Жүрек ақыл айнасы (259)

Бөлім: Зікір өлеңдер 68

Құлақтан кіріп бойды алған,

Жаман сөз болар арамнан.

Шымырлатып етіңді,

Етіңнен қанды қарайтқан.

Сырқыратып сүйекті,

Жаныңнан қуат қашырған.

Аталы сөзді елемес,

Ақылы болар қысқарған.

Қысқа ақылмен жол салар,

Ұғымысыз пенде жын болар.

Ұрпағына тиіп залалы,

Мәңгүттікпен тіл азар.

Шұбарлап тілді бұраған,

Сөзден ойын жоғалтқан.

Шайпау мінез қыз туып,

Арсылдап алар жағадан.

Жындылық мінезден,

Ұлың туар есі кем.

Еркі жоқ өз қолында,

Көпке еріп есірген.

Сөзден ойы жоғалса,

Теріске қарай айналса.

Жалған ұғым семіздік,

Дерті болар халықта.

Қайқы болар құйрықтар,

Өзгеріп нәсіл қылықтар.

Артағы майда көңіл жүр,

Сөз мінезін ит қылар.

Шайпау қатын қарасы,

Бас етектің жоқ бағасы.

Зәрі шығып басынан,

Қол аяқтан енер жаласы.

Ит болып үріп еріне,

Сындырып сағын белінде.

Ер мінезін ез қылып,

Етекбастылық сенімде.

Араммен толып асқазан,

Еркектер көп хайуанан.

Қатты мінез қиянатшыл,

Әйелден бой құтын қашырған.

Сөз мінездің тұрағы,

Үнінде ойдың қуаты.

Білімді ақыл деп білер,

Перілер ібіліс ұрпағы.

Жылтыр тәтті сөз, ұраны,

Құдайдан алмас хабарды.

Жамандықтан хабар естісе,

Қарғыс деп теріс ұғады.

Бір-біріне жұғыспас,

Адамдық-ғылым ұғынбас.

Сөзден қадір кеткенде,

Жүректер қатты болар тас.

Мейрімсіздік жайлаған,

Ниеттен көңіл бұл айнаң.

Елдігі жоқ ұлтыңның,

Нәсілің, тегің жоғалған.

(Наурыз2019 жыл)

**** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *