Сын сағаты келді еліңе

Тағдырымен жастарымыз күнде ойнайды,

Үлкендерде есі жоқ қайғырмайды.

Бастарында қадір жоқ, жабылмайды,

Жынды ойдан бұдан жүрек арылмайды.

 

Күнәлі, ескі рухың өлмей, бойдан қайғы,

Тіл көзден тән уланып, ауырлайды.

Жан кірлесе, жолға шығып, жоба алмайды,

Уахи-аян алмаса жан жарасы жазылмайды.

 

Жалаңбастан тері жұмсарып, жазылмайды,

Етпен тері арасында қорғайтын май болмайды.

Тазармаған күнен сәуле миды ашытып,

Ессіз ақыл уайым болып жаныңа салар қайғы.

 

Аяқты күте білмей, табандар ағармайды,

Жер анаға етексіз рух жалғанабайды.

Ерден «ағаш», қатынан аяқтан қадір кетсе,

Екі жарты, бір бүтін боп жан құралмайды.

 

Дәрет сақтап жер кезбесең, дін толмайды,

Тазармай қан, рухыңда жаңармайды.

Ата-баба тазарған аруағына жалғанбасаң,

Өздігінен иман келіп, жүрекке қона аламайды.

 

Әр жынысқа малына тән қимыл барды,

Нәзікке керек, етекпен адым майда.

Шалбарлы қыз, ерлерше адымдайды,

Бұл қимылдан жынысын да арамдайды.

 

Неге күнде апат түсіп жатыр елге қайғы,

Жаратқаның, ескертуі деп, кім ойлайды?

Арсыздық пен дінсіздікке жауабы деп,

Кім құтқарады күйзелген сор маңдайды.

 

Қол періште, қолтықа дейін жалаңаштап,

Нәзік жаннан иман кетті мүлде алыстап.

Қолдан сұрау, қияметтің сыны түсіп,

Қолдан жала, астың дерті тұр асқындап.

 

Иық кеуде, басың менен жалаңаш қап,

Батыс дерті нәзіктерді алды баурап.

Тозақ оты жалмап жатыр нәзіктерді,

Әйел азған, ділі тозған елге келді азап.

 

Аштырмаған тағдырдың жаңа ақ парағын,

Тарих куә ел биліктің ата дінін соттағанын.

Тәпсір қуған, тажалдар боп, біл туысың

Кітабыңды аруағыңды артыңа лақтырғанын.

 

Өзім, деген өзімшілдер мал жинағыш,

Мәңгүттер көп өзге жұртың тілін алғыш.

Батыстан уланған  ойсыз, жалаң бастар,

Сөз ұқпайтын, билер шықты заң шығарғыш.

 

Ақсақалдар ел ғұмырының ақ кітабы

Әжелерден салт- дәстүрден үлгі қалды.

Ар білімінің ұстаздары еді ел билеген,

Ал, билесе арсыздар, діні елдің жоғалады.

 

Дәстүріңнен қадір кетсе, дін азбай ма?

Әлде, әмірінсіз жаратқаның ел жұтай ма?

Тарихыңды тасқа жазған жаспен жазып,

Тоқтығың, дүниеңнің көптігінен бар ма пайда?

 

Оян қазақ, құлағың түр арғы жаққа,

Жолға көрсетіп, аруағың тұр болашаққа.

«Өліңді риза қылмай, тірілер байымасты»

Ар білімін меңгермесең, өмірің өтер босқа!

 

Сын-сағаты соқты елім, қапы қалма,

Қияметің сынынан шығуды енді ойла.

От апаты, жол апаты, жазылмас ауру келер,

Құдай ісі, көрсеткен аянына күдік салма!

 

Ата жолың бақ жолың бар, оян қазақ!

Батаңды ал, әулиелерден кірген жаннат.

Батаменен ел көгеріп, жаңбырмен жер көгерген,

Тарихыңның шындығы, ол құраннан хақ!

(Қазан айы.)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.