Түркі отаны Түркістан,
Ұлтына қазақ мирастан.
Исламның бірлігін,
Ясауи-қажырлық атаған.
Қажырлық Құдай ісімен,
Адамдық, ғылым, текпенен.
Дін ісін Мұхаммед сүйсініп,
Ақиқатын Інжіл меңгерген.
Зәм-зәм судың құдығы,
Ғылымның бұл шындығы.
Жерінде қазақ бастауы,
Мойындамас пенде жындысы.
Біледі түбі барша әлем,
Судың нұрын өлшеумен.
Жұтсаң суын ішіңе,
Шипасы болар түсірген.
Жарық еніп тазарар,
Ішсе пенде нұры бар.
Емделіп талай сырқаттан,
Жамандықтан құтылар.
Нұрсыз пенде су алар,
Ғылымнан болмай дән алар.
Құр су болып дәмі де,
Шөл басуға арналар.
Ойпат жерген жалғанып,
Күнәдан барша ақталып.
Шын мұқтаж дертті ұрттаса,
Айықпас дертке ем болар.
Құпия сыр бар зәм-зәмда,
Киесі Укаша сахаба.
Ашылмай тұрған құлып бар,
Кілті сәйкес болмаса.
Құпия көп ата жолында,
Жеті сандық құлпы сырында.
Түсіргенмен бесін ашқан жоқ,
Аққу, сұңқарлар мұны да.
Үш сүйумен кілт алар,
Иманың гүлі бақ қонар.
Үш байлық ұлт қазынасын,
Амантын қайта қолға алар.
Ұлтына қазақ күн туар,
Жолында ата қосылар.
Құпиялар сыры тылсымнан,
Аруағымен әулиелер оқылар!
(Қаңтар 2019 жыл)