Өліммен дос болдың ба?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 184

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}

Асылы заттан махаббат,

Пайғамбардан бұл ғибрат.

Жүз өлім бар адамзат,

Ажал деп бірі аталад.

 

Тоқсан тоғыз себеп бар,

Себептен күш қуат ал.

Тоқсан тоғыз күнәңді,

Өліммен өлшеп жарық ал.

 

Ғисадай рухтан пайғамбар,

Өлімді жеңген үлгіні ал.

Тіріліп қайта өлімнен,

Мәңгілікке жан жалғанар.

 

Жан мінезден өнеді,

Құран мен рухтан егіні.

Исламның пірі Мұхаммед,

Бірлігі діннің сүннеті.

 

Жанның бар өз денесі,

Ардан сауыт зейнеті.

Дәуіттей бабаң пірі боп,

Сұрасаң тоқып береді.

 

Ақылмен жанды суғарған,

Аруағың қолда тазартсаң.

Кітабың білім аяннан,

Тәуратпен, Мұса жалғансаң.

 

Дос болдым мен өліммен,

Өткенмін сыннан көрінен.

Теңізден өттім Мұсамен,

Көл үстінде Ғиса демеумен.

 

Тастан да нан алғанмын,

Дәмін де шарап татқанмын.

Жетектеп дана бабалар,

Астанаға да шығып барғанмын.

 

Өлсем деп түнде ынтығам,

Нәпсі тұр оған қырсыққан.

Шала өліп кейде жете алмай,

Ұйқыдан шаршап оянам.

 

Жүз өліп қайта оянғам,

Бабама Ясауи жалғанғам.

Өлімнің пірі Арыстан бабамнан,

Тәбәрік сыйын және алғам.

 

Қанша рет шын өлгенмін,

Кәусардан өтіп көргенмін.

Пайғамбарға барып жолығып,

Сауалды да көп бергенмін.

 

Серігім бірге өліммен,

Тарихты көрдім тереңнен.

Жүністей бабам қолынан,

Алғанмын балық теңізден.

 

Қанша өлу керек білмеймін,

Әр өлім бір перде дегейсің.

Пердесін жыртып  өлімнің,

Кітабын өмір іздейсің.

 

Өлімді, өлген есіңе ал,

Зияраттап бар, құрбан шал.

Қанымен жуып күнәңді,

Өлгендерден сыйыңды ал.

 

Өлімнен кейін өмір бар,

Ажалды өлім тоқтатар.

Қорқыттай баба үлгісі,

Күнәдан толық ақталар.

 

Құранның жеті үні бар,

Мақам деп бұл аталар.

Өз үнің болып сегізден

Сопылық жолы бабалар.

 

Жеті үнді салған қобызға,

Қорқыттай бабаң абыз да.

Өлімнің жыртып пердесін,

Айналдырған өнер сазына.

 

Нәзіктер жаны періште,

Жеті үнді құран естісе.

Көбелектей отқа құрбан боп,

Ұсынған өзін тектіге!

 

Қазақта үлгі тарихтан,

Аналар көп жаңғыртқан.

Жеті үнді болған еркекке,

Жар болуға өзі асыққан.

 

Бәйдібек бабаң би болған,

Құдайдан үн сый алған.

Домалақтай ана аңғарып,

Жүрегін өзі сыйлаған.

 

Мақамды білген тектілер,

Қазақта шопан деп білер.

Қойшының бұл таяғы,

Номадтық нәсіл естілер!

(наурыз 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *