XVI-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 56

   Құранның аяттарының әлемдегі барлық түсірілген дін кітаптарының жинағы болып табылатынын, сондықтан да; «Құран», «құралу» немесе «Нар», «Рұқ» деп түсінгенде абзал. Ал неге нар-түйемен байланысты десеңіз жердің жазылғандағы бейнесі түйе құс болып шығатынын ата жол жазбаларында баяндадық және түйеде 12 түрлі жан-жануардың сипаты да табылады. Сондықтан жылға кірмегенмен барлық жан-жануарлардың негізі болып табылады. Жаратылыстың барлық жерлік қуаттарының түйе арқылы бейнеленіп өтуін аятта; «Күдіксіз аяттарымызды жасынға айналдырып, одан өздерін жоғары көтергендерге көктің есіктері ашылмайды… Және олар түйе иненің көзінен өткенге дейін ұжмаққа кірмейді. Күнәкарларды өстіп жазаландырамыз.» (7-40) Бұл аятта тозақтың да адамзаттың жанына байланысты  ең маңыздысы да түйе болып табылатынын көптеген аяттармен ескертіп, масһаб, ислам ғалымдарының «реинкарнация» заңдылығын терістеуін жоққа шығарады. Ал қазақ дәстүрінің осындай арап әлемінде құпия сыры ашылмаған аяттармен, ғылыммен байланысты әлемдер дінінің бірлігін қалыптастыра алатыны да хақ.

Ал енді мемлекетімізде өз дәстүр дінін тастап, оған төменгі жетілмеген орта топтық әлемде зұлымдыққа түсіп жатқан, ібілістің ықпалына негізделген масһабтық білімді таңып және діндік дәстүр деген қазақ халқында ғана қалыптасқан болса, оның ғылымын жарыққа шығармай, ата-бабалар жолын соттап,  бұқара халықтың меңгеруіне тыйым салып, әлемнің бар адасқан діндерін дәстүрлі атап, мәңгілік ел құрмақшы болып жатқан ел билеушілерімізді кім деп атуға болады? Парасаттылық түгіл қарапайым қазақ тегіне тән жетелік те жоқ деп түсініңіз. Ал парасатты, саналы елге айналу үшін не керек деген сауалды да қоя отырыңыз.

«Әлемді өзіңе, еліңе қарату үшін рухани байлық керек! Өзіңді еліңнің жадында, тарихында қалдыру үшін рухани ерлік керек!» (халық даналығы). Ал қазақ деген көп ұлтты мемлекеттің мәңгілік ел болып аталуы үшін, әрине міндетті түрде Құдайдың ризашылығын алу керек. Ол үшін мемлекетіміздің барлық тұрғындарының дүниемен, байлықпен, заңның күшімен, саяси партиялармен өзара жиналып алып құжатпен, уәдемен байланған бірлігі емес, рухани тұрғыда құдайдың ризашылығына негізделген ынтымақ, бірлігі керек. Мұндай елдің әрбір тұрғыны; «Елдің ынтымағын ойламаған адам, Алланы бір деп біле алмайды.» деген қағидамен өмір сүруді салтына айналдырып, барлық ұлттың өкілдеріне де ортақ дәстүр болып қалыптасуы керек. Дәстүр дегеніміз бір ғана діннің немесе шариғатымен қалыптаспайды, дәстүр 8 діннің бірлігінен тұратын 9-шы болып барлық ұлттардың бірлігі – халықтың ортақ салтына айналған, бекіген құдай ісі мен шариғаттың бірлігі болып табылады. Яғни оның ірге тасы діні ісі болған әдет-ғұрыппен жалғанған шариғат пен дін тазалығын сақтаудан қалыптасады. Сондықтан діні ісі -шариғат, тұрақты және оның білімін масһаб деп атаған. Ал дәстүр заманның өзгеруіне қарай құдайдың заман оқиғалары, әлемнің тағдырына қарай түсірген белгілеріне, оқылған уахиларына, ашылған құпия ғылым деректеріне, хикметті кереметтеріне қарай үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді де қазақта; «Дәстүрдің озығы да, тозығы да бар» деп ескерткен даналарымыз.

Қандайда болсын заман оқиғалары, тарихи деректер мен дінде өркениетке қарай бейімделудің арамыздан шыққан дарынды тақуалар арқылы жаңадан түскен уахи үкімдері немесе шығармашылық туындылар болсын, бұрынғы  елшілеріне, пайғамбарларға айтылған, оқылған  көк пен жер арасына түсіп шындықпен (адамзат рұқымен) бейнеленген аяттардан деректер болып табылады. Мұндай ақпараттар құпия болып немесе белгілі бір әлемде өмір сүрген нәсілдерге ғана оқылып, олардың жер бетінен ұлт, халық тұрғысында жоғалуына байланысты немесе жеке әулие-әмбилерге, Алланың достарына мирас болып беріліп, талай ғасырлар өтіп, олардың жандары «Біздер» арқылы қайта оқылуымен байланысты болады. Пайғамбарымыз; «Адам баласының тіршілігінде меңгерген қасиеттері өзіне мирас болып қалады», «Алла жолында өлген мұсылманның жеті жүз жылда өз ұрпақтарына жәрдем шапағат етуіне мүмкіндігі болады» деген астарлы өсиеттерінің  қазақ дәстүрінің; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген нақылын да растап тұрғаны хақ.

Сондықтан заманның өзгерісіне қарай дәуірлік уақиға тағдырлардың да өз кезегімен қайталануы да сөзсіз. Ал енді мұндай ақпараттардың «Біз» – жұлдыздар болып көкте ерекше қорғалып, біздерге көрінетін, көрінбейтін жаннат орындары деп атаған дұрыс. Біз – жұлдыздар әлемнің жаратылыс кітабы, тағдыры болып, жер бетінің барлық адамзат пен жаратылыс әлемінің өсіп-өнуін, өлімін жоғалып қайта пайда болуын басқарып тұрады. Дін құлшылығының да адамзаттың парасатылыққа, мәңгілік жанды өсіру, рұқын жетілдіріп көбейту үшін Раббымыздың нұрына жалғану керек. Ал ол бастапқы жаратылыстың нұр жердің кіндігі болып жасырылғанын және ол Алла достары арқылы аспан мен жерді арасын жалғап тұратын нұр ағашы – көркем сөз болып жалғанатынын да білген жөн. Сол ағаштардың өсетін ақ бұлақтарын құранмен, көркем сөзбен суғарып біртұтас тілекті жаратқанға жеткізудің құлшылығын ата жолы деп атаған-ды. Яғни пайғамбарымызға ескертілген; «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік (зияраттардан шығатын нұрды) көкте бір саты (көркем сөз нұр ағашын) іздеп тауып бір мұғжиза (ғылымнан керемет) келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды тақуалыққа жинар еді.» (6-35)

Бұл ашық түсініктегі аяттың құлшылық намаздарын орындау үлгісі түркілік дәстүр болып қалыптасып тура жолдың «Егер Алла қаласа еді, оларды тақуалыққа жинар еді.» деген құдай патшалығының және қазіргі әлем дін басыларының жиналып таба алмай жүрген бірліктің негізгі шартын  масһаб және ислам ғалымдары, дін имамдары «Аллаға серік қосу» деп атап ібілістің еркін орындаушы ұрпақтары болып шыққанын аңғаратын қазақта парасаттылықты меңгерген ел билеуші, зиялы атты қауымнан үлкендердің ұлттық дәстүріне сай әулиелігі қалыптаспағанына да нақты дәлел болады. Ал енді адамзаттың сынағының да маңыздылығы осындай ақпараттардың ақ-қарасын, ғылымға сәйкестігін, осындай өздеріне тән жұлдыздары мен «Біздерге»  жалғану арқылы жанына кітабын алумен, оны өзіндегі рұқындағы жауаптармен салыстырып, жүрекпен мақұлдап, ақыл-ой талабымен оның жаратылысын анықтап және амалын, намазын орындау тәсілін меңгерумен ерекшеленеді. Мұндай жағдайда да оның белгілі бір білім яғни нұрландырушы кітабы сандық тұрғыда берілуі шартты. Ондай кітабы бар елдер ғана тура жолын тапқан, құдай патшалығында өмір сүре білген ел яғни дәстүрі бар болып саналады. Ондай ел әлемде қайда бар деп ойлаймыз? Әрине Ясауи бабамыздың ақыл дәптерінің сандық белгімен, ғылым дәптерімен қазғы қағылып, онан тараған Абай-Шәкірім және даналардың қалдырған мирастары осыған нақты дәлел бола алады да. Бірақ әлемдік тұрғыдағы түгіл өз ұлтына, ана тіліне, жер емшегі мен шал емшегін емуге деген махаббаты жоғалған бүгінгі білімді қауымның мұны ұғынуға жандары жетілмей, күнәлі рұқынан тазара алмай, зұлымдыққа түсіп азапталуларына ғана себеп болып жатыр десек жалған емес.

Көктің әрбір жаратылыс нәрсесінде адамзаттың жанымен, рұқымен байланысты жер бетінде белгі деректер мен  жаратқаның «Өзі» сипатынан ұлықтық белгілер мен киесі бар. Ал әрбір мұндай киеліктерді ойпатты жер деп жер ана рұқымен байланысты нұр шығатын орындар  Алла достарының зиярат орындары болып, әрбір киенің өзіне тән уәкілдері  көк пен жер екі аралық орындаушылар бар. Қазақ даналығында; «Қырықтың бірі — Қыдыр, мыңның бірі — уәли болар» деп ескерткен. Алдыңғы тарауларда Алла тағаланың сегіз сипатының адамзаттың жаратылысында Бір Адам болып бейнеленуін баяндадық. Сонымен; «1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдіреті»  «БІР» қуатқа, шындыққа айналумен, Адамдық болмыспен бейнеленген Алланың достары болған; жоғарғы періштелік дәрежемен бейнеленген пайғамбарлар, елшілер, әулие-әмбилері болып саналады. Алланың аяты – рұқы, сөзі, әрі біздің төбеміздегі жолдарымен жалғаушы қызыл түсті қуаты, ғылымы, тіл білімі болып (қызыл тіл) аятта; «Әй кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Алллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде Мәрйем ұлы Масих Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәрйемге жалғастырған сөзі  және Алла тарапынан рұқ..» (4-171) Алланың сөзі адам баласының кейпінде толық бейнелену Ғиса пайғамбарымыз-Шындық арқылы атқарылатын болса, ал біздердің анамыздың қаны, ділінің үлгісі Хау анамыздың жалғасы Мәрйем анамыз болып мұны – Шындық деп атаймыз. Қазақта; «Екі жарты бір бүтін болайық» деген осындай құранның насихатынан пайда болғаны да хақ. Біздер осы бүтіндік «Бір» шындықтың қаншалықты қуатты тазалығына қарай ғана жер бетінде адамдық кейпімізді сақ тай аламыз. Сондықтан мәңгілік елдің ірге тасы, елдігіміз аналарымыздың қан тазалығы мен әйел, қыздарымыздың ар, ұят пен тектілігі болады.

     Діндегі «Бір Алллаға» құлшылық қыламыз дегеннің өзі от басын сақтап, жанды көбейтіп, рұқты тазартып егінін өсірумен ғана маңызды болмақ. Сондықтан да; «Отбасы ала болса кереге басы сайын пәле болады» деген даналарымыз. Әйелзаты көбеюші жан, өсіп-өніп көбеюші рұқ – еркексіз отбасы болып тұра алмайды. Және қанша текті, қаны таза болғанмен, өздігінен өмірге текті ұрпақты әкеле алмайды. Мәрйем анамыз да Алла тағаланың пәрменімен, Алла досымен,  рұқпен яғни еркектік киелікпен байланысып қана Ғиса пайғамбарды дүниеге келтірген. Қандайда бір бұрынғы ертегі сияқты болған ғылыммен байланысты кереметтердің түбінде білімге айналатыны да хақ. Осы хикметтен, кереметтен қазіргі таңда қолдан ұрықтандыру деген білім пайда болғаны да сөзсіз. Бірақ мұнда қаншалықты ғылым мен адамзатқа пайдасы бар? Мұны қалай анықтай аламыз?. Неге әйел қалыпты отбасылық жағдайда жүкті бола алмайды? «Ер азаматтың кеудесі жүкті болмаса әйелі әулие тумас» деген қазақ даналығында. Сондықтан да; «Байқамаса жүрек те кірленеді, кірленсе қара тастай түрге енеді. Жігіттің де жігітін ниетінен байқаңдар, ниеті қалыс жігіттің кеудесінде сайтаны бар» деп «Отбасы ала болса кереге басы сайын пәле болады» деген алғашқы мақалымыздың себебіне қайта ораламыз.

Сонымен дін құлшылығың негізі; «Маған және ата-аналарыңа шүкірлік қылыңдар» деген. Ал шүкірлік деген бұрынғы өткен әулиелердің, пайғамбарлардың, кісілікті меңгерген елшілердің амалдарынан ғибрат, үлгі-өнеге алумен және ата-бабымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, шариғаттың шектерін сақтай отыра, құдайдың патшалығынан хабар алумен әрбір адам баласының жеке-жеке тағдырына байланысты орындайтын намаздары, ақталу тағдыры тазартумен байланысты деп түсінген жөн. «Дінде жүріп дос ізде, дұшпан өзі-ақ табылады» деген даналармыз. Себебі біздің масһабпен дін құлшылығы деп мешітпен ғана байланған амалдарымыз дін парыздары жалпы адамзатқа сенімін сақтауға, тазартуға ғана берілген мұсылмандық шарты болады. Мұндай жағдайда діншілер айта беретіндей дұшпан да тез табылып, «Шерік қосылудың» мүмкіндігі артады. Ақылдың негізделіп діншілердің түрлі жындылық топтарға бөлініп намаздың соңына түсіп, ақыл өнбей ғылымға қарсы ібілістің ұрпағына, шайтанның жамағатына айналып, құранды теріске алып, тек білім тұрғысында ғана түсініп өзара бүлікке түседі. «Бидайдың кеудесін көтергені – дақылының жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы» деген сипатта өздерін «намазхан» яғни пайғамбарымыздың ізбасары, елші атап тәкаппарлыққа, жындылыққа түседі. Әлемде бұл жағдайдың болып жатқаны хақ.

Әйел затының құлшылығы әлемнің жарығын өндіру, көбейту болса, еркекке рухани егінді яғни қуаттарды өсіріп әлемдік жүйеге қуат қосу керек. Ол үшін де табиғаттың, жаратылыстың барлық нәрсесінен қуат ала білуді меңгеру керек. Бұл қазақтың әдет-ғұрпы болғанмен масһабшылар ырым, «шерік қосу» деп жер ана рұқына жалғанудан ашық бас тартады. «Ниет етсең, шөптен де жақсылық табасың» деген аталарымыз. Сондықтан жерді кезіп мұндай қуаттарды алу арқылы ғана біз иманға жалғана аламыз. «Ақылды ерден иман қашып құтылмас» дегендей, ақылды да біз өндіре алмаймыз, біз білім ғана алып онан ақыл шығару үшін иманды меңгерген Алла достарынан ой қуатын алумен ғана иманды меңгереміз. Сондықтан да құдайдың ісін, көрсеткен аяндарын, хабарларын меңгеру үшін, яғни мүмін болу үшін Алла досын тауып жалғану керек.  Мұндай жағдайда; «Күпірлік қылсаң – иығыңды зіл басар. Шүкірлік қылсаң – көкірегіңнен жын қашар» деген аталарымыз.Сондықтан да мәңгілік өмірге (1.Өмір, 2.Ғылым, 3.Құдіретке) жалғану үшін де қазақтың дәстүрлі дінімен, тура жолымен;  пайғамбарымыздың Арыстан баба арқылы құрмаммен аманаттап, біздің бұл қуаттарды меңгерудің  4. Түсінуші, 5.Естуші, 6.Қалаушы, 7.Сөйлеуші, 8.Тудырушы-бар қылушы сипаттарын меңгеруді Ар білімі, құлшылығы деп атаймыз. Ол үшін де; «Елдің ынтымағын ойламаған адам, Алланы бір деп біле алмайды» дегендей әуелі ұлтына махббаты, сосын барлық әлемнің жұртына махаббатын қалыптастыратын, оған қарсылық қылып жүрген арамыздағы өз ағайынымыз ел билеуші, зиялы аталған ібілістің ұрпақтарын өз орнына қойып тәрбиелей білетін «Өзіңді еліңнің жадында, тарихында қалдыру үшін рухани ерлік керек!» ата жолы Айша анамыздың  ақиқаттың ақ туын ұстап Алла жолында соғыса білетін саналы, парасатты ерлер керек!... (жалғасы бар. Маусым 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *