VI-Жын мен жындылық, шайтандық және ар білімінің сипаттары мен философиясы

Бөлім: Без рубрики 59

(Жалғасы. Басы 5-тарауда)

«Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ.» (Шәкәрім әулие)

Адал еңбек ете білу үшін ақ жүрек болу керек. Ал ақ жүрек болу үшін қан тазалығын, тектілікті сақтайтын тарихи сынақтардан өткен ғасырлар бойы жинаған ұлтымыздың рухани қазынасын, біздерге қалдырған мұраны, аталар аманатын, арлы ақылды меңгеру үшінде білім керек екен. Сонымен біздің біліміз қандай, өзіміздің рухани болмысымызды тани алдық па? Келіңіз бірге, әлде де өзіміздің жаратылыс сырымызға терең үңіліп көрейік.

«Деп жүрміз Құдай бар, деп күшті,

Сол сөзде болып кетті-ау дәл екі ұшты.

Анық көңіл бекиді қайран қылып,

Құдайлық таң қылғандай көрсетсе істі.

Ертегі емес, шын сөз ғой Құдай қауымы,

Қайда барсаң жұт болған ғад қауымы.

Құдай жұп қып жаратқан екі түрлі,

Үшеуі ара табылмақ һұтың қауымы.» (Мәшһүр Жүсіп)

     Жаралыс басы басында, екіден басталғанмен, негізінен қозғалысқа түсу үшін міндетті түрде таққа айналу керек. Физика, механика білімінде қозғалыс;3,5,7,9 сандық тербелеспен ғана әрекетке, қозғалысқа түсе алады. Сондықтан да Жын-мен шайтандық қуаттың негізі бір болғандықтан екеуінің әркетесуінен жыныс яғни жыныс тоғай ағашы пайда болады. Бірақ, бұл екі арда адамдық арлы ақылмен, шариғат қағидасымен неке салты міндетті болу керек. Болмаса, «шерік қосылу» яғни хайуандық әркет пен жаралысқа айналуы да сөзсіз.

Енді, қазақтың сөз атауаларында, әйел жынысын бай (молшылық) тал (ағаш) десе,  еркектің жыныстық қуатын ағаш атпен, яғни «сауат», деп атайды. Аталармыз; «Үш ағашқа (бай талға) атын байлай алмаған еркек, еркек емес»-деп шаңырақтың тіреуін де «адал бақан» әйелдік жыныстық қуаттың көрнісін атаған. Бұл белгі ғылымда «Y» (гамма сәулесі) болып, қозғалыстың негізі болуын және әйелзатының жыныстық қуаты да, осы сәуленің негізін құрайтын, жіңішке, ұзын қуатты; «Шашы ұзынды», жермен байланысатын киіз қазықтық, адал бақанды ескертіп тұр.

Қан тектік ағаштың пайда болуы адамзатың өсіп-өнумен, қан тазаруымен, әйел қанындағы шайтандардың жанып түрленумен байланысты болып, онан «ЫС» атты қуаттық шаманың, қозғалыстың пайда болатын да біле бермейміз. Қазақта; «ЫС, ЫСЫҚ» атты рулардың атуалырым «ыстығы көтерілді» деген сөз ұғымдары да жыныстық қуатқа, қан текке байланысты пайда болған ұғымдар. Шәкәрім атамыз бұл «Ыстың»-сезімдік үннің пайда болуын, жандық қозғалыстың негізін, астарлы өлеңмен баяндап кеткен екен;

«Жаралыс басы-қозғалыс, Қозғауға керек қолғабыс. Жан де мейлің, бір мән де Сол қуатпен бол таныс, Әлемді сол мән жартқан. Қозғалмаса көшпейді, Көшпеген нәрсе өспейді. Өспеген нәрсе өзгермес, Түрден ол түрге түспейді. Қозғалыс түрлеп таратақан.» Ал енді адамзаттың рухының түрленіп жетілуі де отпен байланысты болып, оны «ӨМІР» деп атап ерлі зайыптылар арасындағы жыныстық қатынастан басталатынын;

«Біреу маған от жақ деп қылды бұйрық,

Жағайын деп ұмтылдым көңіл жүйрік.

От жақалы жатқаным-бір үлкен үй,

Отын жиып қойыпты талай күндік.

Шақпақ жағып жібердім қуға түсті,

Тұтандырып алуым болды күшті,

Қызыл өңеш болғанда азар жанып,

Соған шейін асығып, ішім пысты.

Отқа әкеліп отынды салып еді,-

Жалын шығып лапылдап жанып еді.

Үй жылынса, қайтейін залалы көп,-

Жалын барып талайды шалып еді.

Жалын кетіп, аздан соң шоқ болды құр,

Отын бітті, үрсем де жана алмай тұр.

Жанды отай жайнаған, қайран өмір,

Шоқ сөнген соң қап-қар болды көмір.»

Әйелзаты отын (натрий, шайтандық қуат) арқалаушы сондықтан аятта; «Лақаптың әйелі тозаққа отын арқалап кіреді,  Лақаптың қолы (аруағы) құрсыны» деген астарлы  үкім бар. Рухы таза  Ер мен діл таза әйел арасындағы ғана жыныстық қатынастан шайтан отын болып жанып, ал оны тұтатушы  жын қуатының жалын болып жетіліп, қозғалысқа күш қуат, шабыт болып қосылғанмен әрі тәннің ысталумен оны тазартудың да жолын меңгеру шарт. Шәкәрім атамыз осылай өмірдің нәпсілік ошақтан басталып, үш сатыға бөлінетін де ескерткен. Аталарымыз; «Жас кезіңде тасқа жазғанмен, орта жаста құмға, қартайғанда суға жазғанмен бірдей» деген астарлы нақыл қалдырған. Бұл адамзатың осындай нәпсінің яғни шайтандық қуат пен, жын қутының түрленунен пайда болатын гормондық, яғни үндік ақпарат тасымалдаушы қуаттардың ғылымда дәледенген 57-сипаты да бар. Жын, шайтан қуаттарының негізі де  теріс ақпараттарды тасымалдаушыдан, адам өміріне қажетті ақпараттарды тасымалдаушыға, кісіге, жарық нұрға түрлендіру, ақылға бағындыру да дінінің негізгі ғылымы болып табылады. Бұл гормондық тасымалдаушы түрлерін мен сандық белгімен белгілеп тізіп көрдім. Ең қызығы да, осы белгілердің құран аяттарымен, құран сандық телогиясымен сәйкес келіп, және қандай ағзаларға да қатысты екенін де байқауға сол сияқты шариғат ұстанымы мен дін насихатының адам өміріндегі бұл гормандық қуаттарды жетілдірудегі маңызын да дәлелдеуге болатындығында. Бірақ бұл жолда масһабтық білімдердің тажал болып, бұл кітаптарға жалғанатын дәстүрлік дін жолымыздан, сопылық ілімнен, сан ғылымы болған мағрипатымыздан бас тартқызумен бірге, халықтың ақылын аян алу, түс көрумен, оны жору білімін де жоғалтуға және уахиға құранның құпия сырларына қарсы қоя білуімен ғана құранның мұндай хикметін ендігі ғалымдарға мойындату әрине оңай емес. Дін ғалымдарының, телогтарының өздері қарсы болған, ырымға айналдырған адамзаттың жұбы болған жын қуатының маңызын мойындауы да екі талай.

Бір атақты ғалымен болған сұхббатта гармондар саны 57-ден көп деген пәтуа айты. Ол мүлде мүмкін емес. 57-саны темірдің саны болып, ал жын шайтан негізінен ағаштан, темірден бастап түрленумен шайтан қуаты алтынға, ал жын қуаты күміске айналу керек. Бұл сүре және сандық белгі адамзатың тегімен, ділімен байланысты қалыптасатын кісілік белгісі болмақ. Кісілік белгінің де 9-сапағ бөлініп, сондықтан тәндегі 57-түрлі гармондардың қалыпты болуынан да «Бірінші байлық-денсаулық» қалыптасатын да білген жөн. Негізінен адам баласының кісілігі де, басымен байланысты болып; «Алтын басты әйелден, бақырбасты еркек артық» деген аталарымыз.  Сонымен гормандар тізбесі бойынша құран сандық ғылымын негізге ала отыра толық жын қуаты 72-санымен белгілі болып; 72-57=15 сандық мәні пайда болады. Бұл санды; Ар білімнің намазы, құлшылық сәзждесі, деп атайды. 15-Хыжыр сүресінің 99-аятпен өлшемнің берлуі де жоғарыдағы тақырптағы таспих санының білімін де ескертіп тұрғаны хақ. Және 15-санының пары 51-мәнді санмен де белгілі болғандықтан, бұл сандық мәндегі аяттар негізінен адамзаттың қылығының яғни ар білімінің тәрбиесі түрінде, себептік қозағалыстар мен Алла тағала періштелерімен байланыста болу маңыздылығы туралы баяндалады. Тәурат, Інжіл, Зәбур, Ишая, Шежірлер жазбаларында да құдаймен екі арадағы уәде мен келісім деп ескертіледі. Қазақ халқының ұғымында; «Аманатқа қиянат жасамау»  болып ескертіледі.

Енді Абай атамыздың; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген астарлы насихатна жүгінсек бұл 15-саны 3-түрлі бес қуаттарды меңгерумен байланысты болмақ. Абай атамыз 15-ші қара сөзімен осы көмес сырттан келетін қуаттарды меңгеруді 3-түрлі нәпсінің  адамзатқа беретін  әсерін яғни мастықты жеңумен, естілікті меңгерумен баяндап берген. «…Егерде есті кісілердің қатрында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаныңнан бергі өмірінді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткіздің бе? Жоқ, болмас, не қылып өткізгеніңді де білмей қалыппысың» (15-сөз) Абай атымызға сүйенсек, мастықты яғни жын-шайтандықты жеңудің де 3-түрлі сатысы бар екен. Сонымен Абай атмыз 45-қара сөзбен жалпы адамзаттың ар білімнің тәрбиесінің үлгісін баяндай отыра және пайғамбардық, елшілшіліктің жоғарғы сатысына көтереліу жолын да астарлы түрде насихатап өткен. Шариғат; «Төртеуді түгелдеу», яғни иманың 4-сатысы дәрежелесек 40-санды кісілікті, «Төртеу түгел болса төбеден келеді» Яғни «Үшінші байлық он саулықты» меңгеру болып санлады. Сондықтан Абай атмыздың 4-қара сөзінде; Жын сүресінің ішкі 29-8-аятын арап харпімен белгілеп қалай меңгерудің сырын баядай отыра қосымша 3-түрлі насихатты қосып барлығы 31-санымен; 45-(қара сөз)+31 (астарлы сөз)=76 санмен тура жолдың және 70-бұтақты иман қуатыны меңгерудің негізгі қағидасы; 67; 76 сандық мәндегі насихатты, пайғамбарлық қасиетті, сахабалық дәрежені баяндап өткен.

Құран насихатының сандық телогиясына жүгінсек; Жын сүресінің 28-аяттан тұрып 28-ші аят жын, шайтан қуаттараның адам баласының иман жолдасы, серігіне айналып, «Бір» болуын ескертіп тұр. Ал енді алдыңғы 15-аяты жын-шайтандық қылықтарды ескертіп тұрғаны да хақ. Олай болса осы 15-санды үш түрден тұратын «шеріктерге» қалай жан беріп, армен тәрбилеуге болады, адам балсы бұл жүктермен қалай жүктелеу керек?-деген сұрақтарға жауап іздеген телогтар, дін ғалымдары көп. Сондықтан да 5-парыз деген ұғым туып, оны құр намаз оқумен және оған қажылық  амалды да тіркей салғандақтан бүкіл ислам әлемі адасып, сондықтан жын қуатын ырымға балап, мүлде құлшылық істеріне шығарып тастаған. Ислам әлемінің де жалпы әлем халқының да жындану және азғындап, тәндік гармондық жетіспеушілікке ұшырап және денелік сыртық парымен байлансы бұзылғандықтан түрлі обыр ауруларының халықты қындай қырып жатқаны да осындай ғылымдағы мұндай қутарды меңгеруді терістеген надандық пен тажалдық әркеттерден туындайды. Тажалдық білім әсірсе қазақ елінің зиялы оқымысты қауымы мен, дін ғалымдарына тиісті. Себебі өзге елдерге қарағанда, қазақ жұртының анық дәлелденген сопылық білімі де, кітабы да, дін дәстүрі де бола тұра, оған қарсы зұлымдық қылып, заманға қарай беріліп жатқан белгілер мен құдай үкімнене де ашық қарсылық қылып жатқан елге жатамыз. Бұл жазбалар тек философиялық тұрғыда ғана баяндалуға тиісті болғандықтан көптеген айқын, ашық, құрын және әлем діндері кітаптарынын мысаладар мен қазақ дәстүріндегі айқын нақылдарға, іс жүзіндегі дәлелдерге әзірше тоқталып жатпаймыз. Жазба бетіндегі берілген белгілерге өлшемдерге қарап, әрбір есті, ақылы азат, санасы ашық оқырман өзі зертап көргені да абзал болар еді.

Сондықтан да енді 57-санды ішкі, тәндік, малдық гармондармыздың негізгі сырттан берілетін ақпараттық періштелік және перілік шеріктерді, қандай жағдайда, қалай меңгеру керектігін  біздер өз ақылымызбен көместі, ақиретік несібені, ақ қарасын анықтап, болжап меңгере алмаймыз. «Шеріктер» болып адам ағзасына және рух сипатында енуімен, адам баласы азғындыққа түсу қаупі де зор. Мұндай жағдайда, белгілі бір шайтандық немесе жындық қуаттың басымдылығымен негізгі Адамдық ақыл-ой қуаты өспей қалуы да қалыпты жағдай.

Сонымен енді тәндік, малдық гармондарды басқарушы болған, бойлық бейне тұтасқа айналаған жын қуаты негізінен адам баласының еркіне, бойына, өзін –өзі, өнерлерді меңгеру қиындықтарды жеңу сияқты сипатарын қалыптастырады. Құранда бұл періштелік көктік  белгісі; 72-санымен, орап белгілгенде, адамзат тіршілігінде, билогиялық тұрғыда бейнеленгенде толық сипаты 27-санмен белгілі болып, Мысырдағы 27-м түріндегі адам басты арыстан осыны меңзеп тұрғаны және тәурат, зәбур, інжілден де бұрын адамзат білімінде, сөз философиясында белгілі болғанын  әшкерелеп тұрғаны да сөзсіз. Жын қуатының жыныстық ерекшелігіне тоқталатын болсақ;

Әйелдерде жын қуатының әсерінен орсан зор шабыт пайда  болады. Сондықтан әйел заты сыртқы әсердегі, өрістік жын қуатын шерік арқылы алуға құштар болып келеді. Яғни еркек болуға, еркек кимін киюге, шашын қиып еркек ұқсауға тырысу да еркектің гармонды қосып алуға құштарлық сезімнен пайда болады. Ал еркектерде жын қуатын қандай жағдайда да жүктелгенмен де тез қозғалу, күш қайрат түрінде белгілі болады. Сондықтан да еркектер үшін өзін күшті, қайратты қылып көрсету мақсатындағы жындылығы, нәпсілік құштарлықтар қалыпты болып көрінеді. Бұл еркектік гормонға байланысты жындық қуаттың адам ағзасында барлық сапасында жеке-жеке түрлі қызметтер атқарушы «гормон» түрінде пайда болып, ал негізінде, адам баласының арлылығы яғни адамдық бейне қуатына айналғанда, қандағы алқызыл түйршіктер санымен ерекшеленіп; әйелдерде 0,3 көгілдір ашық түсті 18 санымен белгілі болып, ал еркектерде 0,7 қара сұрғылты түсті 81 санымен белгілі болады. Оң қолдағы 18-саны әйелдік гармонмен және анамен жан негізмен байланысты болса, сол қол 81-санымен рухпен, әкемен байланысты екенін де білген абзал. Сонымен бұл екі санның яғни оң қолмен, сол қолдың арсын жалғап жартқанға жалбарынсақ; 18+81=99 санымен Ар қуатын, яғни ар білімнің негізін белгілейді.

Негізінен әйел, еркек гормондық белгілері қолдағы бас бармақпен байланысты. Мысалға ерек бас бармағы яғни баспен мимен, ойлау қабілетімен байланысты болып, егер әлсіздік жағдайында онда сыртқы өрістік жын қуаттармен байланысады. Сондықтан қылықтың өзгерунен, осындай жын қуатының тазалығының әлсіздіген пайда болған жағдайды; «Бармақ басты, көз қысты», деп астарлап ескерткен аталарымыз. Еркек басының бас киммен қорғалып, тері мен май қабатарының қалыпты болуы да жын қуатының әсеріне яғни «Бармақ басты, көз қыстыға»   бағыныштылық, әлсіздік, тосқауылға түспеуіне жағдай жасауы да сөзсіз. Қазіргі жағдайда ел билген және өздерін зиялы атаған қауым өкілдерінің де жындылық сөз, пәтуамен, түрлі партия құрып ессіздке бой ұруы да осындай жын қуатын тазарту тісілін жоғалтып, жалаңбас жүріп, күн сәулесінің өтуінен, мидың ашуына пайда болғаны да хақ.

Ал әйел бас бармағының да қуатылығы баспен, тікелей мимен, ойлау қабілетімен, сезіммен байланысты болып, бастың қорғалмаған жағдайында қара күштердің немесе шайтанның ақпараттық, хабарлық басқаруына өтеді.  Сондықтан да әйел заттарына баспен байланысты қолдың күтімі, әйелдік кәсіп шеберлікті меңгеру маңызды болмақ. Әйелзатының шайтандық «Бармақ басты, көз қыстылық» жағдайы қоғамның бар саласында індет болып, қалыптасып оны өлшеуге , ақылымен болжауға бұйырылған ер азаматарының өзі жындылыған арыла алмаған.  Абай атымыздың ескерткен толық естілігі қалыптастыра алмағандар қоғамды басым көпшілікті құрайды. Негізінен жындылық сөздер, Пәтуасыз (өлшемсіз, дерексіз), уақты (дүниелік, пайдакүнемдік..тб) арбау, суайтық сипатымен және 3; 73 сандық мәндермен белгілі болмақ. Жындық қуатың сызықтық белгісі сына, найза ұшы түрінде белгілі болып, әйел, ер пендесінің осы тәріздігі алдыңғы шатпен және  төс, кеуде, арқа жақтағы көрінбейтін бұрыш сызықтарымен өлшемі белгілі болмақ. Бұл туралы алда кеңірек баяндап өтеміз. Осындай сызықтық бейнесін көрсету үшін шалбар киіп, төсін ашып алған әйелзатары  сыртық өрістік бейнедегі жын-шеріктермен байланыста тұратын тегіс жын-шайтан топтарына жататынын да білгеніңіз абзал.

Арлы ақылды, естілікті меңгеру үшін де оның білімін де, өлшемін де қандай жағдайда жетілетіні, қандай жағдайда жойылатынын жетік білу керек. Ар білімінің негізі шариғатқа, яғни төртеуді түгелдеуге, 3-түрлі қозғалыс себепшісін тазартып алуға, меңгеруге байланысты болмақ. Бұл жағдайға қысқаша тоқтала кетсек;

Сонымен Ар-білім 99-санды таспихпен арасы 33-тен тұратын 3-кезеңдік 1-ге қосылумен Алланың жүзіне айналумен және жеке-жеке 33+1= 34х3 =102 санды аяттармен және осы мәнді  сүремен де белгілі болмақ. 102-Тәкәсүр сүресі осы 3-негізді қуаттарды бірлеп, төртеуді түгелдеу, алтауды араздастырмай, 8-түрлі қуатарды меңгеру арқылы арды қалыптастыру заңдылығы болып табылады.  Аяттарда; «..Сендерді көбейтуде бәсекелесу айналдырды. (1)… Сол күні, әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар.» (102-8)  Сонымен АР-дегеніміз Ол, Алланың бастапқыда бар, растық сипаты. Сондықтанда; «Малым (тәнім) жанымның садағасы, жаным, арымның садағасы» деген аталарымыз. Енді қаұранда Хыжыр-15 сүресі ар білімінің меңгерудің қуаттық сырларын толық насихатайды. Қандай санмен қандай дәржеде болуын да осы сүре арқылы, гормандар жүйесін де сандар телогиясымен зертеуге болады. 57-түрлі гормондық белгінің біртұтас жүйеге айналуынан елшілік, көріпкелідік, аянға, уахиға жалғануға жететін қасиеттің де пайда болуын көруге болады. Абай атамыз 15-санды мәнді өлеңмен бұл ар білімнің негізін;

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

Ашуың-ашыған у, ойың- кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп болады ермек?…

…Ер ісі-ақылға ермек, бойды жеңбек,

Өнерсіздің қылғы-өле көрмек.

Шыға ойламай, шығындап қылық қылмай

Еріншек ездігінен көпке көнбек….

…Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек.

Таразы да қазы да өз бойында,

Наданның сүйгені-көпен дүрмек….

Абай атамыз ақ жүрек, арлы ақылды меңгеруді осы өсиетімін қазақ дәстүрінің де маңызын ашып көрсеткен. Ал енді дін тұрғысынан да қарастырсақ; Ар білімінің бірінші кезеңі; «Сұбуханалла»-бастапқы ой, үн, сезім, санмен байланысты. Жас кезімізде әжелеріміз жаңбыр жауып, найзағай ойнағанда «Сұбуханалла» деп айтыңдар, шайтан қойындарыңа тығылмайды, дейтін еді. Сонымен бұл қан тазалығын қалыптастырумен, дәрет тазалықпен, шариғат негіздерін меңгеруге байланысты, ар білімінің негізігі ірге тасы,  қан тазалығын қалыптастыру және ақ жүректілікті меңгеру болып табылады. Құранда да 33-сүре жүректің тазалығымен, екі жүзділікпен яғни шайтандық қылықпен күресуді баяандайды. Мүмін аталу да осы таспихты меңгерумен, шайтандық қуатты, қанды тазарта біліумен, елшілік істерді меңгерумен де байланысты болмақ. Ал енді екінші; «Әлхамдулла» деп қозғалыс негізін рух қуатын да ескеріп, өнерді, жынысына сай кәсіптерді яғни жын қуатын тазарту осы екінші 33-санды таспихқа байланысты. Сонымен мұның аят негізі 66; 67; 68 сандармен де аяттарда ескертіледі. Бұл таспихты меңгерумен бірге пайғамбарлық тазартушы, болжампаздық  қастиетті де меңгеру аятта, «Бұл пайғамбарлық Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына берді. Алла, зор кеңшілік иесі.» (62-4) (66)  Ал 66 санды сүре жұбайлық өмір арқылы адамзатқа берілетін несібе нұрды да ескертеді. Үшінші «Аллахуақбар» деген таспихымыз адамдық, жандық болмысымыз және пайғамбарымыздың шапағатына жалғанумен иман қуатымен байланысты болмақ. 99-санды және 100-санды аятармен сүрелер ақиреттік несібе мен Раббымызға жолығуды, хабар алуды және есеп беруді ескертіп тұрғаны да айқын.

Дін тұрғысында; Сұбуханалла-шариғат, әлхамдулла-тарихат, аллахуақбар-мағрипат болып саналды. Адам баласының жандық қуаты да, үшінші негіздегі «Аллахуақбар» таспихына байланысты болғандықтан, құрбандық шалғанда, және көптеген ақриетпен кездесудегі жағдайда, исламдық бүлікшілердің біреуді өлтіретін немесе өзі жанын қиятын кезде осы сөзді айтуы да қалыпты жағдай.

Адам баласы да жаратылу барысында 3-түрлі жатыр қараңғылығында және туылғаннан кейінде үш түрлі сиптаттық жағдайдан өтіп өсіп жетілумен,  Шәкәрім атамыздың баяндағанындай өмірдің үш кезеңге бөлінуі де осы таспихтың, қозғалыс негізінде растап тұр. Бұл сандар құран аятымен де адамның өмір жасымен де тікелей байланысты. Сондықтан тағдыр да негізінен жанмен «Аллахуақбар» таспихымен 67;13-санына иман дәрежесіне де байланысты болып, адам баласы тек құлшылық парыздары, қарыздарын орындау арқылы ғана ар білімін өз жасынан ертерек меңгере алатыны да сөзсіз. Ал болмаса, 34-жасқа жеткенше жын-шайтандық қылығынан, ал 66-жастан асқанша жеткенше жындылық мінезден арылуы да екі талай.  Сондықтан қазіргі таңдағы діннің насихатын, шариғат тазалығын меңгеруден бас тартқандар қандай жаста, жоғары білімді немесе үлкен дәржелді қызмет атқарса да жындылық, шайтандық қылықтарынан арыла алмай қоғамдағы арсыздықты қалыпты деп қабылдау жағдайына соқтырғаны да сөзсіз. Яғни тәндік, малдық өмір жасы болғанымен рухан және жандық өсуі тоқтап қалған, ал масһаб ұстанғандар, тарихат, мағрипат ұсанымдарынан бас тартып, шариғатты жол қылып алумен белгілі бір ақиреттік,  рухани өлімдік екі кезеңнен өте алмай рухани жастары да жетілмей тоқтап қалаған.

Қазақ дәстүрі бойынша 30-да орда бұзу, яғни шайтаның ордасын бұзумен, 40-да қамал алу, жын қуатын меңгерумен, 50-де ердің жасы яғни ар білімін толық меңгерумен еркешеленген. Сонымен бірге; «Жасыңда тасқа (сүйекке) жазып, орта жаста құмға (етке) жазып, есейгенде суға (жанға) жазасың» деген де жан ғылымынан нақыл бар. Бұл тақырпта да қазақ жан ғылымынан, рухани психолгиядан әлемге үлгі болатын, исаламдық азғындықтан да тежейтін, құранның дәржесін маңзын да артыратын кітап жазуға да болады. Бірақ «философиялық ой қабаттары» деген ұғым да бар. Қазіргі қазақ қоғамның Абай атмыздың 4-қара сөзімен өлшесек; Зиялы атлаған қауымының философиялық ойлау қабаттары 15-ші сандық деңгейден аса алмайды. Тек санаулы ғана ақсақалдардың; «Ғайып, ғарбилік басыма түскенен соң», немесе аятта; «Расында Алланың құлы (Мұхаммед) тұрып, Аллаға ғибадат қылған сәтте; олар, оның үсіне үймелеп жабыса жаздады.» (Жын-19) дегендей бастары жабылмай шыбын сияқты, бұл қуаттарды ертіп алып жүргендер де көп. Сондықтан мұндай ғұлма болған ақсақалдардың бастарында да жынды, сары суларының тазармағаны да сөзсіз. Негізінен 31-философиялық көледенең және тігінен де ой қабаттары барын білген де жөн.

Ар білімінің, қазақтың дәстүрлі нанымының да мақсаты, өз жасынан ерте есею болып, «13-те отау иесі» деп, иман үйінің ар сауытының қалыптасуын рухани жастың маңызын  ескерткен. Және рухани тұрғыда  қыз баларды да ұлдардан ерте есеюуге яғни шайтандық қылығын  тазартуға тәрбиелей білген. Ал, қазір жиырмадан асқан қыз баларымыздың жалпы естілігі мен табиғат заңдылығына адамзатың мұсылмандық қарызын,адамдық борышын өтеудің маңыздығы, бұрынғы замандағы әлі 9-жастағы қыздардың рухани ақыл-ойындай ғана. Яғни ар білімі жетілмеген, арсыздықтан арыла алмағандығы көзге көрнеу белгі де. Ал, ел биліктің және зиялы қауым өкілдерінің өздері рухани дәрежеде ар білімінің сауытын қалыптастыра алмай, сопылық ұстаным түгіл, шариғатты да меңгермей құр кітап білім арқылы ғана ғұлама, ғалым аталып, өздернің адасқандықтарын, еркектердің жындылығы, ақыл айтушы биліктегі қатындардың шайтандығы, арсыздығы қоғамдағы мәдениетілік болып қабылданып, бүкіл халыққа тек дүние байлыққа, тіршілік қызығына ғана негізделген тажалдық теріс жолды нұсқап,  әлемнің азған елдермен бірге қияметтік сын сағатының азабына түсуге ғана себепші болғаны да хақ.

(Жалғасы бар…)

VII- Жындылық, шайтандық және адамдық болмыстың сипаттары мен философиясы

(Жалғасы. Басы 1-6 тарауларда)

Сонымен, алдыңғы тақырыпта ескертілгендей  әйелдік гармон мен еркектік гармондардың негізгі жиынтығы 57-санымен белгілі болып, аталарымыз; «Қызға қырық үйден тиым» деген нақыл қалдырғаны белгілі. Әйелдер тәнінде, ағзасында осы гармондардың 40- көздік орны болып және 9-түрлі бездердің яғни құлақтардың бар екенін де білгеніңіз жөн. Бұл бездердің де жалпы саны 57-ге тең болады. 57-40= 17 санды гармондық үнді 7-еуін жерден, 10-санды белгіні ерден, некемен алуға тиісті.

Енді осы тоғыз түрлі ошақтарға енетін 9-түрлі қуаттар тіршілік ету барысында түрлі таза қуаттық азықтармен тәрбилей білсек онда: 40+9=49 санды ақ жаулықтық қуат, діл білімі, иман қуаты пайда болу керек. «Екінші байлық ақ жаулық» дегенімізде әйел затының діл біліміне байланысты қалыптасатыны да сөзсіз. Қыз баланың бой жетіп толысып кемелденуі де осы 49-санды имандық қуатпен, 40-үйінің тазалығы мен 9-түрлі көз бездердің тазалығына байланысты әрі қарай отау құрып, шайтандық қуатын, қанын тазартып, жалпы ер азаматрға тән 72-санды жын қуатын толық меңгеріп «КЕМ+ПІР»  болу үшін де жұбайлық өмір парыздарын өтеумен  23 санды мүміндік қасиетті меңгеру шарт. Бұл үшін әйел затымен ер азаматтарымен кәсіптік айырмашылығы болып, өмірге ұрпақ әкелу, еріне адал жар болу арқылы қалыптасатында сөзсіз. Негізінен екі жарты бүр бүтіндік яғни 57+57=114 санды құран сүресінің барлық негізі ермен әйелдің жұбайлық өмірінде кітап болып қалыптсады. Енді ермен әйелге ортақ 200-санды орынды толтырыу үшін де 86-мәнді сыртқы жартылыстан болатын әсерлерді меңгеру керек.

Осы қарыздарды өтеу арқылы ғана негізінен 58-санды сүреде ер мен әйелдің өз ара бірігуі, яғни «төртеу, мен алтауды» түгелдеу қағидасы орындалмақ. Осы сандық мәннің де жұбы пары болып, яғни 58; 85; 13, 31 ( қосындысы187) сандық мәндегі аяттар сүрелер арқылы ерлі зайыпты жұбайлар арасындаға өз ара гармондардың арласуымен тәндегі негізгі 200-санды ағзадағы жүке жүйелерімен жалғану болмақ. Бірақ бұл орындардың саны 200-болып, енді қалған; 200-187=13 санды рухани қуатты сырттан алу керек болады. Бұл санды қуатарды «Уақ» деп атаған. Ал адамзатқа негізінен меңгеруге тиісті 300-санды  «Ар+Ыс»-тық қуат болу шарт.

Абай атамыз; «…Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтрік, өсек, қастық қылып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, қайдам ен болсын!..Жүз (100) қарға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?» (24-ші сөз)

Енді бұл тақырып басында баяндалған жын мен шайтан өз ара жұп болып, ер мен әйел жұп болатын болса, негізінен ерге де әйелге де жын және шайтан ібіліс періштесі болып ортақ меңгеруге тиісті қуат болып саналады.  Шайтан бастапқы жаратылыс негізінде жылан болып, әйелдік өріске әсер етуші хабар беруші болса, жын еркектік өрісіне жилігіне сәйкес ерік ағашы, жыныс ағашы болып табылады және сыртқы кеңістікте де түрлі қуатық шамада өз бейнелері болады. Сондықтан мұндай қуатарды да еркектер арқылы жүктелуге тиісті болып, ал әйел затарына тікелей жалғануға болмайды еркектерден некмен төсек қатынасы арқлы жүктеледі.  Еркектерге шайтан қуатын әйелдердің тәнінінен тазарудан, өңделуден өткен қан қуаттарының буы түрінде неке жыныстық қатынас арқылы жүкеледі. Ал жын қуатын еркектердің ұрығы нәсілдік сипатқа айналу арқылы, жыныстық қатынас кезінде «Ыс»-қа айналумен, тектілік ағашты, еркектік «гармонды» қалыптастырады. «Жылы жылы сөйлесең жылан інінен шығады.» «Жатқан жыланың құйрығын баспа!» дер еркетерге «Қатынды бастан» бастап тәрбилеу керек болса,  әйелдерге «Байтал шауып бәйге алмас», дегендей өз кәсібін әйелдік жіңішке мінезінің тәрбиесін меңгеру керек.

Сонымен жын жақсы мен жамандықты ажыратушы яғни есту қабілетік жоғары жиліктегі қуат негізін қалыптастырса, ал шайтан көру қасиетін, төменгі жиліктегі сезімдік қабілетті қалыптастырады. Ал сонымен бірге Адам атамызды топырақтан жаратып, таза рухын үрлеп, бұл екі негізден жан қуатының, жарығының пайда болуымен ойлау қабілетін, ақылды берген. Адамзатың ойлау қабілеті сөзге айналып және жанның жарығы рухани киім болып, есту көру қасиеттерімен бірленіп адамзаттың кимін, зейнетін кеңістікте орнын қалыптастырады. Адамдық қасиет ақыл, білім арқылы көріп, есту, түсініп, сезіну болып еркешеленеді.

Бірақ ол үшінде аятта; « Сендерге 8-түр жараттым» деген үкімге сәйкес, бұл сырды Абай атамыз; «Алла мықты жаратқан сегіз батыр

                          Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

                          Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

                          Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.» (86)

***     ***

«Мұны тапсам ойланып, ақын деңіз,

                     Таба алмасам, ақылды болар неміз?

                      Қыс пенен жаз, күн мен түн, тақ пенен жұп,

                     Жақсылық пен жамандық-болады сегіз.»

  Сонымен 8-түрлі қуаттың сыры шығып, бұл қуаттар адамзат өмірі арқылы түрленіп, жарықтық сапаға, қасиерге айналумен және тағы адамзат өнімі рухани шеріктер, жын қуатының бірлігі болған 5-қуатқа қосылу керек.  Және Абай атамыз бұл өлеңді 86-сандық мәнмен (200-114=86) белгіленудің өзінде осы сырдың жатқаны мәлім жағдай. Енді 8-түрлі жартлыс себебімен адамзат өнімі 5-қуатты қосып, барлығы 13-санмен  «Уақ» болып, «Ар» білім арқылы аруақтық иманды меңгеру, даналықты меңгерудің негіздері шығады.

Осы табиғат жартылысындағы сегіз негізгі қуаттарды меңгерумен бірге, ата-баба аманаты, қауымдық 5-түрлі шеріктік қуаттарды да меңгерудің барлық намаздарын қазақ дәстүрінен, мақал-мәтел, нақылдарыннан және Ясауи бамыздың сәни дәптері мен Абай-Шәкәрім философиясынан толық құранның насихаты, тура жолдың қағидасы шығатынын біле бермеймізде және мұсылманның бес парызы деген намаз оқып, зекет беріп, ораза тұтып, қажылық жасауға  байланып қалған масһаб ілімінің жалғандығы да осындай қарпайым сандық білімен аңғаруға болады. Ал негізінен тура жол, сегіз түрлі қуаттардың намаздарын меңгерумен сопылық ұстанымның 8-намаздан тұратынын, Сәни дәптердің 13-сатыдан тұратын да меңгерген, насихатын ашқан ғалымдар әзірге қазақ елінде жоқ. Дін ғалымдары керісінше бұл ата жолының құндылықтары мен құранның заманға байланысты құпия сырларын жарыққа шығармау үшін тажал болып, өз халқымен,  әулие аруақтармен  ел билігінің, зиялы қауым қолдауымен ашық соғысып, халықты рухани зұлымдыққа ұшыратқаны  да айқындалар күні де жақын қалды. Енді осындай жағдайда Ясауи жолының намаз орындауларынан аз ғана мәлімет келтіре кетейік;

Ер азаматтарға негізінен 30-түрлі  әурет үйлері болып, гармондық 57 санын толтыру үшін 19-санды белгіні ана сүтімен, қанымен «нағашы ағашынан»  мирас және сынақ қылып, 49-санды иман қуатын тағдырына алатын болса, ал қалған 8-санды яғни сегіз түрді өмір сүру барысында меңгеру толықтыру керек. Жалпы қандай тағдырлық себеппен де өмірге келген ер азаматтарға гармондық қуатты толық алу үшін 27-санды жаратқаның бұйырған намаздарды орындау мен құлшылық істерін меңгеру арқылы ғана мүмкін болмақ. Сонда ғана; «бірінші байлық денсаулық» қалыптасуы да сөзсіз. Ал жын қуатын толық меңгеру үшін 13-санды «Уақ» қуаттарын яғни шеріктік қуатарды меңгеру шарт. Жалпы қандай да бір ер азаматқа 72-санды жын қуатын толық меңгеру үшін де негізінен 72-30=42 санды яғни жақсылықты, «Шындық-хақиқатты» рухани жүктерді меңгеру шарт. Бұл рухани жүктелудің 32-санды бөлігі «Сәзждемен» ата –баба аманатын, ұлтық салт-дәстүрін меңгеру құлшылығымен байланысты болса, жамандықты меңгерудің ішкі сыры да, үшінші байлық, көктік нұр 10-саулыққа қарама- қарсы тұрған жамандықтың 10-санымен белгілі болып, әрбір пендеге мінезді меңгерумен, тазартумен жеке-жеке жүктелумен байланысты болмақ. Бұл жағдай жүректің ахуалымен байланысты болып, жүректі тазарту да осы 10-түрлі жамандыққа қарсы амал жасаудан пайда болатын, аятта; «Олардың жүректерінде дерті бар. Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. Сондай-ақ оларға өтрікшілердің салдарынан күйзелтуші азап бар.» (2-10)

Мәшүр Жүсіп атамыз  «Заман болжауы» атты еңбегінде; «Ақырзаман-сол адамдардың азуы. Орыстың дініне кіріп (гүлге шоқынып), харам асын , азығын ішіп, салтына түсіп, өз дінінен, салтынан, тілінен, әдер-ғұрпынан айрылып, адамдар бір-бірмен өш, қас, аяусыз дұшпан болады. Тіпті бірге туған туыста тату-тәтті боп тұрмайды.

Бұндай заманды қиямет дейді,

        Бір заманда адам адамды жейді.

        Адастың ғылым іздеп ақылменен,

        Сөзіңнің жалғаны көп мақұлынан.

Ер жігіттің дұшпаны он болады,

Қайын-жұрт, туған туыс жақынынан.

Жуыма бұл ағайынға сырын білмес,

Зиянды ол бір ағаш жеміс бермес.

Бар болсаң еркелейді ит секілді,

Жоқ болып, өлдім десең қолын бермес.

***   ***

Ер азаматтарға өз мінезін меңгеру, жын қуатын тазарту, тек ағашын жетілдіру  барысында міндетті түрде болатын сынақтың 10-түрлі жүктердің болатын ескертіп және дін тұрғысыда бұл сайтанмен байланысты болатынын

«Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,

Шақылдап көзге түстім сауысқандай.

Түлкінің қызылдығы өзіне сор,

Болғандай, болдың маған өнер-білім!..

Бір нақыл, жұрқа таңсық, жәдігер сөз,

Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан;..

Базарға жұрт жиналған келе жатқан,

Лағына (шайтан) жол үстінде ұшырапты кез..

Ол малғұн келеді екен жолмен айдап,

Он қашыр, бес есекке жүгін артып.

–Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді.

Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді.

Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып;

«Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?»-дейді.

–*Сен шықтың тура жолдан асып,-дейді.

Біздерге жол қисығы нәсіп,-дейді.

«Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарға,

Барамын мен де қыла кәсіп»,-дейді.

-Топыраққа бас ұрмаймын деп қылап ар,

Бұрынғы дәуреніңе (періштелік) сен болдың зар.

Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады,

Сататтын, малғұн, сенің, не пұлың бар?

–*Жүгім бар көрмеймісің он бес көлік,

Келемін айуанға артып екі түлік.

Жұртта тыныштық, бүтінін ойламаймын,

Саламын көп бас қосқан жерге бүлік….

****   ****

Жүк еді он қашырда бір ретті,

Артқаным бәріне де тамин (дәме, тілемсектік) еді,

Біреуін тілеушілер (намазхандар) талап кетті.

Иіне ала қоржын салған алды,

Қайыр сұрап жұрт тынышын алған алды.

Пірге қол берген сопы, бірәдарлар,

Жұртан пұл жинап, қажыға барған алды.

Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті,

Тоғызы өтпей біраз тентіретті.

Қожа, молда, ишандар елді жеген,

Дағдарып тұрған шақта солар жетті.

Ақсақал, қажы, қожа саттым шалға,

Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға.

Қожа, молда көтеріп алды бәрін,

Еңбексіз тапқан жұрттан тегін малға.

«Біз үйде қалай шыдап жатамыз,-деп,

Мұны алсақ, қарық олжаға батамыз,-деп,

Шайтаннан көтерме алған бұл тамтиғы (дәмесі)

Қыдырып үйден-үйге сатамыз»,-деп.

Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды,

Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды.

Біреуде шай, біреуде ет қайнаттырып,

Жұртан пайда шығарып алмақ болды.

Олардың және айтайын қылған ісін,

Бұлдайды кейбіреуі көн терісін.

Бас-басына бір мисуақ омырауында,

Егер өткір қылуға тамиғ (дәме) тісін.

Басына дағарадай сәлде салды,

Жұрт қоршап, «ой, тақсыр» деп ортаға алды.

Түлкінің құйрығындай бұлғаңдатып,

Құйрығымен сәлденің тапты малды.

Тәпсіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап,

Надандық қисық-қыңыр жолға бастап,

Онысы-жерге шашқан бидай, тары,

Торғайды келу үшін торғай бастап.

Бұлардың қылған ісін қылмайды ұры,

Құйылған кеудесіне шайтан қоры.

Мол қылып жайнамазда жайып салып,

Алғуам, кәл һауымға (көршілікке, шәкіртікке) жайған торы…

Тамиғтың (дәменің) тырнауышы болсын деп сол,

Қажы барып алып келген сақал тарақ.

Қапшығын қайыршылық тоқып алған,

Өнер жоқ (мақтан, дәреже) бұлар білмей қапы қалған.

Жұртан зекет алуды дұрыстауға, (заңгер, қаржыгер)

Байлар бала оқытты жиып жалған…

Жүзі қараның айттам деп арсыздығын,

Қылмайын ақ қағаздың жүзін қара.

Шайтаннан қылды сауда көтерме алып,

Орнына бұлар жүрді, шайтан қалып.

Басында бақ, үйінде дүние мол,

Алдына жүздеп, мыңдап малын салып.

Байқамай жазып өттім бес-алты жол,

Еркіме қоймаған соң қызығып қол..

Дін қайда осы күні, ғылым қайда,

Тұрған жоқ анық көңілім бір құдайда.

Лақ (шайтанмен) пен тоқты (сабыр қуаты) алам  деп жүрген жаннан,

Ойлайсың тиеді деп кімге пайда.

Айт, тауып жастанайын босағасын,

Молданы бала оқытқан Құдай үшін…

Айтсаң тіліңді алмайды қатын, бала,

Енді мұны айтамын кімге ғана?

Өзіңді «жынды» дейді, «шайтан» дейді,

Не қылсаң өзің қылдың хақ тағала…

****  ***

Осындай жүктерді; ( негізінен;10+5+4=19) меңгеруге байланысты намаздарды аталарымыз; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, Алтау араз бола ауыздағы кетеді» деп ескерткен. Және 58-санды сүреде де; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла тағала көктермен жередегі нәрселеді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла, Тағы бұлардан аз,ия көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады….» (58-7) (5+8+7=20) Абай атамыз 10-қара сөзінде; «Біреулер құдайдана бала тілейді. Ол баланы не қылады?..Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта» деп, біреуді боқтатып, «кәпір»-қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазатандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде молданың ең арзанын іздеп… осы ма берген тәлімің?  …Бұл- құдайден тілеген емес. Бұл-абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік….Ғылымсыз ақирет те жоқ, дүниеде жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан орза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды…»  деген ескертумен, осы 10-сандық мәндегі қуаттарды, жүктерді меңгерудің жолын намазын да көрсеткен. Ал енді 20-шы сөзінде; «Тағдырдың жарлығы білесіздер-өзгермейді. Пендеде бір іс бар жылғу деген. Ол-тағдырда адамен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі  тапқан емес…Бірақ осы жалығу деген әрнәрсені көрсем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамның пиғылы…» деген ұстанымен құлшылықтардың мақсаты да ой қуатын меңгерудің нәтижесіне байланысты болып, аталарымыздың; «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» деген мақалының маңызын, тарихтан, шежіреден ата-баба аманатынан мұқият болып, ата  -салт дәстүрін меңгерудің маңыздылығын насихатайды.

«Сендерге 19 санды сынақ қылдым» деп ескерткен жаратушымыз. 19 саны құранда «Мәриям» сүресімен беріліп, осы мәндегі шайтан қуатын меңгерудің маңыздылығын ескертіп тұр. Діл білім нәсілдер тазалығы деген де осы бір сүрмен 19-санды сынақтан ақыл-ойдың философиялық кедергісінен өтуді меңзеп тұр. Бұл санды меңгермей және жын қуатын бір қуатқа дәржелемей, 20-ші санды даналықтың алғашқы сатысына өту мүлде мүмкін емес. Ал қазіргі таңдағы қазақ қоғамындағы зиялы, ақсақал аталған ұлтымыздың  дәстүріміздің үлгісін, аталар аманатын, тақуалық, сопылығын біздерге орта буын өкілдеріне үйрететін қауым өкілдері, керісінше базарлары әлі тарқамай, тіршіліктің қызығынан әлі жалықпай, тақуалық жасап, бұл өмірдің баянсызын біздерге үйретпек түгіл өздері де түсінбей, жалаңабас, жалаңаяқ өлілерге мүсін жасап, оған гүл қойып, жын сияқты түргеліп тұрып еске алып, бас кимін алып жындарға табынумен шайтан жамағатына айланып алып, ислам дініне қарсы шығып, халықты азғындыққа ғана бастап бара жатқанын білер емес. Шәкәрім атамыз; «Қайтқан шал» деген өлең насихатымен;

Күнде керуен келеді бір сарайға,

Неше бөлек үйі бар әрбір жайда.

Сансыз көп саудагерлер келіп жатыр,

Біреу жылда қайтады, біреу айда….

…Мен қызыққа айналдым үйді ойламай,

Тұрған сайын құмар боп мейрім қанбай.

Жолдасымды іздемек болдым бір күн,

Жалғыз қалсам болам деп әлде қандай…

…Қонған шығар бұрын да талай қонақ,

Бәріне де жетеді асың бол-ақ.

Кейін тағы келетін керуен бар,

Жер босаттым, бұл үйге кірсін сол-ақ.

Кейінгіге сәлем айт, біз байғұстан,

Бұл сарайда көп екен бізге дұспан.

Қызықтырып, қыздырып алдайды екен

Біреуі іштен болады, бірі тыстан…

…Алдап алып артынан ергізеді,

Адал деп арам боқты тергізеді.

«Бұл- қызық, міне пайда, әне айла»-деп,

Жаның түгіл арыңды бергізеді.

Тұруға уақытым жоқ сөзді ұзайтып,

Барамын асығыспен елге қайтып.

Сусын деп у бертін сұм сарайдан

Кетейін кейнгіге сырын айтып…

Ал, енді  өмірден өткен аталарымыздың, даналарымдың сәлемін, аманатын алғысы келсе де ала ала алмайтын пайғамбар жасына келіп,  өмір базарынан жалығудың сырын білмек түгіл,   қырыққа толмай, дінші ғалым, телог, имам қылып халыққа ақыл айтқызып қойған шайтаны аралас жындыларға бұл жазбаларым керісінше жүректеріндегі жын-шайтанын түртіп оятып, ашуларын ғана қоздыруға себеп болары хақ. Сондықтан пайғамбар жасынан асқан, амалсыздан қаны тазарған аға буын өкілдеріне бірі іштен, бірі сырттан келетін жын-шайтан туралы ұғымды философиялық қысқа насихат түрінде таныстырып шықсам, мүмкін тіршіліктегі керуен сарайдан артағы орта буынға орын босатып, иман жолдасын, серігін яғни жынын тазартып, 19-санды сынақтан, философиялық қабаттан өтіп, біртұтас адамға айналып, қазақ халқын алдағы күндері тосып тұрған «қызыл қырғынан»  құтқаруға, мемлекет билігін де дұрыс жолға салуға жәрдемі тиер деген үміт қана бар….

(Жалғасы бар..)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *