САҒЫНЫШ СЕЗІМІ.

«Алтының сынығы» деуші еді ел жұрт,

Арғы тектің ұғымын жұмбақ сыр ғып.

Кезең өткен «Ақ сүйек» дұшпан көрген,

Ақ сүт берген анашым сол бір сынақ.

Қолға алып қаламды балаң бүгін,

Елестетіп көз алға Ана түрін.

Жыр арнасын адалдық ақ сезімен,

Сұлу жүзің тұр ма екен бүгіл күліп.

Арман еді ер жеткен кезім саған,

Ана жүрек әр кезде балаға алаң.

Тағдрына жазымыш Аллаға аян,

Он үш жасар артыңда қалды балаң.

Ер жетті бүгін таңда аға жігіт,

Өмірдің өзеннінде алға жүзіп.

Пендемін пендешілік алдан тосқан,

Тылсымнан көмек іздеп аян күтіп.

Мәңгілік орын тепкен қорғаныңа,

Сан бардым, сағынышым орнады да.

Сеземін көрмесем де аруағың,

Құшақтап құшағыңа алғаныңдда.

Па шіркін, көрінсеңші көзіме бір,

Таныр ем сұлу бейнең есімде тұр.

Ар жақтан бері қарай биік жол бар,

Жиілеп шырт ұйқыда түсіме кір.

Бойымды билеп кетті сағынышым,

От болып өрттей жанды, жалын ішім.

Жалғаннан жапа шеккен кездерімде,

Жаралы қасқырдаймын танырмысың.

Арпалыс заман екекн өмір күрес,

Адалдық арамдықпен мәңгі тірес.

Ақиқат, ақтық іздеу адамзатқа,

Пендеге Алла жазған сынақ үлес.

Іздеймін ақтық жорлды бұл жалғанда,

Іздеймін адалдықты туғаннан да.

Анашым ниетіме берші баға,

Жөргегім таза сумен жуылған ба?

Іздеймін Ана сезім, жарымнан да,

Іздеймін Ана сезім, құрбыдан да.

Ананың ақ жаулығын мәңгі естен,

Шығарып алмаңдаршы бұл жалғанда.

Ананың ақ жаулығы-ана сүті,

Халқымның аманты-парыз жүгі.

Ананың ақ жаулығы-Алла туы,

Сағыныш бойымдағы сезім буы.

(Қыдырәлі Тарыбаев Момбай ұлы)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.