ҰЛЫЛАР ҮЛГІСІ

Сапар шегіп киелі топыраққа,

Ақ батасын бабалар сұрамаққа.

Ақтық сұрап алдыңа келді балаң,

Тарих шақырып тұрады артта.

Өткенңе үңілу-өзін біліу,

Өткеліне өткенмен бүгінгінің.

Өткен тарих жолынан әсер алап,

От боп жанды жүректе ұрпақ жалын.

Қос уыстап ұстадым топырағын,

Жота болған бүгінде Отырардың.

Тұрғандай боп сезіндім құшағында,

Қорған болған қалаға Бабалардың.

Отырар өткен тарих ескертпесі,

Отырар өткен тарих ескерткіші.

Қилы-қилы заманда бастан кешкен,

Бабалардың ұрпақтар көшірмесі.

Бас идім мазарына Арыстанбаб,

Түнесең дейді екен ақтап алмақ.

Күнәсін жуып-шайып пендешілік,

Сезіндім бойымдағы жеңіл салмақ.

О Баба, берші маған ақ батаны,

Иман бер, мәңгүтіктен аш сананы.

Қышына тағзым етіп бас тигіздім,

Өшірші жүректегі жан жараны.

Ұшып кеттім қиялмен биікке де,

Ой санағы орын бердім биіктерде.

Ар намысты көкіректе оятып,

Таудай талап қойдым алға үйіп төге.

Болсам да ұқсап бақсам дегенім,

Еңбек етесем халқым үшін өз елім.

Баба ісін жалғастырсам ұрпаққа,

Өткенім өкінбестей болатынға сенемін.

Әзірет Сұлтан шықан әлемге,

Күмбезіне таңданумен келемде.

Қол жаяйын тілеу-тілеп алдыңда,

Жүк салмағын ниетіммен көлемде.

Ақ па менің ниетім айтшы Баба?

Қасиетім бойымда бар ма дара?

Мансап қуып тұрмын ба, ойым ала,

Таразысы алдында берші баға.

Аруаққа жағам ба тектілікпен,

Ой жиегі жеткізбейді шексіздікпен.

Бабалар өсиетін қару қылсам,

Тұңғиықты тияйын көпшілдікпен.

Биіктерге қол созған пендемін мен,

Әсер алып ғажайып көргенімен.

Өмір өзі құралар армандардан,

Жету күші ақылда сезгенмін мен.

Ұрпағыңа теберік, Бабалардың басқаны,

Қаратау қыратары құм тастары.

Мөлдір су Бөген өзен арнасы да,

Өткен тарих жолының ақ дастаны.

Орын берген сыр бар-ау қойнауында,

Үш кемпірі, Бәйдібек Бабамызға.

Бас идім киелі  Қаратауым,

«Ақ табанды Шұбырын» санамызда.

Өсіп-өну адамзат арман жолын,

Ұлылықпен көтеріп заман жүгін.

Үлгі тұтар Бабамыз Бәйдібекті,

Үш кемпірден тарған ұрпақ бүгін.

Бабаның сара жолы бізге арман,

Өтер дәурен байқалмай өмір жалған.

Жасынан ойластырмай өсу жолын,

Көбейтетін ұрпағын болар қайдан.

Сапарым сәтті болды сананы ашқан,

Үлгі тұтар таудай талап шыңдарына,

Бақытты жан барма екен менен асқан.

(Қыдырәлі Тарыбаев)

(13.09 2002 жыл)

  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.