XX-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 80

     Қандайда бір өмірдің, заманның, елдің рухани жағдайына баға беру үшін сөз ұғымдарының ішкі сырын айыра білу керек. Парасаттылықтың негізі де дініміздің жемісі де, сөз ұғымдарын меңгеру мен ақылдың, даналықтың өркениетімен бағаланады. Ақылдың түрлі себебін ата жолы жазбаларында бабаларымыздың мирас аманаттарын, жан ғылымын түсіндіріп жазып шықтық, әлі де құпия бізге беймәлім болып келген  даналарымыздың еңбектері жазыла береді де. Сондықтан да; «Жүрегі таза болса адамның, періштеден айырмасы болмайды», «Ұғымы жоқтың – жұғымы жоқ»,  «Пәлегі таза қауынның түйнегі жақсы болар, жүрегі таза адамның түйгені жақсы болар», «Азамат ердің ішіне ат басындай шер өсер». Олай болса үлкендік жасқа келген, қырықтан асып, 4 ақылын түгел меңгеріп, екі естіліктен бір естілік дәрежеге жеткен «Азамат ер — Кісі» болып аталды. Сонымен бірге оның жүрегінде «Шер-Кристалл» ақпараттық кітабы да болады деп түсініңіз. Неге «Шер» десеңіз мұндай кісілігі бар азаматтың да халықтың болашағын болжап, ақиреттің жағдайын қамдап, уайымы да дүниеліктен тірліктен әлде қайда жоғары тұрады да. Бірақ әр заманның қозғалысы, ақпараттық дамуы мен қуаты, білімде ерекшелік болып, әр заманның кісілігін қалыптастыратын; Құдай ісі «жол жоба» рұқтық кітабын меңгерумен байланысты деп түсінген абзалды.

 Қандайда бір заманның қуаттық тұрғыда қарсылығы болып, қара түнекпен, жарықтық ақпараттық  кісіліктің өзара соғысымен де құдайдың сынағы үнемі жалғасты жүріп отырады да. Сонымен қара түнекпен байланысты 9 түрлі қарсылық кісілік болса, оған қарсы 9 жолдық кісіліктің қарсылығынан да қазақ елінде де қияметтік заманның оқиғасына себеп болғаны да хақ. Әзірге жеңіс түнектің әскерлерінің есебінде. Енді мұның себебін ашып көрсек;

    Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан заманымыз; 9 дәуірдің тоғысына келіп, әр дәуірді 33, 333…жылдардың өлшемімен белгілеу керек. Әрбір дәуірлік тербелістің ауысуымен, қияметтік мезгілдің ақпараттық қайта өзгеру түрленудің және осыған байланысты түрлі соғыстар мен ақ пен қараның алмасу уақиғалары болады. Енді 2000 жылдарды шамамен есептік негізге алсақ; әлемдегі 1700 жылдардағы қияметтік жағдайлардың, уақиғалардың мемлекеттер арасындағы кезекті алмасуы болып жатқаны да хақ. Бұл кезеңдерде жоңғар шапқыншылығына ұшырап, 120 жылдай қияметтік заманда өмір сүріп, жеңіп шыққан ел болдық. Жоңғарлардан жеті дүркін соғыста үлкен шығындарға да ұшырап және «ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама» да осы кезеңдерге келеді. Қазіргі жағдайымыз мүлде бөлек, егеменді ел болдық дегенмен, бірақ рухани тұрыда түнек күштердің зұлымдығында қалған, ендігі жауымыз  әлемдік тұрғыдағы түнек күштердің атқарушысы, ібілістің ұрпақтары болғанымен, оларға жәрдемші болып алған, іштен шыққан «шұбар жыландар» екені де хақ.

      Қазақ халқының осыдан 9 дәуір бұрын да әрбір ру, жүздік әулетінен тараған хан, сұлтандардың арасындағы «ала жылан — аш бақа», «алты бақан алауыздыққа» түсіп, өзара билікке таласып, сыртқы жауларға да жем болғаны, қияметтік жағдайға да себепші болғаны сөзсіз. Біздердің қазіргі таңдағы рухани болмысымызбен партияға, түрлі топтарға бөлініп алып, ақпараттық тұрғыда өзара соғысып, ата дәстүрді артқа тастап, керісінше қудалап; «алты ауыз араздыққа түсіп», жанымыздың жетілмей, арсыздық, ұятсыздықпен болашағымызға балта шауып жатқанымызды мүлде аңғарудан да қалдық. Екінші жағынан шаруашылық, өндірістік тұрғыда біздерден жүздеген жыл бұрын дамыған елдермен тең болмаққа да елді жұмылдырып «күлтөбенің басында күнде кеңес» деген түрлі заңдарды қалыптастыруға деген заманның да қайталануы болып жатқаны да хақ. Сол кездегі ел басына келген хандардың қалайда қазақ елін бостандық, еркіндік алуына жұмылдырып, бар күшті соған бағыттап, бірақ рухани дамуын ұмытып кеткен оқиғаларды да бүгінгі ел билігіміз де қайталап жатқаны да растық.

Абылайхан бабамыздың; «Мен еліме бостандық алып беруге күресіп жеңіп шыққаныммен, жер емшегі мен шал емшегін емізе алмадым» деген өкінішінің астарына үңілсек, ол кезде халықтың жаппай білімсіз, хат танымайтын, білімсіздік жағдайында ұлттың рухани тұрғыда өркениетін қалыптастыру мүмкіндік болмаса, ал бүгінгі білімді заманда ілімді, ғылымды меңгеруден бас тартқан; ел билеуші, білімді, зиялы аталған қауымдар надандықпен дәстүрге байланған ақылын (екі күнін) заңмен күштеп тартып алып, керісінше батпаққа батырумен айналысып жатыр.  Және түнек күштерінің қызметшісі, ібілістің ұрпағы болып алған десек жалған емес. Қазақ халқының құдайдың қолдауымен, (желтоқсандағы дінсіздік төбелестен емес) мұндай тарихи кезеңге өткен кезде, елдің әлеуметтік жағдайының да өте нашар болғанын да мойындау керек. Әрине мұндай жағдайда дүние байлығы мен елдің шаруасын қалпына келтіруге, өзге дамыған елдерден тәжірибесін тез меңгеруге, қулық ақыл мен айла, түнектік кісілік қаракетті қажет етіп, сондықтан іс басына осындай мамандар келіп, мұндай жолда ар, ұятты аттап өтетін, кісілігі бұзықтар да керек болды да.

Бұл жағдайда ең басты құндылық дүние байлығы мен ақшаның көзін табудың, өзге елдің бұл жолдағы арсыз салттарының, заңдарының да барлық көшірмесі қазақ елінен өзінің қолдауын тауып, біздердің бүгінгі өмір тіршілік салтымыз әлемнің барлық елдерінің түнек күштерінің кітабы сияқты болып, әрбір ел өздеріндегі жетіспей жатқан дүние байлығын жинау әрекеттерін бізден келіп үйренетін елге айналып та болдық. Ал енді жарықтық жағымызға келсек; Қандай  заманда болсын; рухани тұрғыда ұлттық кісілігіміз, тұлғалық, парасаттылық болмысымыз, екі белгімен  халықтың айнасы болып көрінісін береді. Түркілік дәстүрлік ұстанымында; «Кісі асылы екі түрлі болады; Біріншісі ел басы, екіншісі бектері болып қалғанын малға теңеңіз» деген «Құтты білік» жазбасында. Сонымен ел  қазаққа тән тұлғалықты, елге үлгі болып ақыл беруші, кісіліктің бейнесін бұқара халықтың арасынан емес, басшыларымыздың, іс басындағы ақыл беруші бектердің бүгінгі рухани болмысынан, жан ұясынан, тіршілігінен іздеу керек.

Олай болса; халық — қой, ал ел басы мен бектеріміз — рухани бақташы, шопандар болып, қалған білімді қауым және іс басындағы ел билеушілерге қызметшілері де осы кісіліктің көлеңкесі болып саналады. Қазақ дәстүрінде кісіліктің, жоғарғы дәрежелі парасаттылықтың үлгісін «Жеті арыс» деп жеті пайғамбарлық тұлғалық қасиеттерден тарқатқанда, оның ішкі айнасын «Алты алаш» деп атағанды. Сонымен біздердің парасаттылығымыз ақылмен, даналықпен, иман саналық, арлылықпен байланысты «кісілігіміздің» сипатын ел билеушілердің арасынан олардың от басылық,  тұрмыстық, ұрпақтарын тәрбиелеудің салтынан, мәдениеттілігінен үлгісін іздеу керек. Сондықтан діндегі; «Ел билеуші — халықтың рухани айнасы» деген ұғымның да хақ екені сөзсіз. Яғни халықтың сұранысына қарай құдайда ел басының, ел билеушілердің де ниетін, иманын, парасаттылығын да бейімдеп отырады. Сондықтан қазіргі ел билеуші бектерді біздер; «Ішті жеді, халықты тонады, парақор» деп даттағанмен, ол жалпы халықтың рухани болмысынан, сұранысынан,  дін ниеттілігінен туындап отырғанын түсіну керек. Себебі жалпы халық туысқандық, ағайындық өзара сыйластықты әлде қашан тек ақшамен, малмен бағалаудың салтын қалыптастырып алған. Туысы өліп, жан ұясы қайғыға батып  жатса, екінші бөлмеде тамақ ішіп, әзіл айтып отырған ағайын, бауырын көру бүгінде таңсық емес. Өлімнен қорықпау, аспан, жерден түсіп жатқан белгілерден, қайғы-қасіреттен үлгі алмау дегеніміз құдайдан да қорықпау деген белгі болады. Мұндай елді мастық жайлаған, рухани құрдымға түнекке құлаған ел деп таныған дұрыс. Енді қандайда бір өзін халықтың жанашырымын деп, дүние байлықпен байланысты кереметті ұсыныс жасап жүрген партияшыл, ақылшыларды да іс басына қойғанмен көп ұзамай ішіп-жем, дүние байлығынан басқаны ойламайтындай,  мақтап-мақтап, у ішкізіп, бар болса кісілігін де өзгертіп, халық оны да осындай жануарлық төменгі дәрежеге түсіріп үлгіретіні де хақ. Болмаса  өзінен-өзі бейімделуге тура келеді де. Өйткені біз өзіміздің ұлттық байлығымызды мойындап, аманат мирастарды  меңгеруден бас  тартқан және ішкі рухани байлығымыздың қуатына, ақылға емес, сыртқы елдердің берген бағдарына пікіріне де тәуелді бодандыққа түскен елміз.

    Қияметтік заман дегеннің өзі біртұтас халықтың дүниенің қызығына түсіп, жан қуатын өндіруден бас тартып, арсыздықтың түрлі себебін салтқа айналдырып алып, жануарлық төменгі деңгейге құлдыраудан пайда болады. Мұндай жағдайда жоғарғыдағы айтқан екі түрлі кісіліктің жағдайы дұрыс болғанда ғана мұндай елді тығырықтан шығарады да. Қалған халық заңға бағынған мал сияқты; тек осындай кісіліктің арқасында шығарған заң үкімдерін, саясатын атқарушы, орындаушы болып табыламыз. Сонымен біздің рухани дәрежедегі шопандарымыз қазіргі таңда түгелдей жуық түнектің кісілігіне халықты да бейімдеуші; «Ібілістің ұрпағы» болып табылады десек жалған емес. Оған нақты дәлел 31-ші мамырдан бастап қазақ халқы әлемде ақырзаманың көшін бастап кетті десек, әрине ертегі болып қабылданады да. Себебі мұны қабылдап, жүрекпен, ұжданмен ұғыну үшін де кісілік, «төрелік»  керек.  Қазақ даналығында; «Тоғыз төре төбеден келіп, қырық қожа қырқадан аспай, текті болмас» деген. Бұл ұғымды өзгерту үшін де діншілер араптың салтын, ал дінсіз, тексіз қара кісілеріміз елді орысқа айдап салып; «атыңды қазақшаласаң , текті боласың» деп «Атаның ұлы — қас жауың, Адамның ұлы — досың» деген махаббаттың қағидасын терістеумен, құдайға қарсылық ұйымдастырумен, яғни тажалдықпен айналысып кетті де.

Ал енді тоғыз төрені төбеден алу үшін де басқасын қойғанда, үлкендердің басындағы ар сауыты «бөркі» болуы керек. Мұндай бастың да таза ойының, ақылының салмағы болып; «Үлкен бастың, бөркінің салмағы бар» деген астарлап. Бірақ бөрікті бірде-бір ел билеуші, зиялы атаған кісіні қазақ елінен шырақ алып іздесеңіз де таба алмайсыз. Бастағы жынды суын тазарта алмаған үлкендерсіз, ақылы толмаған білімді жастарды әулие қылып алғанмен, жете, саналық жарықтың, кісіліктің, парасаттылықтың қалыпты болуы мүмкін емес. Бұл жан ғылымы, ілім-діннің де бұлжымас шарты, қазақтың дәстүрі! Ал енді қара түнектің үстемдігі қалай пайда болады деп сұраңыз.

    Әрбір заманның адамзатқа берілген өзіндік сынағы бар. Жалпы адамзатқа тән және меңгеруге тиісті 4 нәрсе бар. Олар; біріншісі-жау, екіншісі-өрт, үшіншісі-өмір торы, төртіншісі-білім болып саналады. Бұл себептердің төртінен де бірде пайда, бірде зиян көріп отырамыз. Жау дегеніміз қарсылық. Қарсылықтың да белгілі шамасы өлшемі бар. «Бір-біріңе жаннаттан қас (жау) болып түсіңдер» деген аятта.  Сондықтан ақ пен қара бір-біріне қарама-қарсы «қас» яғни жау болғанмен, бірінсіз-бірі тіршілік етіп қозғалыста бола алмайды да. Ең басты жау болған; Ақ пен қарадан (күн мен түннен) барлық қозғалыс, өмірдің тіршілігі пайда болады да мұны Алланың жібі (Днк, Рнк) деп атайды. Бұл жіпті өру үшін де адамзатқа нәпсілік құмарлық, құштарлықты жаратқан. Олай болса ақылмен пайдалансақ нәпсіміз бізге пайдалы қызмет етіп, өсіп-өніп көбейеміз, жер бетіндегі өмірді, адамдықты жалғастырамыз да. Және әйел мен еркек діннің шартынан, құдайдың бұйырған парыздарын сақтамағанда ең үлкен жау болып, бірімізді-біріміз мәңгілік тозақтың тұрғынына айналдыра аламыз. Сондықтан да бізге жаулықтан бірлікке, достыққа жетуге және жер бетіндегі барлық жаратылыс егелерін басқаруға, жаратушының жаратқандық сипаты өзіне ұқсас болу үшін махаббат атты бір қуатын сыйға берген.

      Екінші әрі пайда, әрі зиян болатын; «Өрт» болып, біздің барлық өмірдегі алатын ләззатымыз, өмірдің барлық тіршілігіне ғашықтығымыз, құштарлығымызда отты жағумен байланысты екені де сөзсіз. «Тұз ауыр ма, қыз ауыр ма» деген данагөйлер. Тұз — от,  әйел отын — тұзын жинаушы да еркек ұрық майын жинап, оны жағушы болып саналады да өрттен ғана ақыл шырағы пайда болады. Ал майды жинау үшін төртінші несібені, яғни білімді меңгеру керек болады. Білімді жағып, адал еңбекпен пайдаға жаратпаса, ақылға жарыққа айналдырмаса, онда адамзат та шошқа сияқты семіруге әдеттеніп алады да. Және өмірдің барлық ащысы да отпен байланысты болады. Өмірдің торы деген Алла тағалының сегіз сипатты ақтан пайда болатын қарсылықтың сегіз түрлі қара түнек күштерінің өзара әрекетесуінен пайда болады да. Және бұл екі сегіздің де жұбы болуын оның 4 себепке байланып дәрежеленуімен 32 санды «Сәжде» деген құлшылықтың негізі пайда болады да.

      Сонымен ақ пен қара, түнек пен жарықтың да өзара сәжделік қарсылығы пайда болып, қандайда бір жоғарғы дәрежелі  ел билеуші, ғалым, дін имамының өзі ібілістің ұрпағына айналғанын байқамайда қалады. Себебі қандайда бір ақпараттық жүйенің екі жағы оң, солы болады да. Оң — жарықтың күштерімен байланысты болса, ал солымыз — қара түнектермен, жүктермен байланысты болады. Сондықтан тарихта не бір даналар да, әулиелер де, хан, патшалар да өмірінің соңында ғана өзінің байқамай шалыс басып, сол күштерінің ықпалына түскенін түсініп, өкінішпен өмірін аяқтаған. Осындай жағдайға байланысты дінде орта топта болумен, сол күштердің ықплынан елді қорғау мақсатымен, ақылдың өркениетіне тыйым салып, әлемдегі дін экстремизм мен әлемдік дағдарыстың да пайда болуына себептің, түнек күштерінің еркін қалыптасуына үстемдігіне жол берумен байланысты. Қазақтың да барлық ел билеушілері мен ел басшының өзі де сол жақтың, түнектің басымдылығының қалыптасуына қызмет жасап кетті десек жалған емес.

      Біздер әлемнің ең озық үлгілерін алып, сол елдерге ұқсап, тілін, білімін меңгеріп керемет боламыз дегенмізбен, жұтқан ауамызды, суымызды, барлық тұтыну азықтарымызды яғни өсімдік, мал, т.б. тағамдарымыздың бәрі біздерден бұрын өткен ата-бабаларымыз бен бүкіл нәсілдердің, рұқтар және біздің тәндік, рұқтық, жандық қуаттарымыздың өрісі мен қазынасы болып табылады. Сондықтан біздер тек қана жарықтық емес, түнектік қуаттарды да азық қылып жүктеліп аламыз да. Біздердің бүгінгі тектілігіміз, кереметтігіміздің бәрі бұрынғы замандағы ата-аналарымыздың жер көкке жинаған рухани егінінің жемісінен азықтанудан пайда болдық. Ал енді қандай қуаттарды алсақ та оның орнына жарықтық оң қуаттарды, аманаттарымызды қайтарып, ортақ қазанымызды толтырып, жарықтық қуаттарымызды, жандық  нәсілдерімізді көбейтіп жинап отырмасақ, онда түнектік қуаттарды көбейтумен айналысып кетеміз де болашақ ұрпақтармыздың зұлымдыққа түсіп жер бетінен жоғалуына себепші боламыз. Және бұл табиғаттың түрлі себеп апаттарын, ауа-райының қолайсыз «аномальды» өзгерісін де туындатады.

Сондықтан да біздердің ішіп, жеп түк өндірмей және сол қуаттарды меңгеріп өңдемеген қарыздарымыз және жеті атамыздан бері ақталмаған аруақтық аманаттар келесі ұрпақтың мойынына еселеп жүктеле берді де, арты қан төгіс соғыспен, аштықпен қырылумен аяқталады да. Арап елдеріндегі және басқа шет елдердегі ауыр жағдайдың басты себебі де осыдан туындап жатыр.  Ал қазақ билігінің әлемге мақтанып жатқан халықтың бүгінгі рухани жағдайы бұрынғы бабалардың бәйшешек бақшасының, ақыл-ой, жандық жемісінің, азығының, әл қуат несібесінің себебінен ғана. Ал шындығында біздің бүгінгі сырттан әлемді қызықтырған бірлік татулығымыз «ши бөрілердің» өзін сақтау, өмір сүру үшін күрестен амалсыз пайда болған тірлігінен аумайды. Мұны ел билеуші мен оған қызмет қылған білімді қауымдар заңға шоқынып, дүниемен қызықтырып, заңмен қорқытып ұстау саясатын жасырып, жарамсақтықпен өздерінің кереметтігіне парасатылығына санайды. Ал шынында, екі жүзділікпен, даңғаза, мақтаншақ, ар ұяттан жауапкершілікті ұмытып, солшыл болып алғандарын білеміз бе? (жалғасы бар Шілде 2015 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;   http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *