XXXIII-Ойға түрткі, ақылға дем. Жындылық пен ынсаптылық және адамдық ұждан, ар текті меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 56

«Ақ жолында өледі бірталай жан. Ыразы қылам дейтұғұн құдайы жоқ, Өлген соң тірілмеймін деп ойлаған. Осыны терең ойлап, тексерейік, Сорлыны ер ынсабы қайда айдаған?…» (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы адалдықтың ақ жолын ұстануға, әділетті заңдар жазып, елдің тұрмысын, денсаулығын түзеп, дүние байлығын арттыруға түрлі ойлар жазып, оны орындау үшін ел билеуге таққа таласып, партия құрып күресіп жүргендер де аз емес елімізде. Ал енді; «..Ел түзелсе, өлген соң, не пайда оған? Не дін емес, не тыныш өмір емес, Артқы үшін арпалысты неге осыған?» деген әулие бабамыздың сауалына ел басшымыздың өзі жауап бере алмайтыны да хақ. Жаратылыстың заңдылығын, өзінің жанының қуаттарын түсініп, қасиеттілік ерекшеліктерін құлшылығын меңгермей, яғни әрбір пенде өзін-өзі танымай, бақытқа жетер жолына түспей өзгені түзеп, дұрыс жолға салуы да мүмкін емес. Бұл даналықтың, тұлғалықты ел басқару ісінің төрелік, бектіктің шарты болуы керек.

Ал енді өзін-өзі танудың жолы адамзатқа ортақ діннің жолы, исламның бірлігі- құдайшыл болу. Алланың бірлік сипатын түсініп меңгеру үшін де, Алланың растық, барлық сипаты болған Құдайдың жалғыздығына мойнсұнуымыз керек. Құдайшыл болу үшін аятта; «Хақиқатты бұзықтыққа араластырмаңдар да сондай-ақ біле тұра шындықты жасырмаңдар.(42) Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ Алланың хұзырына иілушілермен бірге иіліңдер. (43) Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар ойламайсыңдар ма?..» (2-44) Енді хақиқат құдайдың жол-жобасы болып, Раббымыздан, құдайдан хикметті білімінен түрлі белгілердің, ескертулердің түсумен және ата жолы болып қазақ халқында өлілердің әулие-әмбилер аруағы арқылы аманаттарын, батасын оқылуы болып, халықты ақталуға шақырғанмен, оның бұзықтықпен араласып шындықтың көмескіленуіне де ел басшы, діншілердің, білімді қауым өкілдерінің қарсылығы, көреалмастығынан арты қияметтік жағдайға соқтырғаны да хақ.

Қияметтік жағдайдың жер бетінде көрінісі де жер бетінің тұрғындарының Раббысын-құдайын ұмытып, хабар, жоба алудан бас тартып, белгілі бір жақсыларды, кереметтерді, қасиеттілерді, білімділерді, ел басшы, дін басшыларын құдайға айналдырып табынып немесе тәңір қылып алып шоқынып кетумен байланысты болады. Аятта; «Мұхаммед сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп; «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?»,-дегенде олар; «Әрине куәміз» деген. Қиямет күні; «Бұдан хабарымыз жоқ» демеңдер.» (7-172) Сонымен әрбір пенденің нәсілдік тұрғыда, яғни ұлттық сипаты мен жеке-жеке адамдық тұрғыда өзінің жанының иесін, жарын, Раббысының, құдайының хабарын тыңдап, тануға берген уәдесі болып, оны жанның ұйқы кезінде аянға, өткен өмір қуатына, ата-бабалардың естілік жадына жалғанумен  3-ші дәрежелі жан қуаты аталады.

Аян ата-бабаларымыздың тағдырлық шындық кітабы болып, мұндай шындықтан келген хабарды жасыру, мойындамауды құдайсыздық деп атайды. Бірақ бұл шындыққа жалғану үшін де, «Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ Алланың хұзырына иілушілермен бірге иіліңдер.» деп бұйырған Раббымыз. Әбір ұлттың толық намаз орындауы болып; әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып бекігенін де естен шығармаған жөн. Сондықтан мейлі қандайда білімді, ғұлама, ел басқарушысы, дін ғалымы болсын, жалғыздық сертін, өзінің Мен-жанынын танымай, аян-уахиға жалғанбай немесе оны мойындап жорып әрекет қылмағанда, Аллаға өтірік айтушы, біліммен ғана пайымдап ой жорушы, құдайсызға айналып алуы да сөзсіз.

Аятта; «Ал енді Аллаға өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық (аян, уахи) келген кезде, оны жасынға шығарған біреуден залымырақ кім бар? Қарсы келушілерге тозақта орын бар емес пе?» (39-32) Енді ел басшы, дін басшылар өзінің құдайы барын, Раббысына берген уәдесін, сертін орындап жүргеніне кепілдікке шындықтан хабар келтірулері міндетті болуы керек. Әсіресе дін ғалымдары, имамдар қандайда бір күмән, талас тудырған сұрақтардың жауабын құдайдан сұрап алу қасиеттілігі болуы шартты. Осындай (62-4) аятына лайық пайғамбарлық қасиеттілікпен ғана имам, дін ғалымы, пайғамбарымыздың ізбасары болып аталуы керек. Ал пайғамбарымыздың шапағатына, құдайлық хақиқатқа, шындықпен жалғану үшін тақуа болу шартты болып; «Сондай шындықты әкелген және оны мойындаған міне солар; тақуалар.» (39-33) Кез келген жүрек көзі ашық, ұжданды пенденің мүмін аталып; Шындықты, уахи, аянды өзі алмаса да, оны Раббыдан түсірілгенін жүрекпен ұғынып мойындау да тақуалыққа жатып, ал енді қазақ елінде керісінше жағдайдың; «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғысқа ұшырауға не себеп болды деп сұраңыз.

Әрине құдайсыздықтың салдарымен, меңгерген білімге мас болып, өткен замандағы бір әулие жақсыны тауып алып, оны құдай қылып дәріптеп, құдаймен, іштегі елшілігі Менімен шаруасы болмай, түрлі жындық топтарға бөлініп алып, халықты рухани тозғындыққа ұшыратып жатқандар да қоғамда жеткілікті.  Ел басшыларымыз 30 елдің білімін, өнерін тәңірге айналдырып салттарына, әдеттеріне шоқындырып және біздерге ғылымды үйрететін де өзге елдің «тілі-құдай» болып, әйтеуір пайда түсетін, ақша табатын істердің бәрін ойланбастан меңгерумен, ар, ұят деген құдайға есік ашатын құндылықты мүлде ұмытып кеттік. Құдайдың иелігіндегі жерді де саудаға салып, жеке меншікке өткізсек жерге деген пенденің көзқарсы өзгеріп, мол өнім жинап, дүниеден қорлық көрмейміз деп жанталасып жатқандар да жеткілікті. Демек мемлекетіміздің тұрғындары түгелге дерлік құдайсызға айналып, қандайда бір иман, ар, ұятқа байланысты шаруаны ақшамен ғана шешу керегін ел басшымыз ашық жариялап отыр деп түсіну керек.

Олай болса дін муфтият адамдық құндылықты қалптастыратын, мәдиниетіміздің жағдайын ең төменгі жабайылық дәрежеге дейін құлдырағаннан, шарасыздықтан осындай шараға барып отырғаны деп түсіну керек. Мұндай жағдайда ар, ұят, иманды ойлаған елді жазалап қудалау керек деген шешімнің де пайда болуын қалай түсінеміз?  Қазақ жерінде әлемде белгісіз құдай патшалығы, сөз патшалығы басталып, әулие-әмбилердің аруақтары кітабы арқылы; жерге көктен түсіріп, жерден өндіріп беретін құдайдың ескертуін, хабарын ел басшымыздың құлағына ілетін де түрі жоқ. Демек мұнымен ел билеушілеріміздің халықты да арандатумен, қияметтік үкімдердің артуымен өздері де азапталып, өзгені де азапқа түсулеріне мәжбүрлеулері де хақ. Бұл жалғыз құдайдың шындығын түсінгенге.

Ал енді халыққа құдайды танудың үлгісін үйрететін дін муфтияты мен дін істерінің керісінше құдайсыздықты дәріптеп, Аллаға өтірік айтушылар ғана десек жалған емес. Аятта; «Алла бір адамға кітап, даналық және пайғамбарлық (қасиет) берген болса, сонсоң оның басқа адамдарға: «Алланы қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Бірақ; «Кітапты үйретулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» деулері лайық» (2-79) Құдай жолы дегеніміз; көркем сөз патшалығы, тура жолдың өзі, шындықтың жолы болу керек. Ал ендігі заман Ханафи масһабы құдай болып, тура жолға салушы Имам Ағзам, ал жалғыз Құдай – Раббыларың уахи, аян беріп тілдеспейді, өлілер арқылы сөйлеспейді деп ашық үгіттеп жүрген діншілерді қалай атауға болады?

Сонымен масһабшылардан басқа белгілі бір тарихта өткен әулиені құдайға балап, немесе өз заманының білімді, ілімді жақсысын тәңір қылып алушылар да жеткілікті. Соның бірі Нахшпанди әулиені тура жолдың басшысы қылып, яғни оның барлық ісін, насихатын өзгермейтін қарсылықсыз аятқа айналдырып, топ басшысын тәңір қылып, Раббыларына берген уәдесіне қарсылық жасаушы топтардың нәсілдік, жындық сипатта бағзы жабайылық замандағы құрайыштардың пайғамбарларға түсірілген шындыққа қарсылық қылықтарымен, жетілмеген білімге табынуларын қайталумен сай келеді. Бұл сияқты тарихаттық топтардың  Алланың жібін ұлттық тұрғыда иіріп берген дін жібін қайта тарқатып, құдайдың заманға қарай түсіретін шындық біліміне ашық қарсылық білдіріп, қарсы шығушы Тәураттық топтардың жұбы болып саналады. Олардың жындық сипаты қарғалармен байланысты және 3 ғасырлық адасуға түсетіндерге жатады.

Сырттай бағалағанда құдайшылдар тобын құрып, бірақ құдайлық шындыққа емес, білімге және бес сезімге ғана негізделіп, жындық тұрғыда қара қасқырлар тобына жататын айқай, жария зікірді дәріптеуші «Ясауи» тобы болып саналады. Олардың 43-ші сүре үкімдеріне қарсылық жасаумен және  34-сүре сүренің яғни Сәбә елінің жындылық, нәсілдік қылықтарын қайталаушылар болып табылады. Мұндай топтар адамгершілікті, адамзатқа махаббат, бауырластықты қолдамайды. Өздерінің меңгерген білімдерін, жақсыларын, басшыларын тәңірге айналдырып алғандар болмақ. Бұлардың құдайсыздық жағдайын аятта; «Сондай-ақ олар сендерге; «Періштелерді, пайғамбарларды тәңір жасап алыңдар!»-деп бұйырмады. Сендерді Мұсыман болғаннан кейін қарсылыққа бұйыра ма?» (3-80)

Ал енді ата-бабамыздан келе жатқан «Құдайсыз қурай да сынбайды» деп қандай істі бастаса да құдайдың қалауына жүгініп, аруағымен ақылдасып, әулиелердің батасымен көгеріп, көктеудің тәсілін исламмен дәстүр қылып бекіте білген, құран аятымен; «Мұхаммед онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз» (11-109) деген ашық үкімге сай ата жолы болып бекіген қазақ елінің мирасы екені де хақ. Әулие-әмбилеріміздің, Алланың сүйікті жаннаттық құлдарының аруағына, меңгерген шындық ғылымына табыну арқылы құдайымызға сыйынатын, ата жолының Ақ ұлдың бастауымен ел билігі қудалап тоқтатқанша бұқара халықтың біршамасын рухани ұйқысынан оятқаны да сөзсіз.

Негізінде ата жолының Мұса пайғамбарымызға берілген кітаптың сипатында Раббымыздан-құдайдан оқылатын; бата-сөз, құранның жалғасы, кітабы болатынын аятта; «Расында Мұсаға Кітап бердік. Сонда да қайшылық тудырылды. Егер Раббыңнан сөз берілмеген болса (уахи, аян, ) еді, әрине араларына үкім берілген болар еді. Расында олар Құраннан шәк ішінде күдіктеуде.» (11-110) Раббымызбен тікелей тілдескен Мұса пайғамбарға берілген кітаптың да қайшылыққа, қарсылыққа түсіп, бірақ оны Раббымыздың шындығы сөзі арамызға үнемі түсіп отырумен, діндегі қарсылыққа түскен аяттарды, сөз ұғымдарын қайта түзеп отыратынын ескертеді. Олай болса, қазақ еліндегі аққу, сұңқарлар арқылы әулиелерден бата болып оқылған сөздердің де өзгеріске, қайшылыққа түсуімен, оны анықтау үшін де тақуалықпен шындықты келтіретін ақыл иелері дін ғалымдары, ел басшылары болуы керек. Бірақ бұл істің басында болуға тиістілер; «Расында олар Құраннан шәк ішінде күдіктеуде».

Сондықтан да ата жолының шариғатты тастап қойған, тақуалықтан, құраннан хабарсыз арсыз қатын, қыз аққулардың, надан  етекбасты еркектердің шайтаннан болған жындардың басқаруына өтіп, білімді, шариғаттан хабары, амалы бар есті қауым түгіл, жол таба алмай ізденген бұқара халықтың да теріс айналуына мәжбүрлейтін топтардың артып жатқаны да хақ. Қазіргі таңда ата жолында 90 пайыз батаның жындар арқылы жалғанумен және қара түнек күштер арқылы жүректің мөрін ашу емес, керісінше жүрек көзін жауып, мөрлеудің де сипаты белең алғаны хақ. Бұған әрине уайым қылатын ел басшысы, зиялы қауым дегендердің дүниеден басқаны ойлауға жүрек көздері жабылып, өз көттерін өздері ашып жатқандары да себеп болды. Демек қияметік уақиғаның үлесі артып, халықтың азабы да артып, көп ұзамай ел басшы, зиялы қауымдарға ашық азап белгісі басталуы да сөзсіз.

Жеке-жеке жүректің мөрін ашамыз, аруақпенен тілдесу қасиетіне жалғаймыз деп  100-150 мыңдап ақша талап ететіндер де баршылық. Ал Ақ ұлдың жақын шәкірттері, көмекшілері қатарында болып, кейіннен «маған құдайдан үкім түсіп, жүрек мөрін ашамын» дегендердің ішінен Арал атты пенденің жағдайын Раббымыздан сұрап көрдік. «Жалған мөр ашудан пенделердің жүректерінің қабыну қаупі бар. Жүрекке қыспақ түсіп, 9 сандық белгімен; Сол жақ бойдан, Аяқ буындарынан, тамырларынан қысады. Белге салмақ түседі, сегіз көздің перделенеуі болады. 40 санының (қырық қожалығы) үзілу қаупі бар. Қастандық мінездің өршуі мүмкін. Табаннан енер қара қуатқа жол ашылады. Аян тоқтайды. Түс қана көру қабілеті болады. Шым-шытырық түстер орын алып, оны аянға балау болады. 40 буын қозғалыс жүйкесіне кері әсер береді. Жыныстық қозушылыққа да әсері бар. Қорқаулық пайда болады. Қасиет тоқтайды.».

Ал енді мұнымен айналысқан Арал деген пенденің негізінде тағдырдан берілген хазіреттік қасиетке жалғануы керек еді. Сол кезеңді аңдитын Нағыр атты жынның  ықпалына түсіп, бұған дейінгі меңгерген қасиетін жындарға қызметке тұрғызуына себеп болған. Яғни құдайдан келетін шындықтан ажырап, тақуалықты сақтап толық меңгере  алмай, адасуға түсуге де сенген аққулардың да шайтандық әрекетімен болғаны, құранға ашық қарсылыққа түсіп алғаны да сөзсіз. Енді Раббымыздың ескертуімен;  «…аруақтың назы түсіп, қос ауыздан сынақ болады. Ми қабығының кебу қаупі бар. Қорасан атадан 40 қой құрбандық шалып кешірім сұрап тәубеге келмесе, онда Ясауи бабаның сынағы түсіп, 63-тен белгі келіп жоғарғы дерттердің де сынағы ауысуы болады».

Әрине мұндай қазаққа келген бақты қара түнек ібілістің қарамағындағы жындардың ықпалына беріп, халықты азғындыққа түсіретін, яғни ібілістің жолына түскендерді зұлымдығынан құтқаруға, жол көрсетуге де құдайшыл, ақыл иелері керек-ақ. Ал бірақ бұл жағдайға ел басшымыздан бастап бас ауыртпайды да. Себебі өздеріндегі Құдайлық сипаты, іштегі Мен елшілігін танып, тыңдаудан, жалғыз құдайларын танудан бас тартқандар болады.  Мұндай жағдайда жылтырақ сөзге сенген, «құдайсыздықпен мәңгілік ел құрамыз» деп құдайдан безгендердің басқаруына түскен, нәсілдік тұрғыдағы уәдесі мен аманатын жоғалтқан, мәңгілікке жоғалуға бағыт алған елдердің қатарына қосылуға жан таластырып жатырмыз.

Осындай құдайсыздықтың түрі желтоқсан уақиғасы болып, осы уақиғаның салдарынан, жаңғырығынан қазақ халқының төзімділігі сыналып және жоғалтқан мезгілі де болып табылады. Осы кезеңнен бастап қазақ халқының төзімділігі жоғалып, имандылық жібінің де үзілген уақты болады. Сондықтан көптеген пенделердің рұқтық қуаттан ажырауы, адасуға түсіп жындылық топтарға бөлініп, ақылының шектелу, сезімнің үстемдігіне бас ұрумен белгі түсіп отырады. Қазақ елінің тағдырының құдайдан берілетінін, тәуелсіздік, егемендік деген де құдайдың ғана үкімімен байланысты екенін ұмытқан саясатшылар орыспен соғысып тартып алдық деп жалған тәңірге шоқынуды дәріптегендері үшін де, жер ананың назына қалады. Аяққа салмақ түсіп, түбінде мүгедектікке ұшырау қаупі бар. Және осы күндері желтоқсанда қаза болғандар құдай алдында жауаптан, есептен өтіп, өздерін шектен шыға дәріптегендерге, дінсіздігіне де назалы болатындарын естен шығармаған жөн.

Сол сияқты жаппай құдайсыздықтың көрінісі; Жаңөзен уақиғасы болып саналды. Бұл тырнақтай, түймедейді түйедей қылып әсірелеу арқылы, шайтандық сезімді қоздырумен байланысты болады. Мұндай құдайсыздық уақиғаны дәріптеуден 62 тамырға теріс қуаттың әсері пайда болады. Уақиғаға қатысқандардың және оған дем берушілердің қандары қоңырланып, шайтандары көбейіп дажалға айналады. 77 санымен байланысты сынақ түседі. Яғни тозақтың екі қақпасы да ашылып, 7 ұрпағына лағнетін арқалайды.

Қазіргі таңда ата жолының аз да болса тақуалықты ұстанып, ібілістің ықпалына түспей аман қалған аққу, сұңқар, сарбаздарының тылсым арқылы ұждандары қуаттанып, ата жолы жазбаларына құранның жеті үніне, аруақтар батасына, аянға жалғанумен байланысты, онан көптеген пенделерге жүректен жүрекке иман қуаты таратылып жатқаны да сөзсіз. Яғни кешегі ата жолына қарсы, бейтараптардың ертеңгі күн құдайын тануға, рұқани ақталуға сапқа тұратындары да хақ. Бірақ ел билеушілердің, зиялы қауымның әуелі құдайын тануға, ақталып жанын азат қылып аспан, жердегі ата-бабадан мирас естілік кітаптарға жалғануды меңгермей, жүрек көзі ашылмай, құр біліммен ғана түсінуге тырысқанмен, онан түк те пайда жоқ осылай мәңгүрттіктен жындық негізделуден әзірге босану да қиын.

Сондықтан Айша анамыздың 2 үкімі болып; ата жолы арқылы тағдырларын түзейтіндер іріктеледі. Айша ананың қолдауын алады. Ал 2-ші топтықтар мүлде мейлі қандай дәрежелі ел билеуші, ғұлама ғалым болса да, құдай патшалығынан, сөз мәресінен ажыратылады да бақылауға түседі. Бірінші топтықтар жер ананың ризалығын алып табанмен жалғанады. Ал 2-ші топтықтар мүлде ризалығын алмағандар, дәретсіз жерді басушылар, жалаңбас, жалаңаш жүрушілер азапқа түсе бастайды. Түрлі басқа, тәнге шығатын жаралардың, буын аурулардың қияметі түседі. Сонымен бірге жерді сатып, сатып алушылар да жер ананың назына қалып, табандары ажырап түрлі жүрек ауруынан бастап, артындағы ұрпақтарының да өсіп-өнуі тоқтайды. Ел басымыздың жеке өзіне 10 ай мерзім беріліп, қазақ елінің құдайсыздық істерін түзеп үлгірмесе, онда қылтамақ ауруымен ажал жетеді. Келесі 2017 жылдың ақпан айының орта шені ел басымызға қауіп қатермен байланысты болмақ.

Және Раббымыздан; «Тоғыз шеңбер төселер, жер бетінде көсілер. Тоғыздың ішінде 3-еуі бар ерекше пайғамбармен жалғанған пенделерге осы 3-тен болар қиындық» деген хабары да келді. Бұл жағдайды өздерін тақуамыз, пайғамбардың ізбасарымыз деп тура жолдағы санайтындарға да сынақ түсіп есептен өтеді. Сонымен бірге Мариям анамыздың, Мұса пайғамбарымыздың періштелгі көктен түсіп христиандар мен әсіресе орыс халқы исламға бет бұрып рухани оянуы басталады. Раббымыздан; «Сетуют святые что непокорные и неподвластные богу люди нынче, наступило время когда воцариться на земле тишь то благодать, рай земной на земле. Спуститься святая дева Мария с небес, блогословит блогосклонностью своей людей земных. Спуститься с небес Моисей и укажет людям божьи знамения.».

Қазіргі таңда қазақтың зиялы, білімді, дінші ел билеушілері  өз атасынан, аруағынан безіп, қарсылық заң шығарып бұқара халықты азғырып аманаттарын тастауға мәжбүрлеп жеңіске жеттік дегендері де жеткілікті. Бірақ болашақта орыс халқының көмегімен әлем қазақ еліне ағылып зияраттап шипа тауып, сонымен бірге бүгінгі қазақтың іс басындағылардың мұндай надандығы да әлемге танылады. Мұны алдына-ала сезген ібілістің ұрпақтары қалайда зияраттарды меншікке айналдырып, жұрттың жүретін жолын, хайыр жасау мүмкіндігін шектеп,  белгісіз қалған ата-ана зияраттарының басын көтеруді де шектеуге жерді меншікке беру деген сылтаумен құдайға ашық қарсылықты үдетіп жатқаны да хақ. Және ата-бабамыздан қалған мұндай әлемде теңдесі жоқ білімді қалайда жарыққа шығу мүмкіндігін шектегенмен, орыс халқында бұл білімнің екінші жағы ашық жарияланып, халыққа таратылып, оны ел билеушілері де қолдап жәрдем беріп жатқаны да хақ.  Енді мұның неге христиандар және орыс халқы қазақ аруағын қазақтың ұлтынан артық жақсы көре алатын себебіне де дәлел беріп көрейік…(жалғасы бар Сәуір айы 2016 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер;  http://btk.atazholy.local/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *