысты түстің пайда болуын, 9-шы түрді   құрайтынын да есепке алатын болсақ 9 санды түрдің Тәубе-бас ию болып аталуының да маңызы осындай қуаттық жағдайдан пайда болуы да сөзсіз. Сонымен бірге барлық түрлік саны да 8+9=17 болып тұтастық тұрғысында қозғалыстық амал мен істердің жиынтығы тұтастық қуат, пайғамбарымыздың миғражға көтерілу сүресі; «Ісра» болып табылады. Сондықтан көктік қуаттық шаманың 10 сипатты түрдің де жеті жолмен қатысты 17-қасиеттік, қуаттылық шамасы адамзаттың ақылының жетістігі, жарығы да болмақ.  Пайғамбарлық қасиетті меңгеруде 9 санды қасиеттіліктің — көруші болып көздің де қара болуы көру қабілетінің қуаттылығына байланысты екені де даусыз. Жалпы көктің 10 қуаттық 5 жұптық шаманың ішінде қара түстің де болуын, жынның да қара түспен белгіленгенмен құран сүресінен 72-ші орнымен (7+2=9) періштелік қуатпен көрсетілуінде де ғылымдық маңызы барын естен шығармаңыз.  Сонымен жерлік жағдайда  және көкпен байланыста тұтастықта тұратын адамзаттың рухани қуаттарының (10+6; 8+8) 16 санды тақуалықты меңгерудің малдық қуаттарды жетілдірудің, аспан денелерімен байланыстың, Қажы баба зияратынан табылған шырағданның айналасындағы 16 барыстың суреттелуі де құранның араптарға дейін де Адам атамыздан бастап оқылып келе жатқан кітаптардан және философиялық даналықтардан 114 түрлі жүйелердің негізі екенін білдіреді. Толық періштелік қуаттың 17+16=33 сандық мәнмен белгіленуінде, таспихтың санында да осындай ақылды меңгеруге байланысты ғылымдық  сыр жатыр. Адамзаттың басқарылу сатысының, негізгі қуаттарының 114 жүйесі бар деп түсінген де абзал. Мұның 72 белгісі қозғалыстық үш бастаудың жер, көк аралық әрекеттік қуаттардың негізін қалайды да ақылмен басқарылуға тиісті дүние істермен, яғни тіршілікпен байланысты болмақ. Бұл адамзат тіршілігіндегі жындар әлемімен, жындық қуат қозғалыспен, көбеюмен де байланысты реттеуші жүйенің қызметін атқарып  адамзаттың қозғалыстық әрекет құлшылығын белгілесе, ал; 75-сі рухани тұрғыда ақиретпен жаратылу, тірілу, өлу, жоғалу, түрленумен байланысты, сезімдік, саналық ақылдық қуаттардың жетілуімен, қияметтік уақиғаларға, уақыттық, шежірелік, замандық өлшемдерге тәуелді қуаттардың жүйесін меңгеруден тұрады. Енді бізге жасырын тұрған жаратушыдан келген үкімдер мен нұрды жеткізуші, орындаушы, басқарушы жүйенің қол қабыстық қызметін атқарушы орталық жүйені іздеп көрсек. Бұл жүйе екі жүйенің де ортасында және екеуімен де тығыз байланыста ішінде тұратын болғандықтан онда бұл сандарды екілік жүйеде қайта дәрежелесек; 72=7+2=9; 75=7+5=12;3 сандар түрімен негізгі ақылмен басқару, реттеуші жүйесінің қызметтік қуаттық жүйесінің мәні шығады. Сонымен жүйелі түрде, 9;12;3 және қосындысы 21; 11;24;15 санды барлығы 7 түрлі ақпараттық жүйенің адамзаттың аруақтық құрлымын құрайтынын да білген жөн. Енді сандардың тағы да қосындысын алсақ; 95-саны пайда болып, бұл сандық мәнмен адамзаттың діндік белгісін, меңгеруге тиісті аруақтық қуаттың негізі болып; ал 114-95 =19 сандық белгімен тазартуға тиісті тағдырлық болмысы да болмақ. Бұл сандық өлшемдер жалпы әлемнің халқына ортақ жүйе болып, ал әрбір пенденің жеке басына келсек өзіндік тағдырлық жағдайда бұл сандардың аз, я көп белгілермен ерекшелігі де қалыптасуы да сөзсіз. Сонымен әрбір адам баласының да өзіне, тағдырына, басқарушы жүйесіне сәйкес қызметші болатын; реттеуші жүйесі жеке діні, яғни аруағы болады. Қазақтың салтындағы аруақ қолда деп сыйынуынан діннің қолмен байланысты нәтижеленетінін де ескерген. Ал бұл сандық негізге жүгінсек, негізінен жаратылыста 12 деңгейлі өзара бірленіп ұйымдасуымен барлық тіршіліктің, өмірлік қозғалыстың негіздері де жаратушымыздың жерді жаратқан 6 күнінен жұптық негізден пайда болғаны, біздердің табиғаттық көрнеу болмысымызбен және малдық қуаттылығымызбен де байланысты. Және бұл барлық уақыттардың да негізі болып, 12 санды қозғалыс қуаттардың үшпен дәрежелегенде 48 санымен белгілі бір замандық оқиғалардың ауысуы мен қиямет күндік ырғақтың, ақиқаттың нәтижелену санымен, жер бетіндегі барлық қыбыла саны да пайда болады. Екінші дәрежелі ақылымыздың негізі де алты күндік жаратылыс ырғағымен жалғанып, бастапқы қозғалыс негізі 3 сипатпен дәрежелегенде 18 ғаламдық қуаттарға жалғанумен нәтижелі болмақ. Бірінші дәрежелі ақылдық басқару жүйесі әлімдік жаратылу үні; 7 күнмен яғни ойдың үнімен, қуатымен байланысты болып және Ақтың ішкі түрлерімен, ой қуатының жаратылысымен байланысты 3-пен дәрежеленгенде ата жолының басқарушы аспан денелерінің жұлдыздық жарықтық  таза ақыл оймен басқарудағы 21-саны шығады. Сонымен екі жұп алты- он екілік бастаумен және  ақыл қуатының негізі екі игілікпен 3-қозғалыс сезімдік бастауымен алтыға (6) дәрежеленіп; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» дегендей алты сезімдік қуатқа көбейген ақылды үш рет ырғақпени яғни дәрежелеп (3х6) меңгерумен; 18 ғаламның ақпараттық жүйесіне тұтастыққа жалғанамыз. Жалпы адамзатқа 120 жыл өмір беріп оның да 3 түрлі кезеңмен 40 жыл аралық циклмен  тағдырлық 4 сөздің 3 рет қайталануымен 3-өмірлік сипаты да белгілі болмақ. Адамзаттың соңғы жылдары мен жастық шақтың да ұқсастығы да адамзат өмірінің періштелік болмыстан басталып, 83 жастан кейін қайтадан періштелік сипатқа айналуымен ерекшеленеді. Қандайда бір жаратылыстың, қозғалыстың, уақыттыңда да ең маңызды қозғалыстық шамасы да ортасымен байланысты екені де сөзсіз. Сондықтан пайғамбарымыз; «Қандайда бір құлшылықтың, намаздардың ортасын ұстаныңдар» деп ескерткен екен.  Сонымен 3 түрлі жыл санау жүйесі және жылдың ішкі 4 мезгілдік ырғағы адамзаттың мүшелдік өсіп-өнуі және жыл санаудың аспандық, жерлік белгілерін сіңіріп, қабылдаудың барлық жер бетінің негізгі қозғалыс қуаттармен, қимыл әрекеттермен толық жүйелі байланысқа түсіп жалғанумен нәтижеленді. Бұл ақылдың төрт түрлі сапасының адамзаттың тәнінде орын алуы 27 жылға жалғасып, бұл санның қуаттық қозғалыстық намаздарды орындау құлшылығымен, көмес рухани қуаттарды меңгерумен бейнеленеді.  Яғни бұл адамзат өміріндегі ең маңызды құлшылығының ортасы болып осы орта мезгілдің, қуаттың шамасына қарай жалпы тағдырдың да қалыптасуы тіршіліктің маңызы да айқындалмақ. Енді  27 санының маңыздылығы және бұл 40-қа толу үшін 13 санынан яғни 13-тік мүшел жасынан басталуының сыры неде деген сауалды қойыңыз. Барлық қуаттардың тасымалдаушы да, оны бейнелеп тұрақтандырушы да, белгілі бір түрге, өріске, кернеуге де айналдырушы сөз екені даусыз. Ал сөздің қозғалуына байланысты да енді екі шамасы да бар. Бірі 8 санымен ақыл парасаттылықты меңгерумен екіншісі 13 санымен даналық, данышпандықты меңгерумен байланысты. Сегіз санына байланысты ақыл және парасат болып аталуында да біздерге берілген 8 түрді және осыған байланысты сегіз қарсылық қуаттарды меңгерумен жалпы табиғат жаратылыстық себептерді ақылмен басқарумен нәтижеленеді. Ал енді 13 санды сөздік қозғалыс негізіне келсек; бала өмірге келгеннен кейін жер әлемінің жаратылыс үні; 6 санды қуаттық белгімен, жалпы әлемдік жаратылыс үні 7 санды жарықтық сапаның үнімен ата-анадан алған тек арқылы жүктелу кезеңі болады. Мұның жалпы есептік белгісін Абай атамыз; «Атадан алтау анадан төртеу, жалғыздық көрер жайым жоқ» деп астарлаған екен. Атадан рухани үн алтауды алсақ, анадан төртеу туған жер ана рухынан 4 күндік несібе үні және 3 күн бастапқы сезімдік қозғалыс қуатымен (үш қараңғылықта пайда болу) яғни аспан денелері арқылы сырттан келетін қуаттардың негізінде жетіге толтырып жүктеп ойлау сезімдік қуатын да анадан, ақ сүтімен де жалғап аламыз. Бұл негізінде ділдік қуатпен байланысты да болмақ. Сондықтан аталарымыз; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп нақыл қалдырған екен. Сонымен ақылдың рухани сөздік тасымалдаушысы 8 санды ақыл-парасат деп аталса, ал 6 ақылға, 7 ойдың әрекетін қосып, сөздік қозғалысқа түрлендірсек;  ақыл-ойдың екінші сөздік дәрежесі; 13 санды бейнесі шығады. Негізінен ойдың аспан денелерінің  әсерлері болып жаратылыстық жанды нәрселерден түрлену арқылы да бұл белгінің тек түйе атты жануардың өрісінен, киелігінен табылатыны да құранда ескертілген. «Түйеге қарасаңдаршы қайтіп жаратылған» деген аятта. Түйе жануарлардың ішіндегі ақыл және ой қуатының сөздік, тозақтық қозғалысын ең көп бойында сақтайтын жануар болып табылады. Сонымен алғашқы мүшел саны 13-пен белгіленудің де осындай ақылдық белгілермен, ой белгілерін толық алумен байланысты және мұның ана тілінің ділдік 4-тік сипатын және 3 қозғалыс сезім тылсым үнін, ата сөзін де толық меңгерген жағдайда 13-тік қуаттың толық зейнеттелуін қалған өмірімізге де ризық қылып аламыз. Ал баланың өмірі ақылдың алғашқы сатысын толық меңгеруге, 40-қа толтыруға қалған 27 жыл бойы қозғалыстық қуаттарға, жаратылыс әрекеттеріне жалғануы да алғашқы 13 жылда ана тілін, ата сөзін жетік меңгеруге де имандылығы, жанының жетілуі де байланысты болмақ. Қазақ елінің ел билігінің 13 жасқа дейін 3 тілді зорлап үйретуінің де қасіретін енді 30-40 жылда бұл кезеңдегі ұрпақтардың ақылының жетімсіздігі мен имансыздығымен белгілі болады дегенге кім нанады? Себебі мұндай білімді тықпалап отырғандардың 7 санды саналық деңгейді де меңгере алмағандар, дәстүрлік аманатты ақтай алмай яғни басының қадірін білмей 7-ші күнін жетілдіру намазынан бас тартушы жалған ғалымдар екені де сөзсіз. Ал мұны қалай анықтап немен өлшеп біле аламыз? Бұл жағдайды алдағы жазбаларда кеңінен талқылаймыз да. Сонымен үнмен жүктелу кезеңінен кейін 12 санды мүшелдермен есептелудің және алғашқы 5 кезеңнің 61 жаспен шектелуінің өзінде үлкен ғылымдық сыр да бар. Және әрбір халықтың өзіндік санау жүйесінің де 3 түрі болуында да үлкен маңызды білім бары да сөзсіз. Және аспан денелерімен де байланысты 12 санды жұлдыздық белгілер де таза ақылдан  құдайлық бастау, яғни ой қуатының ғана әрекетімен әлемдік жаратылыстардың барлық себебіне толық жалғанумен де байланысты екені де хақ. Ой дегеніміз барлық жаратылған білімдердің үндік қуаты екенін, сонымен бірге құранның барлық білімі жеті үнмен берілгенін, бұл үнге жалғануды мақам табу деген сопылық ұстанымдарда. Әрбір заманға қарай ойдың да қуаты оған қарсылығы өзгеріске ұшырап мұны біз заманның өзгерісі деп қабылдауымыз да салауаттылығымыз, сауаттығымыз әлсіреуінен яғни ақыл-ойымыздың өспеуінен,  біліксіздіктен ғана деп түсіну керек. Жалпылама жағдайда ақыл-ой және сөздің қозғалыстық жүйесіне тоқталып өттік, енді тақырыптың негізіне қайта оралсақ.

Қайталау — білім анасы дегендей, жоғарғы жазбадағы 4 түрлі ақылдың алғашқы 40 жылда меңгеруге тиісті себебін тағы да ескертіп кетсек; Яғни  адамзатқа ортақ болатын алдыңғы жазбада біз ақылдың алты негізгі қадамын (қадым) сырын баяндап кеттік. Мұның екі түрлі ырғақтан тұрып алдымен «Төртеуді түгелдеу» ақылдың толымдылығын меңгеру болып;  Әл –Кинди әулие ақылды; 1. Көлгір ақыл 2. Сылбыр ақыл, 3. Табынышты ақыл, 4.Алғыр ақыл  деп бөлген екен. Ақылдың нақты үш сипатын Әл-Фараби атамыз ғана анықтап берген. Сондықтан; Көлгір ақыл— (алдамшы, сезімдік қысқа ақыл) бірінші дәрежелі алғашқы мүшелге байланысты да қалыптасатын ақылдың барлық сапасына да тәуелді қанымыздың тазалғына да тәуелді сезімдік ақыл болып табылады. Ал қан тазалығы, қуаттылығы шайтандық гормондық белгілердің сапасына, көбеюіне де байланысты екені сөзсіз. Бұл ақылдың да қуаттылығы баланың ұлттық негіздегі тәрбиесінің қалыптасуына алғашқы мүшелге 13 жасқа дейінгі ана тілін, ата сөзін толық жүктелу кезеңіне тәуелді болатыны да сөзсіз. Сылбыр ақыл; 2-ші дәрежелі сезімдік ақылдың аңғарымпаздығы болып, сана қуатының  ана сүтімен келген тектіліктің бейнеленуі, көңілдің жетіліп, ана тілін меңгерумен толысатын ақылдың шамасына, жетелікке де байланысты алғашқы мүшелмен екінші мүшелдік жаспен де толығуы керек. Жастық кездегі қоғамға, ортаға және өз жынысының қалыптасуы, бойының, әурет қабының жетілу қуатына және жыныстық ерекшелігі мен тәрбиесіне байланысты кәсіптік жағдайына да тәуелді дамиды. Мысалға қыз балаға еркектің киімін, ер азаматтардың меңгерген өнерін, жұмысын істетудің соңы бұл ақылдың жетілмей түрлі азғындық ауруларға, жаралардың шығуына, терінің азып, еркектік аурулармен ауруына соқтыратынын да білген жөн. Табынышты ақыл; Қаракеттік ақылдың 3-ші дәрежесі болып, алғашқы екі ақылдың сапасына, қуаттылығына, тазалығына байланысты  ғана өз мәнінде толық жетіледі; Білім мен әрекетке, жындық қуатымызға негізделген қаракеттік ақылымыз зейінділік, зерделік, жадылық, жаттық ақылдың сапаларымен де көрінісін де бермек. Бұл ақылдық қуаттың да баланың жасынан бастап берген білімге, үйренген өнерге, қоғамдық ортаға қарай бейімделуге, отау құрып ұрпақ өсіріп отанға қызмет қылу құлшылығына да қарай қуаттанады. Алғыр ақыл; қаракеттік интеллекттің алғырлығы 4-ші дәрежесі болып, құдайдан тегімен берілген таланттылықты меңгерумен және дінін, тағдырын таза ұстап құдайлық ілімді де меңгерумен байланысты шамасы, естіліктің қалыптасуымен белгілі де болмақ.  Енді бұл 4 ақылдық қуатының қалыптасуы алғашқы қырық жылдық кезеңмен аяқталса, мұнан кейін де бұл ақылды жұмсау арқылы келесі бір өрістік жиіліктегі ақылдылықтың шамасының тәрбиесін  жетілдіруін меңгерімен де жалғасып 50-ердің жасы және 61 жасқа дейінгі аралықты қамтитын кезеңде ақылдың (таным, даналық)  даналыққа екі қадамы (5;6) деген қазақтың тектілігіне жалғанумен бейнеленеді.  Яғни алғашқы кезең ата-анамен алған ақпараттарды толық тазартып, ақылмен жүктеліп өз әулетіміздегі текке жалғансақ, ал екінші кезеңдік ақылды меңгерумен ұлттық ортақ шежіремізге байланысты тарихымызда өткен би, шешен, батыр, бақсы, әулие даналарының ғана еншісіндегі; «Төртеу түгел болса (5 таным) төбеден келеді. Алтау (6-ақылың) араз болса ауыздағы кетеді.» деген құпия жандық, рухани аруақтық қасиеттік білімді меңгерумен нәтижеленеді. Қандайда бір аурудың, қайғының да барлық себебі осы алғашқы 4 түрлі ақылдық қуаттарды толық меңгере алмаудан, тағдырын  тазартып, жеке дінін меңгеруден бас тартудан ғана пайда болуын менің «Ауруыңа жол іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген 70-тен аса аурулардың себебін жазған жазбада баяндалған. Қарапайым тұрғыда бұл ақылдық қуаттарды екі бөліп қарастырсақ сезімдік ақылдың жетіспеуін ұятсыздықтан аңғаруға соған байланысты аурулардың түрінен анықтауға болады. Ал қарекеттік ақылдың әлсіздігін қанша ма білімді болса де ойлау қабілетінің әлсіздігінен, сөз өнерінен және естіліктің кемдігінен байқаймыз. Мұндай жағдайда жындылық мінездің түрлі ерекшеліктері мен 72-түрлі қылықтардың пайда болуымен де жалпы арсыз, ұятсыз, ақымақ пенделерді надан деп атаймыз. Әлемдегі дағдарыстың да, «экстремистік» пиғылдардың, бүлікшілдік соғыстардың да себебі өз дәрежесіне қарай, замандық рухани талапқа сәйкес келмейтін ақымақтықтардан ғана пайда болып жатқаны да хақ…. (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *