Надандық  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 50

Қатындар жас баласын күтеді,

Аямай қолдан келген шамасымен.

Емізбей ұрып-соғып, түртеді,

Ержетіп есі кірген баласын.

Бұ дүние білімі бар адамды

Қайғылы бейнетпен өткізер.

Қайдағы ақылы жоқ наданды

Ойлаған тілегіне жеткізер.

Қарасаң, дүниенің мінезі

Ұқсайды қатынның ісіне.

Анық-ақ ұрғашы екен өзі,

Тынышсыз, ақылы бар кісіге.

Рахымсыз, білімі жоқ ұрғашы

Біле ме білімдінің қадірін.

Демеймін дүние өтпей тұрсашы,

Мұнан да тыныш болар қабірім.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Меңгеріп ақиреттік білімді,

Іздеген мәңгілік өмірді.

Қайғы мен бейнет естінің,

Қалдырсам дегенді ізімді.

Надандық ойлатпас өлімді,

Тәңір ғып дүние мен білімді.

Қысқа ақыл қатынша сезімді,

Өткізбек қызықпен өмірді.

Нәзік жан бүгінде білімді,

Гендерлік жаулаған елімді.

Рахым мен мейірімнен айырып,

Жоғалтып Ар -ұят тегіңді.

Меңгермей аруақсыз дініңді,

Жоғалтып екі ақыл күніңді.

Жетесіз  ұрғашы мінезді,

Үлкендер дәстүрден жерінді.

Меңгердік өнер мен білімді,

Масһабпен өлшеген дініңді.

Ұлт тегің өндірмей діліңді,

Надан боп тастадық ғылымды.

(Б.Т.К)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *