Ел намысы, ел рухы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 48

Намысты деп атаймыз,

Рухын елдің қорғаймыз.

Ел билікті даттаймыз,

Кедейлерді жақтаймыз.

Намыс деп мұны атаймыз,

Ағайынға от салып,

Көшеге шығып шайтандай,

Дүние ісін қорғаймыз.

Намысы мықты атаймыз,

Елдерді біз жақтаймыз,

Төңкеріп билікті тастаған,

Жындылықты мақтаймыз.

Болмадық деп сондай біз,

Жеке деп байлық, жеріміз.

Бөліспей өзге елдермен,

Берген еді құдай демейміз.

Сараңдыққа азғырған,

Надандыққа бұйырған.

Елді құдай қарғаумен,

Айырар ұрпақ сыйынан.

Мұсылмандық сөз емес,

Кәпірлік ұлтқа тең емес.

Ой жорыған тажалды,

Қазақ деп айту жөн емес.

Қазақтың рухы бұл емес,

Киелі арың ол емес.

Ақ жүрек, әділ намысың,

Дүниелік іспен өлшенбес.

Әулиелік мінез қазақта,

Ар ісін алған мадаққа.

Ар өлшемі намысың,

Жүрекпен мұны салмақта.

Ала жіпті деген аттама,

Аманатын баба орында.

Дәстүрің ардың өлшемі,

Қанағат, сабыр салмақта.

Құдайсыз қурай сынбайтын,

Құдайдан келісім сұрайтын

Әулиелік дәстүр дінің бұл

Намысың аруақ қолдайтын.

Бірлігін елдің сақтайтын,

Қонағын құдайдай сыйлайтын.

Адамзатты бауырдай,

Намысты қазақ қорғайтын.

Орысты тамыр атайтын,

Тегіне ғылыммен жалғайтын.

Даналықты қадірлеп,

Намысын қазақ сыйлайтын.

Көршілік қақың азбайтын,

Туыстай бауыр сыйлайтын.

Көңілі дархан арың бар,

Кірмені де жатсынбайтын.

Ендігі арсыз намысың,

Ойлаған дүние табысын.

Тажалдар көп азғырған,

Рух атап жалған намысын.

Арын сатқан дүниеге,

Қарсы боп дәстүр дініне.

Ел билемек тәңір боп,

Құдайдан сын белгіге.

Жоғалмақ бұл азғындар,

Кітабы тағдыр оқылар.

Сақтансаң құдай сақтайды,

Тектілер мұны тиыңдар!

(Сәуір айы 2014 ж)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *