Тылсымның есігі (242)

Бөлім: Зікір өлеңдер 45

Кірер есік бар тылсымға,

Қайтар тесік жоқ жалғанға.

Оқпанға түскен құтқарылып,

Жалғанар үзілген тағдырына.

Асқақтық, биіктік бар тәкаппарға,

Есік жабық кіре алмас тылсымына.

Жын періге айналар мұндай пенде,

Керек қылмас ар-ұждан құлар орға.

Бекітулі кітабың бар тылсымда,

Алланың жанында бұл қазына.

Лағфуз Мағфуз құранның үн кітабы,

Рахметінен игілік, жақсылыққа.

Кітабы беріледі ғылымдыға,

Ар, ұятпен көңілі ұждандыға.

Бауырым, деп адамзатты сүйе білген,

Үш сүюді меңгерген мүмін жанға.

Пенделер сырт айналса тылсымға,

Айықпас дертке ұшырар жанда жара.

Кекшілдігін арттырар жүрек суып,

Кешірім болмас байланып жалғанына.

Жүрегін қаматып түнек қараңғыға,

Білімді ақыл қылар мақтанына.

Алланың сөзін, үнін естімейтін,

Керең, соқыр айналар көп жындыға.

Қырық қадам түнектен жарығына,

Жұлдыздан сәуле түспей адымына.

Жолын тауып ой орманнан шыға алмас,

Жалғанбаса Алланың жол-жобасына.

Тарқатқан иірген жіпті қатындарша,

Бір топты жақсы деген бұл заманға.

Бірі масһаб, бірлері тарихатпен,

Мәз болып діл жібін қысқартқанға.

Біліммен ғылым іздеп өнер алса,

Мәңгілік жан өсірмек надандар да.

Кітабын арқалап ел аздырған,

Жеті ата жалғандырмай тағдырына.

Алланың иірген жібі әр заманда,

Тарих пен сөздің үні ұзарғанда.

Жетпіс екі мінездің жібін өрген,

Сөз түзеудің өнерімен Абай дана.

Үш бұрыштың сыры ғылымдыға,

Есігін ашатын кілт тылсымынан.

Үш жүрек, үш сүюден гүл өсірмей,

Қалған төртеу есік ашпас жалғануға!

(Ақпан 2019 жыл)

****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *