XXXXI-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық және денсаулық, ақжаулық, он саулық дін байлығы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 67

Қазақ дәстүрінің құдайшылдық дін тәлімі тұрғысында және оның жемісі болған, адамзаттың рухани қазына байлығы үш негізбен жүйеленіп, үш байлық аталуының өзі ғылымдық сипаты бар. Жаратылыстың Алласыз пайда болуы мүмкін емес болса, оның ӨЗІ сипатының; Алла тағала; Раббы; Тәңірлік үш сипаттан тұратын да жадыңызға тоқып алыңыз. Сонымен бірге Алла ғылымының 3-сипаттан тұратынын жарықтың негізінде қызыл, сары көк түсті болуын баяндап өттік. Жалпы жарықтың жаратылысында «Сендерге 8-түр жараттым» деген Алланың құранда ашық аятымен оның жоғарғы дәрежесі Алла тағалалық сегіз сипаттан тұратына да иман келтіру керек. Алла тағаланың бұл сипаттарының қарсылығы болмайтын ақ түсті жеті қанатты періштелік аталып, бірақ адамзат өмірінде қар түспен байланысты қарсылығы болуы да заңдылық.

Сондықтан да төменгі жандық жаратылыс иесі малдардың (жан, жын қуаты) да осы түрлердің жиынтығынан қараның негізінде пайда болатынын ескертеді. Олай болса, Алланың нұры (Нұр сүресі) негізгі өлшем болып 24 сандық белгіні 8-түрге бөлсек оның 3-түрлі қасиеттік белгімен дәрежеленуін, сол сияқты 6х4 =24; 12х2=24 сандық белгілерден жаратылыста бейнеленуін білдіреді. Жер бетінің қозғалысы тіршілігі екі негіздің ақ пен қараның, бақ пен күнәнің, жарық пен түнектің өз ара қайшылық қарсылығымен және бұл екі негіздің арасында қызыл ғылымының әрекеті болып уақыттың қозғалыс негізін тәулік деп атап, сары нұрының өлшемі 24 сағатпен өлшейміз де негізінде айдық ақ жарықтық 12-санды өлшемін тұрақты басқарушы негіз деп санаймыз.

Сондықтан қазақта «Уақыт емші, уақыт барлық нәрсенің тағдырдың тұрағы» деп білген. Уақытқа да адамзатың қатынасы болып, жандық сипатты беруге үш қасиеттің төрт мезгілдің ішінде 3-айлық түрленумен бір жылды құрауы да адамзатың рухани бейнесі әлемнің бөлшегі көшірмесі болатынын растап тұрғаны хақ. Адамзатың өмірінде 4-мезгілдік төрт жақты құбыла, дүниенің төрт бұрышы, төрт көздің түгелдігімен, 4-мүшелде естіліктің толық жетілуі болып саналады. Адамзаттың тағдыр уақыты бүкіл әлемдік уақытың көшірмесі болғандықтан, бүкіл ғұмыры 10-күнмен, 6-аймен немесе 5-күн жалғанмен өлшенуінде хикметті білім бары хақ. Енді жылдың төрт мезгілмен тұрағы болса, бір айдың да төрт аптамен тұрағы болып, аптанының ішінде 7-күн болғанымен, жұмамен тазару құлшылығымен санағанда 8-күнде кездесіп отырамыз. Адамзатқа тұрақты түсірілген діннің де саны 8 бен өлшенеді. Құранда Мұхаммед пайғамбарымызға дейін адам атымен белгіленген 8-сүре бар. Мұхаммед пайғамбарымыз 9-ші болып, өзіне дейінгі 8-діндердің бірлігі болып саналады.

Енді Абай атамыз; «Алла мықты жаратқан 8-батыр, баяғыдан соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары бегісіз түбінде ақыр.» Сонымен адамзаттың дүниелік өмірінде; Қыс пен жаз, күнмен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық деген сегіз түрлі өз ара қарсылық уақыттың, қозғалыстың өмірдің қуаттары пайда болуын ескертеді. Демек бұл қуаттарды басқаруға адамзаттың бір қуатты меңгерумен, жер бетінің халифасы болып, 9-дәуірлік замандардың тағдырын қалыптастыруға тиістіміз. Ал бұл сегіз түрдің негізінде ақ пен қараның пайда болатынын олардың ішінде 7-түр, түстің болуы мен және адамзаттың өмірінде тектілікпен бейнелену үшінде 3-сипатты көру, ойлау, есту сезімдік қасиеттерінің әрекетімен; жан, рұқ, малдық қуат және жүрек, ақыл, қайратпен тоғыз сипатты адамдық кісіліктің, тіршіліктің негізі пайда болады. Қазақта адамның құнын 9-бен сұрап, бағалаған. Сонымен 9-санды тәубе-басты иіу аталған имандылықты меңгеру арқылы ғана адамзат ұрпағы барлық қуаттардың басқарушысы Алланың жер бетіндегі орынбасары Бірлері-Адам болып қалыптасуы да керек.

Барлық нәрсенің жұбы, пары болып мұндай құлшылықтың да жұптық жағдайын қарастырып көрейік. Сан ғылымының негізі құранға жүгінсек; Фатиха сүресі құранның анасы болып, оның жеті аяттан тұратынын да білеміз. Олай болса, Аллалық Бір сипаты; жеті үннен сегізінші түрге бірігумен ақ пен қараның ішіндегі 7-түстің тұрақтауы сияқты сипаттан тұрады. Енді жалпы әлемнің жеті күнде жаратылып барлық жаратылыстың негізі ой үні 7-санына тұрақтауымен, 7-жарықтық негізге 7-үнді сіңіріп дәржеленуге байланысты 49-санды иманың өлшемі жарығы сипаты пайда болады. Сонымен үш сипатты ғылымның да жеті ой үнімен дәрежеленіп 21-санды ата жолындағы Айша ана туының 21-жұлдыздық белгі осы ғылымды, таза ақылға жалғануды ескертеді. Бір ақыл, бір естілік, бір қуатылық, бірлік бүтіндіктерді меңгерудің де 3-түрлі құлшылық сипаты болуы және төртінші жағдайда Алланың өзіне тұрақтауы шарт.

Олай болса, исламның бірлігі дегеніміз осындай қуаттық жүйелерді 8-ші орынға бейнелеумен, 3-ғылым және оның құлшылық аяттары Фатиха-(7+1)-8; Азан-7 аятпен 8-ші тұрғыда намаз оқудың жүйесін масһабтық бес парыз ғана емес, қазақтың дәстүріндегі тарихат, мағрипат, ақиқаттың намаз оқу ерекшелігін де бірлеу керек болады. «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деп төрт мезгілдік кезеңді және бес бірлікті меңгеруді меңзейді. Сонымен исламдық тұрғыда бес бірлікті меңгеру Мұхммед пайғамбарымыздың намазы болып 11-111 аятпен бекігенін де жадыңызға тоқып алыңыз. Құранда 111-сүренің Мәссад-Діл, Зікір ұғымын беріп, 5-аяттан тұрып; «Әбу Лаһабтың екі қолы құрысын! Құрыды да. (1) Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді.(2) Ол, жалындаған отқа кіреді. (3) Әйелі, отын көтеріп кіреді. (4) Оның мойнында есілген арқан болады.» (111-5)

Бұл сүреге мұқият болған әрбір адам баласының; ЕКІ ҚОЛЫ барлық тіршілігінің тағдыры, аруағы болып, еркектің мойыннан арқан байланатын малға, хайуанға айналып, ал әйелдердің қолы тозақтың отыны тұзға, жыланға айналуын ескертеді. Қазақта; «Еңбегім еш тұзым сор болды» деген. Сонымен некелік өмірмен, адал еңбек етіп өнермен, кәсіппен айналысып дұрыс өмір сүрумен ғана 111-сандық бірлікті меңгереміз. Бұл сандық белгіні жан, рұқ, малдық қуаттардың бірлік жүйесі деп білу керек. Ал негізінде жанның 6-сипатты қуаттық жүйесін меңгеру үшінде 6-сүре Әнғам-Үміттену (үмітсіз шайтан болмау) арқылы аятта; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Олардың көбі білмейді.» (6-111) Демек қазақ дәстүрінің ұлттық нанымымыз өлілермен байланыста тұру, аруақтар арқылы Алламыздан хабар алу болса, қазіргі таңда бұл бірлігімізді мүлде терістеп жоғалтып алғанымызда хақ.

Енді сопылықтың тұрғысында 11-санды таспихтың пайда болуы пайғамбарлық намаздарды меңгерумен байланысты болып, 11-сүре Һұд-Әділдік сипатында баяндалған. Адамдықтың тақуалығы, кісілігі әділдікпен ғана айқын болуы керек. Сондықтан Пайғамбарымыздың; «Һұд сүресін меңгергенімше шашым ағарды» деген астарлы өсиеті дүние тіршілігінде, жұбайлық өмірінде, арап елінде исламның әділдігін қалыптастырумен байланысты болғаны да хақ. Бұл 11-санды жүйені де үш рет қайталаумен меңгеру керек екені де таспихтан белгілі. Аятта; «…Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі» (6-62(6+2=8) деп ескерткен. Пайғамбарымыздың тіршіліктегі өмірі, құлшылығы Раббымызға тұрақтауымен, Алладан жалақысын алумен байланысты; «Мұхаммед күдіксіз Раббың олардың барлығының істегендерінің бодауын әрине , толық береді. Әйткені ОЛ, олардың олардың істегендерін толық біледі.» (11-111) Демек жер бетінің істерінің билігі Алланың орынбасар халифасы болуымен; Ол-Жан, Рұқ, Қайрат(малдық қуаттан) бірлік сипатты Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатынан Бір-Біз яғни Бір Алладан бодауымыз толық беріліп отырады. Енді тақырыптың негізгі есептік жүйесіне тіршіліктің бастауына қайта оралайық.

Мәшһүр Жүсіп атамыздың жоғарғыда берілген «соқыр, саңырау, жалаңаш» атты үш қасиеттің бейнесінің олардың ай далада кезіп адасып қаңғып жүргенін және оларды 4-ші тұрғыда өзі қарап бақылап тұрғанын Адам=Жан деп түсіну керек. Сонымен осы үш қасиеттен жаның қасиеті өсіп, көбейетінін мұндай адамзаттың дін тазалығын, құлшылығын толық меңгеруден (үш рет жүктелу, ер кезегі үшке дейін) 3х3=9 тәубе-иманнан, үш байлықтан бас тартқанда, жанға Алланың өзі, қолына біріге алмай, жан өсіп жетіле алмайды және өлімнен кейінгі масһаб, ислам діншілерінің өлердей қорқатын шеріктеріне айналады. Адамзаттың үш байлығы да осы үш қасиеттің мал, рұқ, жанға дәрежеленумен, жүрек, ақыл, қайратың бір ғылыммен басқарылуында тұруымен байланысты екені де хақ. Сондықтанда исламдық масһабшы, түрлі топтағылардың мұндай қасиетілікті, тектілікті меңгеруден бас тартып, өлілердің қабіріне өздері бару түгіл, жұртты да барғызбауға мұндай ата-ана, туысқандардың жүктеріне жалғанбауға, жанды көбейтпеуге ібіліске қызмет қылады. Оларды қолдаушыладардың бәрі шайтаның жамағаты деп білу керек.

Сонымен адамзаттың барлық тіршілігі 3-қасиетті екі сипатты бегімен дәрежелеп, яғни ақ пен қараның жүйесімен 16-санды белгімен , пайғамбарымыздың миғраждан алып келген аятымен «2-286 (16)» меңгерумен тектілігі пайда болып, ал мұндай тектердің іштен сыртқа әсерімен қосылып, көбейуші барлық жандық, сезімдік қуаттық жүйенің дәрежеленуші негізі болмақ. Құранға жүгінсек; Ислам бірлігін қалыптастырудың негізі Аятта; «Мұхаммед көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.» (58-7) Пайғамбарымыздың намазын толық орындау барысында 3- бірлікті, бес аятты (111-5) меңгеру үшінде осы аяттағы; «Төртеуді түгелдеп, алтауды араздастырмай», яғни 4+6=10 саулық байлықты меңгеру де масһабтық білімде қарастырылмағанмен, қазақ дәстүрінің негізгі нәтижесі болмақ.

Үш байлықты қалыптастырумен (111-санды), және үш саулық арқылы ғана құлшылық тұрғысында Һұд-әділетілік сипаттағы істерді меңгере аламыз. Ал енді 111-сүренің Ділмен, зікірмен байланысты болған; 1.Екі қол; 2. Мал, кәсіп; 3. Ол-от, жарық; 4. Әйел, тұз; 5; Мойынмен жүктелу; болып, тағдырымызды, аруағымызды меңгерудің құлшылығына тоқталсақ. Сонымен адам баласында жеті жаның барын баяндадық, оны 3-қасиетпен дәрежелегенде 21-санды аруақтық белгі шығады. Және жанға 6-сипатты табиғаттық қозғалыс қуаттық жүйемен жалғанумен 3х6=18 санды ғаламдық қозғалысты жанмен басқарылуды ескертіп тұрғаны хақ. Ал енді жоғарыдағы аяттағы 5-қуаттық түйсіктік сезімдік жүйенің қарсылық негізінде жаратылыстың бес элементінен және материальдық әлемнің атомның бес электорондық жүйесімен байланысты болуы шартты.

Бұл бес қуаттың сыры мен түрлену сипаттарын ата жолы 6-шы кітапта баяндап кеттік. Інжілде әйелдермен және 5-күлше несібемен байланысты насихаталған. Пайғамбарымызда бес нәрсе туралы көптген өсиеттер қалдырса Абай атамызда; «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол..» деп насихаттаған. Бес қуаттық жүйенің рұқтық, жандық және малдық сипатта 3-түрлі жаратылысы болып, және негізгі 3-қасиетпен дәрежеленгенде 15-санды рухани құрлымды жүктерді құрайды және сырттан әсер етуімен, ішке алатын қуаттық жүйе сипатынан болмақ. Ал кісілік тұрғысында 9- кісі, төрелермен 6-жандық, рұқтық қуаттық жүйемен қосылуымен байланысты періштілігі де болады.Бұл қуаттық жүйенің адамзатың балғындық шағымен, барлық періштелік қуаттық жүйлерге жалғанумен байланысты болмақ. Және миғраждан түсіріген Бақара 285 (15) аяттың үкімімен де байланысты құлшылық ісі деп түсінген абзал. Пайғамбарымыз; «Әйел мен бала мастыққа тән» деп ескерткен екен. Адамзаттың мұндай қуаттарды жастық шақпен байланысты дүние қызығымен ойынмен ешқандай ойланбай өсірумен шұғылданып, ер жеткенде ақылға бағындыруды меңгермесе онда ұятсыздықтан мастыққа, мастықтан ессіздік арсыздық салтқа айналады еріксіз шеріктер қосылады.

Сондықтанда ислам құлшылығының орта топтық қағидасы шариғатты берік ұстануға және осындай сырттан келетін бес әсерлі қуаттан сақтанумен, бой өрісін таза ұстауға және білім тұрғысында тәураттық құлшылықты қайталаумен бес уақыт намаз оқумен ғана шектеліп қалғаны сөзсіз. Ал 16 (286); 15(285) сандық белгілермен байланысты; зәбурлік жанмен және інжілдік тұрғыда рұқты меңгерумен байланысты екі жүйенің намаздарын ақ пен қараның арсын ажыратыуды, ақталуды, жанды көбейтуді шерік қосу атап қарсылыққа түсіп алған. Ал енді 285 аяттың құлшылық сырын Мәшһүр Жүсіп атамыздан «Шайтаның саудасы» деген насихатында;

Хазірет Ғайса рухолла пайғамбардан;..

Базарға жұрт жиналған келе жатқан,

Лағына (шайтан) жол үстінде ұшырапты кез..

Ол малғұн келеді екен жолмен айдап,

Он қашыр, бес есекке жүгін артып.

–Жаныңа шын сөйлесең пайда,-дейді.

Дінің қатты, құр тілің майда,-дейді.

Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып;

«Барасың,-Лағынға айтты,-қайда?»-дейді….

Адам баласының жаны періштелігі, балғындық өсіп жетілуі шайтанмен байланысты болып, ақылды естілікті, тілін тазартып, ділін сақтап, ет ауыртып адал еңбекпен жүрек, ақыл, қайраттың естілікпен басқаруында (286) болмағанда, шайтандық жүктердің артуымен байланысты адамзаттың дін-жаны қатайып, қатыгезденіп, тілі майдаланып, еркек қатындық мінезді тауып, шын сөзден қашатынын ескертеді. Сонымен шайтан арамза қу пенденің жауабы;

–Жүгім бар көрмеймісің он бес көлік,

Келемін айуанға артып екі түлік.

Жұртта тыныштық, бүтінін ойламаймын,

Саламын көп бас қосқан жерге бүлік.

–Қашырды есекпенен танып тұрмын,

Өтірікті шындай қылдың, нанып тұрмын.

Біле алмай артқан жүгін не екенін,

Тамаша айран-асыр қалып тұрмын….

Адамзат мұндай жүктермен толық жүктелгенде қайратылығы яғни жындылық сипаты есек әрі қашыр болып бейнеленеді екен. Олай болса бұл жүктердің қандай пенделедің мінезінен көруге болады екен?

-*Артқаным бір есекке ылғи жалған,

Жалғанда өтірік жоқ мұнан қалған.

Нанбасаң еріп бірге көр көзіңмен,

Базарға қызығымды қалай салған.

Күншілдік-бір есекке тиеп артқан,

Жібек, кендір арқанмен буып тартқан.

Базарға бұрын көп барғанмын.

Жерім жоқ бұл саудамнан залал тартқан.

Артқаным бір есекке өңкей зорлық,

Есепсіз мал табамын қылмай ұрлық.

Мен алмай, оның малын кім алады,

Иттер бар көріп жүрген малдан қорлық.

Пайдасыз бос орынға жүрмейміз тек,

Көрінген бір жерім жоқ ешкімге тек.

Мастанып артқандықтан-тәккәпарлық,

Жүре алмай бара жатыр мынау есек.

Бұл төрт түрлі жүктерді жоғарыда баяндаған үш түрлі қасиеттен және жанның жетілмей қалуынан, яғни оның денесі бой өрісінің ақыл жарығының ұятсыздық, жалаңаштықтан Алланың өзіне жалғана алмауынан пайда болатын, жүректің соқырлығы және «Жалған» деп аталды. Күншілдік көрі қасиетінен, көреалмастық болып, ал тәкпарлық ойлау қасиетінің бой өрісінің, сананың жетілмеуінен, жүректің көзі ашылмай, дүние қызыған мас болудан, ал зорлық есту қабілетінен саңыраудың қолына түспе деген аяушылық, мейрімнің жоғалуынан деп түсіну де керек. Енді қазақтың бүгінгі дін ұстанымында, ел биліктің саясатында ата-баба аруақтары яғни жеті жарықтың қызыл ғылыммен бейнеленуі арқылы мұндай жүректік жүктерді меңгеруден ата жолын қудалап, сотаудан халық еріксіз жүктеліп, бүгінгі таңдағы бүліншілікке ұшырауымызға, жаппай шет елдің азғындық салтына еліктеуімізге де себеп болып жатқаны хақ.

-*Базарға айдап барып салам қатар,

Алдымен жетіп келер алып сатар.

Түк қоймай өтірігімді талап алып,

Ол да алдар көрінгенді, дәмін татар.

Көтерме өтірікпен менен алған,

Олар да бар әлінше сөйлер жалған.

Кім болса бұл заманда сол әкетер,

қор болып қашан өтірік жерде қалған.

Білмейді ешкім менің улығымды,

Майлықпен көріп бірдей сулығымды,

Қатынның ең жаман, ит ап кетер,

Талау мен мікір-хайла, (қулық-айла, ит мінездік) қылығымды.

Закон (ата заң) жоқ жерде мұны қалдыруға,

Бұларға өзім ерікті алдыруға.

Білмеймін дәнемені жаман ұстар,

Мікірмен (ұятсыздық) алдар бойын нандыруға.

Базарға алып барса не қалады,

Қараумен әр нәрсеге көз талады.

Білетін күншілдіктің қадір құнын,

Оқыған көп оқуды молда алады.

Шаршарсың базар барсаң, басың қатып,

Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып.

Жұрт билейтін ұлықтар таласумен (партия құрып),

Алады зорлығымды пұлға сатып.

Неге болыс болады малын шашып,

Қашан болып шықанша жанталасып?

Текке тиын біреуге кім береді,

Зорлықпен алдамаса үкімі асып.

Қарсы келсе бетіне басын шайнар,

Құнсыз, бұлсыз кедейдің соры қайнар.

Өзі апарып ұлыққа тығар малын,

Ішпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар.

Біреу ұн, біреу пұттап май алады,

Біреу қой, біреу тайынша, тай алады.

Тәкәпарлық, жүгімді қалтасы мол,

Жетілген надандыққа бай алады.

Томпайтып қалтасына жүрген сыймай,

Беруге ешбір жанға көзі қимай,

Алған соң тәккапарлық сатып менен,

Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай.

Бай біткен болғандықтан қара бауыр,

Арқасы ер салмастан болар жауыр.

Не айтып, не қойғанын білмес өзі,

Тырнадай өзіне-өзі болып ауыр.

Сиырдай қатып жүрер дәл болған құрт,

Көмейде жоқ, бос сөзбен толтырып ұрт.

Қазақ елінде құдайшылдықтың жоғалуынан, ата дәстүрінен бас тартып шет елдің таңсығына еліктеумен, ел басымыздың өзіде мұндай жүктермен жүктелгені, яғни ел билеушілер, зиялы аттты қауымдықтар жалаңбастықты (қазанбас, шойын бастық) әдетке алып, бұл үш қасиеттің де тазармай керісінше жүктеліп, шерік қосылып, осы жоғарғыдағы жағдайдың үш тілмен ғылымды қыламыз, жерді сатып бай боламыз деген сияқты рухани зорлықшы, байлары сараң тәкаппар, діншілерміз күншіл, жалпы халықтың мікірленіп ашық ұятсыздықты қолдаушы болып алғандары да сөзсіз.

Сонымен бес есекке артқан жүктер білімді ақыл қылып алған кітабын арқалап жүретін есек «қайратты» жынды пенделер жүктеліп алса, ал қалған он қашырға артылған жүктің жайыда бөлек еді. Осындай бес жүкті тазартып меңгерудің негізінде қазақ дәстүрінде денсаулық пен ақжаулық байлығы қалыптасуы керек. Ал енді он саулық байлықты меңгерудің ерекшелік жүктерін;

Жүк еді он қашырда бір ретті,

Артқаным бәріне де тамин (дәме, тілемсектік) еді,

Біреуін тілеушілер (намазхандар) талап кетті.

Иіне ала қоржын салған алды,

Қайыр сұрап жұрт тынышын алған алды.

Пірге қол берген сопы, бірәдарлар,

Жұртан пұл жинап, қажыға барған алды.

Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті,

Тоғызы өтпей біраз тентіретті.

Қожа, молда, ишандар елді жеген,

Дағдарып тұрған шақта солар жетті.

Ақсақал, қажы, қожа саттым шалға,

Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға.

Қожа, молда көтеріп алды бәрін,

Еңбексіз тапқан жұрттан тегін малға.

«Біз үйде қалай шыдап жатамыз,-деп,

Мұны алсақ, қарық олжаға батамыз,-деп,

Шайтаннан көтерме алған бұл тамтиғы (дәмесі)

Қыдырып үйден-үйге сатамыз»,-деп.

Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды,

Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды.

Біреуде шай, біреуде ет қайнаттырып,

Жұртан пайда шығарып алмақ болды…

Қазіргі таңдағы қазақ еліндегі тек қана діншілер, мешітпен түрлі ақпараттық орындарда ет ауыртып, мал табудан қашқан жастар мен қалам ұшынан нан тауып жейтін үлкендер және сұрамсақтықпен, дайын асқа еге болуға құдайдың көктен түсіріп, жерден өндіріп беріп жатқан қазына байлыққа таласқан ел билеуші шенділер, білімді қауыммен бұқара халықтың да осы 9-қашырға артқан дәмеленумен және тілемсектік –таминмен жүктеліп алғандары да хақ. Масһаб ұстанумен тура жолда болып жанаттық боламыз деумен исламдық әлеміндегі «экстремизмнің» себебі де осындай жүктердің жүректеге еніп жындық тұрғыда жүктелу әрекетінен шайтаның жамағатына айналып алумен байланысты екені сөзсіз. Мұндай дәме, тілемсектіктің өзін текті атап, атыңды қазақшалап алып, орыстан бөлінсек, латын харпіне көшіп алсақ, қазақ елі ешкімге қосылмаса деген сияқты пайымдаумен бақытты ғұмыр сүреміз деген халық өкілдері де шайтаның жамағаты болып саналды. …(жалғасы бар Қыркүйек 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *