Бабалардың рухынан ізіміз,
Сақ пен ғұннан асыл тегіміз.
Арлар болып арыстардың отаны,
Бесігі, тұран тектің еліміз.
Аман өткен талай сындардан,
Қазақ болдық тегіміз шыңдалған.
Жаным құрбан арыма деп садаға,
Жалауы бұл мирас болған тұраннан.
Қызыңда қожа қырық үйі қорғалған,
Ұлыңда тек тоғыз төре төбе алған.
Бөрікті мен етектінің намысы,
Ар сауыты салт-дәстүрің ұраннан.
Етектерін жел ашпаған қорғалған,
Ақ білекке ілім алған құраннан.
Ақ жаулық үш байлықтың ортасы,
Бас қадірі ар-ұятқа саналған.
Бүгінгі мақтаның кім қарасаң,
Сырты сұлу іші қара тұманнан.
Арсыздыққа еркектердің еті өліп,
Ұятсызды сұлулыққа балаған.
Сұлулықтың сыры ар ұятта,
Жүрегі таза ақыл мен иманда.
Етек атты киіз қазық ұяда,
Жаннатпен жалғанған ақ табанда.
Жатыр жерің ақ бұлағы өмірдің,
Ерде болар қауғасы жарық үнінің.
Қанынан әйел шарап алып тегіне,
Мал мен жанын аман сақтар елінің.
Құдықтарын ашып тастап қақпақсыз,
Еркіндік деп кімге біздер жақпақпыз?
Тұздары сасып, шіріп жатқан сұлуды,
Ауру деген құдайға да болар ортақсыз.
Бүгінгі қыз тұсау болған жаныңа,
Тәні жас, айналған жын-шайтанға.
Он сегізде қырықтағы қатындай,
Арсыздықтан айналған кәрі байталға.
(қыркүйек 2014 ж)