Шыңғысхан баба туралы ақиқат

Шыңғысхан баба туралы ақиқат

Шыңғысхан неге баба, болу керек қазаққа?-деген сауалдың бірден пайда болу сөзсіз. Шыңғысхан жалпы кім болды, тарихта қандай із қалдырды?-деген сауалға көбіміздің жас кезімізде тасқа жазып, яғни сүйекке сіңген біліміміз өзге жұрттың жазып бергенімен байланысты болғасын, әрине көп жағдайда маңғұл нәсілді және қазақты қырған, зұлымдық жасаған деген пәтуадан аса алмаймыз. Әуелі маңғол ұлты қалай пайда болды? Осыған тоқтала кетейік. Маңғұл ұлты негізінен ғұндар тайпасынан шыққан Шин нәсілінен тарайды. Кезінде бұл нәсілдер қытай жазбаларынан Шин-ғұн деген атпен қалу керек. Маңғұлдың негізгі тегі қытай халқымен тектес болып саналады. Ал Маңғұл жерін Шыңғысқан баба тұсында «Тоңғұлдық»-жері деп аталған. Монғолдардың қалыптасуы түб негізі қытайдан алып; 4-ғасырдан басталып Ти, Гу,Са тайпасынан «жаушы, жеңбекші» деген жауынгерлік белгісі болған.

Ал енді, Шыңғысхан шежіресі туралы сыпыра шежіреші Байқұт, Әлиасқарұлының қалдырған деректері бойынша Шымкент шаһарында тұратын жазушы Лесбек Байжанұлының еңбектерінде көптеген мағлұматар келтірілген. Мен бұл деректерді аруақтың алдын-ала көрсетуімен тауып алып, көптеген тарихи оқиғалардың нақты екеніне аян-уахи алу және аруақтардан тікелей сұрау арқылы көз жеткізіп және сол деректер бойынша аталған балардың тарихи тұлғалардың қай жерде жерленгені, зияратарын табу арқылы тек кейбір жыл сандары мен адам аттарында ғана сәйкесіздік барына көз жеткіздім.

Енді, қазіргі таңда қазақ елінің білімді, зиялы қоғамында сауатылық жағынан ешқандай мемлекеттен артта қалған емеспіз. Бірақ арап елі дін салты мен және европалық салтың әсерінен, негізгі әлемдегі ең жоғары тылсым құпиясы, жан ғылмын меңгерген аруақтық білімнен, яғни қандай да бір деректердің адамзаттың аруағына жазылып, ол жерленген зиярат орнын тауып тікелей өзімен байланысып, бұл ақпаратарды аян арқылы түзетуге, жалғануға болатынын ұмыт қалдырғанбыз. Сондықтан европа және арап елдері сияқты, қандайда бір тарихи тұлғаны зертеу шежіресін жазу үшін, оның рухы маңызды емес, және өліктермен тілдесуге болмайды, деген надандық наным әбден ғалымдардың жүректеріне сіңіп алғаны сонша, менің бұл жазбама да сенім білдіретіндер, зиялы, білімді қауым өкілдері емес, керісінше бұқара халық арасынан шықан тектілерге ғана үміт артуға болады.

Сонымен Шыңғысхан атамыздың әкесі; Маңмұр ата болса, шешесі Монсия ана болады. Маңмұр ата Тұғырыл Торыхан Аякөз патшаның туған інісі болады. Ал Аякөз патша кезінде үш арыс ту байлар деген барлық рулардың, тайпалардың орталық сарайын басқарған екен. Тұғырыл Торыхан мен Шыңғысханың әкесі тобықты руынан болып келеді. Негізі Ғұн тайпасынан Нұхтың ұрпақтарынан тарап, онан; Саха, ал сахадан-Сайха тайпасы, сайхадан-Шоңғы тайпасы, шоңғыдан-Шоншы, шоншыдан-Шекті, шектіден-Тобықты шыққан. Торыхан патша үш тудың ортасы болып, сарайы қазірге Астана қаласынаң маңында болған. Сол кездерде Отырар Тұран елінің мәдение орталығы болып, оның әміршісі болған Әл қайырханың жиені Әлиасқар Байғұтұлының баяндауы бойынша; Сом Тайжал Ғайсар Ғайып хан билікке келген екен. Ал аруақтың көрсетуі бойынша, ол кездерде Отырар билігінде қалмақ тайпасынан Жошы хан атты әмірші болған. Маңмұр атамыз осы Жошы ханның уәзірлерінің бірі болып, Жошыханның қан төгіс майдан ашып, үнді жерін 3-жылда батыс елдерінде қан қақсатқан соғыстарына қарсылық білдіргені үшін басын алып, ағасынан келген елшілерге, батысқа биеуші қылып жібердім,  деп алдаған екен. Шыңғысхан бабамыз сол кезде іште қалып, Монсия анамыз өте сұлу болғасын, оны Жошы хан өлтіруге қимай өзінің бір уәзіріне берген екен. Сонымен Шыңғысхан бабамыздың өгей әкесі, Шоқай атамыз руы қара керей болып табылады.

Ал Монсия анамыз Мун тайпасынан шыққан екен. Сонымен Шыңғысханың өгей әкесі де Жошы ханның озбырлығынан және түбі Шыңғыс ұлына зияны тиме деп Отырдан қашып шығып, ит жекен аралдарына барып тығылған екен. Шыңғысхан бабамыздың 18-жасқа келгенше өмірі Ян деген аралда өткен. Ақыры соңына тыңшы салған Жошы хан Шыңғысханның өгей әкесі Шоқайды өлтіртеді. Бірақ бұл жағдайды алдын ала болжаған Шоқай атамыз, Шыңғысханның әкесінің кім болғанын, оны ағасы Торыханды іздеп табуын аманатап кетеді. Бұл оқиғаның әрі қалай өрістеуін Әлиасқар атамыздың баянауында жақсы деректермен келтірілген.

Енді қандай да бір деректің нақтылығын, тек сол дерекке себеп болған иесін аруағына жалғану арқылы ғана хақиқат екені айқын болады. Шыңғысхан бабамыздың зияраты да тобықты жері болған Тарбағатай өңірінде. Зиярат басында екі мүсін қойылған. Бірінде әйел бейнесі, екіншісінде жылқы бейнесі тұр. Ал анасының зияраты да шығыста жаққа апарылып, 40-жауынгерімен бірге жерленген екен. Және олармен бірге барлық құрал саймандары да жерленген. Бұл зияратарды аруақтың көмегімен тауып та беруге болады. Бірақ оған мән беріп нанатын халықтың рухынан, абыройынан өз абыройын биік санамайтын ел билігі мен ғалымдар болса?

Абылайхан мен Кененсары хан аталар зияратары туралы да нақты мағлұмат берілгенмен, оған мән беріп, сұрау салған, ел намысын қорғаған ерлерді әлі кездестіре алмадым. Соған қарағанда өздерінің жалған ақпартарының, тақ дәрежелерінің ел намысынан, аруақтың беделінен артық көретін болар. Ата жолындағы аққу, сұңқарлар біріксе өзіміз –ақ бұл шараларды атқарып, зиярат бастарын тауып, белгі қояр едік, тек ата жолына тиым салған атасына қарсы- ата заңымыз осы кезеңге дейін құдайдың лағнетін шақыруға ғана жұмыс істеп, біздерге де мұндай шараларды ұйымдастыруға, ұлы тұлғалардың бастарын көтеріп, елге келген қияметік сынақтарды жеңілдетуге де кедергі болып тұрғаны да хақ.

Пікірлер саны: 76

    1. Басқа бәле тілден деген. Осындай жындылық дұрыс негізінде. Екі жүзді болғанша тезірек құдайдың қарғысына ұшырауға да және өзгеге үлгі сабақ болуға да қолайлы екен. Ал енді бір жетіде «Бұқар» бабаның атын жамылған пенденің үлкен жамандыққа түсіп тәубеге келетіне куә болыңыздар. Сонымен бала-шағасынан аулақ, өз басымен сынаққа түсіп, құдай бұған иман берсін!!!! Әмин!

  1. Аға сәлематсіз! Сізге, аянға сенеміз. Жүйке-жүйеңізді тауыса бермеңіз, Сіздей асыл қазаққа керек. Шыңғыс хан бабаның басын көтеріп, ырымын жасау абзал ғой. Өздеріміз жиналып, Тарбағатай өңіріне шықсақ қалай болар екен. Сізбен қалай тілдесуге болар екен?

    1. Райса оны аруақтардан яғни Шыңғысхан бабаның өзінен сұрау керек. Кімге қашан қанша адам болып келуді ескертелді. Ниет қылсаңдар қаржат жинап құрбандыққа тағы басқа белгі қоуға дегендей хабарын айтыңдар сосын мен имұны сұрап ұлықсатын берсе онда мезгілін белгілейміз. Анасының басын әуелі көтеру керек, оның қасында 40-сарбазы қоса жерленіпті.

  2. Ассалаума алейкум қауым Сондай ойшылдардың барына қуанамын Бірақ жастарды шатастырмағандарың жөн болар еді,Шыңғысханның қазақ екеніне бір ақ сөз дәлел ол Тәңір деген сөз. Мынаған жауап берсеңдер «Қазақтың басқа ұлтан айырмашылығы неде».Қысқа да нұсқа жауап берсеңдер.

    1. Адамдық тұрғыда Қазақтың басқа ұлттан еш айырмашылғы жоқ. Қайта өнер білімді меңгеруде еңбектенуде кемісітігі өте көп. Оның негізі «Өзің білме білгенің тілін алма» деген. Бірақ тіл алушылардың өзі Құдайшылдықтан алыс, сенгіш алданғыш. Қазақтың артықшылығы әулие-әмилерінде ғана. Номадтық нәсіл тегінде тұр. Оны меңгеретін бүкіл қазақта 10 мың ғана бар. Солардан 100 мың тарап осылардан өнген ұрпақтар ғана болашақ қазақтың тегін сақтап тарқатады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.