Қазақтың тегіненмін деген жастарға!  

Бөлім: Қиямет-Сын сағаты белгілері 65

Ел басшымыздың талай уақыт ұйықтап жатқан қазақтың әрекетшіл (интеллекттік) рухын  оятуға, ақылын жетілдіруге деген тәуекелшіл бастамасын қандайда бір өнерлі, ғылымды елдермен терезесі тең ел болуға деген ниетімен, көршілермен  бірге тізе қосып әлемдік дағдарыстан өтуге шынығуға деген одақ құруға жасап жатқан бастамасын дүниемен ғана ойланып, өз қара басының амандығынан басқаны ойламайтын, тұтынуға, дайын асқа ғана еге болып, ұлттың болашағын, ертеңін көре алмайтын надандардың ақпараттық, ел басқару жүйесіне келіп енді халықты мұндай рухани өркендеуге қарсы қойып азғырып, оған ақылы толмаған жастардың қосылып жатқаны да бұл шайтанның қақпаны деп түсіну керек. Мұндай ақылға еріп, абайламай құдайдың бұл әлемдік тағдырына, әлеуметтік ортақ шаруашылық жүйесі, сауда керуені арқылы да халықтардың өзара достығымен  рухани тұрғыда бірігуге, діндердің де басын бірлеуге бұйырған саясатына ашық қарсы болудан жастарымыздың болашақ тағдырында сынақтар мен қайғы-қасіреттер және өмірге келетін ұрпақтарының да тектерінің әлсіздігімен, алауыздыққа түсуіне бұл жол болмақ. Қазақты құртып жатқан ел басы деген бастаманы көтеріп, оған ит құсап қос үріп кеткендерге қандай өкініш! Әрбір сөздің міндетті түрде аруақ арқылы жауабы да болатыны білер ме екен ағайын, бауырлар?

Қазақты құртып жатқан Нұрсұлтан емес, керісінше артқа тартып жатқан онан кейінгі биліктен дәмелі, өздерінің ішкі арамза пиғылдарын іске асырмақ болып жатқан ел билеушілер мен оның орындаушылары және зиялы аталған қауым өкілдері. Нұрсұлтан мырза ешкімнің қолын байлап өнерді, ғылымды, шаруашылықты меңгеруге, адал еңбек етіп өзін, жан-ұясын асырауға тиым салып жолын байлап қойған жоқ. Өнерсіз, ақылсыз, жалқау, әрекетсіз, тәуекелсіз адам баласының қандай алтын ғасырда өмір сүргенмен кедейлікпен тіршіліктің тауқыметін тартуы ол заңдылық болады және мұны мүлде жою мүмкін емес екенін де білген жөн. Ал енді  мұндай елдің рухани тұрғыда сілкініп намыстанып көштен қалмауға деген құлшынысын оятатын  жаңашылдықтан бас тартқызып, кедей болып қалумен қорқытып, құдайын ұмытып зұлымдыққа түскендер онсызда әлемдік даму үдерісінен артта қалған мәңгүрт зиялы қауымға үндеу салып жатқаны да тажалдық білімнен туындап жатқаны хақ.  Болашақта ұлтымыздың мұндай әлемдік өзгеріске сай келетін әрекетшіл, ұйымшыл жаңа қоғамын қалыптастыруға, қазақ ұландарын әлемнің аламан бәйгесіне қосуға ел басшымыз нақты әрекетермен көш бастап жол ашып жатқаны да сөзсіз. Біздер орыс халқынан қажетімізді толық алып, бар өнерін де, білімін де меңгеріп, іс жүзінде өзге елдерден кем халық еместігімізді  әлеуметтік, өндіріс істерін жүргізуде де  дәлелдей алдық және жамандығымен де қоса артығымен алып асыра меңгере де білдік. Енді жіберген қатемізді түзеп, мұны сендер жасамаңдар деген және ата дәстүріміздің рухани құндылықтарын жарыққа шығарумен айналысу қалды. Ал мұндай сын сағаты туғанда сендер сияқты жастығымыз болса, бұл бәйгеге түсіп орыстан да, немістен де, өзге ұлттардан да жеңілмейтін өнерлі қазақ екенімізді, қазақтың тектілігін қандай сыннан да жеңіп шыға алатын жеңімпаз, арымайтын, шаршамайтын, қиындықтан қашпайтын, ақыл-парасаттылықтан кем түспейтінін дәлелдеуге барымызды салар едік. Оған енді біздің қауымның шамасы да қуаты да жетпейді, бұл жалауды сендерге өткіздік, бірақ сендер ез, жігерсіз, қорқақ, өнерсіз, қаладан басқаны көрмеген, жыламай тамақ ішпеген, қарап жүрген іс қылғандардың артынан ши жүгіртіп, үлкендік жасына келіп енді сөз қуғаннан басқа амалы жоқ қуатсыз қарттардай, осындай жастық қуатын еңбекке, өнерге, ғылым-білімді меңгеруге жұмсаудың орнына; бүгінгі тегі азған ездердің бұғып қалайық, тығылып қалайық деген тойымсыз, құдайдың өзі берген дайынға ғана тұтынуға ғана жаралған жануардай дүние қоңыздардың сөзін сөйлеп қатын сияқты от басынан шықпайтын иттік мінезді тастауды ойламайсыңдар да! Мұндай әңгүдікдіктен, намыссыздықтан қазақтың өнері, ғылымдағы керуені әлем көшінен кейін қалып болашаққа не айтасыңдар, қандай іс атқарып қазақ көшін түзедік дейсіңдер ұрпақтарыңа? Сыр бойында жатқан Қылауыз-Жақып әулие баласына; «Ұл болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол!» деп батасын берген екен. Сендерге де сөз қуып, дайын аспен өмірін өткізуге дағдыланған арамтамақ  бүгінгі осындай азғындаған кейбір жастар қоғамына осы бата лайық болар. Және қарғыстың ең жаманы; «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген құдайдың уахиын көре алмаған, заман уақиғасына ілесе алмаған менің замандастарыма, осындай ақылы толмаған қауымды азғындыққа шақырып жатқандарға көп ұзамай міндетті түрде құдайдан жауабын, біртұтас аруақтардан сын есебін көретіні де хақ екенін біле жүргендері дұрыс болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *