XXXV-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшыл болу мен адамдық ұждан, ар текті меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 61

«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай-шын құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім құдай? Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар-үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек!..» Шәкәрім атамыз бұзылмайтын құдайлық шынның әулиелік қасиетпенен байланысты, таза ақылдан туындайтынын ескертіпті. Ал әулиелік қасиеттілікті жындылықтың әрекетінен тазарумен ғана меңгеруге болатынын баяндадық. Әр ұлттың алған жол-жобасы салт-дәстүрінен, ата жолының құдайлық шынның бейнесі болып қалыптасуымен ата-бабаларымыздың аруақтық кітабы болған шындықтың қазынасына, тарихи естілік жадымызға, яғни әулие-әмбилеріміздің жаннаттық, жұлдыздық орындармен жалғанып тұратынын да естен шығармаңыз.

Бір естілік, есті болу деген ұғым тарихпен, өткен өмірмен байланысты ғана қалыптасатын бір ақылдық жүйе болып табылады. Естілік біздің өміріміздегі тәжірибелеріміздің шындықпен, ғылыммен жүйеленген қуат болып және ата-бабаларымыздың да тарихи жады шындығымен жалғанып, екі дүние өмірінің барлық саласын қамтуымен, көріпкелдік, болжампаздыққа да қуат болып саналады. Естіліктің жанмен және рұқтың сипаттарымен байланысты да түрлері болады. Яғни иманмен және сеніммен байланысты екі сөздік белгісі болып бір естілікті қалыптастыруға құдайшылдықтың құлшылығын меңгеру міндетті болмақ. Естілікті 7; 9 санды белгілері болып оң білек, оң жақ көлеңкемен, құлақ, иық, шынтақ, алақанмен жалғанып тұратын қуаттық жүйені құрайды. Оң жағымыз жасыл түспен және нағашы жұрт аруағымен байланысты болуында да мән бар. «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деп естілік тектің қалыптасуын ескерткен.

Естіліктің елшілік істерін меңгерумен байланысты «Елшілерді тек еркектерден ғана тағайындадым» деген аятты қазақ даналығында «Қатын қағыс естиді» деп астарлаған. Яғни есту қабілеті жындық қуаттың тазалығымен, кісілікпен өлшенетінін жадыңызға тоқып алыңыз. Сонымен елшіліктің жүйесі Алланың көркем сипаты 99 есімі; Бір естілікті қалыптастыру жүйесі болып; Алланы еске алу дегеніміз құдайлық ұғыммен және құдайшыл болып өмір сүре білген барлық ата-бабаларымыздың қауымдық тұрғыдағы есімдерімен, олардың меңгерген шындық, аруақтық кітабына жалғанумен ғана ақылдық шамамызға қарай Алланы еске алған құдайлық сипатына, көместік мирас кітаптарына жалғанған болып саналамыз. Бұл кітапттардың негізі 7; 9; 10 жүйелік сандарымен сипатталуын да есіңізден шығармаңыз. 7 сандық белгі жандық тұрғыдағы, 9 сандық белгі рұқтық тұрғысындағы аманаттарды орындаумен байланысты болмақ. 10 сандық аспандық жүйе арқылы жалғану (17;19=36) Ясин-тазалану, тілену құлшылығы нәтижесі шығады.

Пайғамбарымыз; « «Мен саған Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну – жақсылық атаулының басы. Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелік пен жердегі жарық сәулемен тең болмақ. Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады…» (288-өсиет) Сонымен бір есті болу үшін екі түрлі жер және көктегі естеліктердің арасын қосып тұратын көркем сөзден жарық болған тектік, шежірелік ағашына жалғануымыз керек. Пайғамбармыз; «Құлшылықтың ортасын ұстаныңдар» деген өсиетімен Құдайлық шынды меңгеру үшін құдай патшалығына, көркем сөз патшалығына жалғануға, құран оқу арқылы аспандағы жұлдыздар мен жердегі ойпатты, киелі орындар, әулие-әмбилеріміздің аруақтары арқылы көркем сөз ағашын суғарып жалғанумыз, өзіміз бұтағы болып жалғануымыз керек.

Барлық істердің, әрекеттердің ортасы, дәнекері, киесі Раббымыз — Құдайымыз болып; «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген қазақтың даналығында. Құдайлық қуат Алланың өзі болып, көктен аспан мүлкінен, жерден жарық сәулемен Алланың ғылым және кереметі, хикметті білімі болып, көк пен жер екі аралық жаратылысты басқарушы жер бетіндегі құдай патшалығы, сөздің киесі болып бейнеленеді. Аятта; «Екі аралық нәрселерді ойыншық үшін жаратпадым» деп ескерткен жаратушымыз. Сондықтан да екі аралық адамзаттың барлық өнімдері шеріктер, жындар, әскерлерді жүктерге жалғанып, тазартып меңгерумен және ойпатты жерлермен, әулие-әмбилермен көлеңкелік қуаттық алмасумен көктегі өз жұлдызымыз, есімімізбен жер ананың арасын жалғауымызбен құдайшыл болып табыламыз.

Адамзаттың үш түрлі ойлану қасиеті болып; көру, есту сезімдерімен және ақыл-білім арқылы меңгерген, түсінген бүгінгі шын қуаты болмақ. Кітаптық тұрғыда жазылған ақпараттық деректермен тарихи оқиғалардың естеліктерімен бүгінгі шынымыз арқылы, білімділік тұрғысында кешегі шынымыз қалыптасса; заманның ағымына, өмірдің тәжірибесіне, меңгерген білімімізге сүйеніп есептеп, жоспарлар құрып, ертеңгі шынды қалыптастырамыз. Қазіргі таңдағы қазақ елінің де білімді елдердің барлық ел басқару, дін саясатын ұстанып, бүгінгі заман білімі шынына ғана негізделген, шаруасы дамыған елдердің өткен тәжірибиесін яғни бұрынғы шынын сол қалпында көшіріп алып, бүгінгі шынымызға айналдырып; «мәңгілік ел» болашақ жолын таңдап алғаны да сөзсіз. Сондықтан біздің болашағымыз қазіргі 30 дамыған елдің бүгінгі шынына, рухани жағдайына ғана сәйкес келетіні де естіге аян. «Ел билеу саясаты діннен бөлек» деп әрбір елдің, ұлттық сипатында заманға қарай жазылатын болашаққа есік ашатын тағдырын терістеп, әлемдік тағдырмен бірдей болу саясатын, құдайсыздық салтын ұстанып алдық.

Ал енді ұлттық тағдырымызды, заманның толғағына қарай қарсылық кармалық жазуымызды меңгеруге, болашағымызды айқындауға, дербес елдік сипатымызды сақтауға құдайшыл болудың да маңызы зор. Сондықтан да; «Бұрын шын бар, бүгін шын Ертең шын бар — үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек!..» деп Шәкәрім атамыз құдайлық хақиқат шынымен ғана өмір сүріп бақытты болатынымызды ескертіпті. Әрине ол үшін де исламдық ортақ шариғаттық дін ісінде ұлттық, елдік сипатымызға қарай тарихи жадымызмен бейімделген даралық намаздарын да меңгеру шартты екені хақ.

Олай болса, даралығымызды қалыптастыратын шариғатымызды меңгеріп, намазымызды оқып және сара жолымызға түсу үшін Алланы еске алуға, ата-баба тарихымызға, жадымызға жалғануға аруақтарымызға құранымызды оқып, құдайға жалбарынып, пайдасыз сөздерден аулақ болып, ата дәстүрімізді, ізгілік салтымызды ұстанып, жер-отанымызды кезіп; жерден есік, көкке саты іздеп, өсірген көлеңкемізді, серігімізді беріп (үлесімізді қосып) көркем сөзден өсетін шежіре ағашын құран оқып суғарып, жер анамыздың жарық сәулесі мен көктегі аспан денелері болған жұлдыздарға, құс іліміне жалғану арқылы ғана құдайшыл болып, бұзылмайтын шынды, ақиқатты тауып, шын махаббатпен шын сабырды, таза ақылды, ойшылдықты меңгере аламыз. Бұл құлшылықты тақуалық ұстанып, көлеңкемізді, бой өрісімізді өсіріп, әлемдік жүйеге (біздерге) қуат қосу болып, мұны діншілірдің «серік, шерік қосу»деп халықты қорқытып үркітуге пайдалауында да ібілістің ықпалын қалыптастырумен байланысты екені де хақ.

Құранға жүгінсек; «Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын-сауық ғана, әрине ахырет жұрты тақуалар үшін жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» (6-32) Таза ақылды меңгеру үшін білімді болу, немесе бес парызбен намаз оқып мұсылман аталу, даралықта білімге ғана байланып қалу жеткіліксіз. Ал ақыл иесі, түсінуші, есті болу үшін тақуалықты меңгерумен яғни ахырет жұртымен, таза ақыл шындықпен бейнеленген тарихи естеліктерімен жалғануы шартты болмақ. Ақиреттік тұрғыдағы таза ақылға, шындыққа, таза аруақтарға жалғану дегеніміз Алланың бейнеленген есіне жалғану немесе Алланы еске алу болып табылады.

Қазіргі таңда ата жолы болып бастау алған мұндай құдайшылдық құлшылығымызды қудалап «серік, шерік қосу» деген Аллаға аятына ашық жала жабу болып; «Егер саған олардың (мұнафық, екі жүзді надан қауымның) жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше сен де надандардан болма.» (6-35) деген үкіміне ортақ қосушылар екені де хақ. Қазіргі таңдағы қазақтың ел билеушілері мен діншіл, білімді қауымның ата жолының, ата дәстүрінің құдайлық хақиқатқа жалғану үшін ата-бабаларымыздың әулиелік естілік жады мен көктегі әлемге ортақ құс ілімінен хабар алуға, иман келтіруге өздері амал қылмай, халықты азғырып шектеуден кәпір қауымға айналып; «мәңгілік тозақтық ел» болуға саясат ұстанып, мұны ұлттық арман, нұрлы жол деп пайдасыз сөзге, жындылыққа айналдырып алғанымызды білеміз бе?

Мұндай құдайшылдық құлшылықтан бас тартудан Ол аллаға, Раббымызға және адамзатқа махаббат түгіл туыстық ата-анаға деген де махаббаттың жоғалуымен; «Олай болса таза ақыл, Әулиелік сенде жоқ. Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың Бір қалыпта тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, Бірін тастап бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсын, сенде шын!» (Шәкәрім ата). Естілік тұғысында әулие-әмбилердің жұлдыздық сипатына жалғанудан бас тартып, керісінше кез келген заманның біліміне кезбелікпен жалғанудан тек қана жындылықтың артуына себеп болып, естіліктің мүлде жоғалуы да хақ. Жоғарғы ел басшымыздан бастап әлемнің бар жаңашылдығына құмар болып, жас балаша дүниенің қызығына мас болған, ертеңімізді дүние табумен ғана өлшейтін әлемнің бар жынын жинап алып мініп жүрген ел болып саналамыз. Сондықтан да құдайдың түрлі заман толғағымен ашық ескертіп алдын-ала біздер арқылы беріліп жатқан хабарларына, ашық белгі азап, ауру, апаттарына әулие санаған ел басшымыздың өзі пысқырып қарамайтыны хақ. Яғни құдайдан үміті, сенімі мүлде жоқ. Бірақ мұндай әрекетпен, қарсылықпен тарихта құдайды жеңген ел де, патшалар да болмағанын да естен шығармаған жөн.

Қазақ дәстүрімен құдайшыл болу жер әлемінде жеті киені, жеті арыстық текті, яғни негізгі жеті әулиелік тазалықты меңгерумен байланысты деп түсінген. Аятта; «Алла жолында мал сарып қылғандардың мысалы; әр сабағында жүз түйір өскен жеті сабақты ұрық тәріздес» (Бақара – 261). Әрбір адам баласының жеті ата тектік ағашына жалғануымен, құдайшыл болып құлшылығын меңгерумен, жеті сабақты өз тегін ағашын өсіріп және бұл әр сабақтан 100 ұрпаққа дейін өнім бере алады. Ал мұндай тектік өрістік бақшамыздың жеті бой өрісінің жағдайымен, біздерге көрінбейтін денеміздің жарықтық сипатымен, зейнеттік киімімен, қазақта; «Кебенек» (ар сауыты) аталған бейнемізбен байланысты екенін де білген жөн.

Бой өрісімізді Алла тағалалық ар сауыты ақ жарықпен қорғап тұрумен, Алла тағалалық сегіз сипатын меңгеруді исламның бес парызы арқылы ұлттық, шежірелік тұрғыдағы (тарихаттық) 9 аманат тәубелік құлшылығымызбен; Раббылық — құдайлық 10 сипатты рахметіне, мағрипатына жалғану масһаб, шариғат дін ісінен жоғары тұрған, сопылық тұрғыда қалыптасқан қазақ дәстүрімен ғана мүмкін екені де хақ. Қазақ дәстүрінде шариғатымыз иманның жеті шартын меңгерумен, бой жарығын қалыптастырумен байланысты деп; «Бойжеткен, бойдақ», «Екі жарты бір бүтін болу» аманаттарын меңгерумен байланыстырған. Енді жеті күн «чакраның» бой өрісіміздің қуаттанып өнім беруіне, негізгі құдайлық бейнеленген жаратылыста жүйесінің де болатынына Өтейбойдақ атамыздың шипагерлік баянына жүгінсек; Жерде жеті әулие бар деген. 1.Әулие – дәм; 2.Әулие – ат көлік: 3. Әулие – тұз; 4. Әулие – қыз; 5. Әулие – күн; 6. Әулие – жер, ел; 7. Әулие – ит болып метафизикалық тұрғыда жаратылыста адамзат жанының негізгі қуаттық жүйесінің бейнеленген қазынасын құрайды.

Енді бұл қуаттардың жүйесін тәптіштеп түсіндіріп көрсек; 1.Әулие-дәмдік қуаттық жүйенің көркем сөзбен, ана тілі ділін тазалығын сақтап меңгерумен байланысты Алланың берген ризық несібесінің, қуаттарының бәріне шүкірлік айтып; «Жақсы сөз — жарым ырыс» деп батамен, көркем сөзбен алғысын жеткізе білумен байланысты қуаттанып жалғанады, сақталады. 2. Әулие-ат, көлік қуаттық жүйенің жеті атамен байланысты шежірелік жалғану тұрағы болып, нәсілдік белгінің қалыптасуы, сүйек тектің тазалығымен байланысты болады. Құлшылықта пірадарлықпен, желдің қуатын меңгеріп, қуаттану арқылы 8 күндік несібені, сегіз көздің жүйесін қалыптастырумен байланысты болады.

Әрине барлық жерлік өмірлік қуаттардың, тағдырымыздың дәммен және ; 3.Әулие-тұз болып; «Тұз дәмі таусылды» деп атаудың да астарында; қан тазалығымен байланысты аталғанды. Адамзаттың қан тазалығынан бөлінетін көлеңкелерінің, иістердің жерге тұз болып сіңіп, жер отанымыздың нәсілдік тазалықтың, ұрпақтардың жалғасуын қалыптастырады. Қазақ дәстүрінде; «Шақырғанда бармасаң шақырғанға зар боласың» деп түсінде көрсеткен әулие-әмби, ата–аналардың зияраттарына тағзым жасаудың маңыздылығын ескерткен. Тұзымыз жеңілдеп, жолымыз байланып шаруамыздың қыры кеткенде киелі жердерден жарық тұзға жалғанудың да маңызы зор болмақ. Аталарымыз; «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма» деп қан тазалығының негізі жандық қуатты; 4. Әулие-қыз деп атағанды. Қыз-елдік қуаттық жүйенің «Мәңгілік елдің» ірге тасы болып саналып, елдік, ділдік, тектілік ағаштың тазалығын сақтаумен байланысты қалыптасып және 47 сандық жер ана рұқымен жалғанудың жүйесімен байланысты болады.

Ал барлық тіршіліктің, өмірдің түрленіп, қуаттардың еріксіз алмасуы, несібенің тұрағы; 5.Әулие-күнмен байланысты болып, қара қуаттарды жағып, қуартып, онан шыққан өнімді өзіне алумен байланысты болады. Әлемнің 7 күнде жаратылуымен әрбір пенденің 7 күн, «чакрасының» сипаты осындай ағзамыздағы несібе қара қуаттарды жағып, онан шыққан будың зейнеттік жарық, киіміміз болған және онан бой өрісіміз бақшамызды өсірумен байланысты жаратушы тарапынан келетін нұр несібе, мәңгілік өмір қуатын жүктеліп алуға мүмкіндік ашылады. Бес күніміздің «жалғандықпен» жер бетіндегі қара қуатпен, 4-текпен, нәсілдермен байланысты 4 күн жерлік несібе және кісілік білімге жалғанумен байланысты исламда бес парызды құлшылық деп, бесінші тұрғыда қажылықпен Адам-әкеге кісіге жалғанумен байланысты деп түсіну керек.

Қазақтың құдайшылдық дәстүрінде; «Жаман деп қатыныңды, көшемін деп отыныңды тастама» деп астарлаған. Яғни аруақтық қуаттың жеті күннен нәр алып, қара қуат отынды жағумен, қол өнермен, қол ісінің тазалығымен де байланысты қалыптасуын аятта; «Лаһабтың қолы құрысын, қатыны тозаққа отын арқалап кіреді» деп қазақ нақылының қол аруақпен байланысты сырын ашып тұрғаны да хақ. Яғни әйел-тұз ауыр отын болса, еркек шауқаты күнмен байланысты, тұзды жағушы болмақ. Осы бес әулиелік қуатты меңгеруді шариғаттық дін ісімен, тазалықпен байланысты бес парыз, бес жалғандықты меңгеру деп атаған жөн. Әрине бастың, аяқ-қолдың да өрістік тұтастыққа жалғануы да шарт. Осындай бес қуаттың бірлігі, дін ісінің толықтығымен 5-ші өрістің көгілдір түспен, өңештің тазалығы дыбыстың түзелуімен, мақаммен және құлақ шеке ақпараттық қабылдау орынмен (Қайназар ата белгісімен) 17 санды Ісра сүресімен, ақылдың зерделігімен «Аср» ұғыммен байланысты болады.

Бірақ қазіргі таңдағы қазақ елінің әлемдік азғындық салтын «әдеб» қылып; жалаңбас, жалаңаш жүрумен жеті күн несібесін меңгеру түгіл бес күнге қарсылықты, тағдырлық жалғандықты да жеңе алмай, керісінше ібілістің жолына түсуге бүгінгі саясат-салтымыз негізделген. Ислам діншілерінің де жалаңбас, жалаңаяқ, жалаңаш қолмен намаз оқушы болуы да бес күндік «жалғану» жүйені де теріске алып, ал сыртын түзегендер жетелік, саналық екі күнін тастап қойып ғапылдыққа түсумен, қара қуатты керісінше жүктеп жындылыққа негізделумен байланысты адасушылық, құдайсыздықты ұстанады.

Енді ел билеушілер мен бұқара халықтың арасында дау-дамайға себеп болып жатқан; 6.Әулие-жер, елдің; Алла сөзінен қуат алып, оның үкімінің барлық бейнесі; Қадырі- Қыдыры болып табылатыны, ал жерді жеке меншікке айналдыру, жерді тек егін салуға ғана пайдаланып, жәндіктердің, аң-құстардың көбейіп өсуіне кедергі қойып, жерді егінсіз босқа жатпасын деген жанның өркениетіне, Қадыріне қарсылықпен елдіктің жоғалып, ел басшымыздың «Мәңгілік ел» деген бастамасының ібілістің ықпалына түсумен байланысты; жерді жекеге беріп, Алланың үкімін жоюдың жолы екені де хақ. Алдыңғы бес әулиенің жағдайымен ұждандылық қалыптасып; бесінші өрістің Бақ болып бейнеленіп әйелдің басына, еркектің ағарып, тазарған аяғына қонып; көк түсті қуаттың төбемен, бас бармақпен, аяқ-қолмен және жеті қарақшы жұлдыздық белгімен, 9сандық аманатқа жалғанумен «Батиха», Алланың қадірі болып даритынын да жадыңызға тоқып алыңыз.

Ал енді; «Бармақтан бақ бер оны ұстап отырар, батпандай салмақ бер» деген нақылдың шешімі болып; Жеті қазынының бірі және күзетшісі; 7. Әулие ит болып аталудың астарында; 42 санмен байланысты сезімталдық, аңғарымпаздық, Құдайдың көмес хабарын алуды меңгерумен байланысты және мінезде жерге ұқсастық төзімділікті, сабырлықты меңгеру болады. Қазақтың төбеті мен тазысы осы дәлелге де мысал бола алады. Бой жарықтық тұрғыда 7-ші өрістің 6 өрістің күзетшісі, қорғаны болып, әйел затының етегімен байланысты қуатпен жалғануымен «Нас» сүресімен 1 санымен байланысты болады. Емшілік, көріпкелдік қасиеттің де ит әулиелік қуаттық жүйені меңгерумен, 7-ші саналық өріспен байланысты 41; 82 сандық белгіні, мәңгілік жан рұқ бірлік жүйесін қалыптастырады.

Әрине бұл өмірлік қуаттық жүйелердің қарсылығы болып қазіргі таңда парақорлық, жемқорлық, тойымсыздық сияқты қазақ елінің мінезінің өзгеруі де иттікпен байланысты, ит көздену еркектерде басымдылық жындылық болса, қыз әулиеліктің жоғалуына әйелдердің жылан көзденіп, қанынан, жыныстарынан уын шашып еркектерді ит ауруына ұшыратуға ғана себеп болып жатқаны да хақ. Ел басшыларының «үш тілмен ғылымды болу» деген саясатының тұз әулиеліктің, қан-ділдің тазалығына қарсылық болып, ұлттық тұрғыда нәсілдік белгіміздің өзгерісіне жасап жатқан ібілістің жолы азған иттік екені де сөзсіз.

Сол сияқты әулие-дәмнің біздің күнделікті өзара бір-бірімізге рахметіміз, жаратушының ризығына шүкірлігіміз болып, қол қуатының, жылуының өзара алмасуын қалыптастыратын қолма-қол ақша төлемі болып саналады. Бұл төлемді де шет елдің жаңашылдығына еліктеп, қала халқының мұндай қуаттық алмасуын шектен «Оңай-ібілістік жүйені» Алматы қаласында жас әкімнің енгізуін енді Астана қаласының әкімі де іске асырып жатқаны да растық. Бірақ мұнан қол еңбегін көп пайдаланбайтын қалалықтардың алақан жылу алмасуы шектеліп, өнердің тоқырауына, салғырттық мінезге келуге, құдайсыздық мінезге де әсер береді десек, дінсіз ел билік мұны естілік ақылмен қабылдай алмайтыны да хақ. Сондықтан садақа беріп, мал-жанын арамнан тазартуға шектеп заң шығарып, бүгінгі күнге дейін бұл істерінің дұрыстығына сенімді болып отырғандардан не күтіп, ұятты, арлы, намысты құдайдан ұялады деп ойлау да да ақымақтық болады…(жалғасы бар Мамыр 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *