Не таптың?  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 49

Шаранамен туып едің,

Бөз оранып кетесің.

Бір сағымды қуып едің,

Қай уақытта жетесің?

Қанша дәулет жиып едің,

Бәрі қалды нетесің?

Мал үшін жан қиып едің,

Қайтіп алып кетесің?

(Шәкәрім әулие)

***   ***

Не таптың бұл дүниеде,

Қарашы артқа, өзіңе.

Қызық думан сүйгенің,

Қоса ма қуатын есіңе?

Келгенсің қайдан білдің бе,

Кім едің бұрынғы өмірде?

Өлімнен кейін тіріліп,

Мал, жәндік болып жүрдің бе?

Сезімің шөп, жәндік қой,

Жан еніп судан өстік қой.

Хайуан да болып күш алып,

Адам боп қайта келдік қой.

(Б.Т.К)

***  **

Достыңыз зор, дұспаның қор,

Бір тілекке жетсеңіз.

Сансыз бақыт, алтын тақыт,

Барша жаннан өтсеңіз.

Қалса уайым, болса дайын,

Нені талап етсеңіз.

Бәрі қайда, несі пайда,

Түк ала алмай кетсеңіз.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Аманатпен кітап, жан алып,

Бол деген аятпен сөз алып.

Жер басып бүгін жүргенмен,

Бересің түбінде қайтарып.

Алдың ба өмірде бір пайда,

Ақыл, ес, білім іс бар ма жайға.

Тәрбиелеп жан, рұқ көбейткен,

Адамдық махаббат мұндайда.

Ал, не таптың бұл өмірде,

Ғұмырың аруағың келуге.

Денеңе сауыт болатын,

Ар бар ма әлде жарық тегіңде?

(Б.Т.К)

****   *****

Дүние қу-

Бір ағын су,

Түстік онда шөп болып.

Күнде ағамыз,  сандаламыз,

Бейнетіміз көп болып.

Кейде тасқа,

Кейде ағашқа

Соқтығымыз дөп келіп.

Суынанда да,

Уынанда да

Құтылармыз жоқ болып

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Сезім шөп боп,

Судан жан кеп

Қанға діл қуат аламыз.

Білім тастан,

Ілім ағаштан

Түрлі сырды табамыз.

Су, тас ағаш,

От пен текті аламыз.

Жалын умен, нәсіл тегің,

Жын боп қайта туамыз.

Табиғатпен тұтастықта,

Жан мен ақыл,

Адам артық  боламыз.

(Б.Т.К)

***  ***

Дүние ағып,

Сусыл қағып,

Фани көзге құйылар.

Бірі ерте,

Бірі кешке

Шөп те келіп жиылар.

Көлге барып,

Тыным алып,

Бәрі сонда жиылар.

Алды тыныс,

Болды тыныш,

Су ағыны тиылар.

(Шәкәрім әулие)

***  **

Өлмейтін өмір,

Мен жанды өсір.

Рұқыңды алып,

Ғұмыр боп жетіл.

Екі қол — аруағың,

Қылығың — нәсіл.

Ғұмырлық кітабың-

Қол қанат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *