Жын-перілік(241)

Бөлім: Зікір өлеңдер 189

Тобықтан тербеп,

Теріге енбек.

Тізеге жалғап,

Белгісін бермек.

Аяқтан тұсар,

Жолыңды байлар.

Сезімді өсіріп,

Мен білем артар.

Жалғанып теріге,

Нәсілдер көлеңке.

Айналдың өзің де,

Жын әрі періге.

Жаныңды жаулап,

Өртейді қаулап.

Ашу боп алапат,

Сөйлейсің сарнап.

Көріпкел сезгіштік,

Бәрін де білгіш боп.

Артық жоқ өзіңнен,

Кім табар кемістік?

Күдігің жинаған,

Тұман боп баураған.

Ойыңа тұншығып,

Сорыңды қайнатқан.

Теріске жалғап,

Өзге елді даттап.

Қатесін тарихтың,

Данасың таппақ!

Жөн білген адам,

Ескермес надан.

Өлшейді арасын,

Келді, деп қайдан?

Күнәсін тергеп,

Дін ісін білмек.

Қарсылық қылар,

Ұстанып сүннет.

Киіммен қымтап,

Сасығын жақпақ.

Дәретсіз толық,

Жерді еш баспас.

Орынды сөйлеумен,

Ар үнін тергеумен.

Құдайсыз іс қылмас,

Ғылыммен өлшеумен.

Ғылымсыз сөйлеген,

Жеті үнсіз жынменен.

Кісілік дәрежең,

Ібіліс үні біліммен.

Оралып көлеңкең,

Суықтық ішке енген.

Құдайдың жауабы,

Қиямет, өліммен.

Ауыздар мөрлеген,

Есебін тергеген.

Ақирет соты бар,

Аяқ, қол, тері сөйлеген.

Қолыңнан тағдырың,

Сөз — ісің әруағың.

Екі аяқ жын болып,

Нәпсі ісің алғаның.

Біліммен сөйлеген,

Перілік терімен.

Мың күнә жалғанып,

Байланар сеніммен.

Мыңменен күрескен,

Дана Абай іліммен.

Ғылымсыз надандық,

Теріс ой перімен.

Мың өліп тірілген,

Қазақта дәстүрмен.

Арменен мал бағып,

Жеті жан өсірген.

Жүз кісі қарасын,

Ар, ұятпен бағатын.

Қырық қожа қызынан,

Қырымға қонатын.

Ұлдарын Рұмға,

Жүсіптің жолына.

Сегізбен сөз байлап,

Туралық сырына.

Ағартып табанды,

Ноқтасын салғаны.

Ақылға тұлпар боп,

Жын-перің болмағы.

(Ақпан 2019 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *