ҚЫЗЫЛ ЖОЛБАРЫС.

Жамбылдай алып, білетін ұрпақ көп пенде,

Қызырлы Бабам, бағына қолы жеткенде.

Ілескен дейді, үлкен де қызыл жолбарыс,

Аңыз ғып айтқан, халыққа тарап кеткенде.

Туғанда жерім, өскенде жерім-ауылым,

Атында Бабам-Гомері болған ғасырдың.

Ұрпаққа мұра жатқанда жері, мазары,

Алыбы жырдың-атақты Жамбыл ақынның.

Балалық шата қызығып алмұрт, алмаға,

Ұрлықта жүрдік атаның бақша, бағында.

Бал дәурен кезең-өмірдің тәтті белесі,

Есіңде тұрар-өшірмей жылдар сағына.

Түс көрдім бірде, балалық өткен сол баққа,

Мұражай үйдің артына таман сол жақта.

Соқпақпен басып бауына кірдім атаның,

Көзіме түсті биіктеу ағаш төр жақта.

Артынан ағаш айналып шықты жолбарыс,

Қызғылтау түрі арамыз жақын он қарыс.

Қорқыныш билеп, көзіне түсті көзімде,

Айбарлы түрі, анықтап көрдім ол таныс.

Ақырын басып, алыстау жолын көздедім,

Қарауға қорқып, жылдамдық жүріс тездедім,

Құлақ сап артқа сақтықпен мен де келемде,

Ілесті білем, ілеспей қалды сезбедім.

Оянып кеттім мұражай үйдің алдыныда,

Ойланып кеттім түсімді еске алдымда.

Бабалар айтқан қызырлы қызыл жобарыс,

Тылсымның барын сезгендей болып қалдымда.

Бейнесін көріп жүз жасаған атамның,

Жолбарыс көзін көргендей болып жатамын.

Сыры да неде, ұғымы неде-тұңғиық,

Түсінбей менде тылсымға сұрақ қатамын.

Сезгендей болам жақсылық нышан бастама,

Көрінбес көпке жолбарыс қызыл, басқаға.

Бабамның берген батасы шығар бәлкім бұл,

Түсіндім бірақ-«Батаны бала тастама!».

Сенімін артса атамның Жамбыл аруағы,

«Не істеу керек?», «Не үшін?»-туындар енді сұрағы.

«Ізденеген жетер мұратқа»- деген атадан қалған нахылға,

Дегенді ұқтым, Халқыңа қызмет, салтыңды түзет,

Дәстүрді меңгер, туыңды көтер, жоғары!

Белімді буып, шәкірттер жиып,

Бастайын дедім, Ата-жол туған елімнен,

Ұл болып туып, кіндіктік қаным тамған жерімнен.

Уақытым сыншыл, қылсыншы әділ қазылық,

Жүрерде жолым, тегіс те емес, жолда алыс,

Сынағы болар қаралықпен арпалыс.

Ақиқат туын, ақ жалауын көтерсем,

Қиында-қыстау арпалыс мынау заманда,

Аруақтар қолдап, атадан қалған аманат

Ақтасам дедім, күзетшім болшы Жолбарыс.

(Қыдырәлі Тарыбаев)

(Қырқүйек 2002 жыл)

Қызыл Жолбарысқа

Ұл болып туып,

Бабаңның ердің

артынан,

Батасын беріп,

Жолбарыс еріп,

Айбарың асты

асқақтап,

Қызырлы болдың,

Аруақты көрдің,

Шәкіртер еріп

артыңнан.

Ұранды салдың,

Дәстүрді меңгер,

Салтыңды игер,

Дәретің болсын,

Арыңды ақтап,

Аруағың ерсін

артыңнан.

Арамнан тиыл, 

Малыңды жиып,

Ұятты сақтап,

Болсыншы дедің,

 Қалсыншы дедің

 артыңнан.

Қасиет боп қонып,

 Күзетші еріп,

 бой сақта!

Ұрпаққа үлгі,

Тарихта белгі,

Қалсыншы сенің

артыңда!

Жүректерді  ашып,

Жындарды тосып,

Шайтандар састы,

қашқақтап.

Аққулар еріп, 

Сұқарлар болса

қасында,

Алынбас қамал,

Бұзылмасын амал,

Ар сақта!

Тоғыз жыл сынақ,

Өзіңді сынат.

Қалады дедің,

 Қиындықтар

артыңда.

Айтқаның келді!

 Шәкірт боп ердік,

Көзбенде көрдік.

Хикметпен түскен,

Раббымыз берген

ақ бата!

Жаралыс басы,

Адамзат асы,

Тәңірдің өзі

бір болып.

Қалам бол аруақ,

Адам бол аруақ,

Қуат бол аруақ,

Сөзі еді Құдай,

Бергенде Құдай.

Өзі еді қолы,

Жаратқан жолы

қозғалыс.

Басқа деп сөзді,

Тәңірдің көзі,

«Өзге» деп аруақ.

Масһабтан шыққан,

Араптан жұққан

арпалыс,

Бөрен боп көзге,

Дін болып өзге,

 Қалмады қалыс,

Жын-шайтан еріп,

Еліне ақыл,

Айтуға жақын,

Сөзді түйген

жақсылар.

Өздері шешіп,

Құрансыз пішіп,

Атадан қалған

аманат!

Болды да қиянат,

Ой жорып шешіп,

Мұратын кесіп,

 Өзіңе ерген

жастардың.

Ақиқат туы,

Аруақтың буы,

Өзіңе ерген

жолбарыс.

Келері қайтып,

Берерін айтып,

Ерітсе жүрек

тастарын.

Болады тойың,

Ер жетті ойың,

Қалдырған артта

қолқабыс.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.