VI-Құлшылық ұғымдарының философиясы. Ақылды сынау және рухани құндылықтарды меңгеру арқылы өзіңді-өзің тану.

Бөлім: Құлшылық философиясы 72

     (Басы 1-5 тарауларда)

Ақыл бар жерде өмір бар. Ақылдың шамасына қарай өмір танылады. Кімнің қалай өмірді бағалап пайымдауына қарай естілігінің шамасы да белгілі болады. Барлық адамдарға өзін-өзі танып ақылды болу қабілеті берілген. Адамзат баласы есейген сайын өмірдің де қыр-сырына қанық болып, неден пайда, неден зиян келетінін және көптеген дүние қызықтарынан жалығып, өзінің жанына қуат беретін нақты шынайы өмірдің сырын іздей бастайды. Енді мұны рухани тұрғыда жетілумен, дін тазалықтарын меңгерумен байланысты иман келтіру, яғни имандық байлықты меңгеруге ниеттену, талап қылу деп атаймыз. Иман келтіруді; қарапайым пайымдап көрсек, бұл ақылды болу, ақылдың толымдылығы және есею, естиярлық шамаларымен өзін-өзі тану арқылы жаратылыстағы қаракеттік өмірдің ақ-қарасын, пайда-зиянын, білімін меңгермей-ақ, ілім арқылы танумен, анықтаумен көрінісін табады. Мұны бірақ көп жағдайда имандылық туралы білім арқылы танып амалын жасап, тек сауап алумен ғана шектеліп, ал иман қуатын жүрекке ала алмайтынымызды аңғармаймыз. Ал мұндай білімділік арқылы және өзгені тану арқылы сауап жинаумен, ізгіліктермен көрінісін тапқанымен білім тұрғысында ғана ақылды аталуға құштар болумен көрінісін де береді. Сонымен біз өткен заман ақылды аталарымыздың иман қуатын, меңгерген істерін, құлшылықтарын қайталағанмен оның қуаты біздер үшін сол замандық ақыл қуаты ғана болып, ал заманға сай бұл ақыл қуатымыздың көптеген тосын және кейіннен пайда болған білімдер мен қарсылық күштердің, күнәлік жағдайымыздың, себептер мен себепшілердің әрекетінің пайда-зиянын, ақ-қарасын анықтауға жетімсіз болмақ. Олай болса білімді аталғанмен заманға қарай толымды ақылды болмағандықтан иман қуатын жеткілікті дәрежеде меңгеру де мүмкін емес. Және біздер өзімізді тануды ақылдық қуатымызды меңгеруді ілімдік тұрғысында да діни құндылықтарды меңгермей мүмкін емес екенін көп жағдайда мойындағымыз келмейді де, өзіміздің ақылымызды біліммен ғана шектеп қақпанға салып, шайтандық сезімдік теріс қысқа ақылға құлданғанымызды да аңғармаймыз. Адам баласының бойында жаратылыстан 3 түрлі қасиеттің қызметімен бір тұтастыққа айналуға міндеттеген. Олар; 1.Көбею-жынмен, 2.Тіршілік ету-шайтанмен, жанмен байланысты; 3.Шындықты мойындау— Адамдық сипатпен, ақылмен байланысты болмақ. Сонымен екі түрлі нәпсінің болмысымен бірігумен «екі жарты бір бүтіндік» болу арқылы көбейіп, тіршілік етіп оларға да адамдық қасиеттерді ақылды сіңіріп, бір тұтас кісілік болмысқа яғни мәңгілік өмірге деген ынтасын, құлшынысын арттыруға қалай меңгеруге байланысты дін қағидаларын ақыл қылып бізге берілген. Бұл ақылдан нәр алып, заман білімімен оны жетілдіріп отыру және бұл қуаттарды үнемі өсіріп отырумен бір мезгілдік, дәуірлік, замандық уақытқа байланып қалып надандыққа, хайуандыққа түсіп кетпеу де біздер үшін сынақ болмақ. Сонымен біздердің тектік, генетикалық ақпараттық жүйеміз де сезімдік ақылдың жағдайына байланысты және де сезімдік ақылымыздың да шамасы замандық ақпараттық қозғалыс қуаттардың дамуына қарай жетіліп отырады. Сондықтан бағзы замандардағы сезім қуаттарын тазартуға арналған қандай да бір дін құлшылығы, жан тану білімі тәрбиемізде бұл замандық қуаттардың жылдамдығына, айналымына әлсіздік танытып, адамзаттың ақылының тоқырауға түсуіне де себеп болмақ.  Егер қандайда бір қозғалыстардың тұтастық жүйесінің дамуы үшін де оған қарама-қарсылықтың болуы шартты болса, онда қара зиянды ақпараттар жүйесінің де даму үдерісі болып, біздің бұрынғы замандағы біліммен, өнермен, шаруашылық істермен, еңбектің алуан саласындағы жетістіктермен, өнім және тамақ өндірумен айқын болған қаракеттік ақылдық қуаттық шамаларының заман өзгерісінің білімдерін, әрекеттерінің пайда-зиянын айырып біздерге ақыл беруге әлсіздік қылуы да хақ. Бірақ бұл мүлде жарамсыз болады деген ұғымды білдірмейді. Біздердің жындық қуатымыз Днк түрінде өзгеріссіз тұрақты тегіміз болып, ал шайтандық қуат негізінен көбеюге тән әйелдік гормон болып, сезімдік ақыл қуатының негізінен өнетін Рнк-лық ақпараттарымыз табиғат жаратылысымен бірге даму үдерісінен өтіп отырады. Табиғи тұрғыда жан-жануарлар әлемімен байланысты тұрақты тек болып, ал адамдық тұрғыда ақылдың өркениетімен де замандық уақыт жылдамдығына тәуелділікке байланысты ақылдың соңғы өнімі сана қуатымен ГЕН-іміз, қандық тегіміз де жетілуге тиісті. Сондықтан да біздердің ақылымыз негізінен тұрақты екі текке байланысты сезімдік ақыл және қаракеттік интеллекттік ақылдың негізін құрап бұлардың адамдық тұрғыда жетілдіріп отыруға екі түрлі; Сезімнің аңғарымпаздығы, Қаракеттік ақылдың алғырлығы (таланттылығы) деген екі сипатымен ақылдың алғашқы 4 сатысын бірлеуінің сыры пайда болады. Сонымен бұл төрт санды ақылдың табиғаттық жаратылыстық көбеюмен, тіршілікпен байланысты болып; Төрт жаратылыс негізі қозғалыс басы, төрт періште, төрт мезгіл-бір жыл, төрт құбыла, төрт қандық тек, төрт кітап т.б. төрттен бір қасиет сапаның ұғымның сипаты БІР ақыл қуаты шығады. Сонымен адамзаттың өзін-өзі тану мен басқару жүйесі екі негізден тұрып; бірінші жүйе; 4-пен, екінші жүйе; 6-мен болуынан құранда аятпен ашық белгі бар. Даналыққа 6 қадам деп алдыңғы жазбада таныстырып кеткендей, біз енді тағы да алғашқы жүйенің бірлігін тәнмен байланысты негізгі тектік, генетикалық бірлеу жүйесін сезімдер мен түйсіктен және іштен, сырттан келетін белгілермен, қуаттардың алмасуымен байланыстылығын тағы да мысалдармен қайталай кетейік.

Сонымен алғашқы адамзаттың бәріне тұрақты меңгеруге парыз болған; «Төртеуді түгелдеу» ақылымыздың толымдылығы болса, бұл жағдайдың сипаты негізінен ең төменгі дамудың алғашқы сатысындағы сезімдік ақылдан пайда болады.  Сезімдік ақыл; сумен және жәндіктер, өсімдіктер әлемімен тығыз байланыста қалыптасады, жетіледі де. Біздің тіршіліктік өсіп-өнуіміз, тамақтану ерекшелігімізге соған байланысы барлық дүниелік істеріміздің білімінен де пайда болатын өмір сүру салтымызбен де сезімдік ақылымыздың жағдайын анықтауға болады. Біздер сезімдік ақылдың қуатымен көреміз, сезінеміз және осындай сезімдер жүйесі арқылы затты бейнелеп, танимыз онан пайда алу мақсатында түрлі қимыл әрекеттерді жүзеге асырамыз да. Егер нәрселер бейнесі сезімдік қабылдауда болмаса онда ақыл-ойда да бұл нәрсе, әрекет бейнеленбейді, болмайды. Сезімдік ақылдың тіршілік қамында нәпсіміздің, тәніміздің сезімдік рахаттану, ләззатануымыздың қажетін өтеу барысында шамасынан да асып-тасуы болмақ. Мұндай асып тасудың 3 сипатқа тәуелді болып; 1. Тірі қалу үшін күрес-қорғану  қарсылық (инстинкті). 2. Өзін-өзі қамтамасыз ету инстинкті, тіршілік үшін күрес. 3. Ұрпақты жалғастыру үшін күрес инстинкті сезімдік ақылдың негізгі тіректері болып табылады. Бірақ біз бұл инстинктермізді, сезімдік тітіркену, жиіркену, түңілу қарсылығымызды белгілі шамасына қарай шектеп, тәрбиелеп, өзімізге тек пайда ғана алу үшін бұл ақылдың екінші жұбы болған Сезімнің аңғарымпаздығын жетілдіру шарт.

Сондықтан да өз шамамыздан асып-тасып, рухани азғындыққа түсіп тегіміз тозбас үшін; Ата-баба тіршілік әдеттеріне сай сезімдік ақылды, сезімнің аңғарымпаздығы ақылын жетілдіріп сезімдік ақпараттық жүйемізді қадағалауды меңгермесек, онда міндетті түрде  ақылдың еркіндігі шектеледі, адамзат шектен шығып түрлі ұятсыздықпен адамгершіліктерден бас тартып өмір сүре бастайды, яғни әйелдік жыныстық гормондардың басымдылығымен шайтан ықпалын жүргізе бастайды. Ал сезімнің аңғарымпаздығын тәрбиелеп ақылды жетілдіре алсақ, онда ақыл ерікті болып, ал бос ақылға шайтан ықпалын жүргізе алмайды. Адамзаттың өмірінде «қажеттілік» пен «ынтазарлық» төмен болған кезде ғана ақыл еркін бола алады. Ал бос, еркін ақыл ғана құдайға жақындата алады. Сонымен құдайды тану үшін біз сезімнің аңғарымпаздығын жетілдіру яғни ақылдың бірінші дәрежелі сатысын тепе-теңдікті сақтап меңгеруді үйрену керек екен. Бұл ақылдың тәрбиесін қазақта «Қызға қырық үйден тиым, ұлды ұрымға қондыру деп атаған. Қызға қырық үйден тиымның тәнмен байланысты ақылдың үйі болған орындарын көрсетсек, 1. Құлақ бездері; құлақ астында, есту қабілетімен байланысты; 2. Тамақ бездері; ас қорыту жүйесіне байланысты; 3.Ұйқы бездері;Жан өрісін қалыптастырушы; 4.Көкірек бездері; 7 түрлі  аналық без қабілеттілігі. 5.Ас қорыту жүйесі; Асқазан және ас қорыту бездері. 6. Ішкі құрлыс; бауыр, өт жолдары. 7.Жатыр бездері; Ұрпақтық көбею. 8. Қуық бездері; несептік ағзалар. 9.Бүйрек, нәжіс тамырларының бездері. Бұл бездердің қалыпты жұмысы істеуі, тазалығы әрине ер балаға да ортақ бездердің тәрбиесі, саулығы қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен талай ғасыр тәрбиеден өткені де хақ. Ал ер азаматтарға да әйелдік ортақ бездермен бірге негізінен тектілікті сақтау яғни ақылды меңгерудің 6 түрлі нәзік жандылардан  ерекшелігі бар. Бұлар; 1.Ойлау қабілеті. 2. Іскерлік. 3.Белді таза ұстау. 4. Табанды таза ұстау.5.Бел қуатының нәрлігін қалыптастыра білу. 6. Желке тұсқа абай болу. (жетелік) Бұл алты белгінің де өз ағзаларының тазалық жағдайына, саулығына байланысты сезімдік ақылдың қалыпты жетілуі де болмақ. Сонымен бірге әрбір ағзаның жұбы, пары болып ақпараттық өзара жүйеге айналумен де ерекшелігі болатынын да білген жөн. Оған алда қайта ораламыз. Сонымен бұл сезімдік бездердің дұрыс жұмыс істемеуінен адамзаттың, ұлттың тегі де жетілмей түрлі аурулардың бастауы болады. Яғни ақылдық қуаттардың жетілмеуінен, тәрбиесіздіктен, ұятсыздықтан, күнәлі ақымақтықтан ғана ауру пайда болатынын да білген жөн. Себебі ақыл деген тек амалмен немесе айтылған сөзге ғана тәуелді қуат емес,  керісінше адамзат ағзасының барлық жұмысын қадағалап оның хабарын жүрекке миға беріп тұрушы рухани күзетші, адамзат өмірін, тіршілігін, қимыл-әрекетінің барлығын басқарушылардың бірі екені де  хақ. Адамзат әрекетін жүрек, қайрат, ақыл үшеуі басқартынын да алдағы уақытта талықылап түсіндіреміз. Сонымен бірге біздердің замандық білімнің шаруашылық әдістердің, адам еңбегін жеңілдетіп мәшинелерге жүктеумен бірге, адамның қоғамдағы тіршіліктегі маңызын бағалау, өлшеу тәсілдеріміз де өзгеріске ұшырап;  ақылдың рухани тұрғыда ақылдылықты, білімділікті тән тазалығынан, ар, ұят тәрбиесіне бөліп қараудың өз себебі бар. Қаракеттік ақылдың сезімдік ақылдан мәні жоғары болып, екі арадағы көпірдің сезімнің аңғарымпаздығының жоғалуына тұрмыстағы салтымыздың өзгеріске ұшырап, ар ұяттылықтың маңызы болмай, енді біз бұл замандарда тек сезімдік ақыл және қаракеттік ақылды ғана ақыл де бағалап өзімізден-өзіміз асып-тасып, әлем халқының тәндік азғындықтан туындаған рухани азғындықққа түсудің соңы әлемдік түрлі дағдарыстардың, апаттардың, қайғы-қасіреттердің, жазылмайтын індеттердің ошағына айналып алдық. Бұл жағдайды біздер сыртқы ортадан, табиғаттың түрленіп зиянды өрістердің артуынан деп түсіндіреміз. Ал шындығында адамзаттың өзінің тәнінен пайда болған сасық иістер мен зиянды қара өрістердің артуы да рухани қуаттардың жетімсіздігінен, ақылдың азуынан пайда болып, бұл жер бетіндегі әлемдік тіршілік ортамыздың ластануына да соқтырып жатқанын біз бүгінгі бөлек-бөлек жүйеленбеген ақылдың көмегімен анықтаудан қалдық. Енді ақыл туралы біліміміздің өзі қате болғандықтан біз ақылдың маңыздылығы мен қуатын және оны жетілдіру, бір жүйеге айналдыру білімінен да хабарсыз болып қалдық. Ақылды болу үшін ақымақтықтан құтылу үшін де ақылдың себепшілерін, әрекеттерін міндетті түрде біз анықтау қабілетін аңғарымпаздығымызды, алғырлығымызды жетілдіру білімін де меңгеру шарт.

Сондықтан да біздің қандай дәрежелі сипатағы ақылымыздың аңғарымпаздығын қалыптастыратын сезімдік, қаракеттік ақылдың өзіне-өзі асып тасып шамасынан шығып өзімшілдікпен негізделуден арылу үшін де дінінің  тазалығын меңгеруміз керек. Онда қандайда бір сипаттағы ақылдар дәрежесінің қуаттылығы, молдығы, жетімділігі де ортақ сарайы тәннің  тазалығына, тән ағзаларының түрлі дерттерден, сырқаттардан аман болуына тікелей тәуелді болмақ. Және ауру адамда ақылдың толымды болуы да мүмкін емес. Сонымен ақылдың негізгі жәрдемшілері; Жете, зерде, зейін, сана, жат, жады, зеректік деген қуаттық шамаларының тән сарайындағы мекендейтін орындарын тағы да ескерте кетсек; 1, Жетемимен байланысты ұйқыда қуаттанады. Сондықтан да жетелі болудың да тәрбиесі бастың күтімімен, сыртқы әсер қуаттардан қорғайтын киіммен байланысты әйел, еркектің ерекшелігі және табиғаттың мезгіліне райына, өмір жасына қарайды да басты қадірлеумен қазақ дәстүрінің ар білімінің де негізі болып табылады. 2.ЗердеҚұлақпен байланысты есту қабілетін арттырады. Құлақты жылы ұстаумен, әйелдерге сырға салудың және есту қабілетін жетілдіруге арналған дәстүрлік ауыз әдебиеттерінің шығармашылығын, шежірелік үлгілерді де меңгерудің, аңыздар мен қиссаларды тыңдаудың да, музыка өнерін меңгерудің де маңызы зор болатыны да сөзсіз. 3.Зейінділіккөзбен байланысты жұлдызбен жалғанады. Көзбен байланысты тәрбиенің де қазақ дәстүрінде өзіндік мәні бар. Бұған тамақтанудан бастап әдептіліктің сұқтанып қарамаудың, әйел затының еркекке көзіне тіке қарамау, өзге де бір жағдайларда таң қалып тесіле қарамау, әуретті ашық жерлерге сұқтанып қарамау сияқты құранда; «Әй мүміндер, көздеріңді сақтаңдар» деген Раббымыздың ескертуінде де зейінділікті жетілдіру тәрбиесінің маңызын білдіреді. 4.Санатерімен, төбемен байланысты аспан әлемімен жалғанады, жүректе, қанда негізгі рухани үйі болады. Сана негізінен адамның терісімен байланысты ақпараттардың жүйесін басқа төбеге сақтап, онан төбедегі иненің жасауындай тесік арқылы тікелей жүрекке хабар бере алатын, жүректің ойлау қабілетін қалыптастыратын ақыл қуатының ең маңызды бір құрлымы болады. Қажылыққа барғандағы шаш алдырудың да осы санамен терімен тұтас бойды қалыптастырудың амалы болады. Ал бас теріні қорғамай төбедегі 7 чакра бой өрісінің ошағын майын жетілдірмей саналымын деген де жалғандық. Бас киімсіз еркектің, орамалсыз әйелдің саналық ақыл қуаты бар болуы да мүмкін емес. Сондықтан қанша шариғаттан, Құдай үкімінен хабар беріп уағыз, үгіт айтқанымен басын жалаңаш ұстауға әдеттенген пенденің ұяты келіп, арланып зияндылығын жүрекпен түсінумен басын жапқанын мен өз басым өте аз кездестірдім. Демек «Санасызға сан айтасаң да түсінбес» деген адам баласының санасы және жетесі ұғыну, түсіну қабілеті яғни жүрекпен, қанмен, ұждандылық көкірекпен де тығыз байланысты екені де сөзсіз. «Адам басқа мақұлықтардан айрықша қасиетімен ерекшеленеді. Өйткені оның ағза мүшелерінің көмегімен іске қосылатын күштер пайда болатын жан дүниесі (ақылдық қуаттары) бар, сондай-ақ онда ағза мүшелерінің көмегінсіз-ақ (сыртқы бой өрісі арқылы) қарекет ете алатын алапат күштер бар, бұл күш оның санасы болып табылады.»(Әл-Фараби) Ғұлама бабамыз адамазаттың мақұлықтық, жануарлық тіршіліктен айырып шектеп тұратын, адамзаттың терісін сақтап, сыртқы бой өрісін жетілдірумен ерекшеленетін ақпараттық ақыл қуаты болған,  санасының қуатының ерекшелігін атап кетіпті. Олай болса адамзаттың арлылығының, ұяттылығының, сезімінің тазалығының негізгі көрсеткіші сана қуаты екені де сөзсіз.

5.Жат-адамзаттың жаттау, есте сақтау қабілетінің бірі болып –білек арқылы жермен, топырақпен жалғанады. Жаттау қабілетіміз, кіндік кескен жеріміздің топырақтық қасиеттермен де байланысты рухани жер аналық қуаттардың білекпен жалғануымен яғни жермен байланысты еңбек етіп білекті де тазартып күте білу тәрбиесімен де байланысты болмақ. Ал білектік ақылдың қуаттылығы қол өнерімен, саусақтың шеберлігімен  де музыка аспаптарында ойнаумен де тығыз байланысты болмақ. Бұл есте сақтау қабілетінің де қуаттық көмекшісі де болмақ. Сонымен бірге әйел затының білектік жаттық ерекшелігі де болып еркек ұрығының майларының білекке зейнеттелуімен оны білезікпен байлап қоюдың да әйел естілігін жетілдіруге маңызы зор болмақшы.  Сондықтан білектің тазалығынан алақан жылуының да тазалығы қалыптасып, білекке қарсылық қуаттардың орын алмауын сақтай білудің де естілікті қалыптастыруға ойсыз жатталған ақпараттарды сақтауға маңызы зор. Мұның ойға байланысыты жұбы; Жадықос жауырынмен, тілмен, тілдік біліммен байланысты жетіледі. Жауырынды көп жағдайда тіл, көзбен байланысты да түсінеміз. Жауырын негізінен сырттан арқа жақтан келетін, арқаулық қуаттың аруақтық ақпараттарды жинақтаушы болып табылады. Жады сананың кейде орнына жұмыс істеп жадылық қабілетіміз білімді тоқумен байланысты да ұғынамыз. Жауырынды жалаңаш ұстайтындар әсіресе әйел заттары қара өрістермен жалғанып олардың жадыларында теріс ақпараттық қуаттардың яғни арсыздықтың жәрдемшілері  ғана орын алады. Мұндай жағдайда ұялу, қымсыну, өзін жайсыз сезіну сияқты адамдық тектілік қабілеті мүлде жоғалады. Керісінше өзге елдердің арсыз салтына, әдеттеріне, сезімдік ләззаттануға құштарлық болып, өзінен-өзі асып-тасуына да себепші болмақ. Қазақтың салтында ер азаматтардың жауырын ұстатпауы да осы ақылдық текпен, бақсылық қасиеттермен де байланысты болады. Тек ақылдың біліммен байланысты жат пен жадының жағдайынан қазіргі таңдағы көбірек жастайынан білімді меңгеру немесе құранды басына аяғына дейін жаттаудан ақылды талантты ұрпақ тәрбиелейміз деген зиялы қауым ел биліктің ақымақтығының дәлелін де осындай талдаумен көз жеткізуге де болады.  6.Зеректіккөкірекпен, көңіл сезімдік ақылмен байланысты рухани үйлері балтырмен, тіземен жалғанады. Адам баласының ақылының аңғарымпаздығы, ақ ниеттілігі, ақирет өмірмен байланысты саналы түрде діннің қасиеттілігін жүрекпен түсіну, қабылдау қабілеті, ілімді меңгеру де зеректікпен байланысты болып, ақылдың да тез шешім қабылдауына ақ пен қараны, пайда-зиянын ажыратуға басты көмекші болып аяқтың, балтыр, тізенің тазалық жағдайымен саулығымен тығыз байланысты болмақ. Сондықтан да қазақ дәстүрінде әйелдерге етектің төмен болуы, балтырдың ашық болып сұқталудан сақтаудың маңызы және осы тұрғыда қонышты аяқ киімнің де маңыздылығын, зеректік қабілетті жетілдіретінін де білген. Ер азаматтарға да аяқта мәсі немесе қонышты етіктің балтырды, тізені үнемі жылы ұстаудың маңызы зор болмақ. Сонымен бұл тәндік ағзалардың адамзаттың ақыл қуатымен байланысты және сыртқы әсерлермен де байланысқа түсу қабілеттері де болмақ. Егер бұл ағзаларда сырқат белгілері пайда болып немесе қара қуаттармен де  жүктелетін болса онда ақылдың тазалығы, өз мәнінде айқындығы да, түсіну қабілеті де кем болмақ. Мұндай жағдайда ақыл қуатының әлсіз болуы яғни  естілік те кем болуы да адам баласының жын қуатының басымдылығы да яғни жындылығы да қалыптан шығып, асып-тасуы да, мақтанға түсіп тәккаппарлыққа түсуі де  сөзсіз. Олай болса жандық қуаттың, иман қуатының болуы мүмкін емес және мұндай пенденің иманды аталуы да дұрыс емес, себебі қателіксіз сөйлеп ақ пен қараны ақылдың қатысуынсыз жаңылыспай тануы да мүмкін емес. Бұл пайымдауға қазіргі таңда намаз оқыған, Алланың барлығына сенген пенделерді мейлі қандай жаста болса да иманды, саналы, ақылды атап үйренген біздің құлағымызға бұл ерсі сияқты болып көрінгенмен ақылдың маңызын, оның қуаттары мен барлық өлшемін жоғалтқан жаппай ақымақтық болмысымызда бұл да қалыпты көрініс болмақ. Бұл жерде онда дінде біліммен ізденіп, амалын орындап, сауап жасап ізгі істегендерді қалай атаймыз деген сауал туындайды. Рас, қандай да болсын жақсылық игілік істерді жоққа шығаруға болмайды, бұл бұрынғы өткен замандағы аталарымыздың өмірлік тәжірибесі меңгерген иманының, ақылының білімдік үлгісі, бірақ қателіксіз деп және артық-кемсіз деп тағы айтуға болмайды. Әрбір заманның дәуірлік, ғасырлық қуаттық, білімдік түрленген шамалары болмақ. Және қандай бір ақылдылық амалдарға қарсы күнәлі амалдардың да әрекеттердің пайда болуымен үнемі електен өткізіп отыруға адамгершілік қағидаларды заман ағымына қарай жетілдіріп отыруға тиістіміз. Болмаса біздің білімге негізделген амалдарымыздың өзінен ақымақтық және имансыздықтардың туындауы да сөзсіз. Мұндай жағдайда адасу болып өз ақыл қуатымен Құдайдан келген белгілерді, түрлі хикметтермен байланысты сырларды, жақсылық құндылықтарды анықтай алмайды. Қаракеттік ақыл мен сезімдік ақылдың қанша мол болғанымен де сезімнің аңғарымпаздығын, ақыл тазалығын қалыптастыра алмаудан жалған құндылықтар жетегінде кетеді.  Мұндай ақымақтықтықтың өзін қадағалап тәрбиесін меңгеру керек…(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *