XIII -БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 56

Пайғамбарымыз; «Не нәрсенің де, құлшылықтың да ортасын ұстаныңдар» деген өсиет қалдырыпты. Діннің ортасы арап еліне келген исламның бес парызға, бесінші сүреге негізделген исламның шарттары болып табылғанмен құлшылықтың ортасы шүкірлік яғни жаратушымыздың нығметіне, шапағатшы киелері, көркем есімдерін меңгерген достарын ұлықтап, рахмет айту болып табылады. Абай атамыз; «Ол Аллаға махаббат, адамзатқа махаббат қылу және хақ жолын әділетін сүйю керек» деп ескертіпті.

Сонымен Алламызды танып, адамзаттың бір кісіден тарайтын туыстық жандық, рұқтық себептерін түсіну үшінде, әуелі ортасы хақтың, әділеттің жолында бола білуіміз керек. Алланы тануға ілімді меңгерумен ал адамзаттың жаратылысын танып біліуге тарихтағы дін ғұламалары, әулиелердің қалдырған білімдерін, насихаттарын, ғибраттарының ақ қарасын ажыратып меңгеру жолына шығуымыз керек. Бұл жолды аталарымыз;

Ілім және білім ортасын таппасаң бүлін.

Бұл екі араны табу, меңгеру заман белгісі болып адам баласының барлық тіршілік мазмұнын қамтитын аса күрделі мәселе. «Жұп пен таққа серт» деп ескерткен жаратушымыз.Енді санмен белігілеп түсіндіріп көрсек; Ілім ғылымның тегі жұп болса білім ішкі сыры тақ. Ілім-4, білім-5, екеуінің қатынасы ортасы өлшем бірлігі «МИ». Әл Фараби атамыздың дәлелдеп ғылымға енгізген нысана бірлігі. Сондықтан әрбір танымал болуға тиісті мәселеге кіріспестен бұрын мазмұнын түсіну үшін діннің де, ғылымның да барлық тарауларын түбегейлі тексеріп терең білу керек.

Ондай болмаған жерде тиіп қашып, үзіп жұлу арқылы бүкіл ғаламдық мәселеге кірісуге бола ма? Екінші жағынан шала шарпы білгеніңмен өзің адасасың, сонымен қоймай өзгені де адастырасың. Адамдық ардан адаспаудың басты жолы өз еліңді тіліңді өз еліңнен шыққан ғұламаларды жеткілікті дәрежеде тани білсең ғана адам атанып «Адам білгенді адам білер» деген қағиданы ұстанарсың. Болмаса өзге арқылы өзіңді тануға тырысу ақымақтықты тудырып надандар қатарынан табыларың сөзсіз. Қазақ тағдыры дінің де еркіндіктің де тәуелділігінен құтыла алған жоқ. «Игілікті сырттан алынса, ол тағдырға тәуелді. Тағдыр –тәуелділік.» «Бақыт дегеніміз жағдайдың өзі» деген бабамыз. Олай болса әрбір пенденің өмір сүрумен, өмірге көзқарысы, әдет, әдебінің жағдайынан ғана әлеуметің жағдайы туындайды. Демек ұлттың рухани әлеуметілігі ғана сол ұлттың ішіндегі тұрғындарының бақытты-бақытсыздығын туындадатады да мұны шығырмашылық арқылы сол ұлттың дарынды, даналағымен сөзбен бейнелеп түсіндіруге болады. Тағдыры тарих болып жазылады.

Ал мұндай жағдайда шығармашыл ойдың басқа ел жазушылары мен ойшылдарына тәуелді болудан асқан қатер де жоқ. Көптеген тәпсіршілермен әр қилы кітаптарды тексерусіз оқи беру-қаңғыбастық пен желөкпелік сияқты. Тағдырың да солай жазылмақ. Енді қазақ тағдырын тәлкекке айналдырып жатқан қарапайым ғана қателіктерге тоқталсақта болар. Қандайда болсын қозғалыс тегі уақытқа ғана тәуелді. Көктен болсын жерден болсын адамзатқа берер несібе уақытпен өлшеніп, мезгілдерге бөлінген. Жаратылыстың өлшеуін білмегендер адасады, әлек болады. Оның өмірі аласұрып аттанған жолаушы тәріздес. Әр нәрсенің өлшеулі шек-шеңбері бар, белгілі белдеуі бар. Айдың, Күннің, жұлдыздардың -әрқайсысының өзіне белгіленген жолы бар.

Табиғат ғаламы үлкен ғалам, адам кіші ғалам, дүние ішіндегі дүние. Бұл екеуінің сәйкес заңын, келісім үнін таба алмасаң өзіңе қажетті өмірден сыйыңды да алла алмайсың. Соған байланысты екі есеп жүйесі бар. Күн мен ай есебі екеуі 19 жылда толық тоғысып отырады да жеке –жеке қозғалыс жүйесінің қайталану «циклы» 11-жылмен байланысты. Олай болса 11+11=22 және 19 санды белгілердің құлшылық негізі болуы, адамзаттың сынақ сандары болуы шарт.

Сондықтан ерте заманда Шумер-Вавилион ғалымдары жылдық мезгілмен аспан әлемнің ішкі уақытының күнге байланысты жылдық мезгілдірін сәйкестендіру үшін де; «Осы жылда он үшінші ай қосылсын...» деген тас кітапқа жазылған әмір бар. Осы есептің өзіндік шешу жүйесін ертедегі шығыстан әкеліп Афинаға әкеліп таратқан адам Метон деген астраном (қазіргі жыл санаудан 432 жыл бұрын). Сонан бері батыс елі бұл есепті Метондық цикл (мүшел) деп атайды. Бірақ бұл есеп жүйесінің ерекшелігі 19 жылдың 12 жылын Ай есебімен 12 айдан қалған 7 жылын 13 айдан деп алуымыз керек. Демек қазақтың күнге байланысты 12-айлық ежелгі жыл мүшелін ай мен жұлдыздар тоғысымен табиғат өзгерісін бақылаудан ауытқулар ерекшелігі де бар.

Енді қазіргі таңда әлемде екі түрлі Ай уақытын есептеу тұрақты санау жүйесі бар. Жер бетінің тіршілік ету бойынша күн есебімен 12 айдан Григорян жыл санауы мен, мұсылман халықтарына тән 11 аймен Хижра жыл қайыру болып табылады. Неге 11 ай деп сұрақ қоюыңыз әбден орынды. Қандайда болсын қуаттық шама 60-тың жартысы немесе жыл мезгілін есептеу де 30 санына тәуелді. Құранда 30 санымен парамен белгіленген. Хижра жылнамасы бойынша 355 күнді құрап 30-ға бөлсек 355:30=11,833.. қалдық саны шығады. Және айдың толық аптасы болмаса жұма қайда кетеді? Мұсыландар жұманы григорянмен есептеп, қалғанын хижраға телу ақымақтықты тудырмай ма? Григоряндық жұптық жүйемен байланысты апталық Жұмасыз қандай намаз оқу есебі болмақ? «Тақ пен жұпқа серт» деген жаратушы үкімі қайда қалмақ?

Негізінде ілім күн есбімен байланысты негізгі жұрптық қозғалыс болса, оның білімі, жаны тақтық жүйе аймен заман, дәуірлік, тағдырдырлардың тоғысы тақ сандық хижра жүйесімен байланысты болып, бұл екі жүйенің ортасын ұстауды жұлдыздардың әсерін меңгеруді діннің негізгі құлшылығы болуы шарт. Дененің шамы көз болса, ал әлемнің шамы жұлдыздар болып аятта; «Сендерге қараңғылықтан жол тауып жүру үшін жұлдыздарды жараттым» деген Алла тағала. Олай болса, құлшылықтың ортасы негізгі басқарушы жеті жұлдызбен, пайғамбарымызға түскен жеті санды аятармен байоланысты болып, нмаз оқудың, арап дін салтының діндердің ортасы болып оны бес парызбен белгілеуде де құпия сыр бар. Пайғамбарымыздың шапағатына жалғану да 7-сандық белгімен байланысты деп түсініу керек.

Ал Құранда мезгіл есебі тек ясин сүресі яғни 36 санына тәуелді түсірілген. Осы екі санау жүйесімен аспан әлеміндегі ай жүрісіне байланысты жұлдыздар орнының ауысу белгісін жуықтау есебінсіз дәлме дәл есептеп білуге болады. Онда жұлдыздар тоғысы екі тербелістен (күн,айлық цикл) тұратынын жұптық және тақтық белгілерін табуға болады. Демек ғылымда әлі мән бермеген ежелгі антик ғылымдарынан бастап іздеген құпия сыр күнделікті пайдаланып жүрген санау жүйемізде тұр. Бірақ мұсылман елдерінің құлшылық жасауда қателесу белгісі де осындай жағдайдан туындаған. Яғни айдың 11-сандық циклын алғанмен күнің жүйесімен ара қатынасын өз ара тоғысы 19-сандық адамзаттың сын белгісін есеп жүйесін алмаудан болған.

Сонымен қандайда болмасын тіршілік нәрі жыл мезгілдеріне тәуелді болып, тек мұсылман елдерінде Хажға бару жыл мезгіліне тәуелсіз және ораза айының да 10-күн алға жылжып отырумен байланысты, аспан жұлдыздарының орны мен көк есігінің ашылуына, 11-жұлдызымен және үркермен тоғысынан (11+1=12), жер бетіне түсетін нұрға байланысты болады. Сондықтан Құранда; «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер. Сондай-ақ мүшкіріктер сендермен түгел соғысқандай олармен түгелдей соғысыңдар. Әрі расында Алла тақуалармен бірге екенін біліңдер.» (Тәубе-36)

Демек тәпсіршілер көрсеткен; Зылқида, Зілхажжа, Мұхаррам және Режеп айлары бір жылдары қасиетті айлар санына кіргенмен кейбір жылдары шығып қалады. Сондықтан аятта; «Сөзсіз айды кешіктіру; қарсылықты арттыру. Сонымен кәпірлер жолдан шығарылады….» (Тәубе-37) Тура жолдағы елдер 12 ай есебімен жүріп тек ораза айы ғана 5-ші құрметті ай санына кіріп, сондықтан жоғарғыдағы ежелгі Метон есебімен сәйкес келеді. Құрметті 4-айдың есебі әлемдік уақытың ауыспалы тағдырына емес, тұрақты ілімдік қуатына жұптық күн жүйесіне барлық қозғалыстың тіршіліктік нәтижесіне байланысты болуы да шарт. Яғни күндік 11 цикл мен айлық 11 циклдың тоғысы үркермен мезгілдің райын туындатып, хаж-22 жұптық белгімен 88-сандық адамзатың құлшылықтық 88-сәруарлық белгілермен, басқарушы (гараскоптық) 12 шоқ жұлдыздырмен жалғануды (22 x 4 =88) білдіреді.

Сондықтан да Қазақ салт-дәстүрі бойынша; Наурыз, Мамыр, Маусым, Шілде айлары жер ана рұқымен көктегі басқарушы жұлдыздармен табанымен және төбеден азық алатын, жанымен жалғанатын қасиетті хаж айлары болып, осы айларда әулие бастарына қасиетті жерлерге барып түнеп жаратушыдан шипа жәрдем тілеген. Себебі жұлдыздардың жер бетіне, тіршіліктің көбейуіне байланысты ең көп әсері де осы айларға келеді. Ал хижра жыл санауымен тек қасиетті түндердің тазартушылық сипаты мен жанға тікелей әсері болатын ораза, қажылық уақыттары белгіленеді. Мысалға миғраж, барат, қадір т.б түндері 11 жұлдыздың жерге толық нұрын түсіретін мезгілдері болып табылады.

Сонда 11 аймен түн есебі, 12 аймен күн есебі және жыл мезгілі діннің нақты есебі болуы кеерк. Күн есебі жұп, түн тақ. 8-жаннат, 7 тозақ. Жұма үнемі аптаның 8-ші күнінің есебіне кіреді. Сондықтан арапша «ғұмыра, таматтуғ, қиран, ифрад» деген қажылық түрлерін төрт айдағы зират амалдары емес пе? Неге сөз мағаналарын зертемеген дін ғұламалары? Демек құрандағы хаж айлары жоғарыдағы 4-айда орындалу керек. Негізінен жыл басы наурыздың 22-нен басталғасын (күн мен айдың толық жүйесінің теңелуі) сәуір айы алғашқы жыл басымен тоғысып қасиетті айдың бірі болып есептеледі. Сондықтан «сәуір болмай тәуір болмас» деген мақал қалған. Құранда Хаж сүресінің 22 санымен белгіленін қасиетті айлардың наурыздың 22-нен басталуы бекер емес.

Қажылық адам баласына мүмкіндігіне байланысты өмірінде бір рет орындау тиісті болып, орындай алмаса иманға нұқсан келмесе, ал хаж міндетті түрде орындалуға тиісті болып, ал орындалмаса иман өспейді толық жетілу болмайды. Оған дәлел; «Раббымыз, екеумізді де өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла көр, әрі бізге хаж ғамалдарымызды көрсетіп, тәубаларымызды қабыл айла, әлбетте Сен өзің тәубені қабыл етуші, ерекше мейрімдісің!» (Бақара-128) Алла тағала тарапынан түс, аян арқылы хаж амалдары ескертіліп отырады да сол амалдарды орындау арқылы адам баласы тағдырдағы жазылған, білмей істелген қателіктерді аманаттарды орындау арқылы тәуба келтіреді. Онда арапша ғұмыра өтеу болса, қазақша киелі жерлерге тәуап ету немесе әулие бастарын зираттау, аянмен берілген аманат етілген жерлерге барып тәуап жасау, мұсылманның міндетті тәуба келтіру хаж амалдары болып табылады.

Ал бес уақыт намаз оқу, Алла бұйырған парыз амалдар шүкірлік ету болып табылады. Тәубасыз шүкірліктің де мағынасы аз. Тәуба мен шүкіршіліктің де орындау айырмашылығы бар. Шүкіршілік адам баласының жаратушы тарапынан түсірілген, көрсетілген немесе пайдаланған нығметтерінің егесіне рахмет айту амалдарымен бірге және істеген қателік күнәларына кешірім сұрап құлшылықтар жасауы болса, сол сияқты ұлтық салтық дәстүрлік амалдарды бұзып, әртүрлі күманға беріліп жолдан адасу сияқты қателіктерді ақылмен тауып соған байланысты артық хайыр, сауап құлшылықтар амалдарын жасауды, қиыншылық сынақтардан сабырмен жеңе білуді шүкірлік жасау деп айтамыз. Қазіргі таңдағы бес парызды шүкірлік амалы қылып алумен, бұл құлшылықтың қазақ дәстүріне тән сипатын жоғалтып та үлгірдік.

Негізінде шүкірлік құлшылығын орындау үшінде алдымен тәубе келтірумен, яғни күнәдан ақталумен әр пендемен Алла тағала тарапынан құпия берілетін аманаттарды орындау арқылы жүзеге асады. Намаз оқу да тәубенің амалынан болып саналады. Және намаз оқумен ғана біз тіршілік ету барысындағы әр түрлі шектен шыққан күнә, қателіктерді көрсетуін сұрап, аян, түс арқылы анықтаумен, оларды жою мақсатында және тағдырына жазылған орындауға тиісті әулетке, жеке басына берілген меңгеруге тиісті қаситет қабілет шамасына қарай әлмисақтан жүктелген аманаттарды жүктерді лайықты орнына қайтару да керек. Сондықтан бұл аманат, жүктер әр пенденің тәубелік намазының меңгеру шамасына қарай түспен көрсетіліп, аянмен жұмбақтап, уахимен ескертіліп отырады. Намаз оқумен бес парызбен біз ата-бабамыздан қалған жүктерді көлемді түрде меңгеруге мүмкіндік аламыз.

Бірақ мұндай тәубелік аманаттардың намаздарын орындау орындамау әр пенденің ерікті түрдегі өз шаруасы болмақ. Түбінде ахиретте сұралып, кейде тіршіліктегі өміріңде азапқа, ауруға ұшырап немесе әр түрлі бақытсыздыққа душар етеді. Жалпы Ілімді өзгеріске түспейтін дәлдік нақты таным-ақиқат ғылымы десек, онда біздің біліміміз күмәнділік өзгеріске түсіп тұратын тіршіліктік таным ғылымы болып, ал болып жатқан заман құбылысын толықтық таным; Алланы тану ғылымы деп атаймыз. Олай болса нақты болуға тиісті, болып жатқан құбылыстар мен білім, ғылым арасындағы сәйкестіктік танымды ақиқат ғылымы деп атаймыз. Ясауи бабамыз ақиқаттық ғылымды меңгеру үшін де шариғатық танымды, тарих ғылымын және мағрипат-жаратылыс ғылым деректерімен 99 мың ғылым белгісын меңгерумен ғана ақиқатты тану керектігін баяндап кетіпті.

Демек ақиқат кітабы; ар ұятылық танымы; тарих тағлымы; жартылысты тану ілімінен пайда болған, әр ұлттың елдің жазылып жатқан кітабы салт – дәстүрлік өмір жолы шежірелік тағдыры болу керек. Ғылымда ақиқаттың нақтылығын есеп ғылымымен өлшенсе, Ілімде де нақтылық санмен өлшенеді. Әлемге ортақ таным немесе адамзатқа және жаратушы арасындағы ортақ түсінік тілі- сан болмақ. Онда кім есептен жаңылыспаса, сол халық тура жолда деп есептеледі. Тура жолдың басты шарты Ыбырайым жолы болып төрт кітап амалдарын толық қамту шарт. «Өзін білмеген ақылсыздан басқа кім Ыбырайымның жолына бет бұрады? Расында оны дүниеде таңдадық әрі күдіксіз ол, ақиретте де игілерден болады.» (Бақара-130). Ыбырайым жолының алғы шарты жыныстық, нәсілдік, ұлтық сипатын тану ақылды қалыптастыру болып яғни өзін , ана тілін, ұлтын, жерін, рұхтық мақсат, мүддесін таныған пенде Ыбырайым жолына бет бұрған болып есептеледі.

Ал тура жолға бой ұсыну үшін; «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яқұптарға ұрпақтарына тағы Мұсаға, Ғисаға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген (Дәуіт, Сүлеймен.т.б) нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. Және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер.» (Бақара-136) Төрт кітап амалдарымен қоса бүкіл пайғамбарлар ізгі амалдарын бұрыстықтан тосып дұрыстыққа қосып орындай білуіміз Ол Аллаға (өзіне, Мен сипатына) бой ұсынып тура жолда болып есептеледі екен. Намазды ғана оқып Аллаға бой ұсындық деп есептесек ғибадаттың бір амалы қателіктерді, жандағы тақ сандарды өшіру амалы ғана болып, тек намаз оқып тура жолдамыз деп есептесек, Аллаға шерік қатқан болып есептеледі.

Сондықтан намаздарды орындаудың 73 сатысы бар. 18-і Інжілмен, 23-ші Тәуратпен, 27-сі Зәбурмен 5-уі пайғамбарымызға миғражда арап еліне жеңілдікке берілген бес парыз. 72 топқа бөлшектелген амалдарды 73-ке жинақтағанда ғана тура жол деп аталуы осы есептен шығады. «Сақ болыңдар Алла есепшілердің ең жүйрігі» (6-62) деген аяттың бір шешімі осы болар. Сандық тұрғыда ойшылдықты меңгерумен ғана Алламызды ғылымдық тұрғыда тани аламыз.

«Әрине Алланың Кітабын оқып (құран, түс-аян, уахи), намазды толық орындағандар және өздеріне берген несібемізден тиісті орынға жұмсағандар (садақа, зекет, құрбан шалу, зираттау, емшілік тазарту), еш түгесілмейтін бір сауда үміт ете алады. (35-29) Сондықтан осы сауданы орындау үшін аятта; «Біз (Алла достары) әрбір үммет үшін, өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған (Тәңірлеріңе) бой ұсыныңдар. (Мұхаммед)ықыластыларды қуандыр. (22-34) 70 жылда қандай үммет екенін ұмытқан қазақтарды зираттатып, тәңірлерін еске алдырып құрбан шалып күнәларын жууды бір-біріне үйреніп, мұсыман болуға ынталанып жатқан қазақтарды діни сауаты жоқ (тектілігі) деп қудалап «ширик», «серік» деп адам аулаған дінші, масһабшы немесе білімді қауым өкілдірінен шыққан адамдықты тосушы аюларды кім деп атауға болады? Шешімін өзің іздеп көр оқырман қауым. (2008 жыл, ақпан айы)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *