Бейнежазбалар (ВИДЕО)

Аманат кітаптары

XXXXI-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық және денсаулық, ақжаулық, он саулық дін байлығы

 

Қазақ дәстүрінің құдайшылдық дін тәлімі тұрғысында және оның жемісі болған, адамзаттың рухани қазына байлығы үш негізбен жүйеленіп, үш байлық аталуының өзінде ғылымдық сипаты бар. Жаратылыстың Алласыз пайда болуы мүмкін емес болса, оның ӨЗІ сипатының; Алла тағала; Раббы; Тәңірлік үш сипаттан тұратынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Сонымен бірге Алла ғылымының 3 сипаттан тұратынын жарықтың негізінде қызыл, сары, көк түсті болуын баяндап өттік. Толық оқу…

XXXX-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық және денсаулық, ақжаулық, он саулық дін байлығы

 

Жаратушымыз ешқандай өзара тең қуаттарды жаратпағанын жаннат пен тозақтан ашық белгі бар. Алла тағалалық әлемдердің жаны жеті қанатты періштелік сипатын, жолын жаратып, оған сегіз жарықтың құдіретін, қасиетімен Алла өзін адамзатқа тануына лайық паш еткені де жаратылыстың ғылымынан, дініміз арқылы Алланы тану ілімі болуы керек. Мұны Алла Тағаланың сегіз сипатын меңгеру деп масһабта, исламдық орта топтарда қарастырылмағанмен қазақтың дін дәстүріндегі сопылық тұрғысында қалыптасқан міндетті құлшылықтың амалына жатады. Толық оқу…

XXXIX-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық және денсаулық, ақжаулық, он саулық дін байлығы

Ақылдың естілік тұрғысында адамзаттың қалыптасуы үшін; оң солын білу арқылы өмірден өз орынын тауып және төрткүл дүниенің төрт жағын танумен жер әлемін, өмір сүрген ортасымен, жаратылыс әлемімен қуаттық жүйеде тұтастықта болумен ғана адамдықтың, даналықтың сипатымен бейнеленуі керек. Адамдықтың танымы; ішкі қасиеттің (тігінен, биіктік) 3 сипатына және сыртқы әлеммен, кеңістік көлемдік төрт жағына қатынасымен 7 өлшемді танымдық қуаттық жүйе шығады. Әлемді жеті күнде жараттым деген аяттың негізіне сүйенсек, адамзаттың жаратылыстың қуаттық әлемдік толық жүйесінен туылуы 7 жарықтық жүйемен байланысты болмақ.

Адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінде әлемдік 7 жарықтық жүйеге қосылуға 7 қараңғылықты, түнек күштерінің қарсылығын жаратқан. Және ешқандай тең қуаттарды жаратпағанның дәлелі болып; жарықтың тұрғысында, ақ түстің негізінде 8 түрді, сегіз жаннаттық ақиреттік өмірді, Алла тағаланың сегіз сипаттық қадір қасиетінің негізінде тарқатқан. Сонымен әлемдік жеті жарықтық жүйені меңгеру барысында адам баласының туылуы, көбеюі бір жарықтық сипатты өндіріп, одан үш түрлі жарықтық қасиетті тарқатумен, көбейтумен және бір қуатқа жүйеленумен ерекшеленеді. Сондықтанда аспандық әлемдік жарыққа айналу 10 сандық өлшеммен кезеңдермен, 10 күнмен байланысты екенін құранда ашық баяндаған.

Толық оқу…

XXXVIII-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық және денсаулық, ақжаулық, он саулық дін байлығы

Қандайда бір елдің, ұлттың сол қоғамдағы отбасылық және жеке пенделердің бақытты, бақытсыздық жағдайын, тектілік сәйкестігін, ата-ана аманатына адалдығын, тағдырындағы қарыздарын өтеген салт-дәстүрі дінін ұстанумен құдайшылдығын үш түрлі рухани байлығымен; Денсаулық, Ақ жаулық, Он саулық арқылы анықтау керек. Бүгінгі таңдағы қазақ елінің де; ұлттық жобамыз, дәстүріміз, арманымыз, дін ұстанымыз, ғылым-білімді аталып, ел билеудегі саясатымыздың бәрінің нәтижесін үш байлықты меңгерумен өлшенуі керек. Бірінші байлық болып адамзаттың Адам болып қалыптасуының белгісі; денсаулық байлығы екені де хақ. Толық оқу…

XXXVII-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық, ұждандылық және арсыздықтың салдары

 

«Ел билеуші мен оның қарамағынындағы халықтың бақытсыз, бақытты өмір салтын тек дін арқылы ғана бағалауға болады. Себебі біз дін арқылы ғана өмір салтымыздың адал арамын, қандай қылықтардың орынды болуын, бақытты өмірдің үлгі өнегесін және қандай жағдайда бақытсыздықтың туындайтынын алдын-ала болжай аламыз.

Дін дегеніміз көзқарастар жүйесі мен іс-әрекеттер және Алланың адамзат баласына (арапқа ғана емес) салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында ғана көкірегі ояу адамдардың баршасы өзінің көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік алады…»(Әл-Фараби) Толық оқу…

XXXVI-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшыл болу мен адамдық ұждан, ар текті меңгеру

«Алланы алғаш тану оның болмысына қатысты ажырамас ұғым. Оның қалауынсыз ағаштың бірде-бір жапырағы жерге ұшып түспейді.» (Әл-Фараби). Алла ұғымы барлық әлемдік жаратылыстың мейлі жанды, жансыз нәрселердің біртұтастық тәңірлік сипаты, яғни барлық қуаттың негізі деп түсіну керек. Енді әлемнің ішкі көзге көрінетін, көрінбейтін барлық қозғалыстағы жанды нәрселердің рухани, метафизикалық тұрғыда барлық жаратылысты баураушы, бейне беруші кеңістіктегі орны болып, оның бізге ғылымы, кереметі арқылы танылуға мәлім болатын әлемнің ішіндегі болмысын Раббы-Құдай деп атап; «Құдайсыз, яғни Раббымызсыз қурай да сынбайды» деп түсіну керек. Негізінде адамзаттың тіршілігіне, өсіп-өнуіне, жер бетінің барлық әрекеттерінің басқарушы, халифалық дәрежесін меңгеруіне байланысты Алланы Раббымыз, Құдайлық сипаты, яғни Алланың өзі арқылы рухани тұрғыда танып, байланыста болумен растығы, барлығы, хақиқаты әшкере жарияланбақ.

Әлемдегі барлық тіршілік, қозғалыс иесін сөзден жаратты десек, ал сөздің баста құдайдың нұры, буы, сандық сипатта болумен енді жаратылыстың барлық тіршілік иесінің жандық қуаттық, періштелік негізін Алла тағала деп атаған жөн. Раббымыз оттың негізі сары нұры болса, ал Алла тағала сипаты судың, ақтың негізін бейнелейді. Раббылық, құдайлық және Алла тағалалық сипаттар Алланың өзі болып, ал Алланың өзі тәңір деп ұғыну керек. Себебі Раббылық, құдайлық сипатында да, Алла тағалалық сипатында да тәңірлік сипаты бір болады және ешқандай қарсылығы жоқ. Сондықтан да; Алладан басқа тәңір жоқ дейміз. Ал енді адамзаттың сипатында Алланың өзіндік сипаты «Мен» болып және менге қарсылықтан текті өсіріп көбейтуді құлшылық деп атайды. Құлшылықтың өзі жария және құпия болып, екі түрлі қуаттық жүйенің арасынан ақыл-ойдың бақшасын өсірумен ғана құдайшылық сипатта болмақ. Толық оқу…

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.