XXXVII-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық, ұждандылық және арсыздықтың салдары

 

«Ел билеуші мен оның қарамағынындағы халықтың бақытсыз, бақытты өмір салтын тек дін арқылы ғана бағалауға болады. Себебі біз дін арқылы ғана өмір салтымыздың адал арамын, қандай қылықтардың орынды болуын, бақытты өмірдің үлгі өнегесін және қандай жағдайда бақытсыздықтың туындайтынын алдын-ала болжай аламыз.

Дін дегеніміз көзқарастар жүйесі мен іс-әрекеттер және Алланың адамзат баласына (арапқа ғана емес) салып берген қасиетті жолы. Діннің арқасында ғана көкірегі ояу адамдардың баршасы өзінің көздеген мақсатына жетуге мүмкіндік алады…»(Әл-Фараби) Жақында әлем елдерінің ел басқару ісіндегі біліктілерінің Астанада бас қосуында шет елдің бір ғалымының «Біздер Әл-Фараби даналығымен өмір сүретін елді іздеп жүрміз, ол түркілер елі…» деген сұқбатына халық та куә болды.

Олай болса, мүмкін аз да болса жетесінен хабардар оқырмандарға түсінікті болу үшін дана бабамыздың ойшылдығымен бүгінгі қазақ бақытты өмір салтын ұстанған ба, ел басымыздың әлемге мақтанғанындай төрт жағымыз түгелденген бақытты елге айнала алдық па деген сауалға рухани жағдайымызды ақыл таразысына салып көрейік. Бірақ, бізге көптеген ислам елдерінің ортақ ұстанымы, дін салты болған масһабымыз қазақ рухани жағдайын бағалауға жарамсыз. Себебі қазақтың дін өркениеті сопылық тұрғыда жетілген дәстүр болып қалыптасып, әрбір өзін қазақ тегіненмін деген ұрпақтың ділінде, жанында сопылық тұрғыдағы ақылдың талабы тағдырында жазылып, дін аманаты болып бекітіліп берілген.

Сонымен біздің ел басшыларымыз ұлт арманы, мәңгілік ел, нұрлы жол деген сияқты ойшылдықтарымен болашаққа жоба жасап, қазақ елін бақытты қыламыз дегенмен; «Құдайсыз қурай да сынбайтынын» мойындамақ түгіл, ашық қарсылықпен қазіргі таңдағы бір ұлттың ішіндегі қырық пышақ алауыздықты да жолға салуға ақылдары жетпей жатқандары неліктен? Барлық қасіреттің түп негізі; «Ел билік діннен бөлек» деген саясатынан емес пе екен? Ал мұндай сасатты ұстануға ел басшыларымызға кімдер ықпал жасап отыр?

Әл–Фараби атамыздың қайырымды ел жобасына үңілсек; «Егер ел билеуші дінді жетік меңгеріп шынайы қайырымдылықтың жаршысы бола білсе, онда оның халықты басқаруындағы басшылық қызметі де сан алуан жақсылық істерге толы болады. Дәл осындай игілікті мақсатты ойдағыдай жүзеге асыра білгенде ғана ел басының өзі де, оның қол астындағы әрбір адам да шексіз бақытқа кенеледі. Ал жағдай нағыз бақыттың өзі болып саналады. Міне сонда ғана ел басшы және мемлекет тұрғындарының ұстанған дінді қайырымдылық дін деп атауға болады» (Әл-Фараби). Қазіргі таңдағы біздердің жағдайымыз әлеуметтілік деп аталып, оның өлшемін ар-ұяттылық, арам-адалмен, ата дәстүрін сақтаумен өлшеп бағалаған дұрыс болар. Сонымен біздердің бүгінгі қайырымдылық дін ұстанымыз Ханафи масһабы болып саналады. Олай болса, мұндай қайрымды, ізгілікті дін ұстанымымыз елдің бірлігін сақтап, бейбіт өмір сүруге, қанағатпен өмір сүріп өзара туысқандық жібін ширатып иіріп жалғау керек еді.

Бірақ кешегі Ақтөбедегі қырғын мен сырттай бүтін сияқты болғанмен мемлекетіміздің тұрғындарының бақытсыздығына да ашық дәлел болғаны да хақ. Демек, біздің ел басшымыздың, дін басшымыздың және ел билеуші мен зиялы атты қауымның өздері де дінді жетік меңгермеген және қайырымдылықтың жаршысы бола алмай мемлекеттің бақытсыздығына себепші болып отырғандары да хақ. Сонымен қазақ елінде қайғы-қасіреттің ащы дәмін татпай, жақындарын жоғалтпай, басына, жан ұясына, отау-ошағына сынақ, азап түспегендері де кемде-кем болар. Себебі біздің ел басшыларымызда мал табарлық біліктілік болғанымен, дін табарлық таза ақылға жалғанып, еліміздің болашағын ойлап іс қыларлық қасиеттері жоқ десек жалған емес. Ел басшы, дін басшы, зиялы атты қауымның ел болашағын болжап, саясат ұстануға қабілетсіз болып шыққандарына да бүгінгі күнгі қияметтік уақиғаларда ашық белгі болуы керек.

Бұл жағдайға негізгі себепші әлемге танымал әулие атаған ел басшымыздың өзі дінді жетік меңгеріп, жан, рұқ сипаттарының жағдайларын түсініп, елімізді игілікті мақсаттарға тәрбиелеуге ешқандайда қабілеті жоқ екені де айқын болғаны сөзсіз. Сондықтан да бүгінгі таңдағы және алдағы болатын оқиғалар, азаптар мен апаттарды, халықтың шарасыздыққа түсіп, бірі мешітке, бірі зияраттауға, бірлері түрлі дін топтарын құрып жаратушысын танымақтың жолына түсетін де күннің туатыны хақ. Себебі ата дәстүріміз, ата жолымыз қайырымдылық дінімізді меңгеруге осы ел билеушілерміздің өзі тиым салып қудалап, әлде қашан ібілістің қарамағына өткізуге жәрдем беріп қойғаны да жалған емес.

Енді қазақ мемлекетінің шаруашылықпен, өндірісін әлем елдерінің қатарына қосуға жанталасып еңбек еткен ел басшымыздың, уәзірлерінің рухани тұрғыда да елдің жағдайын әлеуметтілігін ұмыт қалдырмауға негізінен зиялы қауымның ықпалы мен ақпараттық тұрғыда ата дәстүрінің үлгісін қалыптастыруда, өздерінің әулиелікті меңгерулері арқылы халықты тәрбиелеп жол көрсетуі арқылы ел билеушілерге де бағыт, бағдар беріп отыруларда заңдылық болуы керек еді. Бірақ бұған қазақтың зиялы қауымы мен үлкендері өздері де кеңестік заманда қалыптасқан әдеттері мен дінсіздіктерінің шырмауынан босануға да қауқарсыз болып шыққандары да жалған емес.

Мұндай қоғамдық тұрғыда ата дәстүрінің маңызын жоғалтудан; «Ал егер ел билеуші дінді тастап надандықтың жолына түссе болғаны, ол міндетті түрде өз ойындағы арам пиғылдарын жүзеге асырудың жолдарын қарастыра бастайды. Сүйтіп оның қызметінде билік пен мансап, тәкаппарлық пен намысқойлық, байлық пен масайраушылық басты орынға шығады. Дәл осындай жолға түскен ел билеуші шын мәнісінде бақытты болмаса да, өзін тым бақытты сезінеді. Мұндай ел билеуші тікелей өзіне бағынышты адамдардың көмегі арқасында өз үстемдігін баянды етіп қана қоймай, оны одан әрі нығайта түсуге жанталасады. Алайда ел билеуші халқының қолын берекеге жеткіздім деп есептегенмен, шын мәнісінде бұл игі мақсат жүзеге аспаған күйінде қалып қояды. Мұндай пиғылды ел билеушілер әдетте басқалармен салыстырғанда, өздерін ерекшеміз дейді.» (Әл –Фараби).

Ойшыл бабамыздың бұл өсиеті қазақ билігі мен ел басшымыздың және мемлекетіміздің әлеуметтілік жағдайын анық суреттеп тұрғаны да хақ. Жыл сайын әлемнің барлық дін басшыларын жинап алып, өздерін-өздері көтермелеп, дін арқылы бүгінгі өмір салтымызды бағалауға тырысқанмен онан халықтың ешқандай нәтиже көріп жатқаны да жоқ. Себебі ел билеушілеріміздің қазақтың болашағын жарқын бақытты қылуға деген ойшылдық жоспарларының тек қана білімге және әлемнің өткен тәжірибесіне сүйеніп, қазақтың тағдырлық, тектілік, ділдік, жандық, рұқтық сапаларының өсіп-өркендеуіне керісінше тосқауыл қойып жатқанын, ақылмен пайымдауға да қабілетсіз екендерін аңғарар емес. Демек ел басқарушы, дін басшыларының, ғалымдарымыздың, іс басында отырған зиялы атты қауымдықтардың өздерінің де алтауы араз, надандықтың шырмауына әлемдік қара түнектің саясатына ақылдарын негіздеп алғандары да хақ. Яғни құдайдың жазған тағдырлық жан, рұқ қуаттарын меңгеріп дана, қасиетті, талантты аталғанмен, бірақ ұлттық тұрғыда аманаттарды орындау мен алты жанын көбейтуге, күнәлі рұқтарынан ақталып қазақтың тектілігіне сай сопылық тұрғыдағы тақуалықтарын меңгере алмаудан деп түсінген де дұрыс.

Төртеуін түгелдеп, төбеден келетін білімді кісілікке де жалғану үшін масһаб тұрғысындағы шариғатты да берік ұстана білу де керек. Ал алтауды араздастырмай оның дінде тәрбиесін меңгеруге шариғатпен, масһабпен ғана меңгеру мүмкін емес. Мұны тек ата дәстүрі ата жолы тарихаттық, мағрипаттық дәрежелермен және жетелік, саналық ақылдың дәрежелерімен ғана меңгере алады. Бес күндік жалғандықты яғни бес сезімін жетелік ақылға бағындырған пендеде зеректік, аңғарымпаздық, іздемпаздық қасиет болады да «мен ғана білемін» деген тәкаппарлықтан азат болады. Ал білгіштіктен азат болмай және жетелік ақылдың қасиетімен ғана құдайдан шын қорқу мен ұяла білу қалыптасып, қазіргі таңдағы көше толған жалаңаш, әурет ашқан өз жынысынан да теріс айналып, бетін басатын іштен қысым пайда болуы да керек.

Қазіргі ел билеуші мен зиялы қоғам өкілдерінің дінімізден, ата дәстүрімізден бас тартып, тек қана білімге ғана сүйеніп, сана түгіл жетелік ақылы да қалыптаспағандықтан, әлеуметтілік жағдайымызды өркендетуге, болашаққа бағдар жасауына қазақ халқының, мемлекетіміздің жылдан-жылға рухани тұрғыда надандықтың ұйығына батып бара жатқанымызды аңғарар да емес. Себебі білімге ғана сүйенген идея, жобалау бар жерде жетелік ақылға, санамен санасуға деген ықылас пен зеректік болмайды.

Егер білім қазіргі өмірімізден басым түсетін болса, онда өміріміздің мәнділігі өткен шаққа айналады. Ал өткен шаққа сүйене отыра болашақты пайымдаудан ақыл жылдам, ұшқыр болудан қалып, әрі тірі болудан да қалады. Ақыл тірі болмаса, алты сезімдік қуаттың яғни алты жанның өсіп-өнуі тоқтап, қоғамда білімнің ғана үстемдігі пайда болып, қазіргі таңдағы ел басшымыздың өзге елдің өткен шағымен ғана бақыттылыққа жоспар құрып, әлеуметтілігі азған артынан еру саясатын ұстануы да қалыпты жағдай. Ал елдің әлеуметтілігінің діннің өркениетін қалыптастыруға тиісті қоғам басшыларының да дінде де тарихта да өткен шаққа қайта оралып, сол қалпында бүгінгі заман тағдырына әдетіне айналдырумен айналысып кеттік. Мұндай жағдайда Құдайдың әр заманға беретін жол-жобасын, дін ғалымдарының өзі ашық қарсылықпен терістеумен, көріпкелдік, шындықты әкелу яғни аян, уахиға жалғанып амалға айналдыруды халықтың жадынан өшірумен, ібілістің ұрпағы жәрдемші болып алғандары да хақ.

Олай болса жанға қуат, заманға сай иманның өркениетімен байланысты білім алмаған, тек өткен шаққа сенімділікке бейнеленген білімге негізделіп алған ақылымыз, тек тәннің және жақсы тұрмыстың ғана қамын жеп, рухани қажетті басқа керекті қуаттарды ұмыттырады. Мұнан біздің тәніміз арсыздық, ұятсыздыққа тез бой үйреніп тұрпайыланады. Ал ағзаның мұндай жағдайда сылбыр, ұйқылы-ояу ішкі сезімдердің қабілеті жоғалуынан ақыл тірі, зерек болу мүмкін емес. Қазіргі таңдағы қазақ халқы ел билеушілерімен бірге терең ұйқыға кеткен жағдайымыз бар.

Себебі біздің таңдап алған тура жол болып халықты ұйқысынан оятатын надандықтың, арсыздықтың құрсауынан құтқарады деген масһабтық, түрлі тарихаттық, сопылық, сәләфтық, уахабилік ағымдарымыздың бәрі де тек өткен шақтың біліміне салтына ғана негізделіп алып, керісінше заманға сай имандық қуаттарды құдайдың жол-жобасын меңгеруді терістеп, меңгеруден бас тартудан, еліміздің керекті рухани қуаттарын ата–бабадан келе жатқан аманаттарын жоғалтуға ғана қызмет жасап жатқандары хақ. Кітап жүзіндегі алған біліміміздің замандық ой қуатына, иман негіздеріне жалғанбағанда ақыл елегінен өтпей, сол қалпында пайымдалумен, адамзат тек өткен шақты болашақтың бағдарына айналдырып алып жандарын өлтірумен ғана айналысып кетуі да заңдылық.

Сондықтанда өткен шағымыз болашаққа айналып алып, ескі кекті қайта қоздырып, бұрынғы өткен уақиғаларды сол қалпында қайталанады деген үрей мен қорқыныштың жетегіне еріп, өзара ұлт араздыққа, біліммен ғана пайымдаудан мақтан мен тәкаппарлыққа түсіп алып, бұқара халық түгіл ел билеуші, зиялы қауым өкілдерінің, үлкендеріміздің өз тағдырларын көріп, болашақтан хабар алуға жарамсыз, ақылдары тірі болудан қалған. Оған дәлел еліміздегі арсыздық, ұятсыздықты «гендірлік теңдікті сақтау», әлеммен бірдей болу, заманға сай болу деген сияқты надандық замандарға қайта оралумен, тұрпайылықты, жануарлықты адамдыққа санайтын болып және ұятсыздық, жалаңаштық, арсыздықты сұлулыққа бағалауға әдеттеніп әдеп деп атап алдық. Негізінде сұлулық пен надандық табиғаты ұқсас. Сондықтан екеуі де жасыруды, құпия ұстауды қажет етеді. Ал көбеюдің табиғаты қарама-қарсылықта болады.

Жан қуаты иманмен, сүйіспеншілік сеніммен ғана өсіп, яғни жақсылықпен, ізгілікпен тіршіліктің барлық сұлулық сипаттарымен ғана көбейе алады. Ал сұлулық деген жасырын тұрғанда, ұяттылықтың ортасында ғана өсіп-өнеді көбейеді. Сұлулықты жария мақтанға айналдырып, жалпыға әшкере болғанда көбеюі тоқтайды. Ал надандық керісінше әшкере болған сайын, ұяттың бақылауын тастап шыққан сайын, көбеюге қабілеті арта түседі. Демек ашық-шашық жүрген қандайда жаны, тәні сұлу әйелдердің көбею қабілеті әлсірей береді де керісінше надандығы, шайтандығы еселеп арта береді. Сұлулықтың азығы адалдық болса, надандықтың азығы арамдықпен, арсыздықпен қуаттанып жемісін береді.

Енді «гендірлік теңдік» деген әйел затының нәзіктігін, сұлулығын еркектің тұрпайылығы мен қаталдығына бейімдейтін, әлемнің арсыз саясатын қазақ елінде бұрын тарихта болмаған ең жоғарғы дәрежесіне жеткенін, ел басымыздың әлем алдында; «Біз гендірлік теңдікті қалыптастырған ел қатарындамыз, сондықтан енді еркек шора, қаталдық пен тұрпайылықты меңгерген қазақ әйелдері де жоғарғы ел билеушілікке сайлана алады…» деген пәтуасы да дәлел болады. Себебі бүгінгі ел билеуші дегеніміз діннен бөлек, құдайдан ұялмайтын, өздерін тәңір санайтын тұрпайылық саясатты ұстанатын заңдары да бар. Сондықтан дінге бағынбайтын, сұлулық пен нәзіктікті жанды болуды қаламайтын, өздерін жындық қуат тұрғысында еркекпен тең санайтын, ел билеуші болуға лайық деген қатындардың ата дәстүрімен, жан, рұқ қабілетімен, әйелдік қасиеттерінің ахуалымен ақыл таразысына салғанда, дінімізбен бағалағанда қалай болар еді? Ал енді жаратушымыздың үкімдерін, пайғамбарымыздың өсиеттерін әлем алдында терістеп мазаққа алғанда не ұтамыз, қайда барамыз, құдайдың және ақиреттегі біртұтас адамдардың, көктегі «біздердің» қарғысы, лағнетін қайда қоямыз?

Сонымен әлемнің іздеп жүрген Ясауи бабамыздың құранмен біртұтас бекітіп қалаған дәстүр негізін және Әл-Фараби данышпанның ойшылдығымен өткенімізден жаман-жақсы әдеттерден ғибрат алып, болашаққа құдайымыздан жоба алып өмір сүру үшінде Абай- Шәкәрімдей даналарын сөз жүзінде үлгі мадақтап, ал іс жүзінде неге қарсы өмір сүруге мәжбүрленіп, ұлттық құндылықтарымызды ақыл тұрғысында қабылдауға қарсылықтан қалай арыламыз? Біздер сол даналардың ұрпағы, даналықпен, сұлулықпен өндірген көбейте білген жандарының бөлшегі болғандықтан, олардың қалдырған аманаттарын, ой үндерін ақылмен қабылдап, ұғыну үшін солардың әрекеттерімен, аруағымен, тағдырымен, меңгерген мирас иман кітаптарымен жалғанып, бірге өмір сүріп, оның ішкі сырын жан-тәніңмен сезінбей, олардың қалдырған шығармашылықтарын, нақылдардың жалпы мазмұнын, ғибраттарының құрлымын және қозғалысын, әсер-әрекетін білу мүмкін емес екені де хақ.

Сондықтан Ясауи, Әл-Фараби, Абай-Шәкәрімдей ғұламалардың еңбегін түсіну үшінде олардың ізіне еріп, рухани тұрғыда бүтіндікте және ішкі сырымен бірге өмір сүре білу керек. Ол үшін шариғаттық тұрғыда Ханафилік масһабты ғана емес төрт масһабтың ақ бұлағы пайғамбарымыздың сүнеттерін дін бірлігін меңгеру арқылы, дана бабаларымыз меңгерген тарихат, мағрипат сатыларына жалғанып, құранның да терең сырлы аяттарын түсінумен ғылымның теңізіне сүңгіп, өзімізге керекті гауһарымызды да таба аламыз. Ал енді әрбір мұндай жолға түскен адам баласының өзін-өзі тану, пайымдауы арқылы ғана бұрынғы жинаған беделдерін құрбандыққа ұсынып, өзінен–өзі асуы арқылы ғана жүзеге асады.

Олай болса ел басшымыздан бастап жастарымзға дейін «Білмеймін» деген ғылымды алдымен меңгеру керек сияқты. Біздер, осы заман тұрғындары дүние есігін ашқан сәттен бастап осы жеткен жерімізге дейін біздер белгілі бір мәдениеттің, пайымдаулардың ықпалында болып келдік. Осындай тар қалыпта «Меніміз» өз киімін, рухани үйін қалыптастырды. Және ғасырлар бойы белгілі бір дінге, топқа, тәрбие, білімге, өмір сүру салттарына әр түрлі шарттылыққа, насихатқа, экономикалық қысымға, ішкен асқа, от басына, ауа-райына, достарға, қоғамға, шығармашылық толғаныстарға барша ықпалдарға негізделіп бейімделіп алдық.

Сондықтан өмірде кездесетін әр нәрсеге дайын білім тұрғысында жауабымыз да қалыптасып, бекіп беделге айналып алғаны да сөзсіз. Ал бұл негізделуден құтылмай басқа негіздегі ой қуатына жалғану, болашаққа жоспар жасау үшін сол болашақтың аясына, уақыт мекеніне қарай рухани сапар шегу деген мүлде мүмкін емес. Шариғат та масһаб та барлық бекіген негізделген діндер ережелері де бұл шеңбердің аясынан алып шыға алмайды және болашақты да пайымдауға ақыл-ойлық, имандық қуаттылығы жетпейді. Оған бүгінгі таңдағы қазақ еліндегі күннен–күнге ушығып келе жатқан дін ахуалымыз да дәлел бола алады. Олай болса біздің ақыл-ойымыз бүгінгі таңға дейін белгілі шеңбердің қалыптасқан білімнің аясында ғана өмір сүріп, жанымызды көбейтуге қабілетсіз болып қалғаны да хақ. Ал енді мұнан тегімізде, тағдырымызда белгісі бар жанның қалауын өз бетімен ізденіп, дін ұстанып, білім қуып арыламын десеңіз, онда басқа бір осындай өзге елдің салтына, ережелеріне тұзаққа түсіп негізделудің де қаупі зор болмақ.

Қазіргі таңда жастардың түрлі дін топтарына кіріп алып, кейбіреулері өзара қан төгіп жатқан елдерге кетіп қалып жатқаны немесе қолына қару алып өз ағайынын өлтіруге де бел байлап шығуы; жанға қуат, Алланың хикметіне жолығуды іздеген талабынан пайда болып жатқандары да хақ. Ал оған жолдаманы ел билеушілердің ұстанған саясаты, масһабты тура жол ата дәстүрі деп халықты алдануға мәжбүрлеуімен, адасуға, өз бетінше ақылсыз білім тұрғысында ізденуге мәжбүрлеуші негізгі баспалдақ екені сөзсіз. Сондықтан мұндай жағдайда бұндай жалпы ұлттық негізделуді мүлде өзгертемін деген ақымақтық қана. Бұл негізделуді електен өткізіп, заман талабына қарай бейімдеу ғана мұндай ақыл-ойымыздың аясын кеңітіп тірілтуге зеректікке жол ашады. Ол үшінде ақталудан өтумен, ата-бабаларымыздың тарихи жадына жалғанумен тағдырымызды түзеп, құдайдан жеке-жеке жол-жоба алуды меңгеруміз керек.

Қазақ еліне Құдайдан үкім болып ата жолы болып, діннің қияметтік заманға қарай ерекше белгісі, жан ғылымын меңгерудің өркениетінің бүкіл ғұлмалардың, әулиелердің армандап кеткен кезеңі басталғаны да хақ. Бірақ мұндай тек қазақ халқының дәстүрімен ғана меңгеруге лайық хақиқаттың жолын ел басшымыздың өзі қол қойып, заңмен қудаланып, осы кезге дейін тұншықтырып отыруға да не себеп? Осыдан үш жыл бұрын маған уахи келіп, «Мәсімов мырза ел басшымызды ұрлап алып кетіп, бір көл, әлде теңіздің арғы жағалауындағы таулардың ішіне жасырып қойып, маған көктен; «Екі күн ішінде тауып алмасаңдар өлтіріп тастайды» деген хабар келген.» Мен оның ел басшымызға қазақтың масһабтан, өзге дін топтарынан бәрінен де биік тұрған екі күнін (жете, сана) тәрбиесін қайта қайтармаса екі өкпеден атылатынын баяндап жазған едім.

Мүмкін басқа да себеп, хабар болған шығар ел басшымыз қазақтың төл тарихын зерттеуге, ата дәстүріне аз да болса бет бұруға да, көптеген істерді қолға алғанмен, оны соңы түгіл ортасына да жеткізе алған жоқ. Енді бұл берілген Құдайдың үкіміне тағы 10 ай мерзімнің берілгені туралы хабар келі. Ал енді Мәсімов мырзаға неге құдайдың ескертуі түсті? Неге ол ел басшымыздың ақыл-ойын ұрлауы керек? Бұған ақыл жіберіп ойланатын зиялы қауым, дін ғалымдары неге жоқ? Ал Мәсімов мырзаның құдайдың қаһарынан, тұзағынан Глобалық жұлдызнаманың көмегімен құтылып кетуі мүмкін бе? Ел басшымыз бұл жағдайды Раббымыздан сұрап жауап алуға неге құлықсыз, әлде иманы жеткіліксіз бе?

Ал енді елдің шаруашылығын, өнерін дамытуға, елдің бас қаласын салуға таланттылық, жігерлік танытып, үлкен жұмыс атқарғанмен, әлеуметтілік тұрғыда керісінше рухани құлдырауға ұшыратқан ел басшыларымыздың қолына халықтың болашағымен әрі қарай ойнауға қалай жол беруге болады? Қазақтың зиялы қауым мен үлкендері жастарымызды, бұқара халқымызды әлемде озық тұрған жан ғылымның білімін Ясауи, Абай-Шәкәрім шығармашылығы мен Әл-Фараби бабамыздың ойшылдық үлгісін неге сөз майданына салып, олардың киелі рұқына, кісілігіне жалғанып тақуалықта, әулиелікте қазақ дәстүрімен үлгі көрсетуге жарысқа түсуге, ел билеушілерді әділетті заңдар шығаруға мәжбүрлемеске? Тозақтан да адамзатты білім құтқарады, бірақ білім үнемі ілімнен, жанға иман арқылы құпия білім жазумен ғана тазарып отыратынын да ескерген жөн болар. Олай болса, қазақ еліндегі діндегі бүлікшілікті «экстремизмді» заңмен қудалаумен емес, білімнің сапасын арттырумен ғана мүлде жоюға болатыны да хақ. Ал ол үшінде бабалар аманатымен жазылып жатқан замандық қозғаласқа сай ата жол жазбаларын, жан, рұқ өнімдерінің (атрибуттарының) әлемде жоқ сырларын жалғастыра бермекпіз. Ел басшы, дін басшылар оқып, өз жан, рұқтарының қалтарыстарын түсінуге тырысып аяндарына жалғанып, таза ақылдан ой алар деген үміт те бар …(жалғасы бар Маусым 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.