Жоғарыда негізгі шайтан адамының көрінісінен Абай, Шәкәрім атамыздың суреттеуінен мағлұмат бердік.
Енді күнделікті өмірде, біздің ғылым-білім өркендеген заманымызда жаңа, түрленген жасырын бейнелерін көрсете кетсек. Шайтан адамдары ең қарапайым шаруадан бастап жоғары ел басқарушы және ақпарат орталықтарында, жазушы, ақын, кино, заң, дін, ағарту салаларында мыңдап қызмет жасап жүр десек өтірікші бола алмаймыз. Көше толған шашын жайып, еркекше киініп, түрлі әлем-жәлем болып, өздерін-өздері маймыл, жәндікке ұқсатуға тырысқан қыздарымыз, қатындарымыз және сондай аузында темекісі, жалаңаш, жалпы қылықтары ерсі, үстінен иіс су бұрқырып, қатынша сәнденетін еркектер тобы да шайтандар тобына жатады. Сол сияқты ел басқарған өздерін-өздері халықтың ақылшы, тура жолға салушымыз деп, шет жұрттың барлық қылығын тықпалап, қалалардың ішінде ескерткіштер тұрғызып, ата-бабалар аруағын құрметтеген болып, бастарына гүл қойып, шыршаны айналып, аяз атаға, қар қызына, елді өзге елдің азған теріс діндеріне табындырған, өздері де солай шоқынатындар шайтандар жамағаты болып табылады. Сол сияқты баспасөздер орталықтарында қызмет жасап, ата салт-дәстүріне қарсы түрлі әрекеттермен және партиялар құрып, билікке жету мақсатымен қандай да бір лауазымды пенденің немесе бір топтардың істерінің бір қателіктерін көре қалса, болмаса әдейі бұрмалап, күнәларын өсіріп, халыққа тез таратып, өздерін керемет құтқарушы, елге жан ашушы етіп, түрлі қитұрқы істерге ойланбай барып, аянбай жазып, өздерінің шоқыну қылықтарын бәрінен үстем етіп дәлеледеуге тырысып жатқан ақпарат майталмандары, саясаткерлер, ібілістің беделді сарбаздары болып есептеледі. Және бұлардың сүйенетін, қолдаушы жамағаттары мүфтият, намазхан, теолог, психолог, ғалымдар қауымы да, халық арасындағы соңдарынан ерткен мазхабшыл діншілер қауымы да жатады.
Бұлардың түпкі мақсаты қалайда қазақтың әдет-ғұрпы, салт дәстүрін өздерінің ойларына, өмірлік философиялық бағыттарына бағындырып, оңай басқарылып, айдауға көнетін, өздерін пайғамбар, пір санап, айтқанынан шықпайтын тобырларды қалыптастыру, шексіз билікке қолдарын жеткізу үшін жанталасуда. Енді нақты мысалдармен азған дәлелдер келтірейік; Аятта; «Олар, Алладан өзге өздеріне пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге шоқынады. Сондай-ақ кәпірлер Раббына қарсы шыққанға жәрдем етеді.» (25-55).