Қисыны жоқ мәні жоқ,
Салмақ болған ойы жоқ.
Іспен сөзден абай бол,
Сырты бояу, іші боқ.
Қалпыңды бұзбассың,
Аманатты сақтарсың.
Ата дәстүр салтыңды,
Баянсызға бұрмасың.
Өзін-өзі бояған,
Сезіміне алданған.
Ниетім таза, ақпын дер,
Шариғатты жол қылған.
Көп мініңді жасырған,
Арсыздықты салт қылған.
Қызығын дүние өмір деп,
Тұрмысын жеңіл бақ қылған.
Жалғандығын ұқпаған,
Артық боп, білім ақылдан.
Атаның болған баласы,
Аманат, мирас тастаған.
Адамдыққа жарысқан,
Ғылымның сыры нақылдан.
Өз мініңді танытар,
Көп жақсыдан сөз қалған.
Ұғымын алсаң ішіңе,
Аралап шығар түсіңде.
Шым-шытырық бұл не деп,
Таң қаларсың әрине.
Жаның көріп мініңді,
Ұқтырып өз ішіңді.
Шығар күнә сыртыңа,
Жазғырып жүрме түсіңді.
Түс түлкінің боғы емес,
Білімсіз заман сөзі елес.
Әр заманың тағдыры,
Қарсылықпен еншілес.
Қайта оралар себепті,
Көлеңке болып ермекті.
Күресе біл күнәңмен,
Киіммен жауып әуретті.
Осы ғой мені құртқан деп,
Енетін қайта сырттан деп.
Өзіңе-өзің бекем бол,
Басқа бәле тілден кеп.
Аянды түстен аршып ал,
Ақылмен ол танылар.
Садақамен тазартып,
Жол-жобаға жалғанар.
Бейбастыққа бастама,
Басты ашып тастама.
Бас Алланың добы дер,
Шарың болар жаннатта.
Қайта келер күн туса,
Жазуың болар тағдырда.
Маңдайдан Алла ұстаған,
Жазуы бар баста хайуанда!
Басты дауға қоятын,
Жерді қайта басатын.
Екі туып бір қалар,
Үш өмір бар алатын.
Түпсіздік барын ұмытпа,
Ақиретпен өмір қызықта.
Терең ойға сүңгіген,
Жалғанады ғылымға.
Ақыл, қайрат, жүрегің,
Ғылыммен төртеу түгелің.
Алланың үнсіз бұл тілі,
Хабары шындық келетін!
Баянсызға жалғанған,
Хабарын шындық алмаған.
Өзін өзі танымас,
Мінсіздікпен алданған.
(Наурыз 2019 жыл)
**** *****