Заман болжауы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Ен жайлап еркін өскен қазақ халқының басына үлкен қасірет  туады. Николай паташа құлап, Совет үкіметі келеді. Бұл үкіметті комунистер басқарады,-дейді. Ол комунистер қазақтың малын алады, баларды әскерге алады, меншік өзімдікі деген болмайды, барлығын орталыққа алып, ақы жоқ, пұл жоқ. Құл қылады деген лақап тарап, көзі ашық молдалар, білікті ақсақалдар өліспей беріспейміз, -деп Ақбеттау жасағын құрады. Бірақ, бұларда шиті мылтық пен сойылдан басқа, ешқандай соғыс құралы болмайды. Орыстан атаман Өске қапар бастаниясын құрайды, бірақ бір түс қарсыласуға шамасы келмеген. Ресейден винтовка, гранатпен қаруланса да, санан қазақтар шамалары келмейтінін түсініп, үлкен біреуі; «Қой, біз мұны Мәшүр Жүсіппен ақылдасайық. Ол кісі көрген Әулие ғой»,-деп, молдалар бас болып келеді. Тақсыр Машеке, біз сізге келіп тұрмыз. Мына заман ақыр, не масқара, мал да, жана да, бала-шаға, әйел бәрі мемлекетікі болады,-дейді. Коммунист деген тажалы бар көрніеді, бәрін солар жиып алмақ. Сонда қазақ не болады, тақсыр? Мәшһүр Жүсіп айтыпты;

«Е, ағайын, бұл заман бір қалыпта тұрмайды, бірақ қазақ құрымайды, жақсылық-жамандық егіз, бірде жақсы, бірде жайсыз болса да, ақры бір қайырлы болып отырады, әрқайсысның арасында заман туралы мынандай әңгіме бар емес пе»

Қаракесек Бекболатың заманы қасықыр заман, деген еді. Жмандықпен бұзықтықыт басқа ұр, деген заман еді. Айдабол Тагелтірдің заманы түлкі заман, деген еді. Ойын мен күлкі заман деген еді. Қаракесек Алшынбайдың заманы біреудің бір нәрсесін алдап, арбап алсақ, деген заман еді. Заман осылай кезек-кезек өзгере береді. Коммунист дегеннің мағынасы тажал емес. Періште деген, періште немесе, тажал ма, дұрыс түсіну керек молдалар. Бұл заман кедей мен бай теңеледі, деген заман. Әйедерің де, қорықпаңдар еркектер, дәрежесі өзіңмен бірдей болады, тіпті асып та кетер.

ХХ –ғасыр, Оған барда асыл,

Әуелі келетін заманды біл,

Діні мен тілін біл,

Күш атасы қалған,

Күшке сену жалған.

Бұл заман ғылым, білім заманы.

Ал, бұларға қарсы жасақ жиып, соғысыу дегендерің,

Молдалар, жастарды қырып, қара сорпасын ішу жолы.

Тағы бір сөз: қытайды Шүршіт темір қақпан, -дейді екен.

Егер де қытайға бағынған болсақ,

Өазақ деген ұлт болу неғбайыл екен.

Ал кәпір орысты кендір арқан, дейді екен.

Кедір арқан 70 жылда бір шириді , деген.

Сонда қазағым бірга шіріп, дініңнен, тіліңнен безіп, азып, өшпей-өспей, әйтеуір қазақ атқа ие болып жүресіңдер.

Азарсың жұртым, азарсың,

Азағандықтың белгісі,

Тайпақ-тайрап көлдерден балық шығар,-деп еді.

Қылмысы жаққан пенделер алып шығар,- деп еді.

Қылмысы жақпаған пенденің екі етегі су болып,

Бір жартақан тәңірге налып шығар,-деп еді.

Ауылдардың шу басқан, жаулықтарын ту қылған

Салтың шығар, -деп еді.

Оқшантайы жоқ, кісе жоқ,

Белбеу шығар,-деп еді.

Жүгініс жоқ, малдас жоқ,

Көлбеу шығар,-деп еді.

Заман ақыр адамымен шығар,-деп еді.

Үй басына тоқ өткен, желі шығар,-деп еді.

Енсімен керіскен келін шығар,-деп еді.

Келіні айғыр, енесі саяқ шығар,-деп еді.

Бір уысқа толмайтын, аяқ шығар,-деп еді.

Қай жер болса қонысың, сол жақ болар,-деп еді.

Бұзай тайшаға жүк артылар,-деп еді.

Қарап тұрған жігітке, қыз артылар,-деп еді.

Көкек айы болғанда, кемпір күйлер,-деп еді.

Егіншінің қатыны байын билер, -деп еді.

Тоғай басы құраұ боп, арық шығыр,-деп еді.

Сол арықтың ішінде ыңғайы жоқ,

Жаманының пышағы мен, шақпағы жоқ,

Қалып шығар,-деп еді.

Бес қойға алған өгізді, тегін дерсің,-деп еді.

Егін егіп тарының, сөгін жерсің,-деп еді.

Жалаңаяқ қартарды, бегім дерсің,-деп еді.

Заман ақыр адамы мен меншілік болғанда

Ат қояндай, ер құмандай болады,-деп еді.

Садағың кергеге іліп тұрар,-деп еді.

Өлеңтіні жағалап тал шығады,-дер еді.

Тал шыбықтай бұралған, сал шығады,-деп еді.

Соққан бейіт секілді,

Отынға деген қамыстан үй шығар,-деп еді.

Қырықан серек бұтындай бит шығар, -деп еді.

Бар құмары арақ боп,-көрінгенге мазақ боп,

Последний штанын салып шығар, деп еді.

Кері кеткен елдің кеңесшісі кеш болады.

Кедей елдің көш басшысы көп болады.

Төлеңгіт билеген төре оңбас.

Тау белгісі тас болады,

Бай белгісі ас болады.

Төренің жаманы төлеңгітімен қас болады.

Баланың жаманы әкесін өлтіргенмен дос болады.

Бұзылар елдің белгісі-бұртанасы бас болады.

Оңар елдің ақсақалы елінің үлгісі болады.

Оңбас елдің ақсақалы елінің күлкісі болады.

Ақбетау бастанияларыңда қарсы оққа шығып, қырылып, досқа күлкі, дұшпанға таба, Құдайға күнәкәр болып жүрмеңдер қожа-молдалар. Нелер келешектерің алдарыңда.

(Жалғасы бар)

                     Заман болжауы

              Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

II-бөлім

Әуелгі атым еді Адам Жүсіп,

Сүйген халқым кетті Мәшһүр десіп.

Петербург, Лондонға аты мәлім,

Айтайын мен сендерге көңлім түсіп.

Шешендер шыға алмайды тұйығына,

Баса алмаймын батпақтап ұйығымнан.

Баяғыңды ойлама енді қазақ,

Бақытыңды тайдырған иығыңнан.

Жақсы болсаң жау болар өз аулың,

Жаман болсаң жат болар өз бауырың.

Әр түрлі сөзге еріп пәле жауып,

Шірітер түрмесінде мұжық бауырың.

Тұрарда таң намыщына кер боларсың,

Шығырда шыбан жаның тер боларсың.

Кеудеңе алабота, жусан шығып,

Бір кезде аяқ басар жер боларсың.

Қалған жоқ Сарыарқа сенде қызық,

Сандалтып Сарыарқаны алды мұжық.

Қолынан келер де жоқ, өнер де жоқ,

Баласы сорлы қазақ қалдың мыжып.

Таптадың Сарыарқаны қаншама жыл,

Байың жоқ, батырың жоқ, қалғаның тұл.

Ерініп еңбек етіп, егін салмай,

Мұжыққа өала салып, болғаның құл.

Отыз екнші жыл болар сондай ауыр,

Адамдар аш-жалаңаш болып жакыр.

Кетеді айдалаға есі шығып,

Ағайын туған-туыс, суып бауыр.

Адыра тұл қалады қурап шаңырақ,

Кетеді айдалға иесі аңырап.

Тірі кісі табысар бір заманда,

Қойдай маңырап, қозыдай жамырасып.

Дүниеге жарасады күн менен ай,

Бұл заман да тұра бермес мәңгі осылай.

Мысалы, бұл дүниені мен айтайын,

Теңелер сол заманда кедей мен бай.

Өзгеріп одан кейін заман болар,

Жолына шариғатың күмән болар.

Қызығы кәрі-жастан ұят кетіп,

Тәртіпсі, ар жойылып тәмам болар.

Күншілдер көрінгенге қуғын сатып,

Ақыры кінісізге жала болар.

Үлгілі, өнегелі салты құрып,

Қаптаған айналасы қала болар.

Кедейлік болар ма, мұндай қиын,

Ойын-күлкі, ас пен қалар жиын.

Еститінің жаман сөз, суық хабар,

Жұмыртқадай шайқалар күнде миың.

Сайтан мен ел, Құдаймен жат болды ғой,

Сол себепті жұрт біткен ғад болды ғой.

Жер мен көктің кеңдігінен не пайда,

Жақсылық, тыныштық деген қат болды ғой.

Жұрт көреді Құдай ісін оңайлығын,

Қысы –жазы тығын жоқ, ыңғай шығын.

Пәнде асығып жеткенше тарығады,

Құдай өзі көрсетпесе Құдайлығын.

Мәңгі бақи бұл дүние тұрмақ емес,

Қалжыртып, қажытып бәрін тегіс.

Өлмеген құл көреді, асықпаңдар,

Бұл дүние де таусылып, болад көмес.

Өлмегенге бұл дәуір кезек тимек,

Пәнде асығып, аптығып пісіп –күймек.

Ұрған құдай пәндесін қан-қақсатып,

Құшырланып құшақтап аяп сүймек.

Жылан жылы өткізер жазды-қысты,

Жылқы жылы сапырылысып, жұр жүрісті.

Құлағың естігенді көзің көрмек,

Көрерсің өлмегенің қай бір дұрысты.

Мың тоғыз жүз қырық бесінші жыл,

Жылқы шығып, қой кірер, оны да біл.

Қойдан қоңыр замнды бір көрерсің,

Қой анасы бестен деп бусайшы бел.

Деп жүрміз, Құдай бар, деп күшті,

Сол сөзде болып кетті ау екі ұшты.

Анық көңіл бекиді қайран қалып,

Құдайлық таң қалғандай көрсетсе іст.

Ертегі емес, шын сөз ғой Құдай қауымы,

Қайда барсаң жұрт болған ғад қауымы.

Құдай жұп қылып жартқан екі түрлі,

Үшеуі ара табылмақ Һұдтың қауымы.

Бақталасты Құдай мен басты малды,

Соларға боп пәленің нақ қарсы алды.

Кейінгіге қыса ғып былшылдауға,

Аман-есен қалдырған ғой осы Мәшһүр шалды.

Үлкен тау төбе болар, тас кеткен соң,

Жақсы ауыл ұры болар, бас кеткен соң.

Ақсақал төрде отырып не болады,

Келіннен тиыш отыр, деп сөз жеткен соң.

Ер жігіт мырза болып не болады,

Қолдан дәулет, басынан бақ кеткен соң.

Ханның да қара тілін ала бермес,

Бастан тәж, астынан тақ кеткен соң.

Әкеден бала безетін күн болады,

Қуат кеміп сексен жас жеткен соң.

Үлгісіз Ата мен Ана болар,

Еркекті әйел билеп дана болар.

Ұлы арсыз, қызы ұятсыз болып,

Бала емес, пәле баққан жайы болар.

Сарыарқа сары жайлау, жер тарылып,

Өрісі жоқ жырық-жырық дала болар.

Сары қымыз сапрулы қолдан кетіп,

Сарғайтып ішетұғын шайы болар.

Қоян жылы заман тараң болар,

Ел аштық жоқшылққа тап болар.

Қоғамның жиған малы топтай түсіп,

Қысы жұт, азық қымбат, нарық болар.

Бұл сөзім өтрік емес шын расы,

Мұнан соң ұрлық қылар кәрі-жасы.

Кедейліктің исі қазақта тұр,

Оңдырар ма сәулесіз өңкей масы.

Сол заманың бір талай ұлықтары,

Ұры-қары сұмдардың жан жолдасы.

Қазақ қайтіп ел болады қарғым-ау,

Ойлайтыны ұлығының өз пайдасы.

Ұлықтардың нәсібі ұры болар,

Қолдайтын періштесі пірі болар.

Зекетсіз кедейлердің жиған малы,

Жең ішінде пармен құрып болар.

Ол заман, қай заман, ыққан заман,

Жақсы жаман келіп жыққан заман.

Ұры-қары көбейген тақыр заман,

Сол заманның адамы көп білем,-деп Дана болар.

Надандығы халыққа мәлім болар.

Шариғат пен хадиспен жұмысы жоқ,

Құранды қате оқып, күнә болар.

Оқыған ғұламалар таусылған соң,

Ақыры сол ұры-қары молда болар.

(жалғасы бар…)

****   ****

 

                     Заман болжауы

              Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

III-бөлім

 

Бұл бір болжама,

Үрлемей от жана ма.

Көре жатар өлмеген,

Көзбен көрмей нанар ма.

Ғаділ биі таусылып,

Ғаділетсіз би шығар ма.

Өтірікпен күнелткен,

Елге тұлға бола ма.

Жарлының ұрлап жалғызын,

Жылатады ұл-қызын.

Әділетсіз әкімің,

Тентекке тиым салар ма,

Алдамшы бұзық елде көп.

Бір нәрсені алдап жеп,

Айтқан сертте тұра ма.

Денсаулық бар болса,

Жаратушы жар болса,

Залымнан жәрдем сұрама.

Жоқтан бар ғып жаратқан,

Кең дүниеге таратқан,

Мың рахмет айтыңдар,

Атаң менен анаңа,

Жаратушы Аллаға.

Қазақ деген халықтың,

Сөйлеген сөзі жалғанда,

Зекетсіз малы харамды.

Кім мұсмылман, кім кәпір,

Бір Құдайға аянды.

Қолыңда тұр ұрлығы,

Көңілде тұр зорлығы.

Баласын беріп молдаға,

Берілген болып Аллаға.

Дүниеге көңіл бұрылды,

Қожа, молда көбейді.

Өлімнен қайыр тілейді,

Арамдығы ішінде.

Елде күнә көбейді,

Темір қазық жағынан,

Балгер бақсы көбейді,

Ғайып болып сағымнан.

Ауруларды сағынған,

Ауру қатын көрінсе,

Көтін сипап емдейді.

Бұл не деген қағынған,

Қожа-молда балгерің.

Алдауын да қоймайды,

Алуын да қоймайды,

Бұл не деген жырынды.

Кешірмейді Құдайым,

Кісі ақсын жегенді.

Қиямет Машһар күнінде,

Құрт-құмырсқа қаптатып.

Шырылдатып, шыңғыртып,

Сонда денесін талайды.

Е, қара тауық, қара тауық,

Жүрген жерің сондай қауіп.

Жеті дұшпан балғыңда,

Әлде кімге болар қауіп.

Талай жас қыздарың,

Ұяттан безіп буаз болады.

Сиынған пірің молда мүшкірік,

Бір Құдайға шет болады.

Мұсылмандыққа жеткенше,

Адамдар бір-бірімен,

Өштесіп қас болады.

Мұсылмандыққа жеткен соң,

Сонда ғана барып-барып ел болады.

2013 жыл болады.

Қойдан қоңыр заман болады,

Көрген де арманда,

Көрмеген де арманда сол болады.

2015-16 жылдары дін басына имам Мұхаммед әл Мағди келіп бүкіл дүние жүзіне Ислам дінін күшейтіп, елді бейбітшілікке жеткізеді.

(Ескерту; Мәшһүр Жүсіп атамыз, ата жолының әулиелерге зияратауға барып-барып ел болатынын болжағанмен, ел билікпен діншілердің, зиялы қауымының өз дәстүріне, ата баба рухына, аруағына сатқындық,аманатқа опасыздық жасап, ата жолын сотап 10-шақты жылға халықтың рухани өркениетін кейін шегеретінін ескермеген. Сондықтан 2013 жыл беркелі болғанымен қой үстіне боз торғай жұмыртқалайтын заманға жету үшін ата жолына ашық қарсы болғандардың құдайдың азабына түсіп, өз бауырлармыздың өлімі, азабы арқылы ғана, бұл жолда көлденең жатқандарды аттап өтумен ғана мүмкін болмақ. Сондықтан енді 7-жылдың маңында ғана тыныштық заман келетінін ескерген жөн. Т.Б.К)

(жалғасы бар…)

 

 

                     Заман болжауы

              Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

IV-бөлім

 

Түзету осы үшінші ғасырдың басынан басталады. Соңы екінші ғасырдың қой жылы баршылық, молшылық болса да, таршылық болады, қилы-қилы заман болады. Ақша құнсыз қағаз болады. Мешін жылы басшы өзгердеі. Ол елді аздырып, бір-бірмен қас қылады. 2014 жылы қатал тәртіп болады. Тәртіп болған соң берке-қайыры болады. 2015 жылы ақпан айында сапарға шығу қауіпті болады. Сонан әрі қырық жыл дәуірлейді. Міне осындай заман өзгерісі болмақ. Ақыр заман екі рет болады. Ал, қиямет-қайым бір рет болады. Ақырзаман-сол адамдардың азуы. Орыстың дініне кіріп (гүлге шоқынып), харам асын , азығын ішіп, салтына түсіп, өз дінінен, салтынан, тілінен, әдер-ғұрпынан айрылып, адамдар бір-бірмен өш, қас, аяусыз дұшпан болады. Тіпті бірге туған туыста тату-тәтті боп тұрмайды.

Бұндай заманды қиямет дейді,

Бір заманда адам адамды жейді.

Адастың ғылым іздеп ақылменен,

Сөзіңнің жалғаны көп мақұлынан.

Ер жігіттің дұшпаны он болады,

Қайын-жұрт, туған туыс жақынынан.

Жуыма бұл ағайынға сырын білмес,

Зиянды ол бір ағаш жеміс бермес.

Бар болсаң еркелейді ит секілді,

Жоқ болып, өлдім десең қолын бермес.

***    ***

Ер жігітің үш жұрты болады; қайын жұрт, туған жұрт, нағашы жұрт. Қайын жұрты сынаумен болады, туған жұрты күндеумен болады, нағашы жұрты, болсын, толсын деумен болады.

Үйдің жақсысы ағашынан, туыстың жақсысы нағашыдан деген, баланың тегін сұрмайды, қазақ нағашы жұртын сұрайды. Алып андан туады. Нағашысы жақсы болса, баланы да жақсы екен, деп риза болады. Бірақ заман азған соң, осы нағашы да азады. Осы азу барып-барып 2013 жылдан бастап түзеле бастайды. Ол қанша жыль дәуірлейді, бір Алла өзі біледі. Бірақ одан кейін екінші азу бар. Ол қанша мың жылдан кейін боларын тағы да бір Алла біледі. Үшінші, мұны қиямет-қайым. Бұл уақытта жер дүниеде тіршілік болмайды. Заман кезегі осындай өзгерістермен аяқталамақ. Бірақ байлық пен кедейлік, жамндық пен бұзықтық, бірлікі пен тіршілікті бұзып замнды өзгертетін Алла емес, пәнденің өзі-залымдары мен зұлымдары, қожалары мен молдалары.

 

Дүние үшін, жанын бәрі қайғы жеген,

Мен кімді, кінәлаймын текке неден.

Кісі тап та, айт маған жаным құрбан,

Анық көңіл, шын пейіл мен құдай деген.

Дүние үшін оқу оқып болған молда,

Болғанда баста сәлде, кітап қолда.

Білгені өз басына пайда етпесе,

Масқара ел алдында болар сонда.

Бұлар сол оқу оқып ұқпай қалаған,

Шын болмай айтқан сөзі болып жалған.

Жұртқа айтып шариғатты сөзі тұтпай,

Қазақтың қой мен тайын алап алған.

Сиқырын он қашырға сайтан артқан,

Мұның бәрін қожа-молда сатып алған.

Кедейді қанап, аңқауды алдап,

Сайтанның сиқырымен пайда тапқан.

Молдалардың мақсаты пайда таппақ,

Ұжмақтың кілтіне ие болмақ.

Құдайы садақа беріңдер деп,

Аңқау елді алдап ақымақ қылмақ.

Таудың түгі кетіп, тасы қалды,

Құранда минәл жәннәт әннес қалды.

Ағұзыны қиғаштап аузын созып,

Бұл күнде я аю әннес қалды.

Мың ғалымнан ғаин миым ләм артық,

Оқиды аттан үшін наһу мантық.

Айрылып қой-қозыдан қалайықпа,

Халыққа шариғат жөнін түзу айтып.

Дін қайда, осы күнде, білім қайда,

Тұрған жоқ, анық көңіл бір Құдайда.

Лақ, тоқты аламын, деп жүрген жаннан,

Айласың тиеді, деп кімге пайда.

Шариғат кітап сөзі қалды тозып,

Бел асты шылғый өтрік шыннан озып.

Дүние үшін молдалардың пейлі азып,

Бұлар жүр быт-шыт қылып дінді бұзып.

Осылай жүріп жатыр сарсаңда,

Көбейіп қожа-молда бұл қарсаңда.

Жалғанда кісі ақысынан құтылмайсың,

Қажыға жылап жаяу жүз барсаңда.

Тамухтың түбі терең кеткен деймін,

Ішіне бір тас түсіп кеткен деймін.

Түбінің тереңдігін сонан байқа,

Екі жүз елу жылда жеткен деймін.

Ішінде сол құдықтың сандығы бар,

Әрбір жандыға айтылған ұраны бар.

Жанды адам дозаққа жанбас деген,

Алланың айтып кеткен жарлығы бар.

Ішінде сол сандықтың жыланы бар,

Имансызға айтылыған бұрығы бар.

Алдымен сол дозаққа молда жанар,

Қанайтын кедейлерді пиғылы тар.

Өлім барды шашады,

Жоқтың артын ашады.

Қосылып сенде тонама,

Жылап-сықтап жатқанда.

Олжадан ойың барларың,

Қараң өшсін жолама.

Құран оқып күңреніп,

Сары уайымға саларсың.

Берсе қағып аласың,

Соларың дұрыс бола ма?

Тәңір алдына барғанда.

Айналайын шариғат,

Атың барда затың жоқ.

Айтушы бір өзгертіп,

Жазушы екі өзгертіп,

Өртеп жіберер кітап көп.

Құран шықтым, деп бірі алып,

Жаназа шықтым, деп екі алып,

Ғарып садақасын екі алып.

Суық қолды сұм алаяқ,

Асып өлтірер молда көп.

***

Жанза намазы сол елдегі мұсылмандарға парыз. Алланың ризалғы үшін қабырын қазу, жуындырыу, жанза оқу, қабырға қоб. Мұсылмандардың орындалған парызы үшін өткен адамнан, мүлкінен ақы алынсын,-деп Құранда жазылмаған.

Шариғат төрт иман тұрар жері,

Түгелдеуге келмейтін ердің ері.

Құран кәрім жолын тұтпағандар,

Түбінде сол тамұқта шырылдап, жан өзің молда.

Мәшүрді бар екен деп есіне алсын,

Аяғын аңдамаған қия салсын.

Жасыңда қожа кесіп сүндетелген,

Жақтырмаса қалғанын қожа-мода кесіп алсын.

Ескертулерден

Бір кезед қытай шүршіт Ташкентті алады, ұлы ғайбат болса керекті. Шүршіт шығып жүріс қылып, Шаһзаңда шайтан шығып, шүршітердің бәрін қырып, опат қылса керекті. 2021 жылы тауық жылы қаптаған шүршіт Самарқантқа жеткен соң опат болады. Самарқанда шүршіт түгел қырылып біткен соң, Ислам діні күшейіп, қырық жыл дәуәр сүрсе керекті…..ақпан айында сапарға шығу қауіпті болады. Қыс пен Жаз ауысып Күз есе есе толтырады. Мемлекет басындағы басқарушы әйел болғаннан сақ болыңдар, бірақ түбі қайыр болады. …

***  ***

Сонда боларсың, қазақ сенде боларсың,

Дін, тіліңмен табысып,

Толарсың қазақ сенде толарсың.

Егін мен малға жарсып,

Жасарсың қазақ, сенде жасарсың.

Топ тобыңмен табысып,

Туар әлі сондай күн.

Гүлденіп өсіп қаусып,

Өткен азап ұмыт боп,

Жүректе қалар алсып.

Барға жоққа бұл дүние кезек тимек,

Жеткенше пенде асығып,

Аптығып пісіп-күймек.

Сынаған құдай пәндесін қан-қақсатып,

Құшырланып, құшақтап аяп-сүймек.

Мәңгі бақи бір заман тұрмақ емес,

Қалжыратып, қалғытып бәрін тегіс.

Өлмеген құл көреді асықпаңдар,

Сол азаптар да таусылып, болад көмес.

****    ****

Аман бол ағайын,

Тату бол қимасым.

Араздықты қойайық,

Арамзалық мінезді,

Тіпті енді жойайық.

Дінімізбен тілімізді қуатап,

Күншілдіктің көзін жойайық.

Өлген соң белгілі,

Қайтып кеп тұрмасың.

Ел анау мен мынау,

Қайтейін бір басым.

Аман бол ағайын,

Тату бол қимасым.

Асқынды боп, арқа жауыр-жарларым,

Тіпті жоқ, түскен істі ауруларым.

Бірлік қыл, басыңды қос пайдаңды біл,

Қазағым қайран, халқым бауырларым.

Дүниенің базарында арзан нарқым,

Нарқым арзан бола да, қысбат даңқым.

Дүниенің тіршілігінде қадырым жоқ,

Өлген соң әтеген-ай, дерсің халқым.

***  ***

(Жазып алған шәкірті Мәненұлы Иманғали )

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сайт материалдарын пайдалану шарты:

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото,видео,аудио жазбаларды қоса) atazholy.kz сайтындағы мақала авторының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үшінші тараптың жарияланымды пайдалану құқығы тек рұқсат етілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Байланысу үшін арнайы нысанды пайдаланыңыз.