Жалғыздық құдайға жарасқанды,
Бар нәрсені жұп парымен тарқатқанды.
Адамға көбеюді бұйырған Құдай,
Жалғыз жүрме, тап жұбыңды ұнатқанды.
Жұлдызыңды жақ жарқырасын,
Жұпсыз жарық білерсің жаналмасын.
Жападан жалғыз жүрсең түнересің,
Майсыз шамды ұстаған ақымақсың.
Жалғыздық басқа түсіп күңіренген,
Еркек жұпсыз жұлдызы өшкен.
Әйел қалса жұпсыз жалғыз,
Жанының жарығы болар өшкен.
Әйелдер ұлттың жаны жарық болған,
Ұлтжандылық ата-анаң салтын құрған.
Тек ағаштың жемісі жұлдыздарын,
Төрт тамырмен жер анаға жалғап тұрған.
Ай мен күнді бір-біріне серік қылған,
Жер бетінде тіршілікке себеп болған.
Тағдырларын тазарта алмай талайлылар,
Қу бастықпен өткізіп, тозақ барған.
Жан рұқпен тіршілікте жұптастырған,
Рұқсыз жан, аяқсыз ақсақ болған.
Рұққа жанды қоспаса Құдай өзі,
Жетілмейді, майсыз шам сөніп тұрған.
Табаны жаннатпенен жалғандырған,
Төмен етек санадан қуат алған.
Үш байлықтың екеуі әйелдерден,
Қазақтың дәстүрімен байлық болған.
Құранда нұр сипаттан мысал қылған,
Бейне бір әйнек ішінде жарық тұрған.
Інжу Маржан секілді бұл ыдыстан,
Әлемнің жарығы боп қуат шыққан.
Шығыста батыста жоқ зейтүн майы,
Тамызса от жанып нұр шығады.
Жұптасудан ер мен әйел неке құрып,
Бұл мысалы өмірдің нұр бастауы!
Ұрпағымен адамзат бақ қонады,
Көбейтумен әлемге адам жаны.
Жан көбейтпей бақытың жоқ,
Босқа өмір сүргендей жоғалады.
Қазақтың елі болды жаны көшкен,
Еркектер майсыз қылып жұлдызы өшкен.
Ата жолы дәстүрін тастап қойып,
Қиямет сағаты боп сынақ түскен!
Қара түнек еліңді басып тұрған,
Жұлдыздары жанбаған жалғыздардан.
Бақ-береке, ырысы елдің азайғаны,
Ғылымсыз дүниеге байланған арсыздықтан.
(Шілде 2018 жыл)
***** ****