XII-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 43

Сонымен Алла тағаланың ғылымы, құдіреті барлық сипатында да болып, ал біздің адамдық болмысымызда, жер бетіндегі өмірімізде бұл парасаттылық қуатымыз болып бейнеленіп және адамзаттың рухани жарық өнімімен жұлдыздық-кісілігімен байланысты болады. Біздер жаратылысымызда Алланың Өзі сипатының кісілігінен, ата-баба нәсілі аруағынан жаратылып, жеті ата-баба, нағашы жұртымен байланыс белгілерін алып және  жер бетіндегі барлық адамзаттың нәсілімен де байланыстық жүйе құрылыммен өмірге келеміз. Бұл белгі біздің Адам ата жаратылысынан бастап жалғанатын құранымыз, жүректегі кітабымыз болып саналады.  Сонымен бірге әлемдік жаратылыстың адамзаттың өміріне байланысты барлық белгілері де адамзаттың бойында орындары (нейрондары) болады. Бұл орындар арқылы біздер жаратылыстық нәрселердің  барлық белгілеріне, мейлі хайуандар, жәндіктер және өсімдіктер, тау-тастар болсын олардын шығатын қуат, күш, сезімдік жүйелермен байланыста тұра аламыз да, мұны екі аралық жүйе болып, барзақ әлемі немесе тылсым деп атайды.

Сонымен біздің жаратылысымызда әлемнің барлық құпия сырларына жауап жазылатын белгілерміздің де саны 700 болып, оның адамзаттың жанымен байланысты; жүректегі 200 белгі жұлдызша (нейрондық) белгілермен басқаралады. Ғылымның негізі бізге мәлім болуға тиісті барлық жауаптары да адамзаттың денесінде ақпараттық жүйе болып жаратылыстан сыйға берілгенді.  Бұл қасиеттіліктің; «төртеу  түгел болса» деген негізгі берілген аманат жанмен байланысты, төрт ақылдың қуатын меңгеруге тәуелді болады. Және ол әр ұлттың тіліне сай, 3 түрлі тектік (үш ағаш, нәсілдік) белгісін, үш жұртын, 3 кітаптық (құран, інжіл, тәурат) белгісін құлшылығы толық қамтыған жағдайда әдет-ғұрып, салт-дәстүрін меңгерумен тікелей нәтижесін береді. Бұл кітапты меңгеруді аятта; «Оны сенімді рух Жәбірейіл келтірді.(193) Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды.» (26-194) (120) Сонымен жетілген адам баласына 194 белгі кітап болып, оның 6-сы өзіндегі жандарымен байланысты, барлығы 194+6=200 белгіден тұруы шарт. Бұл жалпы ислам елінің ғалымдарына, сопы, тақуаларына байланысты болса, араптар үшін; «Ап-ашық арап тілінде» (26-195) (195+5) деген бес парыздық намаздарды орындау, шариғатты берік сақтау арқылы 5 қуаттың олар үшін міндетті меңгеруімен байланысты болады.

Ал, енді  кітап берілген елдер үшін аятта; «Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді» (26-196) (196+4) «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген қазақ елінің дәстүрі бойынша алтауын араз қылмайтын әдет-ғұрпы бар біздер үшін, төрт ақылды меңгеруге дәстүрін қалыпастыруға, сосын жүректеріне құраннан кітап алуға арналғанды. Және бұл бұрынғы замандағы пайғамбарлар, елшілер, ғұламалар, сопы, ғалымдар үшін; «Израил ұрпақтарының ғалымдарының бұны білулері, олар үшін дәлел болмай ма?» (26-197) (197+3) деп ашық ескерткен. Ясауи бабамыздың да осы үшеумен меңгеру туралы шариғат, тарихат, мағрипат деген құлшылық үлгісін қалдырудың да маңыздылығы осы аятпен де байланысты. Сонымен араптарға түсірілген құранның барлық елдерге кітап түрінде оқылуын; «Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгде елге түсірсек те(198) +(2) Ол, бұны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді.» (26-199) (199+1)  Бұл құран кітабының өліктермен байланысты тұрып, адамдарға тікелей 2 және 1 сипатпен яғни 3 түрлі жағдайда баяндалуын, насихатталуын ескертеді. Құранда 42-сүре 51-ші аятпен ашық ескертілген. Бұл хикметті жағдаймен, қазақ елінде болған Ақ ұлдың 1 сипатты жүрек ашу мұғжижасымен, 2 түрлі тылсыммен байланыстың басталуымен де ерекшеленеді.

Ал, енді мұндай құранның  адамзаттың барлық ұлтына да беріліп, оның жүрекке жазылатынынан бас тартып, тек қана арап тіліндегі кітапты ғана мойындап, өзге көмес кітаптық сипаттарына қарсылық білдірген інжілдік, тәураттық ақталудан, намаз орындауларынан бас тартып және  Алламен байланысуды, кітабын алған құлдары арқылы хабар алуды терістеген масһабшы, діншілер үшін; «Осылайша Құранды күнәкарлардың жүрегіне қойдық» (26-200) деген үкімнің орындалуымен құранды кітапсыз, тікелей оқып теріс түсіну әдеті қалыптасып, қазіргі таңда ислам әлемінде  «қиялдық», «фанаттық»  біржақты пайымдаулар мен «экстремизмге» соқтырып, мұнан қазақ ел билігі, діншілері мен зиялы атты қауым  өкілдері де ақылдарын қақпанға түсіріп, жүректері жабылып, арты ақырзаманға келіп тірелгені де хақ. Бірақ ел басымыздың жоғарыда баяндағандай кітап берілгендер тобынан болып Астананы салудың да тылсыммен аян, уахимен жетелеумен жүректегі белгі кітап санымен байланысты болып, бірақ бұл кітапты толық меңгеріп бекіте алмағаны да белгілі жағдай.

Сондықтан да бес қадаммен елдің әл-ауқатын көтеру, өнер, білімді меңгеруге, шаруашылықтың озық әдістерін меңгеру, осы тұрғыда ел басқарудың тиімді тәсілдерінің жобасын жасауымен «мәңгілік ел» жобасының алғашқы қадамын бастағаны да құрандық жүйемен,  адамзаттық құлышылықтардың амалдарымен тікелей байланысты. Сонымен алдыңғы жазбада құлшылықтарды тақ сандармен; 3;5;7;9;11 белгіледік. Негізінде 4 түрлі құлшылықтың 3 негізгі жаратылыс тегімен (ойлау, көру, есту), нәсілдік белгімен, 3 түрлі (қызыл, көк, сары) ғылымның негізін меңгерумен дәрежеленуін ескерсек, онда ел басымыздың бастамасының жалғасы  енді  қалған 2 сипаты болуы керек. Бұл бес қуатты, бес күндік жалғандықты меңгерудің сыры 15-санды белгімен адам баласының өсіп-өнуін текті ұрпақты өмірге әкелумен байланысты және мұны махаббатты меңгеру құлшылығы деп атаған дұрыс. Абай атамыз бұл сырды «Имани гүл» деп баяндаған.

«Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш сен шындық  деп біл. Ойлан дағы, үшеуін тарқатып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл..» Енді әділетті хақ жолын және «Ол алланы» жаннан артық сүюді қазақта; «Малым жанымның, жаным арымның садақасы» деп ар білімін меңгерді осы үш сүюдің құлшылығы деп түсіндірген. Және оның үш байлықпен тікелей байланысты болуын да ескерген жөн. Енді осындай жағдайда ар білімі 15 санымен байланысты болып, Шәкәрім атамыз; «Бір ханның кеудесіне жара шыққан Оған ем табылмапты тамам жұрттан. Айтқаны қате кетпес бір балгерді Әкепті естіген соң даңқын сырттан. Ол айтты:-Бұл жараның емі бөлек, Табылса, алғызыңыз құнын төлеп. Маңдайында қаз-қатар үш меңі бар Он бестегі баланың өті керек….Ел жалынды ата-мен анасына, Көп мал ал деп баланың бағасына. Жүз мың ділдә алды да кедей сатты, Шыдадым деп баланың қазасына….Ардақтаған ата-анам малға сатты, Қазы бұзды ұялмай шариғатты. Хан мені өз жаны үшін құрбан қылды, Енді кімге айтайын мұң мен дәтті?..»

  Сонымен мәңгілік ел болу үшін 15 санды періштелік ұжданың ханда, қазыда, ата-анда болмаса онда  100 қадаммен яғни жүз ділдаға малдық қуатты меңгерумен, қазақтың көсегесі көгеріп кете алмайды да. Қазақтың ұжданын осындай кеудесіне жара шыққан ел билігі мен білімді қауымның өкілдері, дін имамдар қазылық жасап, ұлттың ұжданын 100 ділдаға сатып жібергенін білеміз бе? Сонымен қандайда бір кітап берілген ғұлама болсын құлшылықтың негіздерін, ар білімін толық меңгеруден бас тартса, онда ібілістің қақпанына түсіп, аяқ астынан ібілістің еркін орындап, оның ұрпағы болып аталады. Себебі  тектің (кет!) бірі ібіліс, білім тұрғысында ғұлама періште болып саналады. Бірақ ілімге қарсылық білдіреді. Ел басымыздың 3 тілді меңгеру керек дегеннің өзі осындай білім тұрғысында 3 түрлі ғылымның дәрежеленудің негізін ойлағанмен, 15 санды ұждандық періштелігі, ар білімі толық қалыптаспай,  ібілістің еркін орындаумен айналысып кеткенін аңғарудан қалған. Оған кінәлі жәрдемге тұрған түрлі саладағы уәзірлердің, философ ғалымдары мен дін ғалымдарының надандығы деп білген жөн.

Бұл үш түрлі иман гүлінің сөз ғылымын меңгерумен байланысты және үш нәсілдік белгіні қалыптастырумен қазақтың салт-дәстүрінде 3 жүзге бөліп,  жеріміздің барлық мекенінде өмір сүрумен, жер анамен, табиғатпен тұтастықта болып, бұл қуаттарды ө ара қыз алмасумен, текті тазартумен, жеті атамен қыз алысу негізінде қалыптасқан. Бұл жағдай қазақ ұлтын бір тұтас бірігуге, махаббатпен өзара қарым-қатынас жасап, ол алласын сүюді меңгерудің сырын; «Ұлы жүзге қауға бер де малға қой, орта жүзге қалам бер де дауға қой., кіші жүзге найза бер де жауға қой» деп ескерткен. Ел басымыздың нәсілдік тегі ұлы жүз болғасын, малдық қуаттарды меңгерудің бес қағидасы 100 қадамының жобасын жасап шықты. Мұны ғылымның көк түсімен, тәураттық құлшылықтарымен байланысты деп түсінген жөн. Ал енді орта жүздік бес қағиданың сары түсті меңгерудің сырын, жандық қуаттарды, алты ауыздың бірлігін сақтап, дәстүріміздің ғылымды меңгеру үшін; «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген ұл-қыздың, жастардың тәрбиесімен байланысты болып, бұл дәстүрді, ұлттық негіздегі шариғатымызды, құранды теріске алғанымыз үшін сарыарқада су апатымен, Астанаға да ескерту беріліп жатыр және жалғаса береді де. Ал енді кіші жүздік жауға қарсы тұрудың сыры болған; ата жолында аруақтардан бата алу мен зияраттау үрдісін, құрбан шалып, қызылды, інжілдік құлшылықты меңгеруге де ел биліктің, дінші қауымдардың тарапынан тиым салынып және күн құрғатпай ақпарат бетінен, мешіттерден қарсы уағыз айтылып мазаққа алғандықтан қазақ еліне әлемде  бірінші болып ақырзаман үкімі түскені де хақ.

Олай болса, біздер ел басымыздың бастаған бес қағидасымен мәңгілік ел болып жартылай да қалыптаса алмаймыз. Ол үшін де енді, 7х3=21; 9×3=27; 11×3=33; сандық негіздегі парасаттылықты меңгеруді және қалған үш түрлі сипатына да жобамызды құдайда ғана алып амал қыла аламыз. Ел басымыздың бес қағидасының үш түрлі сипатын білім тұрғысында, ата баба дәстүрі тұрғысында меңгеруге жобаны жасай аламыз, ал қалған үш сипатты толық меңгеруді әрбір адам баласы жеке-жеке орындайтын намаздық амалдармен, құдай ісімен тікелей байланысты да. Сонымен  7 санды құлшылық негізі жанымызды тазартумен, жетелікті қалыптастырумен, жер ана рұқымен жалғанумен, жеті ата тарихымен, сабағымен жалғанып (тарихатты меңгеру) қазақ дәстүріндегі тіл білімі шешендікті меңгерумен де байланысты болса, ал  9 саны тікелей інжіл мен Ғиса пайғамбарымыздың көріпкелдік, емшілік, дарындылықты меңгеру үлгілерімен, ата-анаға шүкірлік, тәубені меңгеріп; саналық ақылды, бір естілікті меңгерумен байланысты болады. Ал енді  11 санды құлшылықтың негізі; Мұхаммед пайғамбарымыздың сопылық намаздарымен жалғанумен, Ясауи баба көрсеткен ілімнің сырын, Ардың сауытын қалыптастырумен яғни; Ол Аллаға махаббатты толық меңгерумен байланысты болмақ...(жалғасы бар 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *