V-Өзіңді-өзің танығың келсе

Бөлім: Өзіңді-өзің танғың келсе 122

        

                   (басы; 1-4 тарауларда)

Сайт бетінде жазушы, қаламгер бір үлкен кісінің; менің салмақты ойларыма неге оқырмандар мән бермейді және мұндай тақырыптарды қоғамда аз оқиды деген пәтуасын көрдім. Шынында бұл қазіргі қоғамдағы бір ең өзекті мәселенің бір. Көптеген қысқа-нұсқа ақпараттық көздерінің (аккаунт) үш-төрт сөйлеммен ғана шектелген пайымдаумен әлемдік дәрежеде танымал болып, ал ақыл-ойға бай, шежіреден, дін дәстүрден әртүрлі уақиғалардан ұзақ сонар әңгімелер, ғылымдық тұрғыдағы баяндамалар көп оқылмайды да бірақ мүлде оқылмайды деген де қателік болар. Бұл үлкендер мен жастардың арасындағы жан күйлік жағдайға өзін-өзі танымдық мәселеге байланысты деп түсіндірсек те болады. Қазақ даналығында; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп қысқа ғана нақылмен көптеген рухани сырды қамтитын жағдайды ескертіп кеткені де хақ.  Бұл сырды мен өзімнің жазбаларымда тарқатып жатырмын да, бірақ оның ақ бастауы Ясауи ілімінен басталып, Абай-Шәкәрім еңбектерімен нақты тұжырым берілгенін, ал оны талқылау тұрғысында жастарға кінә жоқ үлкендер қауымы ел билеушілердің өздері де түсінбей жатқаны да жалған емес.

Жастарға кінә артуға болмайды дейтін себептің де негізі нақылда; «Жас кезінде тасқа жазасың, орта жаста құмға жазасың, үлкейгенде суға жазасың» деп ақпараттық құндылықтың қалай зейнеттелуін ескертіпті дана бабаларымыз. Жастардың өсіп толысуы 24-25 жасқа болса, негізінде кәмелеттік жас 18-жаспен белгіленіп, осы кезеңде сүйектің жетілуі, ішкі ағзалардың ақыл ошақтарының да рухани жүктелуі толық болып, барлық алған рухани ақпараттардың сүйекке және ет, теріге, қанға, түрлі қышқыл, тұздарға айналуымен яғни заттанумен байланысты болып, мұндай жағдайда жүктелу үшін қандайда бір жақсы-жаман ақпараттардың електен өтудің де керегі болмай, жастарға қандай тәрбие-тәлімдік  ақпараттар арқылы ақыл берілсе сондай тұрғыда бекіп жазыла береді. Сондықтан бұл тұрғыда жастардың жақсыны да жаманды да түсіну қабілетінсіз өз денесіне қабылдап жаза алатын ерекшелігі де болмақ. Ал ұлттық сөз байлығының ділдің бекуі  мейлі ұл, қыз болсын; 13 жасқа  жеткенше сөз  үні бекитіні де сөзсіз. Сондықтан осы жасқа дейінгі кезеңде өзге тілді емес, ана тілін оқытудың  ұлттық тәлім тәрбиенің маңызы да зор. Осы тұрғыда ел биліктің 3 тұғырлы тіл деген жобасы, бұл ұрпақтарымызды рухани ұлттық тұрғыда жетілуіне үлкен қиянатшылдық болып, болашақта мұндай жастардың ұзын жиілікті ойлау қабілеті әлсіз болып, тек біліммен ғана өмір сүретін европалыққа айналып, яғни сырты қазақ ішкі әлемі, қаны, нәсілі өзге ұлтқа айналып, сонымен бірге ұрықтарының қанының да гендік сапасы жоғалып, көңілдері жетілмейтін алты ауыздық  араздық пайда болмақ. Бірақ мұны қалай айтқанменен де ел билеуші, зиялы қауым өкілдері, ұлт ағалары ақыл тұрғысында қабылдай алмайды.

Неге десеңіз, адамзаттың жоғарғыда айтқан ақпараттық жазулық қабілетінің жасына қарай өзгерумен бірге, біздің тәндік сипатымыз мақұлықтық жағдайда дамып және бұл да үш түрлі кезеңге бағынатынын жас баланың өсу барысындағы қылығынан да аңғаруға болады. Ең төменгі сезімдік ақылдың даму ерекшелігі де қолмен ұстап, аузына салып қатты, жұмсақ, ащы-тұщысын айыратын болса, яғни тек тұтыну, нәпсі қажетін өтеу тұрғысында  жәндіктік жағдаймен жиілікпен байланысты ақылды болмақ. Ал сонан кейін еңбектеу арқылы өзі іздеп тауып көру, аңғару, иісін білу сияқты қаракеттік жануарлық ақпараттық жиілікпен байланысты ақылды болмақ. Сонан ер жетіп  түркеліп жүрген кезде жауапкершіліктің де артуымен, адамдық болмысқа тән болып және қолдың да түрлі өнерге әрекеттерге бейімделуімен де жылдам қозғалу, көкке көтеруге құштарлықтың пайда болуымен құстық да ақпараттық жиілігіне жалғанумен ақылды болмақ. Және мұндай жағдайлар әрбір мүшелмен жылдармен қайталанып дамып отырумен ерекшеленеді. Ең соңғысы адамдық ақпараттық кезең сатылардың да 10 түрлі кедергі асуы болатынын мұны меңгеруде тақуалық, сопылық жағдаймен ғана бағзы замандарда меңгере алған. Қазіргі білімді заманда бұрынғы ақылмен тапқан рухани құндылықтардың бәрі білімге айналып, ал енді бұларға рухани тұрғыда  басқа да білімдердің араласып кетуінен және оны електен өткізетін ақылдың маңызы жоғалғандықтан кімнің ақылды, кімнің ақымақ екені белгісіз болып, 18 –ге енді толған жас пен 60-тағы кәрінің айырмашылығы да болмай қалды. Себебі ойдың, ойлау қабілетінің маңызы жоғалып, қандайда бір сауалға дайын жауапты білімнен тауып алатын болғандықтан ойлаудың түкке де керегі болмай қалды. Мұндай жағдайда керісінше үлкендерге ақыл айтып, қателіктерін көрсететін жастардың жоғарғы ақпарат орындарында лауазымды қызметтер атқаруымен және қандай жағдайда болсын, білімді қатындардың ел билікке де келе алатын гендірлік теңдік деген саясатының жемісін жеп бірақ оның ащы дәмін оймен білетін есітілердің де аз екені сөзсіз.

Енді ақылдың 4 негізгі сипаты болып, бұл жер әлемнің барлық жаратылыстық белгілерінен ақпараттық, өрістік тұрғыда жалғанумен еркек үшін; үш жылдық яғни 4 мезгілді 3-ке көбейтсеңіз 12-санды Жүсіп жолына, құс іліміне жалғанумен белгілі болса, әйел заттарына 3 күндік яғни бой өрісінің 3 қабатымен байланысты ішкі дүниесінің сезім жүйесінің жанның қуатының жетілумен, аяғы , табаны арқылы жер ананың үніне жалғанумен, жалпы  әлемдік тұрғыдағы елдік, нәсілдік қуаттылығымен байланысты болған құранның 3-сүресіне сәйкесті болмақ. Бірақ енді біздің шет жұрттың тәрбиесімен тек білімділікке негізделген салтымыздан қазіргі таңда ақылдың негізі сыртқы бой жарығымен киіммен ар, ұятпен байланысты жетіліп қалыптасатын, соған байланысты ішкі дүниеміздегі ақыл ошақтарының, әурет үйлерінің тазалығынан бізді естілігіміздің шамасы нәтижелетінін білдіретін білімді біз қабылдай алмаймыз. Себебі үлкендердің осындай негізделуден, мақұлықтық жиіліктен ас алмай, өмірді тек дүние тұрғысында ғана қабылдап, ақылдарының қатын сияқты сезімдік жиіліктің де ең  төменгі сатысы жәндіктік тұрғыда ғана ойлана алтын үлкендер де баршылық десек қате емес. Оларға қарағанда хайуан сияқты ойланатындардың ел басқарып азық табу жолында түрлі айламен қулықты түлкілік ақылды меңгергендер әрине дана, есті болып саналады. Себебі біз жоғарыда не барын ұмытып қалып, өзімізді шет елдің арсыздығымен өз еліміздегі осындай төмендермен салыстырамыз да өзімізді ақылды керемет данамыз деп ұғатын болдық. Мал тапқанның беті жарық деп, мал тапқыш, ақша тапқыш, шаруаның ыңғайын білуге, өзгелерге дүние тұрғысында алданбай, керісінше алдағыш қу, залым болса болды хакімге айналдырып, заң шығыруға да өзімізді билеп төстеуге де қыңқ етпейтін болдық. Абай атамыздың; «Әрбір ғалым-хакім, ал әрбір хакім ғалым емес» деген өсиетін енді қолдан оп-оңай жасайтын болдық. Себебі ғалымдық біліммен, білімділікпен ғана байланысты болып оны сатып алуға, бедел арқылы табуға да болатын болды. Ал негізінде бұл тарихи оқиғалардан адамзат әлде қашан өткенін біздер сол оқиғаларды замандық қозғалыстық, үдеріске қарай тағдырымызда қысқа жиілікте қайталайтынымызды да біле бермейміз. Мысыр мұнара ғимараттарында салынған суреттерде  түлкі басты пенде, құс басты пенде немесе арыстан басты адамзаттың мүсіндерінің кездесуі де және әлемде жәндікке айналған адамзаттың, су перісінің бейнелері де осы біздің ақылдылық жағдайымыздың дәрежелерінің жаратылыспен тығыз байланыстылығын да ескертіп тұрғаны, оны сол замандарда-ақ тани алғаны да сөзсіз.

Сонымен 40-қа дейінгі адамзатқа меңгеретін мақұлықтық тұрғыда өз тәнін толық жүктейтін, ақылдың төрт түрін жеке-жеке белгісін алсақ болды, сезімдік тұрғыдағы ойымызға не келсе соны құндылық деп ала қойып, түрлі партияда, ұлтышлдықта даналық түгіл танымдық ақылдың дәрежесінде де пайымдалмай, кез келген жас балаға да түсінікті бола кетіп, дереу мұндай ағаларды  қолдауға, керек болса тас алып, қаруланып артына еріп, тас-талқан қылып ел билікті осындай екі естілерге алып беруге дайын тұратын жағдайға да жеттік. Ақылдың азуына ұшыраған елдердің бұл сөзімізді растап жатқаны да хақ. Бұндай  «Екі естілікке» қазақ елі де рухани тұрғыда түскені де жалған емес. Олай болса ақыл сезімдік және қаракеттік болып, қазақ халқы тұтастай осы екеуінің де басын қос алмайтын, бөлек-бөлек әрекет жасайтын рухани азғындыққа түскеніміз де хақ. Біріміз сезімдік ақылды дәріптеп, гендірлік саясат деген желеумен ар, ұяттан жұрдай жалаңаш, жалаңбас кез келген өнерпазды, орындаушыны да «жұлдыз»-ақылы жарық есті атасақ, ал кез келген ессіз білімдіні яғни сезімі хайуанданған, жәндікке айналған пендесін мейлі қатын, еркекті ақылды керемет деп санап айтқанын, жазғанын түк ойланбай ала салатындардың өздерін тануды шектеп негізделуіне де жағдай жасамақ. Екіншілері қаракеттік ақылға ғана жүгініп, ал бұлардың енді сезімге берілуге көп уақыты жоқ және тиімсіз, пайдасыз екенін білетін ел билеуші зиялы қауым өкілдері болып, шаруашылықты жүргізуде шет елдің дайын білімдері мен тәжірибесін енгізуде асқан шеберлік көрсететін яғни алдыңғылар шайтандыққа тән өнерпаздар болса, бұл топтағылар күш, қайрат салмақ салумен бедел жинайтын жындылар тобы болып саналады.  Негізінен білімнің арқасында заңның шеңберінде әрекет етумен екі топтағыдар да мұндай замандық ұжымдық (тобырлық) ақылға неізделумен өздерін естілер, өз ісін жетік білетіндер болып саналады. Сезімнен хабар болмаған жағдайда ілімді, дінді де ақиретпен құдай туралы ойлануға да қабілетсіз болады.  Ал енді сезімдік ақылы да қалыпты дамыған қаракеті де сол шамада болғандар  екі есін қосып, «төртеуін түгел» біліп, бесінші тұрғыдағы танымдық ақылға жалғануға әрекет еткендер де бар, әрекетте жүргендер де бар елімізде.

Кейбір жастардың да тумасынан талантты қасиетті болып, жаны жамандықтан жиреніп бірақ сонда да болса қоғамның мұндай арамданған уақытында бәрібір араммен азықтануға тура келгендіктен тек тағдырына жазылған амалдармен шектеліп қосымша жүктелуге қабілетсіздік танытады. Себебі ата-баба дәстүріндегі тарихат, мағрипаттық жағдайдағы дін амалдарын орындауға да ел билік заң тұрғысынан тиым салынғаны да, кедергі келтіріп жатқаны сөзсіз. Мұндай бір естілердің түс көріп, болашаққа да бағдар жасауға, өзін танып, кім боламын деген сауалға жауап іздеуге талпынғандар болып табылады. Ал енді танымдық ақылдық жағдайына жасына қарай да тағдырмен жалғанған, өздерін арамнан аулақ ұстап аян, түстерін шамасына қарай көріп ақиретті іздеп уайым қылып жүргендер бар, бірақ елімізде  аз ғана болып, негізінен де ұзақ сонар сөз жазатын, білімді қауымның да, үлкен мен кішінің де жақтырмайтын әрекеттерін қылатындар да осындайлар екені сөзсіз. Бұл ақылдың 5-ші дәрежесіне жалғанып әрекет еткендердің санатына ел басымыз да кіреді, бірақ бәрібір ақылдылықтың ойшылдықпен байланысты жоғарғы  6-шы сатыға көтерілуі үшін тақуалықтың қажеттілігі болып, оны орындау қазіргі заманда жындылықпен, ақымақтықпен бағаланғасын басын жалңаш ұстаған бір естілердің ойшылдық тұрғысында көрегендікпен халықтың рухани ахуалын болашағын дөп басып шешім қабылдауы да, жаңылыс баспауы да мүмкін емес. Баспаса басқызады. Себебі олардың бастарындағы жынды сулардың анда санда болса да жалаңбас, жалаңаш, етексіз санасыз қатындарының қойнына жатып, арам қанынан сезімдік қысқа ақылдық қуаттардың қаралығын жүктеп алғаннан кейін улы шөп жеген қойдай басы айналып, ақылы өзгермегенмен, ойлау қабілеті тежеліп, ал онан тазарамын дегенше талай нәрсені бүлдіріп мастық жасап, шешім қабылдап сонан оны бұзуға, өзгертуге, қайтып алуға ойсыз, ақылды жынды қауым өкілдері мүмкіндік те бермейді.

Неге десеңіз біздің сыртқы бой жарығымыз киімге, дәстүрімізге, сөз сөйлеу өнерімізге және жұбайлық өмірдегі әйелзатының қандық шарабы мен бойының жарығына тәуелді 6-шы және 7-ші саналық күндеріміз жетіліп, қуаттанып көбейе де алады. Ақылдылықты біз білім мен ішкі жан дүние ағазаларымыз арқылы қуаттандырып отыратын болсақ, ал ой мен сезімнің, сананың қуаты біздің зейнеттік киімімізге тәуелді болмақ.  Және жасымызға қарай да тәніміздің тастық, сүйектік, құмдық, еттік және сулық жарықтық жағдайға жетуіне байланысты сыртқы ақыл-ой ар жарығымыздың бақшасының 7 күнге яғни біздің сыртқы кеңістіктен ақпараттты еркін алатын «антенна» тұрғысындағы мінезімізге тәуелді болған, жүйке ошақтарымызға да тәуелді екені де хақ. Енді ең маңызды 6-шы күн маңдайда тағдырмен байланысты болса, бұл күнді тазартып жарыққа айналдыру үшін тәніміздің ішкі ақыл сарайларының 5-күндік сипатының күнәмен жүктелу қабілеті зор болғандықтан, мұны бес күн жалған деп атаймыз. Ал қалған баспен байланысты екі күнге (6;7) күнәнің жүктелу жағдайы шектеп жаратқандықтан, дәстүр мен ұлттық текті жетілдіру арқылы естілікті дамыта аламыз немесе мүлде жалғанбай екі есті болып 5,4,3-күнмен, тіптен 3 күнсізде түк уайым қылмай да жәндік, мақұлық сияқты ішіп жеммен дүние қуаныш қызығымен ғана айналысып адамзаттың санында болып тіршілік етуге де мүмкіндік бар. Ал енді кейбір ұлтшыл ағайындарымыз ескіліктің барлық есін қопарып, ол уақиғаларды бүгінге айналдырып, «орыспен дос болсақ бізді қырады»,  «ана елдермен дос болсақ, бізді тонайды», «ғылымда мындай өндірісті ашсақ өлеміз, құримыз»немесе артта қалған уақиғаларды жаңғыртып, «желтоқсаншыларға неге үкімет қарамай қойды», «жылда мадақталып сыйлықтар таратылмады»  деген сияқты логикалық білім тұрғысында керемет ақылдылық болғанымен, ар намыстылық тұрғысында да бұл керсінше осындай істерін міндет қылып құдайдан емес адамнан мадақ күткеннен қандай ұлтшылдық, ұлтжандылық? Және әрбір уақиғаның қарама-қарсы жағы, қателігі арадағы қайшылығы болып және Абай атамыз айтқандай мұндай ұлтшылдықтың артында өздерінің беделін көтерумен ғана көрініс табатын; қажеке, молдеке, биеке, батыреке аталмақ болудың да екі жүздігі болмақ. Негізінде құдайдың замандық уақыт қозғалысының жылдамдығына қарай рухани қабілеттілікті жетілдірумен адамзаттың жанын өсіруге байланысты берілетін рухани сынақтарды, ілімнің құпия сыры болып, жаратқаннан  оқылатын кітабына, адамзаттың даму жоспарына, дінге қайшы әрекеттердің туындауына осы алтыншы күн мүлде жабылып, мидың  ойлау қабілетінің тежелуімен аяқталды, мұндайлардың ұрығы да азып, қуаты кеміп, сөз түсіну қабілеті жоғала береді. Мұндай пенделедің қандай білімді болсын ақын болсын, мейлі дінші, ғалым болсын бір жақты, сыңыр езу өзінікін ғана дұрыс деп білетін ұраншыл, «санасызға сан айтса да түсінбейді» дейтін ойы салмақты шығармаларды оқығанмен пайымдауға қабілеті мүлде болмайды. Әлемде барлық қырғындар мен дағдарыстарды тудыруға себепші болатындар осындай тағдырына ашық қарсы болып, жасына қарамай әрекет қылған білімді тажалдар болып табылады. Сондықтан өзі үлкен болса да, қандай білімді меңгеру қабілеті болғанымен салмақты ойы бар дін, ілім, ақирет тұрғысындағы рухани құндылықтарды қабылдай алмайды. Бұндай ақылды қауым өкілдерінен гөрі кейінгі өсіп келе жатқан талантты жастар мен түс көре білетін қатындарға түсіндіру, ақыл айту оңай екені де хақ. Бұл топтың көптеген өкілдері ел билеуші болып, жемқорлықпен айналысып, жерге тәңір немесе халыққа ақыл айтатын құдай болмақ болып арпалысып партия, ұйым құрып жатқандары да сөзсіз. Ал енді тағдырын көріп, түспен болжап, елді пәлен жылдан кейін түгенге айналдырамыз, ешқандай рухани дамудың сапасын, жанның күшін қажет етпей және мұндай істерді құдайдың қалауын, құдай  қаласа деген сияқты діннің шарттарын маңызды деп есептемей, иманы жетілмей, бірақ тумасынан талантты әулиелік қабілеті бар ел билеуші әмбилердің дінді толық мойындап, ата дәстүрімен жүре алмағандықтан 7-ші күні жабылып, болашақты болжау қабілетінен айырылады. Енді жастардың 4 ақылдың жағдайына өзін-өзі тануына қарай қайта оралсақ… (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *