ӘРУАҚ, АРУАҚ ПЕРІШТЕЛІКТІҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ

Періште мен аруақтың айырмасын талқылайтын мезгіл келген-ау шамасы. Сайт бетінде сауалдар қойыла бастапты. Әрине мұндай сұрақтарға жанама жауаппен масһабшылар түрлі пәтуалар бергенімен де жүрекпен қабылданбайтын ойы келіспеген сөздерді енді қазақтың рухани ояна бастаған ер, әйелдері қабылдауы да қиын шаруа.

Енді құраннан періштелер туралы мағлұматты оқып көрсеңіздер 2,3, 4,5 қанатты періштелер туралы айтылады. Адам атаға қызметке тұрған періштелердің тек Алланың бұйрығын орындаушы жансыз рұқпен байланысты белгілі бір тербелісті атқарушы екенін білдіреді. Әрбір адам баласында тән ағзаларының жұмысын атқаруымен 41 періште қызметке тұрғаны және 41 түрлі қозғалыс тербелестік жиіліктің адам ағзаларының қызметін жасайтынын да білген жөн.

Бұл Алламыздың біздерді махаббатпен жартқанына да кепілдік болмақ. Біздер ақылды пенде тұрғысында тән ағзаларын қозғалысын басқара алмаймыз, тек жақсы жаман жағына қарай себепші ғана боламыз. Біздің барлық ағзалардағы періштелік жүйенің Алладан берілген аманат жаны арқылы басқарылып тұрумен белгілі бір жобасы тағдырымен атқарылады да. Ал тағдырдың да біздің ата-бабаларымыздың өмір сүрген тіршілігіндегі жақсы-жаманды әрекеттеріне тәуелді екенін де естен шығармайық.

Барлық қозғалыс әрекеттердің қолмен атқарылып оның өрістік сипат алуымен қол әруақ барлық періштелердің бірлігі болмақ. Баланы періште деп барлық періштелік қуаттардың бейнеленуі болғанымен оны ақылмен қолдық қозғалысқа өнерге айналдырумен әруақтық періштеге бейнелейміз. Және жан арқылы ақылмен басқарылумен әрбір адам баласы екі қол әруағын өсірумен екі қанаты періштелік жанның жүйесі де пайда болмақ….

Масһабшы діншілердің әруақты тек рұқпен байланысты деп түсіндіруі надандық қана. Адам баласының рұқы бой өрісімен, ақылдың қуатымен жанның сарайы, кісілік бейнесі болса, ал қол әруақтық бейнесі жанның қанаты болмақ. Тозақтағы кісі қолсыз, қанатсыз сипатта болатынын құранда ашық баяндаған. Періште жанаттық жарық сипатта болмақ. Сондықтан да жас баланы қол қанат деген қазақта. Олай болса әруақтық сипат екі қанаттылықпен жоғарғы және қанаты қайырылған, сыңар қанатты, мүлде қанаты жетілмеген төменгі тозақтық та сипаттары болады.

Ал аруақ 2,3,4,5,6,7 қанатты күрделі басқарушы періштелік жаратылыс болмақ. Енді әрбір пенденің жанының жарықтық қуаты бой өріспен, кісілікпен рұқтың жағдайымен, ал қасиеттілігі аруақтық қанатымен қозғалысқа керек қолқабыстық қуатымен, ғылыммен, кереметтілікпен бейнеленбек. Алланың барлық сипаттағы жаратылыстық періштелері қозғалыстары кісілікке бейнеленіп, ал сөзі, ғылымы жанға айналумен бейнеленсе, ал оны іс әрекетке айналдырушы қол аруағы болмақ.

Әрбір адам баласының жаны, жүрекпен бейнеленіп жарық нұры болса, кісілігі тектілігі, аруағы қасиетілігі болып жер бетінің барлық істерін атқарушысы болып Алла тағаланың орынбасары болмақ. Біздер ата-аналарымыздың кісіліктерінен нәсілі болып өмірге келіп әруақтарын да өсіру арқылы жанымызды өзіміздің әруағымызды да өсіріп көбейтеміз. Ол үшін де Алланың өзі біздің жанымызға ақиреттен жандық қуаттарды қосып бірлеп отырумен жаннаттан қуат алмасумен ғана мүмкін болмақ.

Сонымен Адамзаттың құлшылығы арқылы 7 түрмен негізгі жоғарғы әлемдік жиілікпен, 7-күн жарықпен байланысты әруақтық, аруақтық періштелігі ғылыммен, тағдырмен бейнеленуі керек. Енді әр пенденің тазалық, тақуалық, әулиелігіне қарай 2,3,4,5 қанатты жанды меңгеру мүмкіндігі бар. Ал 7 қанатты Алла тағалалық сипат және ол Мұхаммед пайғамбарымызға оның артынан сапқа тұрған шапағатшы біздерге тән жаралыс болмақ….(Қыркүйек 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.