Тегің жылан, иттік пе?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 120

Заманың болып дүние серуен,

Ақылың, ділің азды елден.

Білімді аталған пенделер көп,

Тектімін деп өзін атап жүрген.

Адамзат баста жаралған,

Жер анадан нәр алған.

Жан — өсімдік, жәндік — сезім боп

Жының-жануар тән болған.

Жыландай сезім көреген,

Иттен сезім тегіңнен.

Он екі мен ағза, мүше бар,

Табиғатпен бірге еліңнен.

Сәждесі барлық періште,

Адамзатқа қызмет бар істе.

Қуаттар болып бір тұтас,

Тек болар қасиет жан күшке.

От пен судан таралып,

Ағашың орта жаралып.

Рухани егін өсірмек,

Тектілік ағаш аталып.

Жан өсер бұл өмірден,

Көлеңке аруақ денеңмен.

Жының бар қуат қозғалыс,

Тазарар себеп өліммен.

Адамдық бейнең махаббат,

Жаннан-жан өсіп таралад.

Жұлдызың жанып көктегі,

Кісілік мирас жазған хат.

Дүние байлық өмірде,

Кірмейді бірге көріңе.

Шірімек түгел таттанып,

Айналар отын көмірге.

Өлшеген текті дүниемен,

Ішкен-жеген қызық серуенмен.

Текті атап жүр өздерін,

Ерлер мен қатын желпінген.

Ысқырып сұр жыландай,

Алтынын байлық қия алмай.

Екі айыр тілі жыландай,

Ақылы айтар ойбайлай.

«Құриды қазақ кедей боп,

Кетеді билік ішіп жеп.

Ырылдап майлы сүйекке,

Үру керек мендей» деп.

Тимесе билік қолына,

Қазына байлық сыны да.

Үркітіп елді даурыққан,

Тектілік бар ма осы да.

Атайды құл деп мүмінді,

Қанағат, сабыр төзімді.

Бірлікке құдай берер деп,

Тектілер сақтар туыңды.

Бауырластық дінде бар,

Ата салт-дәстүр аталар.

Алты рет қосып әлемді,

Қазақтан тек жалғанар.

Береке байлық бірлікте,

Шам-шырақ бұл өмірде.

Жақсы сөз — жарым ырысты,

Қанағат бермек көңілге.

Бірліктің шықты жаулары,

Бас қосып қай-қайдағы.

Елеусіз жүріп текті боп,

Басқару елді ойлары.

Есімсіз мұның аттары,

Орыстан бұғып қашқаны.

Улы сөз тісін қайраған,

Қойнында жүр тастары.

Үреді кейді құтырып,

Сөз айтар жынша жұтынып.

Сынайды олар билікті,

Байлыққа сілекей шұбылтып.

Ащы мен тұщы анығын,

Біледі бүгін халығым.

Жылан мен қорқау иттердің,

Текті көп білер парығын.

Бақасқан жануар елде көп,

Бірлігін елдің көрер көп.

Іздеген жемтік құзғынша,

Қан исін алып тыным жоқ.

Еліне жылы қаны жоқ,

Ар, ұят діннен малы жоқ.

Сөзінде зәрі, дүние боқ,

Шерік де мұны жаны жоқ.

Жылан де, итке теңесең,

Ит артық мұнан есі кем.

Түнге үйренген жарқанат,

Сүйе ме күнді сүй десең.

Жұқпалы індет емі жоқ,

Қорқаулық бөрі мінез көп.

Текті деп мұндай аталмас,

Ұлтынан белгі нәсіл жоқ.

Жансызда дене болмайды,

Жыландай байғұс сорлайды.

Қыртысы көп ішінде,

Адам боп түбі оңбайды.

Қазақтық сабыр тегің бар,

Тойсаңдар тәубе қылыңдар.

Тарықсаң сұра құдайдан,

Жаратқан өзі жар болар.

Атылар аруақ оғы бар,

Құриды сұм мұндарлар.

Құдайдан түсіп лағнет,

Садақа тектен қу сұмдар!

(мамыр 2014 ж)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *