Пайғамбарлық қасиет (226)

Бөлім: Зікір өлеңдер 49

Кішпейіл, көңіл ақ жарқын,

Биязы мінез, қан салқын.

Әдеп сақтап қорыққан,

Сөздің білер ол парқын.

Шүкіршіл жүрек таңы бар,

Уайымдайтын жөні бар.

Салмақты әрі қайратты,

Ашуы тез басылар.

Уәдеге берік, жан-жақты,

Естігіш құлақ төрт жақтан.

Қырағылық, тазалық,

Көзі көргіш алыстан.

Ниеті берік, ұстамды,

Жан-жағына берер шуақты.

Еліктейді жақсыға,

Құдайдың түскен назары.

Жамандықта жақсыға,

Салып үнмен сарынға.

Ажыратар арамын,

Тән қасиет бақсыға.

Лұқман хакім болысқан,

Сиырдың пірі Зеңгі атаң.

Жанның дертін емдейді,

Пайғамбарға қуат қосудан.

Рұққа қуат Ғисадан,

Ғибратын алсаң құраннан.

Шипасын берер ет, малға,

Ойпаттан өтіп ақталсаң.

Құранның бар аяты,

Қасиеті болмақ саналы.

Пайғамбарлық деген қасиет,

Алланың деген қалауы.

«Я Құдай бала бер,

Бала берсең сана бер.

Бермесең сана ұрпаққа,

Қайтадан өзің ала бер!»

Ғылымды осылай сұраған,

Жарығын Менін Құдайдан.

Жасынан мұны ескеріп,

Біліммен ардың баулаған.

(Қаңтар 2019 жыл)

****  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *