Ғылым жанның панасы(260)

Бөлім: Зікір өлеңдер 134

Құранның отыз парасы,

Меңгерген адам данасы.

Дәуіттен үлгі ғалымдық,

Адамдық тектің жалғасы.

Оң мен солын меңгерген,

Екі онбесті теңдеген.

Отыз пара құраннан,

Қол қанаты періштең.

Дәуітің отыз ұлдарын,

Бір мезетте Құдай алғанын.

Рұқтан қуат өндірген,

Парасы нәсіл болғанын.

Ғибараты қалған Ғисадан,

Жүктерін тағдыр тазартқан.

Жинаңдар, деп көкке дүниеңді,

Жемісін ғылым бақшадан.

Ғылым жанның панасы,

Адамдықты өсірер саясы.

Жан көлігі пырақты,

Бәйгеге қосар аясы.

Көлігің ақыл талабы,

Тіл мен сөзді табады.

Жаныңа ойды жеткізіп,

Діліңе қуат қосады.

Шешендік пен ділмарлық,

Сөзге ой үнін қосарлық.

Біліммен ілім ортасынан,

Үніне құран жалғантып.

Бұлда бір адам парасы,

Ғылымның болар баласы.

Астары сөздің салмағы,

Бұрмаланбаса сөз мағынасы.

Түгел сөздің түбі бір,

Сөз атасы Майқы би.

Бір қуатпен көркем сөз,

Көтерер көкке болар нұр.

Құдайда болар жалғасы,

Аянмен уақи хабары.

Төртеуің түгел болағын,

Түсірсе жол мен жобасы.

Уәзінін сөзді таппаған,

Сезіммен күйін баптаған.

Білімің озып ақылдан,

Ғылымсыздық ойды жорыған.

Құдайдан алмай жобаны,

Дана боп төрге озғаны.

Тәтті тіл мен жақсы сөз,

Дүниеге ақыл байлауы.

Болмаған намаз амалы,

Оқумен дінші мақтаны.

Тағдырдан қалған үзіліп,

Аманат, мирас жоғалды.

Жібіне Алла түсірген,

Ақ пен қара өріліген.

Заманмен тағдыр жазылып,

Жалғанар тағдыр түзеумен.

Ғылымсыз тағдыр тазармас,

Үзілген аруақ жалғанбас.

Тілімен ана құранның,

Тапқандар үнін адаспас.

Түзейтін сөзді құл ісі,

Сауаптың үлкен мықтысы.

Сөз түзеген ел түзер,

Абайдан қалған үлгісі!

Құранның үнін сөйлеткен,

Сәнимен ақыл дәптерден.

Ұлтының қазақ мирасы,

Ясауидей ғұлама құл өткен!

Ғылыммен жанға қожалық,

Құдайдан жол-жоба алып.

Тоғыз төре төбеден,

Қырық қожа жанға қосарлық!

Ақыл мен қайрат бағынбай,

Жүректің үнін тыңдамай.

Ұждансыз пенде ғылымсыз,

Отызбен оның қосылмай!

Есепті білмей есектік,

Өлшеусіз білім тентектік.

Жынды болған жаңашыл,

Әсершіл өңкей жетесіз.

Белгісі басты сөзінде,

Құштар боп жақсы өмірге.

Сауық сайрап, жеңілмен,

Артықпын деп ата тегінде.

Атаның ұрпағы азғаны,

Терісін алып тозғанды.

Адамның болған баласы,

Жан көбейтіп ғылымды болмағы!

(Наурыз 2019 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *