Оқыдым талай ғұламасын қазағымның,
Философ, ақын, сөздерін даналығын.
Қазақта философия, дейді жетілмеген,
Шет жұртың меңгер, дейді саналығын.
Сөз болған, жаратылыс басы қозғалысы,
Төрт тілмен берген оған қол қабысты.
Төрт түрлі тілден болған әрекеттен,
Төрт түлік мал қуатың таралыпты.
Бесінші қозғалысың желмен келген,
Жылқы мін, жарысарсың желмен деген.
Жылдан құр қалса да, негізі түйе болып,
Бес қуат, ақшаң боп рухыңды түрлендірген.
Ақылмен, суғарылған малдардың егіні бар,
Таралған түрлі ағаш, ойыңның бақшасы бар.
Әрекет, қылықпен, көңілдерден пайда болар,
Адамзаттан таралған бес қуаттың сипаты бар.
Бұл қуаттар, барлық хайуанмен жәндікте бар,
Құс болып, бейнеленіп көңілің самғап ұшар.
Рухтың жаратылыста адамзаттан сипаты бар,
Құранда бұл сырлардың сандармен аяты бар.
Қоғалыс, қуаттар ой мен ойпатарда тұрақталар,
Ой ақылдан, сезім санмен, сана болып анықталар.
Ой бағу, сөз бағу, бес түрлі малмен сипаталып,
Қазақта мал атымен жасырылған атауы бар.
Әр елдің тіліне сай, сөз бақташы аты да бар,
Араптарда түйе баққан ғұрпы және салты бар.
Сиыр бағу, ойсылқара Тәуратпен бейнеленіп,
Ыбрайым, Ысқақтардан шопан ата дәстүрі бар.
Ойсылқара атамызға Ақтөбеден орын тапқан,
Расулдің шапанын сахабалар келіп жапқан.
Шопан ата Маңғыстауда Ыбырайым жолын баққан,
Қазақтың дәстүрі еді сөздің сырын ашқан.
Бес түрлі сөз, философ, сәуегейлік абыздықты,
Қазақтың елінен келіп даналықтар табысыпты.
Қыз туса әнші, ұл туса қойшы деп атаған,
Қойшы деп астарлап, сөзді баққан шопандықты.
Араптың ана тілі, көктің суы, құран сөзі,
Аяттарды қызыл түйе дегенді Расулдің өзі.
Сөздің де сөйленгенде ана тілде мінезі бар,
Малдық қуат, саулық деп аталады сөз мінезі.
Төрт тілің бар, адамзат сөзіңмен ойды баққан,
Латын тілі оттың тілі жер әлемде қалыптасқан.
Және түрлі бейнемен, ағаш тілін шығыс алған
Судың тілі ғұндардан араптарға мирас болған.
Жердің тілі рухына тура жолмен теңгеретін,
Мезгілі қыс, жаз, көктем, күзі керек меңгеретін.
Сегіз сипат қарсылық күн мен түн, тақпен жұбың,
Жер қайда, ықлым бар ма қазаққа тең келетін.
Бабалар жердің тілін таңбаларын тасқа жазған,
Сақтардың ұрпағына кер жазуы сына болған.
Санды біліп, Сандыбат деп сарай салған,
Төртеуі түгел, ал жылқыдан қазаққа мінез қонған.
Қазақта бес саусақты санап тәлім берген,
Бес саусақ неге бірдей болмайды ойлап көрсең.
Төрт тілді, төрт түлік малмен сырын біліп,
Жел тілін, жылқы мінез музыкамен бейнелеген.
Қазақтың шопандығы; ойың жеті, ақылың алты,
Жеті әулие жеті жолдың бейнесінен алған хаты.
Қыз әулие, тұз әулие, жер елің, ат әулие деп,
Алты дәммен, жеті қазына бірі деген иттің заты.
Әлемнің барлық сөздер мүлкі философиясы,
Алпыс жеті санымен Алланың жазған хаты.
Абайдан қалған бұл санның үлгісі насихаты,
Онегинің Татьянаға махаббатпен жазған хаты.
Діндердің насихаты, философия сөз қуаты,
Ыбырайым пайғамбармен Құдай ісімен тоғысады.
Құдайдан көктен түскен от үні қошқар болып,
Шопандық исламның бірлігі тура жолы табысады.
Шопандық исламның тура жолы болған,
Сөз астарын меңгерген, уахи алып түс жорыған.
Расулден қалған хадис аманат нақылы бар,
Мүміндік пайғамбарлық қасиеттің бірі болған.
Кешегі өткен Мағжандай ақындарда;
«Қиядан сөз табатын ақыл бар ма?
Тыңдайтын бой балқытар нақыл бар ма?
Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе,
Обалы жаулығы жоқ қатындарға!»
Сақта деген, ділдің сыры қатындарда.
Заманың, қазағым талай сынын өткергенді,
Ақ жаулыққа талай кәпір елден зиян келді.
Нәзіктер рухани егін, сөздің ең тұнығы деп,
Атамыз әйелдердің басын ойлап, қамын жеді
Европадан жалаңаш арсыздық салтың келді,
Ақ жаулықтың сыны кетіп, ділің өлді.
Сөздің бәрі араппен, парсыдан таралған деп,
Қызылбастан имансыздық, дініңе сөзі енді.
Ел биледі сөз түсінбейтін ұлтсыз надандарың,
Жалған ғалым, бүгінгі сөз баққан шопандарың.
Білімін өзге жұртың талғамсыз көшіретін,
Сөздің билігін қолына бердік тажалдардың.
Арап елі, қысы жоқ не күз, көктемі жоқ,
Дәстүрінде біздердей отқа еш мұқтажы жоқ.
Қой етін көп жемей-ақ, от тілін күннен алар,
Абай дана қойда байлық, ақша да дегені бар.
Қонақ келсе, тоқты немесе қой соятын,
Аруаққа құранмен, құрбандық аталатын.
Дәстүрі ата жолдың бабалардан неге қалды?
Әулиеге ат айту, Қорасанға қой шалатын.
Ел едік асыл сөзді қадірлеп, қойдай баққан,
Меңгеріп жанның сырын нақыл айтқан;
«Асықтықпен ойнаған нәпсі қуып, азар деген,
Алла добы баспен ойнап, күте білмей тозар деген.
Бәрінен де қой бағып, аталы сөзге тоқтай біліп,
Нәзіктің құйрық майын жаға білген озар деген.»
Ал енді басы түгіл етек ашық, жалаңаштық,
Арсыздық, ұятсыздық европа салтын алдық.
Жаласын қатынынан жүктеген даналардың,
Санаға қуат, етке тұз алатын қайда парасаттық?
Шыңғысқандай ер өткен, ұпақтың қамын жеген,
Қайқы құрық қатын түгіл, еркеке таңба берген.
Азғандардан депті, құл-құтан, ділсіз ұрпақ келер
Құл болсын, деп үкімен мал мүлкін тәркілеген.
Майлы құйрық, жалпақ құйрық мақтан болды,
Сұқталған арсыздықтан құйрықтар батпан болды,
Су сұраған еріне у бергенен көңілден сана өлді,
Қыз ұятсыз, қатын арсыз, шопандығың ада болды.
Жалған ғалым атасының жолына қарсы болды.
Ел билік дінін білмей тажалдарға берді қолды.
Ақыл білім меңгерген ғалым, дана болып,
Дішілерің сырты абыз, сөзі жалған өңкей сорлы.
Ойласаң сөз атасы болған ислам жұрттың,
Ойсылқара атамыз бұл үннің иесі даналықтың.
Ақтөбеден мәңгілік мекенін неге тапты?
Шапанын жапқызған неге асылы адамзаттың?
Бес ата, бес арыс, бес таңба, Сансыз баба,
Ойсыл қара, Қамбар ата, Зеңгі баба, Қызыр баба,
Сек-сек ата, Шопан, ата, Қошқар ата, Ғайып ата,
Жалғанған жүз үш әулие, шілтендік алған бата.
Тұқымы арапта, қожа, немесе төре де емес,
Шын хакім сөзі асыл, Абай бар баға жетпес.
Философ, ғалым, дінші, сопы өңкей надан,
Бағасын Абайының сөзін танып, сырын білмес.
Шәкәрім шәкірті, жанның терең сырын ашқан,
Абайдай ұстазының сөз астарын және тапқан.
Ай да өтер, жылда өтер, ер шығар көшті бастар,
Тажалдарды әшкерлеп, ғұрпы мен дәстүр сатқан.
Шопандық дәстүріңе тажалдық қалай келді?
Дін ісі-әдет пен әдебің салтың болып еді,
Құдай ісі жұбы болып, заманға жоба берді,
Түрлі намаз уахимен дәстүр, дінің жетілгенді.
Масһабты тажал ғалым жаратып пайдасына,
Тура жол деп халқыңның құрды қақпан санасына.
Ата жол, ата дәстүріңді жындардан деді ырым,
Шерік,серік сөзі айналды тажалдардың айласына.
Көңілдің бейнеленген түрлі бой көлеңкесі,
Адамзатқа шеріктер, сергі болып және ереді.
Тазартып бұл қуаттарды көбейту дінің еді,
Шерік деп қашсаңда қайда, бәрібір жүктеледі.
Әулиенің рухани көңілі бізге шерік қосса,
Аллаға мадақ, құранмен сәлем серік болса,
Осындай надандық пәтуаға сенген билік,
Аруағының жетпейтінін айтып тұрған жоқ па?
Жүктелуде қашқан имансыздық келді қайдан?
Масһабты тура жол қып алған бар ма пайдаң?
Абызын төрт масһатың бүгінгі тауып берші,
Қантөгіс пен бұзықтықты тиятын бар ма дұғаң?
Имамдар Құдайдан себебін сұрап біле алмаса,
Ел билікке ақыл беріп бұзықтарды тия алмаса,
Ғылымға үлес қосып, ел шаруасын жөндемеген
Тура жолың бұл емес, дінде емес құр далбаса!
(Маусым 2013 жыл)