Жындылық бар қазақта

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 88

Жындылық бар қазақта,

Алған дәстүрін мазаққа.

Ел билеуге құмар боп,

Ақыл айтқан халыққа.

Болжап елдің тағдырын,

Түземек билік жарлығын.

Бақыттың жолын сілтеген,

Өлшемей өз ақылын.

Қатын да билік айтады,

Басында жоқ жаулығы.

Басымен дос болмаған,

Бола ма жанның байлығы.

Жастарда  білгіш көп,

Сөз жазады ілгіштеп.

Жасы толмай қырыққа,

Өз ақылын болжайтын,

Қасиет өсіп толып па?

Өз тағдырын көре алмай,

Ел тағдырын болжаған,

Жынды екенін біліп па?

Өңкей жынды мастарға,

Ақыл айту дұрыс па?

Шошқа туып сөздері,

Қарғадың деп ақылмен

Сылтау табар сыныққа.

Сан меңгерген сана жоқ,

Осындай жынды дана көп.

Жетесіз өңкей арсыздар,

Аруақты атап айтқанмен

Мазақтап сені тарқылдар.

Жіберем деп бұғаттап,

Есерсоқтай қорқытар.

Кем ақылды тілшілер,

Бықсыған сөзбен күңкілдер.

Еңбек қылмай тер төгіп,

Жындылық сөзбен күн көрер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *