XXI-Ойға түрткі, ақылға дем       Жындылық пен адамдық және аманатқа қиянат қылмау туралы

 

   «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғарғы кемелдік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелдік дәрежесіне жетеді.» (Әбу Насыр Әл-Фараби.) Дана бабамыз Алла тағаламыздың құран аяттарымен үкім берген қауымдастықты меңгерудің сырын осылай тәптіштеп түсіндіріп кетіпті.

  Негізінен қауымдылық ақиреттік аруақтық байланыспен, жеті аталық аманатпен; «Өлілер риза болмай тірі байымас» және «Жұрттық қауымдық» ұғымнан басталып қазақта; «Ер азаматтың үш жұрты бар», «Алты үйің түгел болсын» деп алдыңғы тарауларда дәлелденген үш жақтық аруақтармен жалғанумен, әйел-еркектің ортақ жан үйі, отауының сипатын білдіреді. Олай болса әрбір пенденің 7 аманаттық аруақтық қауымы тағдырдан жазу болып, ақиреттік өмірмен, қауымдық мүше қуаттық жүйесімен, яғни 7 белгімен, ақыл-ой қуатымен жалғануға мүмкіндік алады. Әрбір пенденің ішінде құдайлық нұр иман дәні «Мен»-Мұхаммед-сүйіспеншілік-махаббат сипаты болып, осы мәңгілік менімізге аспан мүлкіне екі аралық 6 сипатты жұлдыздық-кісілік қуаттық байланысты бір жан-жіппен жалғап, аманаттарымызды ақтау арқылы мүмкін болады.

   Бұл құпия сырды қазақ даналығында; «Ақыл – алтыда, ой – жетіде» деп ескерткен. Даналық ақылмен, кісілікті меңгерумен байланысты болса, ал ойшылдық саналық пен кісілікке, жан-жарығына, жарға Алла тағалаға, жолына, жаннаттарына жалғанумен нәтижеленеді. Жанды бес түрлі қуатпен; 1. Қозғалыс-тіршілік қуаты; 2. Ұйқы-өлім-көк қуаты; 3. Аян-өткен өмір қуаты, 4. Ой-білім қуаты; 5. Жүрек-ес, ақыл, сана қуатымен жалғанумен өсіп-өніп өркендейді деп түсіну керек. Мұндай жанның негізгі ақпараттық қуаттары Мұхаммед-сүйіспеншіліктен, негізгі басқарушы аспан дүниесі болып; 1. 7 қарақшы; 2. Шолпан; 3.Құйрықты жұлдыз; 4. Сәре жұлдыз; 5. Шам жұлдыздар тобынан 7 аруақтық белгі арқылы аралық қауымдық жаратылыс дәнекерлік кісіліктер арқылы қуат алып отырамыз.

   Осындай хикметті қуаттардың жүйесімен жалғанудан 12 мүшелдік жыл санаудың адамзат өмірінде маңызды болуында да тылсымдық көместік хикметі бар. (5 шоқ жұлдыздар тобы +7 аруақтық белгі=12 жаратылыс дәнекерлігі).  Енді 7 аруақтық белгілердің ақпараттық тұрғыда «біз» болып жалғанатын пендесінің ақыл-ойына дерек беріп тұратын, тәндегі орындарына тоқталсақ; 1. Маңдайдағы тағдырға, қос шеке арқылы; 2. Желке қара құсқа; 3. Иықта жазушы періштелерге (лахфуз махфуздық кітаптан) 4. Шынтаққа; 5.Қос алақанға; 6.Қос тізеге; 7.Табанға кісілік қуаттар болып қосылып отырады. Бұл қуаттардың сөз (үні) болып, ақылға қуат қосып, жанға білімі жазылып отырады. Иман келтірдім деген ұғымның да мұндай аспан мүлкінің кісілік бейнелеріне-нұрына, біліміне, тылсымдық жеті кітабынан ақпараттық белгілеріне жалғанумен ғана мүмкін болады. Жән адамзаттың тәндік жаратылысында жүректе — 200 текше (кристалл)-нейрондық белгі болса, қалған тәндік сипатымызда 500 белгісі болуы шартты.

    Мұндай иманнан рухани жандық тұрғыда егінімізді өсіру үшін де рұқтық қуаттарымызды – малымызды, етімізді адал еңбекпен, тер төгіп тазартып, таза қуатты өндіруге (калория жылу) жұмсап, ақылмен бағып, сөзбен қуат қосып, өз қауымымызға да бұл қуаттық көлеңкелерімізді алмасуымен Алла жолында малымызды сарп қылуымыз керек. Аятта; «Алла жолында мал сарп қылғандардың мысалы: Әр сабағында, жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәрізді. Әрі Алла кімге қаласа, неше есе арттыра береді. Алла тағала тым кең, әр нәрсені білуші.» (2-261) Еркектің малдығы — жындық қуаттық сипатта болып, хайуандар әлемімен жандық жібі байланыста тұрса, ал әйелзаты жандық тұрғыда өсімдіктер әлемімен және жәндіктер әлемімен жандық тұрғыда тікелей жалғанып тұруы да сөзсіз.

    Жанның 6 түрлі қуаттық негізі болып; 1-ші ақ топырақтық сипаттың жартылық жағдайында гендік толықтық тектік негізді қалыптастыру үшін; «Екі жарты бір бүтіндікпен» неке арқылы әйел мен еркектің жандық отауын құруы және оның ішкі дүниесі мен барлық дүниесі (атрибуттары) киіз үйдің құрылымы, ішкі мүлкі және жан, рұқ несібесі, 12 жан-жануарлардың ошақтың айнала отыру тәртібімен де суреттелген философиялық, ойшылдықпен шығарма еңбектерден танысуға болады.

   Имандылық қуаттарды меңгеру дегеніміз масһабшы, діншілер түсіндіргендей намаз оқып, жаратқанға жалбарынып, дүние тұрғысында жасаған сауабымызды саудаға салып, дайын асқа тік қасық болып, иманды-жарықты, хикметті білімді бола қалмаймыз. Пайғамбарымыз; «Кімге тәрбиелі, тақуа әйелді берсе, оған иманның жартысы берілгені» деген өсиетінмен, иманның негізі әйелзатының тазалығымен және осы егінді еркек рұқымен қуаттандырып, құлшылық арқылы суарып, өсіріп, жемісін ортақ пайдаланумен ғана мүмкін болады. Ал қазақ дәстүрінде құдайдың білдіруімен аян арқылы жасына, руына, бай-кедейлігіне қарамай (бәйбіше, тоқалдық дәстүр) некелесудің астарында гендік бүтіндік, бірлік пен тектік қасиеттілікті жетілдірумен, рухани егіннің 700 ұрық дәнін өсіруімен, яғни болашақ өмірге келетін жеті аталық ұрпақтарды қалыптастырумен байланысты болғаны да хақ.

    Мұндай жағдайда аянға жалғанудың өткен өмір қуаты, жеті ата-ана аруақтарымен, шежіре ағашымен байланысты жалғанумен нәтижелі болып және олардың да аспан дүниелерімен, екі аралық көрінбейтін жұлдыз-кісіліктермен бір жүйелік жалғанумен байланысты болады. Уақыт үш түрлі қозғалыстық шамадан туындайды. Алла – 4 сандық белгімен барлық уақыттың негізі болады. Сондықтан жанның үш түрлі кезеңдік жер бетінде өмір сүрумен ғана аспан мүлкіне, жоғарғы дәрежелі қанатты періштелікке (құс жолына), яғни «біздер-сәуле беруші» тарапына қосылуға есік ашылатынын да естен шығармау керек. Жалпы қандайда жаратылыстық қуаттардың бір белгілі табиғаттағы жанды жаратылыстармен жүйеге айналып, бір жүйеден келесі жүйеге ауысып түрленумен 6 санды негізгі белгі болып (6х3), ал оның жұбы 12 санды мүшелдік хайуан, құс, жәндіктермен белгіленуінде де рұқтық жүйенің кітабы, сипаты болады. Және жандық тұрғыда 7-санмен 8-ші тұрғыда «бір» сипатқа, ал жындық қуаттық жүйенің 9 санымен байланысты бір жанға қосылумен 10 санды аспан мүліктерінің дәрежесі, елшілікті меңгерудің 10 түрлі сүре, кітаптардың хикметті білімі пайда болады.

   Ислам ғалымдары мен қазақ діншілері, дін ғалымдары рұқ пен жанды бір деп адасудың да себебі құс ілімін яғни исламнан да бұрын түркілік елдерге мирас болған жан ғылымын меңгере алмаудан, ғұрыптық намаз орындауларын мойындауға қарсылық білдіріп, ұждандық сипаттағы көңіл құсы-жүрек көздерінің ашылмауынан деп білген жөн. Негізінде жан-ақ түсті қуаттық жүйе болса, рұқ-қызыл-шындық негізі ғылыммен, жел-сары қозғалыс қосындысына байланысты және жындық қуатпен бірленіп, қара қарсылық түстің түрлі жағдайда араласумен; 9 санды сипаттық жүйемен бейнеленіп отырады. Жалпы әлем Алланың сөзінен шындықтан жаратылып; рух, рұх, рұқ және ұрық болып, сөз ұғымдарымен айырып, жаратылыстық сипаттарды өз мәнімен белгілеу де болашақта міндетті болмақ. Әзірге сөз тұрғысында өз мәресін сақтамай пайымдауға да тура келеді. Сонымен жаратылыста барлық нәрселердің рұқы бар, оған ақтан аят, пайғамбардан шапағатпен, жан беру арқылы барлық жаратылыс адамзаттың өмір тіршілігіне, қажетілікке қарай өңдеп, пайдалануына ғана жаратылған.

    Енді жан мен рұқтың өзара Алланың әмірінен, нұрынан көркем есімдері сипаты болып жаратылған достары, сүйікті құлдары; жұлдыз жарық  жаннаттық «біздер» арқылы ұрпақтары біздердің де екі жүзіміз баспен байланысты бет жүзімізбен бейнеленсе, ал қалған 5 жүзіміз тәндік тазалық сипатымызбен байланысты болып, оның айнасы бой өрісімізбен дене жарығы, «аура», иманмен суғарып, өсірген ой-бәйшешек бақшамыз болып қалыптасады. Осы бақшамыздан сөйлеген сөзіміздің тазалығына, ішкі ойының, үнінің сипатына қарай жаратушы үкімі нұры түсіп, онан көңіл құсы яғни ұждандық періштелігіміз, барлық серіктерімізбен арасын жалғап тұрушы кісілік қуаттық жүйе жұлдыздық сипатымыз пайда болады. Барлық қауымдық қуаттың өз бойымыз, сөзіміз, әрекетіміз арқылы тазарып бейнеленген бірлігінен және Алла нұрымен белгі болып бейнеленеді. Төртеудің түгелдік; бір ақыл, естілік бейнесі деп түсінген де жөн.

   Ұждан –Тектілік болып; орайдан, төбеден, көкіректен сүйек арқылы шыққан қуаттардың жұлдыздық бейнесі болады. Жанның жоғарғы дәрежелі періштелік сипаты болып 12 жылдық, мүшелдік қайта оралған көлеңкелер арқылы да қалыптасады. Ал ұжданға қанат болып жалғанатын екі қол аруақ істермен бейнеленген қуаттық жүйе қол баламыз екі тағдырдың өнімі болады. Адам баласының қайта өмірге келуі де құстар әлемімен жалғанумен, кеуде тазалығымен аспан мүліктеріне, көкте жинаған ата-бабалардың мирас қазына мүліктерімен жалғанумен болады. Енді қазіргі таңдағы қасиетті, өнерлі аталғандарды «жұлдыз» атап, адамзаттың ойлау, түсіну қабілетін, ақылын қысқартуға, қазақ елінің барлық білімді аталған қоғамы үлесін қосып, өз ұждандарын жағып жүргендерін де білмейді.

    Ұжданның қалыптасуына жанның 9 белгі кезеңдік жүйелермен жалғанумен, ақ түстің 9 түрі пайда болады. Мұны «Ақ пен қараның өзара арпалысы» деп сөз мәресін меңгерумен байланысты; сөз сөйлеу өнерінің 7 түрлі айласы, 2 жүзділік сипаты, 7 жүзді бет айнасы арқылы өсірген бақшамыздың өнімдері бейнеленеді. Құранда мұны өзара шығысу, қарым-қатынаста бірлену деп ескерткен. Сондықтан да тек қана сөз үні, ой қуаты арқылы ғана барлық қуаттардың өзара жалғанып, бір тұтас денемен бейнеленуге, жұлдызға айналуы болмақ. Әншілерді немесе спортшыларды «жұлдыз» деп, қуаттарды бейнелеуші ұжданды деп атаудың; ібілістің ұрпақтарының әрекеті, дажалдардың түнек күштеріне қызмет, құлшылығы деп түсінген жөн. Негізінде әншілер адамдыққа дейінге жәндік, құстық қуаттарды бейнелеуші болса, ал спортшылар адамдық нәсілдік тексіз түрлі хайуандық қуаттарды меңгерушілер ғана.

     Сондықтан адамдық тек ұжданымызды қалыптастыруға, шыңдалуға сынақ және кедергі болу үшін; Алла тағаламыз ібіліске; «Адамдардың әуелі алдынан, артынан, оң, сол жағынан кел» деп бұйырған. Кез келген шариғатты ұстаған намаз оқушы немесе ғалым, білімді пенделердің бәрі жынын тазартпай, қанындағы шайтанын жақпай тағдырлық күнәларынан ақталу үшін оны аянмен көріп, уахи-жобасын алып, ата-аналық аманаттарын орындамай жаннаттық тұрғыдағы көк мүлкіне жалғана берсе, онда адамзат түгел түнек  күштерінің ықпалына түсіп, қирап, қиямет-қайым уақиғасы болар еді. Пайғамбарымыз; «Сөз атаулары әрбір жүз жыл сайын өзгеріп отырады», «Құлшылықтың ортасын ұстаныңдар»  деген өсиет қалдырыпты.
н     Демек сөз ғылымы – ойшылдық болып, сөз атауларын, ұғымдарын заманға қарай үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Адам атамызға берілген құранның алғы сөзі болып, Мұхаммед пайғамбарымызға ортасын бергені, енді құран арқылы салыстыра отырып, үнемі заман біліміне сай соңғы сөзді қалыптастыру да діннің негізгі шарты, ұждандылықты меңгерудің құлшылығы болады. Алғы сөзді де соңғы сөзді де алмайтын тек құран арқылы ғана амал жасайтын араптар елі орта топ болып аятпен үкімделуі де, біздер сияқты сөзі ұзын елдердің арасынан шыққан ібіліс ұрпақтарының сөз атауларын орта топқа қазық қылып байлап, сөздің бәрі Адамнан бастап емес, араптан шықты деп, біздің бұл жазып жатқан деректердің бұрын болмағандай, жүректермен қабылданбай, керісіше көпшілік оқырмандардың жиіркенішін туындатып жатқаны да белгілі.

   Және ел билеуші білімді қауымдардың тіптен дінде өздерін озық тарихатшы, сопы және ата жолында тікелей аруақтарға жалғандық дегендердің де ұждансыз екеніне, ақылдарын орта топтық араптық салтқа, шариғатқа байлап негізделулерінен, яғни жындылық тұрғыдағы жоғарғы дәрежелі 7 топтық болуына, 7 жүздің қаралықпен бейнеленуінен деп түсінген дұрыс. Ал бұл 7 жүзді ақпен бейнелеу, жан беріп ақтау үшін де әуелі жындылықтың себептік жағдайларына қайта тоқтала кетейік.

    Қазақ қоғамында өздерін текті, елге үлгі мен ақыл беруші болған топтардың екі жүзді сөз сөйлеу өнерімен ұждандары қалыптаспай, жындылық топтардың жеті түрлі жоғарғы дәржесімен ғана жалғанып алғандары да хақ. Себебін; «Басқа бәле тілден» деген қазақта. «Адамзатқа келетін 10 пәленің тоғызы тілден болады»,  «Бастағы мүшелерді таза ұстаңдар» деп ескерткен пайғамбарымыз. Басты жалаңаш ұстаудың мемлекеттік тұрғыда «әдеп» болып, заңмен қорғалып, бас киімнің жек көрінішті болып, қоғамда қалыптасуына негізінен; хандық, төрелік дәстүрді меңгеруден бас тартқан ел басшымыз, отбасы мүшелері мен үлкендер қауымы, ел билеушілердің үлгілері мен ықпалдарының зор екені сөзсіз. Сондықтан ұждан түгіл ұяттан, адамдықтан мүлде хабарсыз қатындарды былай қойғанда, ақылы кемістердің білімді болса әкім, депутат, министр болмақ түгіл, ел басшы болуына да жағдай туғызып қойғанды. «Аузы қисық (ұждансыз, екі жүзді) болса да, байдың баласы сөйлесін» депті аталарымыз.

    Адамдықты, ұятты ойлап, құдайдан ұяла білу үшін ойлану қабілеті керек. Сондықтан да барлық адамдықтың негізі бастан басталып, ал бастың «бастықтық» рухани жағдайына байланысты жеті түрлі кісіліктің немесе қарсылықтың пайда болуын аятта; «Оған екі көз жаратпадық па? (8)Әрі бір тіл екі ерін?(9) Оған екі жол көрсетпедік пе?(10) Сонда да ол, кедергіні асуға тырыспады. (90-11) (2-көз+1-тіл+ 2-ерін+2-жол=7) Және екі кедергі жобаның барын ескерсеңіз барлық 9 санды кісіліктің сипаты шағады. Ал сүренің санына (90) мән беріп;  Қазақ даналығында; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтан түйіні бар» деп осы аяттың сырын, бастағы ағзалардың және жүректің тазалығынан, жүрек, маңдай көздері (екі көз) арқылы көріп, ерін арқылы сөйленетін тілдің тазалығымен, алдыңғы және артқы жақтағы екі бәйшешек бақшасын, ақыл-ой естіліктің қазынасын өсіруіміз шартты болмақ.

   Адам баласының ғылымды болуы да, шындықты меңгеруі де осы аяттың үкіміне байланысты екені де хақ. Аятта; «Көктер мен жерді жаратуы, тілдеріңнің, түстеріңнің (ұлттық аманат жоба алуларың), қарама-қарсылығы да оның белгілерінен. Шәксіз бұларда білгендер үшін белгілер бар.» (30-22) Және аятта; «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; өз елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа адастырады да кімді қаласа тура жолға салады.» (14-4)  Сонымен қазақ ел билеушілерінің Алла тағалаға, аяттарына ашық қарсылық жасап, өздерін тәңір қылып алып, құранды терістеп, Аллаға ортақ қосып, құдай қателескен деген пайымдаумен; үш тілді жетілген ғылымды, мәңгілік ұлт боламыз деп ұрандатып, оны орындауға жанталасып жатқаны да; шын жүзінде ұлттың тегін жоғалтуға деген ібілістің жобасы екені де хақ.  

   «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; өз елінің тілінде ғана жібердік» деген үкіммен әрбір тілдің бір пайғамбары болып, әр ұлттың өзінің пайғамбарына жалғанумен ғана ұжданы жетіліп, мәңгілік «Мен» қуатының бақшасын өсіре алады. Бір тіл арқылы ғана ақыл-ойымыз қуаттанып; Бір Аллаға құлшылық қыла аламыз, ғылымды меңгеруге де жол ашылады. Қазақтың тегі ана тілі – Ізбөрі анадан болып; ұлттық ұлық пайғамбарымыз Қазақ бабамыз болып саналады. Бір жүзділік те қазақтың тегіне толық жалғанумен пайда болады. Тек қана біздің ел билеушілер мен дінші, білімді қауымның өкілдері қарама-қарсылықты ұлттық жоба дәстүрінен меңгеруден бас тартып, екі жүзді, үш жүзді болуға құштар және сөз түсінбейтін адамдықтан неге алшақтап жындылықтарын, құдайдың үкімдерін мазаққа алуларын күн санап арттырып келеді деп сұраңыз да; Әл-Фараби бабамыздың қауым туралы пікіріне және «Расында бір қауым (әркім өз жан дүниесімен байланысты бой өрісін, серік көлеңкелерін, аруақтарын), өзін өзгертпейінше Алла, оны (ол пендесін) өзгертпейді» және мына аят үкіміне ақылыңызды жұмсап көріңіз; «Алла кімді қаласа адастырады да кімді қаласа тура жолға салады.»…(жалғасы бар Наурыз 2016 жыл) ) 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.