XXXI Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар.   Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 54

    «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (аян, уақи, белгі, үкімдер) шындыққа айналады. Сүйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.» (17-16) Енді ел билеушілердің, іс басында жүрген барлық дәулетке мас болған, жетесін меңгере алмағандарға құдайдан әмір, замандық рухани жобаның, уахилардың түсірілетінін ашық ескертіп, діншілердің пәтуаларының жалғандығын ашық ескертіп тұр. Ал енді ел билеуші, іс басындағы дәулетті қауымға мұндай уахи түстерді көрсетіп ескерту берілгенмен, мұны жорып әрекет қылмақ түгіл, тез ұмытуға да тырысатыны хақ. Сонымен  мұндай жағдайда бағыт-бағдар беретін, ұлтымыздың дін ғалымдары, философ мектебінің өкілдері керісінше ақылдың өркениетін тежеуге, талай замандар өтіп тозған, қарсылықтармен қуаты жоғалған тәпсірілік білім мен намаздарға халықтың ақылын негіздеп, өздерін әлемді құтқарушы етіп көрсетіп жүрген негізінде ібілістің ұрпақтары, яғни тажалдар болып саналады. Себебі сөз ғылымында да, дін салтында да әлемнің ең биік озық үлгісі мен кітабына бұқара халықтың жалғануына кедергі болып зұлымдыққа, жанның өсіп өнім беруін жоғалтуға қызмет жасап жүргендері даусыз.

      Бүгінгі таңда яғни 2015 жылғы қырқүйек айымен біздер қияметтік сын сағатының дәл ортасына келіп тұрғанымыз да хақ. Үш жарым жыл бойы үнемі көктен жерден түрлі хикметті белгілермен және ата жолы секта аталған, заң жүзінде сотталып қудаланғанмен мұны мүлде жоя алмағандықтан, біздер де ата жолындағылар ата-баба аруақтарының тарапынан құдайдан сұрап алып беріліп жатқан ескертулерді үнемі жариялаумен сайттардың бетінде болса да халыққа таныстырумен, ел билеуші, дәулетке мас болған іс басындағы ағайындарды құтқарылуға шақырғанымызбен, онан еш нәтиже шықпады да. Бірақ көптеген білімді қауымының өздерінің ата жолына деген пікірлерін өзгертіп, жазбаларды оқып, түс, аяндарына мән беріп, жанына білімді алуға, яғни иманды меңгеруге тырысып жатқаны да белгілі болды.

Ел басшымыз Нұрсұлтан мырза қазақ халқының шаруашылық, өндірістік әлеуетін көтеруде көп іс тындырып, қазақ елінің әлемге танымал болуына да өз қолтаңбасын қалдырғаны да хақ. Бірақ қандайда бір жаратылыстың жұбы, пары болуы шартты болса, біздердің рухани өміріміздің өркениеті де заманға сай құдайдан берілген жобамызды меңгерумен де әлемге үлгі танымал болуға тиісті едік. Керісінше бұл салада ел басшымыз қазақты ең төменгі азғындыққа, ақырзаманға ұшырап қырылуға дейін түсіруге жол бергенін әзірге аңғаруға шарасыз екені де хақ. Оған басты себепшілер зиялы, білімді, шығармашыл қауымның, дін ғалымдарының, дәулеттілердің, үлкендердің әлемдік азғындық салтқа негізделген «Армагеддондық» яғни ібілістің жолына, жан, ар ғылымына қарсылыққа қызметке тұрып алуымен байланысты болды. Рухани өркениеттіліктің, тұлғалық жетілудің үлгісін қалыптастырудың ең маңызды кедергісі болып; ібілістік қарсы даналықтың, яғни теріс ойдың қарсылығын тек қана құдайдың көмегі, таза ақылға жалғанумен ғана жеңіп шыға алатынымызда тұр.

Сондықтан да қазіргі таңдағы өздерін текті, философ ғалым, хазірет, шейх, ел басшысы тұлға аталғандардың бәрі осы кезеңнен өте білгендер болуы шарт. Ал енді бұл кезеңнің де белгісі жол-жоба алумен, уахимен болашаққа бағдар алумен, сәуегейлік, көрегендік, абыздық, яғни әулиелік қасиеттілік, қабілеттілікпен көрінісін табуы керек. Ал мұндай дәрежені меңгере алмаған жағдайда білімді терең меңгерген сайын ібіліспен бірігіп оның қызметіне тұруымыз да қалыпты жағдай. Сонымен қандай білімді ғұлама болғанымен, егер рухани діни тазалықта жетілгендікті және тақуалықта мағрипаттық білімді меңгере алмағанда, бәрібір ібілістік қарсы ойдың ықпалында болып білімнің немесе дін ілімінің соңына түсіп әрекет қылатын  ібілістің ұрпағы болып саналамыз. «Ілім мен білім ортасын таба алмасаң бүлін» деген қазақ даналығында. Сонымен қазір бүкіл әлемнің даналары, ғалымдары, ел билеушілері бір жақты білімнің немесе ілімнің соңына түсумен Армагеддондық жүйеге қызмет жасап жатқаны да хақ. Сондықтан жер әлемінде қияметтік мезгіл туындауына да себепші болғандары сөзсіз.

     Сонымен ел басшымыздың негізгі саясаты мемлекетімізді әлемдік дәулетті елдер қатарына қосу болып, мұны тез арада меңгеріп кедей елден дәулетті елдер қатарына қосылғанмен, сол жинаған дәулетіміз енді адамның жанын өсіруге, еліміздің тегін жетілдіруге, ұлтымыздың да болашақ ұрпақтарын заманға сай ғылымды қылып тәрбиелеуге жұмсалуы керек еді. Мәңгілік өмір сүру үшін ұрпақтарды көбейтумен, олардың жан тәрбиесін меңгеруін қалыптастырып, тегін ғылыммен суғару керек екені де хақ. Бірақ білімді қауымның ғылымды білімділік деп ұғынудан, философия мектебінің азғындыққа түсуінен, ел басшымыз үлкен қателік жасауына мәжбүр болды. Сонымен қазақ халқының тектілігінің, тұлғалықтың, ғылымды-хакімділіктің үлгісі ел басшылары болуы керек болса, бізде кез келген пенде білімді жаттап алып, кітабын арқалап жүріп елге ақыл айтуға, ой жорып әлемдік Армагеддондық, ібілістік жүйеге жалғануға қызмет қылатын іс басына дәрежеге, атақ шенге лайық болып алды.

Ібілістің де мақсаты осы, білімнің соңына түсіріп таза ойдың қасиетін, ғылымның маңызын ұмыттырумен кез келген ғұламаны да қисық жолға түсіріп жіберу еді. Сонымен Нұрсұлтан мырзаны да мақтап-мақтап ақылын улап, ғылымды білім деп түсінуге зиялы қауымның өздері мәжбүр қылып, ібіліске қызмет қылуға мәжбүрлегенін, болашақта мұның қияметтік сынағынан өтіп  ғана түсінетін боламыз. Оған дейін ұлтымызға мирас аманатталған ғылымға және құдайдың заманға сай түсіретін жобаларына қарсылыққа құдайдан жауап беріліп, азапталып, мұндай пенделердің нәсілдері жоғалып, артында тұқымдары қалмайтындары да сөзсіз. Себебі олар бүкіл ұлттың жандарын өлтіруге, тектілік ділімізді өшіруге ғана заңдар шығарып ібілістік жолды атқарушы болып алумен, елді тозаққа бастаушы басшылар болып алғандары да хақ.

Енді мұндай біздердің айыптауларымызды құдайлық ескертумен, деректерімен және оның жартысының болса нақты іске асуымен дәлелденбесе, онда біздің мұндай әрекеттеріміз керісінше ел билігі тарапынан жазалануға тиісті болуы шарт. Сонымен көк жиекті жасынан көріп өскен, жаны тірі, түс көре алатын білімді қауым мен бұқара халықты куәлікке шақыра отырып осы кезге дейінгі берілген ескертулердің жартысынан көбі орындалып және ескертілгенмен іске асырмаған құдайдың уәдесінің жүз пайыз орындала бастайтынын тағы да ескертуді жөн көрдік. Мүмкін иманға келіп, құдайдың азабынан қорқып, өз бастарын болмаса да артындағы ұрпақтарына зиян тигізбеулеріне әрекет қылар деген үміт те жоқ емес.

      Ел басымыздың өз басы масхаб тұрғысында дінді меңгеріп қажылығын да атқарғанмен бабалар аманатын, ұлттық дәстүрлік дін тақуалығына, тарихат, махрипат білімінен бас тартуына, ата жолын соттауға, қудалауға жол беріп, барлық қайғы–қасірет те рухани жетілмеушілік пен ділдің азып, халықтың алты ауыз араздыққа ұшырауына себеп болғаны да сөзсіз. Исламды барлық әлемнің діндер бірлігі деп түсінгенмен намаздық амалда тек қазақ үшін ислам Ханафи масхабы, қалғандары исламнан болғанмен қазақ дәстүрі емес деген бес парыздық  ібілістік жолға түсуге, ақылдың негізделуіне, қазақтың әлемдік қуатқа жалғанатын алтыншы, жетінші екі күнін (жете, саналық) жоғалтуға себепші болған бүкіл қазақтың зиялы, дінші, білімді қауымы екенін де білген жөн. Исламдық экстремизмнің өзі де мейлі қандай масхаб, топтар болсын, бес парызбен шектелуден шыға алмай ақылдың өсіп өркендей алмауынан, жанның өліп, кітаптарына жалғана алмай, күнәлі рұқтарынан ақтала алмауынан болып жатқанын аңғаратын ел билеуші, философтардың сана түгіл жетелік ақылдарын да өсіре алмағаны басты себеп деп біліңіз.

Мұндай жағдайға өзінде барлық үлгісі бар, сөз ғылымында әлемде теңдесі жоқ ой қуаты қалыптасқан біздердей елдің де ұшырауына себеп болған өзіміздің сенген талантты, өнерлі тілші, ақын, жазушы, дінші ағайындарымыз екені де хақ. Қарапайым тұрғыда иман мен сенімнің, елшілік пен пайғамбарлықтың, рұқ пен жанның, құран мен кітаптың және Алланың өзіндік, тәңірлік сипаттарын ең жоғарғы дәрежелі басшылар, ғалымдар, хазіреттер, философтар, дін имамдарының білмейтіндеріне құран ұстап ант беруге де болады. Сондықтан олар заманға сай түсірілген құдайлық белгілерді ақылмен қабылдауға, хикметтерін зерттеп тәжірибе жасауға меңгерген ескі білімінсіз рухани шешім қабылдауға қорқақ, бұқара халықты тек заңмен шектеп ашық пікір таластың да болмауын қадағалап, тек қана масхабтық білімді, өздерінің өзге елдерден көшіріп алған, жаттанды немесе ой жорыған жалған шығармашылығын қорғаумен ғана айналысып, бүкіл ел билігі мұны қолдап, күзетіп, бағып жүргендері де хақ. Мұндай жағдайда жалғандықтың бұқара халыққа әшкере болуы қаупінен сақтанып ақпараттық жүйені өз қолдарынан шығармай бақылап, қазақтың сөз атауларының өзіндік ұғымы, қуаты ашылмауына қарсы соғыс ашып, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура жүйесі қатаң бақылауда ұстап отырғандары да хақ. Кеңестік дәуірден алған мол тәжірибелерінің арқасында жоғарғы ел билеушілерінің бұл әрекетімен қазақ елі де дәулетке мас сингапур халқы сияқты тек қана заңға бағынып, ар-ұяттың қысымынан емес, тек қана дүниесінің шығын болуынан қорқып өмір сүретін елге айналар ма едік жаратқанның әділетті үкімі түсіп, ақырзаман оқиғасына жалғанбағанда.

Жаны өлі, күнәлі рұқынан тазармағандарға бұл сөздің өзі қорқыныш, әрі түсініксіз болғанымен, біздер үшін қуаныш, бақтың аз ғана болса да қазағымыздың басына қонуына кепілдік деп түсінеміз. Себебі, ондаған жыл бойы шырылдап жатқан ата-баба аруағының аманаттарын, көрсетіп жатқан білімдерін таратудан қудаланып, заңмен жазаланып, білімді, дінші қауым тарапынан мазақталып келсек, енді керісінше жағдай туындап, бірақ біз оларға күлуден, мазақтаудан аулақпыз. Бұл қауымның азапқа түсіп көбісінің мүлде тұқымы құрып, жинаған дүние-малын қалдыратын мирастары да болмай, тектерінің жоғалатындығына өкініш білдіреміз. Қазіргі құдайдың қалауынсыз-ақ өзін мәңгілік елдің тұрғыны болып сезініп жүргендердің кенеттен ажал оғымен атылатына да, немесе жақындарынан, ұрпақтарынан айырылып қайғыға бататындарына куә болатынымыз да өкінішті. Себебі қанша оларды құтқарылуға шақырғанымызбен жүректеріндегі қарсылық шайтандары (теріс құран кітаптары) басым болып шықты.

     Сонымен енді алдымызда үш жыл ақырзаман оқиғасының еселеп артуымен ел басшымыздың өзінен айырылып қалу қаупі де бар. Ал Нұрсұлтан мырза бүгіннен бастап ата жолын соттаған заңның күшін жойып, халықты ар, ұяттылыққа жанын тірілтіп, ділін өсіруге, екі күнін ақылдарын іздеуге заңдар қабылдатқанымен де жинаған абыройының жартысын ғана қорғап қалар уақыты қалғаны да хақ. Ал өзінің ескі әдетімен қалайда білімге сүйеніп, әлемнен қаржы көмек жинап, дүние байлықпен халықтың тұтастығын сақтаймын дегенмен, ол енді мүмкін емес. Себебі құдайдың ашу-ызасын шақырып, енді қандайда бір дүниеге байланысты оңды шешімдердің құдайдың қалауына жетпей орындалуы да екі талай болып, ел күйзеліске ұшырайды. Қарсылық күштер де еселеп көбейе береді.

Ал мұндай жағдайдың ібілістің ұрпағына айналып, халықты тек қана дүниемен ойлануға, кедейлікпен қорқытып ел билеушілерге қарсы қойып жүргендерге де қолайлы болып, олардың да жаппай қозғалып халықты қарсылыққа, бүлікке шақыруына жол ашылады. Мұндайлар негізінде ақпараттық жүйелердің басында жүргендер болып және дәулетті мастардың да қолдауында тұрғандар. Ал дәулетке мастардың бұқара халықтың немесе рухани болашағының жағдайы емес, билік басында өздерінің қолдаушысы жүргені ғана маңызды деп түсінеді. Бірақ олар өздері де осымен сыналып, тағдыр кітаптары жабылып, құдайдың лағнетіне ұшырайтындарын да білмейді. Дүниенің жағдайында рұқ, жанын ойлатпай, ішіп-жем, өзара жарыс дүниенің, нәпсінің қызығына түскен мастықтың әрекетімен құдайды танып білгілері де келмейді, бұлар негізінен білімді, жоғарғы қуатты, өнерлі жындылар тобынан болып саналады.

Мұндай тобырларды ауыздықтап ұстау үшін үнемі олар ойына келмеген күрт шешімдер қабылдауға, сонымен әлемдегі қысқа ақылды, ібілістік жолдағыларды таң қалдыруға машықтанып алған бүгінгі ел биліктегілер ұлттың ділін, жанын біліммен жетілдірудің жолына түсіп алып және ғылымды білім деп түсінуден ібілістің ең маңызды ісін атқарушы болып алғандарын да ескерте кетейік. Ел басшымыздың пәрменімен үш тілді ел болуға шешім шығып, балауса көк құрақ балаларымызды да ағылшын тілінде сайратуға арнаулы мектептер аша бастағаны да халыққа мәлім болды. Енді бұл әрекетке құдайдан қандай жауап болады деп сұраңыз. Әрине мұндай біліммен өскен балаларымыздың ділі мүлде жетілмей, рухани саңырауға айналады. Ұлттық мирас ғылым кітабынан жалғанудан мүлде қалады. Болашақта ұлттық ділі қалыптаспаған қауымға айналып, ұлтымыздың бір кезеңінің нәсілдік жоғалуына себепші болады.

Әрине бұл іске ұйытқы болып отырған ел басшымыздан бастап ғалымдар, философтар, теологтарды былай қойғанда, төменгі дінші имамдарға дейін діл дегеннің ғылымын қалай анықтауға болатынын, рұқ, жан білімін, ұлттық ерекшелігін мүлде білмейді. Сондықтан ой жорып қазақты керемет мәңгілік ел қыламын деп ібілістің қақпанына байлап беруге себепші болып жатқанын да түсінуге меңгерген жетелік ақылдары да жетімсіздік қылады. Ата жол жазбаларын да оқығанмен түсіне қалулары мүмкін емес. Сонымен бұл істің басында тұрған ғылым және білім министірі Аслан Саранжіпов мырзаның жеке өзіне ғана берілетін құдайдың жауабын қалғандарына да үлгі болсын, ата-баба аруағының ескертуін жариялап көрейік; «Тобықтан белгі ескерту беріліп, оң жақтан шалынады. Кәззаптыққа түседі. (жүрекке шайтан енеді) Жеті аруағының назасына қалады. Өзінің аруағы тамырынан ұстап, жеті ұрпағы рухани тексіздікке ұшырау қаупі бар. Қуыққа без түсу қаупі бар.»

     Ел басшыларының осындай істің атқарушыларының бәріне де ескерту беріле береді, азап, өлім үкімі де арта береді. Сонымен бірге ұлтымыздың жан, ділін өлтіруге, гендерлік, ұятсыздық, арсыздық  салтымызға тек қана ел билеушілердің саясаты ғана кінәлі емес, халықтың да ниеттілігі, аманатқа қиянат жасап арамға бой ұруға құштарлығы себеп екені де даусыз. Осындай өтпелі заманда қыз, қатындардың азғындауына үкім түсіп, олардың өлімдерінің күрт артуымен белгілі болады. Құрбандықпен, Алла жолында мал жұмсап күнәдан ақталудан, шариғат парыздарын орындаудан бас тартудан халқымыздың жандық қуаты көбейіп, өсіп жетілмей, діліміз жоғалып, енді мұны құдайдың өзі жан құрбандығын алуымен талай әйелзаттарының қыршынынан қиылумен, еркектердің жесір қалуымен, қайғы-қасіретпен өтейтін мезгіл келгеніне тылсымнан хабар да түсіп жатыр.

Ұлтымыздың ділін тірілту үшін қазан айында елдің ортақ қазанның ортаюымен, халықты дүр сілкіндіретін сынақтың көрініс беруімен, қараша айында жаппай рухани өлімнің үкімі түсумен халық аяндарға, аманаттарына қайта жалғана бастайды. Сонымен бірге жүрек ауруы да саны артады. Бас ауырып балтыр сыздап, оң жақ аяқты баса алмайтын ауру басталып, аруақтан аманат алып, оған мән беріп орындамағандарға үкім түседі. Желтоқсан айы кенеттен келетін қайғылы қазаның артуымен ақырзаманның сипатын халық түсіне бастайды. Ал енді бұған да қарсылық жасап, бұл өтпелі жағдайдай көріп өздерінің «тәңірлік саясатын» жалғастыруға тырысатын ел билеушілерге жаппай ескерту беріліп, арты қайғылы жағдаймен аяқталады. Бұл жеке ел басшымыздың өзіне де, от басы семьясына да қауіпті жағдайдың, сынақтардың барын білгені жөн. Келесі жылы ақырзаман үкімінің, қуатының еселеп артуымен жалғасын табады. Сонымен мейлі енді қандай шешім шығарғанмен, қазақ елінің құдайдың патшалығына алғашқы енген ел болып, оны терістеуден зұлымдыққа түскен бүгінгі заман барлық зиялы, ел билеуші қауымы тарихта Мұса пайғамбардың кезеңіндей перғауындықтардай теріс үлгісімен естелік қалдыратындары да сөзсіз. (Қыркүйек айы 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *